Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

«Қолғап» ертегісі (балабақшада)


Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

«Қолғап» ертегісі. балабақшадаҰйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.

Балалар шеңбер құрады.

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді.

Қуанатын күн бүгін,

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін

дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

ЖҰМБАҚТАР:

  1. Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

  1. Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

  1. Өзі бір қу,

Жүрген жері  шу./Түлкі/

  1. Күші десең, күші бар,

Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

  1. Таңдайлары тақылдап,

Шулайтын кім шалшықта

Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

  1. Жер қопарған тісімен,

Сескенесің түсінен. /Қабан/

  1. Үй-ішін аралап,

Түнде көп жортады.

Қаптарды жыртады,

Мысықтан қорқады. /Тышқан/

Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа

келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

Балалар: «Қолғап»

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

 

Тышқан:

Өзім егін екпеймін,

Егістен ұзап кетпеймін.

Мысық қуса жетпеймін,

Мен қап тесер тышқанмын.

Бақа:

Мен бақамын, бақ-бақ,

Басым менің жалпақ.

Су түбінде көп жүріп,

Басым содан жалпақ.

Қоян:

Мен ақ қоян, ақ қоян,

Қалқиған ұзын құлағым.

Құлағымды жел үніне,

Тігіп жатар сақ қоян.

Түлкі:

Ананы да алдаған,

Мынаны да алдаған.

Жүрген жері шу,

Мен түлкімін қу.

Қабан:

Шалшық суда,

Балшық суда жүретін.

Мен сояу тісті қабанмын.       

Қасқыр:

Мен қасқырмын, қасқырмын,

Қозы ұрлайтын өрістен.

Ұйқым келмейді егерде,

Қозы етін жемесем.

Аю:

Кезген ішін орманның,

Мен аюмын қорбаңмын.

Қалың нудан бал таңдап,

Жүремін мен балпаңдап.

Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

Шыршалардың арасынан бақа шығады.

Бақа: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

Ал сен кімсің?

Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

Тышқан: Мұнда орын жетеді.

Шыршалардың арасынан қоян шығады.

Қоян: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

Қолғапқа қабан келеді.

Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

     Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Ал сен кімсің?

     Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

Қабан қолғапқа кіреді.

Шыршалардың арасынан аю шығады.

     Аю: Қолғапта кім тұрады?

Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

Бақа: Секек бақа тұрады.

Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

     Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

Қасқыр: Қасқыр тұрады.

Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

Ал сен кімсің?

Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

Тышқан: Жоқ!

 Бақа: мұнда орын жоқ!

     Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

     Аю: Қолғапқа кіреді.

Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады.

Ит әуп-әуп-әуп.

Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?

Қолғаптан тез шығыңдар.

Шал мылтықпен келеді.

Қолғапты алып кетеді.

Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.

Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге

үй-баспана құрастырайық.

Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.

Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Логопедияның басты құралы-жаңылтпаш
  • 5 саны және оның таңбасы мен жазылуы
  • Ашық сабақ «Ғажайып білім әлемі »
  • Дене тәрбиесі пәнінен тақырыптық күнтізбе жоспары
  • Эксперименттік сабақ«Табиғи тастар»

комментария 30 Пікір қосу

  • Насихат 29.04.2020 в 00:48

    Рахмет саған Кантты унады

    Ответить
  • Мулдир 15.03.2020 в 19:03

    Бала киялын дамытуга андарды тануга жалпы дуниетанымды кенейтуге балага мейлінше кобірек ертегі айтып берген дурыс

    Ответить
  • Гулмира 18.02.2020 в 16:06

    «Қолғап» ертегінің құрылымы жақсы, өте әсерлі, әрі жеңіл, ертегі арқылы балалардың тілін дамытуға, бір-бірімен қарым-қатынасқа үйрете отырып, ойын жеткізуге өте тиімді. Қиялдарын дамытуға, байланыстырып сөйлеуге, ой ұшқырлығы дамиды. Ертегі кейіпкерлері арқылы, жақсы қасиеттерге ие болады. Қарапайымдылық, мейірімділік, достыққа тәрбиелеуге септігін тигізеді.

    Ответить
  • ЖАДЫРА 28.01.2020 в 14:21

    өте керемет жасалған

    Ответить
  • Жаныл 23.01.2020 в 17:53

    Ертегі балалардың қиялын дамтыуға, армандауға, жақсы мен жамандықты ажырата білуге көмектеседі. Балаларға оқып беремін.

    Ответить
  • Бахыт 16.01.2020 в 22:21

    ерттегі жақсы құрылған,ертегі балалардың қияын дамытады.

    Ответить
  • Арай 29.10.2019 в 22:45

    Сәлеметсізбе! Мақала маған қатты ұнады. Балаларыма оқып бердім. Жұмыстарыңызға сәттілік

    Ответить
  • Актоты 25.10.2019 в 00:29

    Жалпы ертегі баланың қиялын дамытады. Бұл «Қолғап» ертегісінде балаларды достыққа , бірлікке, ауыз біршілікке тәрбиелейді. бұл ертегіні саусақ қуыршақтары арқылы балалар өздері рөлге бөліп ойнаса өте қызық болады.

    Ответить
  • Асель 03.04.2019 в 02:12

    «Қолғап» деген ертегіні алғаш оқуым. Ертегі жақсы өткен сияқты. Балаларға ертегіні сурет бойынша айта отырып көптеген жетістіктерге жетуге болады деп ойлаймын, яғни сөздік қорлары артады, тілдің грамматикалық құрылымы қалыптасады, есте сақтау, ойлау, танымдық қабілеттері дамиды, тб. Бірақ ертегіде ШАЛ деп емес сыпайы түрде ата немесе басқалай деп алған дұрыс сияқты. Шығармашылық ізденіс тілеймін.

    Ответить
  • Аиша 01.12.2018 в 20:44

    Халық ауыз әдебиетінің бізге, жас ұрпаққа қалдырған мол мұраларының бірі — ертегілер. Ертегілер өтірік пен шындықты жанастырып, болмағанды болғандай етіп,ауызекі тілмен айтыла беретін болған. бірақ бұл өтірік айту деген емес. Ертегіні айту да үлкен шеберлікті қажет етеді. ертегіні айтпас бұрын, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, соған сай ертегіні таңдау, ұйымдастыру, ондағы кейіпкерлердің рөлін сомдай білу, қарапайым ертегіні айту кезінде де педагогтың шеберліктері басым болу керек деп ойлаймын. Ертегіні тыңдап өскен баланың ойы ұшқыр, тыпқыр әрі тіл байлығы дами түседі. Жалпы осы ертегі балабақшада сахналатып та, айтылып та жүрген ертегілердің бірі. Дегенмен де бұл ертегіні ұйымдастыру жағы маған ұнады. Рахмет

    Ответить
  • айғаным 17.02.2015 в 12:08

    Ертегіні қалай көшіруге болады?

    Ответить
    • Erketai 17.02.2015 в 20:56

      Сайтқа тіркелу арқылы.

      Ответить
  • майра 16.01.2015 в 22:13

    Ертегі өте жақсы құрылған

    Ответить
  • Бекжан 11.01.2015 в 12:44

    ертегіні қалай копировать етуге болады?

    Ответить
  • Гульзада 09.01.2015 в 15:12

    Ертегі өте жақсы құрылған. Мен де балабақшада балалармен осы ертегіні өткізгім келеді. Қалай көшіріп алуға болады? Рахмет!!!

    Ответить
    • Erketai 09.01.2015 в 22:05

      Сайтқа тіркеліп, тіркелгендегі мәлметтерді жазып сайтқа кіріңіз сол кезде қалаған мәлметтерді көшіре аласыз.

      Ответить
  • aisulu1963 07.12.2014 в 23:51

    ҰІӘ өте жоғары деңгейде өткен шығар

    Ответить
  • Гульзада 05.12.2014 в 15:48

    Маған ертегі өте ұнады

    Ответить
  • Гульзада 05.12.2014 в 15:48

    Маған ертегі ұнады

    Ответить
  • Aisulu Agulova 16.10.2014 в 11:50

    Сәлеметсіңдер ме! қолғап үйді балалар қалай жасайды соны түсіндіріңдерші.

    Ответить
  • Amir 02.10.2014 в 10:48

    Тағы осындай «Дәрумендер денсаулық кепілі» деген ашық оқу іс-әрекетін де жібергенбіз.

    Ответить
  • Amir 02.10.2014 в 10:46

    Бұл «Қолғап»ертегісін Алматы облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласындағы №1 «Арай» балабақшасы, «Аққу» тобының тәрбиеленушілері аудандық семинарда көрсеткен. Топ тәрбиешісі Станбекова Майра Шақарбайқызы

    Ответить
  • Мадина 06.05.2014 в 22:59

    керемет

    Ответить
  • Мадина 06.05.2014 в 22:34

    жақсы құралған

    Ответить
  • Асел Дуйсенбаева 26.04.2014 в 16:47

    мына мақаланы қалай басып алсам болады?

    Ответить
  • Айша 17.04.2014 в 21:38

    Ертегі өте тартымды тамаша екен. Ертегінің авторы кім?

    Ответить
    • Erketai 17.04.2014 в 21:41

      Мақаланы сайтқа жібергенде авторы атын жазбаған.

      Ответить
  • Назерке 09.03.2014 в 15:47

    маған өте ұнады

    Ответить
  • Maken go 21.12.2013 в 18:16

    ну ну

    Ответить
  • аман 17.11.2013 в 23:13

    ертегі жақсы екен

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.