Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Қазақ халқының ұлттық ойындары


Мақсаты: Балаларға «Қазақтың ұлттық ойындары» туралы мәлімет беру. Ұлттық ойынға деген қызығушылығын арттыру. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін дамыту. Балаларды әдептілікке, ұйымшылдыққа, мергендікке, шапшаңдыққа, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Балалардың жылдамдығын жеделдету, жүйке жүйелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілеттерін жетілдіру.
Әдіс – тәсілі: Еске түсіру, қайталау, көрсету, түсіндіру, ойын, ойлау.
Пайдаланылған
құрал-жабдықтар
мен көрнекіліктер: Киіз үй түрінде безендіру, қоржын, асықтар, компьютер,
видео-ролик,

Балаларды жинап ойынға шақыру.
Музыка жетекшісі:- Балалар біз қайдамыз?
Балалар: — Киіз үйде.
Музыка жетекшісі:-Олай болса «Киіз үй» ойын қимылымызды еске түсіріп
жіберейікші, кәне?

«Киіз үй» музыкалық ән – ойыны:

Көтеріліп шаңырақ,
Керегелер керілер.
Уықтары шаншылып,
Өрімдей боп өрілер.
Қол ұстассақ айнала,
Киіз үй болып көрінер – деп қимыл-қозғалыста балаларды шеңбер бойына жинайды.
/Балалар бірге мәтініне сай қимыл-қозғалыста болып қайталайды/
Ұлттық ойындар
Музыка жетекшісі:-Балалар, киіз үйдің ішінде болатын киіз үй жабдықтарын,
тұрмыс заттарын еске түсіріп атап айтайықшы.
— Керегеде не ілулі тұрады?
Балалар: -Сандық, бесік, көрпе, киіз, алаша т.б.
Музыка жетекшісі: -Жарайсыңдар, ал менің қолымдағы не?
Балалар: -Ұлттық аспабымыз домбыра, түлкі терісі, қоржын.
Музыка жетекшісі: — Дұрыс айтасыңдар, қоржын. Ал енді бұл қоржынның ішінде
не бар деп ойлайсыңдар?
Балалар: — Асық, көп асық.
Музыка жетекшісі: — Алдымен біз жайғасып отырып алайық.
/Балалар көрпеге жайғасып отырады/
— Бұнда көп асықтар бар. Сендер асықпен ойналатын қандай ойын түрлерін білесіңдер?
Балалар: — «Асық ату», «Ханталапай».
Музыка жетекшісі: — Тамаша! Ендеше мен сендерді «Ханталапай» ойынын еске
түсіріп,ойнауға шақырамын. Ойын ойнауға дайынбыз ба?
Балалар: — Дайынбыз.
Музыка жетекшісі: — Балалар, мен сендерді алдымен ойынның мақсатымен және ойынның шартты ережесімен таныстырып өтейін.
/балалардың назарын экрандағы роликке аудару/
Балалар экранға қарап, қызыға көріп тамашалайды.
Музыка жетекшісі:«Ханталапай» ойыны. /Ойын шартын түсіндіріп, ойын
ойнауға шақыру/
-Талапай-ау, талапай,
Табылды ойын алақай! – деп асықтарды ортаға шашамын.
Балалар ойын шартын түсініп, ойынды өз ережесімен сұрақтарға жауап беріп ойнайды.
Тапсырма сұрақтар:
 Елбасымыз кім?
 Біздің ұлтымыз қандай?
 Біздің қазақ елі екенімізді танытатын рәміздерді ата?
 Жақында қандай мерекелер тойланды?
 Біздің ұлттық аспаптарды ата?
 Қазақ ұлттық ойын түрлерін ата?
 Туымыздың түсі қандай?
 Туды ненің бейнесі бейнеленген? т.б.
Балалар берілген тапсырмаларды орындап ойынға қызығушылықпен атсалысады.
Балаларды марапаттап, номинациялар беріледі.
«Мерген бала» Дамирге,
«Зерек бала» Дарынға,
«Алғыр бала» Әлібиге беріледі.

Жеңістерімен құттықтап, «Қара жорға» биін билеуді ұсыну
Балалар қуанып, марапаттарын алып, барлығы бірге би-билейді

Күтілетін нәтиже:
Біледі: — ұлттық ойын түрлерін, ойын шартын орындауды, сұрақтарға жауап бере білуді, қимыл-қозғалыста болуды.

Игереді: — ойын мәтініне сай қимыл бере білуді, ойынның шартына сай әрекет
жасауды.

Меңгереді: — ойынды түсініп, асықпен дәлдікке көздеуді, тапсырманы орындап ойнауды.

Авторы: Марат Роза Маратқызы

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы
  • «Әже» Фариза Оңғарсынова
  • «Ертегілер еліне саяхат» тәрбие сағаты сценарийі
  • Геометриялық пішіндерді топтау
  • Күзгі жапырақтардың көмегімен сурет салу

комментария 2 Пікір қосу

  • Гүлдана 07.12.2019 в 19:47

    Алтыбақан ойынына не жетсін

    Ответить
  • Анель 26.11.2019 в 20:10

    Қандай керемет тақырып, қазір нағыз керек ұлттық ойындардың бірі! Осындай дайын материал үшін сізге рахмет! Міндетті түрде сізді бәріне ұсынамын!!!

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.