Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ертегілер еліне саяхат сабақ жоспары


Білім беру саласы: «Денсаулық, Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Дене тәрбиесі,Ән-саз
Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат»
Мектепалды даярлық тобы
Сабақтың мақсаты: Балаларды дәлдікке, ептілікке баули отырып, физиологиялық дамуына қолайлы әсер ету. Жүгіру, секіру, жылжу сияқты негізгі қимылдарды жетілдіру. Ертегі желісі арқылы балаларды халқымыздың әдеп-ғұрып, салт-дәстүрінен мәліметттер бере отырып, ұлттық ойындардың ойнау жолдарын үйрету, епті, шымыр болып өсуге тәрбиелеу. Әуен арқылы жаттығу жасауға үйрету.
Құрал-жабдықтар: «Көкпар» ойынына қажетті құралдар, слайд, малта тастар, ұсақ гүлдер, гимнастикалық үстел. Жаттығулар мен ойындарға музыка.
Сабақтың барысы: Балалар көбелек қимылымен, әуенмен залға келіп кіреді.
Ұйымдастыру кезеңі: – Сәлеметсіздер ме, балалар! Көріп-тұрмын көңіл-күйлерің жақсы екен! Демек бәріміздің деніміз сау және сабаққа дайынбыз. Өйткені жақсы көңіл күй ауырмайтын және күш-жігері көп балаларда болады, онда сабағымызды бастаймыз.

 

Балалар бізге көптеген қонақтар келіпті, қонақтармен амандасайық.
Балалар:

Біз бақытты баламыз,
Шыныға да аламыз!
Туған елдің көгінде
Шамшырақ боп жанамыз!

 

Сәлеметсіздер ме апайлар!

Жаттықтырушы: Ертегілер еліне саяхатқа барғыларың келе ме?
Балалар жауабы.
Жаттықтырушы: Жарайсыңдар! Алдымен жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабы біздің бүгінгі көлігіміз болады.
Сартылдайды табаны,
Көрдім жүйрік арбаны. Ол не?
(Поезд)

ertegiler-eli

Жаттықтырушы: Дұрыс, ендеше саяхатқа поезбен шығамыз. Осы кезде радиодан тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! №2 жүрдек поезд жүргелі тұр, поездға отырғызылу басталды! – деп хабарлайды. Балалар бірінің артынан бірі белдерінен ұстап тізбектеле тұрып, «паравоз» әнін шырқап жолға шығады. Балалар ағаштар арасымен ирелеңдеп жүріп, жалғыз киіз үйдің алдына келіп тоқтайды. Үйдің алдында ата мұңайып отырады. Балалар амандасып жөн сұрайды.
Ата: – Жалғыз балам алтын сақасын жоғалтып алып, соны іздеп кетіп келмей жатыр. Оны мыстан ұстап алған шығар деп ойлап отырмын. Енді оған қалай көмектесерімді де білмей отырмын!?
Жаттықтырушы: Ендеше біз сізге көмектесейік!
Балалар Бай баласына көмектесу үшін сапарға аттанады.
Жаттықтырушы: Балалар Бай баласын табуымыз үшін жолда көптеген кедергілер кездеседі. Содан сүрінбей өтсек қана Бай баласына тез жетеміз. Міне өзен. Осы өзеннен тастардың үстімен жүріп, таудағы үңгірден еңкейіп өтіп, батпақтың кепкен жерімен әрі қарай жүреміз.

 

Негізгі қимылдар:
1. Тепе-теңдікті сақтап, тастардың үстімен жүріп, судан өту.
2. Еңбектеп таудағы үңгірден өту
3. Кепкен батпақтың үстінен адымдап жүру.
Жаттықтырушы: – жазық алаңға да келдік, табиғатты қызықтап дем алайық. (Осы кезде қазақ күйі орындалады)
Сұрақ-жауап жұмысы:
1. Қазақтың қандай ұлттық ойындарын білесіңдер? («Көкпар сайыс», «қыз қуу», «арқан тарту», «алтыбақан», «ақсүйек» т.б.)
2. Ат үстінде ойналатын қандай ойынды білесіңдер? («көкпар», «аударыспақ», «теңге алу»)
3. Аңшылыққа байланысты ұлттық ойындарды ата («ақсерек-көксерек», «аңшы мен үйрек»)
4. Төрт түлікке байланысты қандай ойын түрін білесің? («соқыр теке», «ақ сүйек», «асық ойындары»)
5. Арқанмен ойналатын қандай ойын түрін білесіңдер? («арқан тартыс», «арынды арқан»)

 

Балалар жауабы.
Жаттықтырушы: Енді әуенмен қимыл-қозғалыс жасайық.

 

Балалар күйдің әуен ырғағына сай отырған қалыптарында алдарына шашылған ұсақ малта тастарды, қолдарын созып еңкейіп, бір-бірлеп жинап алады, жинаған тастардың санын айтады.

1. Қимыл-қозғалыстар жасау:
Өздігінен тұра алмайды,
Төрт аяғы тарбаңдайды.
Орнынан қозғамаса

 

Қоңыз байғұс жүре алмайды – деген өлең шумақтары оқылады.
Балалар осы өлең шумақтары оқылып жатырған кезде қоңыздың қимылын жасау үшін, шалқасынан жатып, қолдары мен аяқтары арқылы қимыл жасайды, ал тұрғанда қолдың көмегінсіз тұрады. (Жаттығу 3 рет қайталанады)
Жаттықтырушы: – Барлығымыз жүріп, бойымызды жаза йық.

 

Балалар 3 қатарға бөлініп, әуенмен қимыл-қозғалыс жасайды.
Би: «Топ-топ»
Жаттықтырушы: – Балалар, ары қарай сапарымызды жалғастырайық.
Балалардың алдынан бай баласы шығады. Ол балалармен амандасып, жөн сұрасады
Бай баласы:
Алтын сақа деп елім ертегі ғып шертеді,
Мәңгі жасап келемін.
Мен қазақтың өрені
Алтын сақаны іздеп келемін!

 

Жаттықтырушы: – Балалар, бай баласына көмектесемізбе?
Жаттықтырушы: – Олай болса Бай баласымен бірге жолға аттанайық!
Балалардың алдынан жылқышы кездеседі. Ол балалармен амандасып жөн сұрасады.
Бай баласы: – Менің алтын сақам жоғалып қалып еді. Соны іздеп жолға шығып келеміз. Сіз маған жолға шығуға жүйрік ат беріңіз.

 

Жылқышы: – Менің ең жүйрік жылқым керек болса, менің сендерге қояр бір шартым бар. Олай болса маған қызықты бір ойын ойнап беріңдер! Менің тапсырмамды орындауға келісесіңдер ме?
Жаттықтырушы: – Балалар, біз ұлттық ойын «Көкпарды» ойнап берейік. Жылқышы ата сіз біздің балалардың ойынын тамашалаңыз.

 

Ұлттық ойын : «Көкпар».
Жылқышы жүйрік тайды баланың алдына көлденең тартады.
Балалар Бай баласымен бірге атпен шабады
Ат үстіндегі қимылдар жасалады
Балалардың алдынан мыстан әжей шығады.
Бай баласы: – Әжей менің алтын сақамды бересіз бе?

Мыстан әжей: Ай, жүгірмектер алтын сақаны оп-оңай ала қойғыларың келді. Олай болса маған қызықты бір ойын ойнап берсеңдер. Ойымнан шығып жатырсаңдар алтын сақаны беремін.
Ұ.о. «Киіз үй құрау»
Мыстан әжей: – Менің көңілімнен шықты – деп балалардың алтын сақасын береді.
Балалар Бай баласымен қоштасып, балабақша келеді. Көңілді балалар би билейді.
Би: «Қаражорға» Сабақты сұрақ-жауап арқылы қорытындылау.

Авторы: Аймуратова Набира Жиемуратовна

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тіл ұстарту жаттығулары
  • Түзету-дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат»
  • «Үйлер» жобасы
  • «Жеті лақ» ертегісінің сценарийі
  • Күзгі баққа саяхат (балабақшада)

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Асем 17.02.2022 күні 16:57 уақытында

    ертегі арқылы бала дамуына әсер ету өте керемет

    Жауап беру
  • Гүлдана 07.12.2019 күні 19:34 уақытында

    Ертегі бала өмірінде ерекше орын алары хақ.Сондықтан өте жақсы мақала екен?

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.