Еркін қозғалыс залдағы қозғалыс және әр алуан адымдау процесі кезіндегі кеңістікті қайта құрулардан тұрады. Қозғалыстың бұл түрі баланың басқа балалармен жеңіл байланысқа түсуін қалыптастырады; қозғалыс үйлесімділігін, ойын кеңістігінде басқа қатысушылармен соқтығыспай, бағдарлана алуын дамытады; «тәнін қалыптастырады».
Балалар бір-бірінің қолын ұстап, «жыланша» болып сапқа тұрады: алда жүргізуші ретінде ересек адам – ол жыланшаның «басы», одан кейін «құйрығы» ретінде балалар мен ата-аналар (ата-аналар балаларға физикалық (дене) қолдау қажет болғанда немесе басқа балалармен қарым-қатынасы нашар болғанда қатысады) тұрады. Дискіден (жазбадан) әлем халықтарының биінің әуені (барынша ұзақ) естіліп тұрады, барлығы белгілі бір қайта құрулар мен тапсырмаларды орындай отырып залда жүре бастайды:
• ересектермен бірге залда «жыланша» болып қозғалу – көлемді фигураларды айналып өтеміз;
• ересектермен бірге залда «жыланша» болып қозғалу – жазық (жалпақ) фигураларды айналып өтеміз;
• бір ересек адаммен бірге залда «жыланша» болып жүру – жүргізушімен;
• балалардың өздерінің залда «жыланша» қозғалуы – заттарды айналып өтеді;
• балалардың өздерінің залда алмасқан жүргізушімен «жыланша» болып қозғалуы.
Барлық қозғалыстарды ересектер: «шеңбер бойынша жүреміз», «залдың ортасымен жүреміз», «заттардың арасымен», «заттардың сыртынан» жүреміз, «ұлу құсап иірілеміз», «жаңа жолдар іздейміз» секілді сөздермен ауызша түсіндіріп отырады.
Балалар жаңа адамдармен өзара әрекет жасауға дайын емес немесе тірек-қозғалтқыш аппараттың дөрекі бұзылуынан жалпы қарқындағы қозғалысты орындауға қабілетсіз, ата-анасымен жұптасып өз маршруты бойынша жылжиды, біз оларды сөзбен және жылы жымиыспен қарсы аламыз.
Сондай-ақ, залдағы «еркін қозғалыс» процесінде әртүрлі жастағы аралас топтардағы балалар адымдардың, секірулер мен би элементтерінің келесі түрлерін меңгереді:
• сабырлы адым (қадам);
• қарапайым қол ұстасып жүретін адым (қадам)— әдеттегі жүрістен кішкене үлкен жатықтығы мен мақсаттылығы арқылы;
• үлкен адым – санды жоғары көтеретін шағын қуатты адым (қадам) (тізеден бүгілген аяқ алға көтеріледі, сирақ пен сан тік бұрыш бейнесінде тұрады, аяқты еденге түсіріп топылдатады);
• серіппелі адым – аяқтың табанын еденге түсіргеннен соң тізені сәл бүгіп, сол бойда серіппелі түрде түзеліп аяқ ұшымен тұрады және т.б.;
• жиылмалы адым: «бір» дегенде – оң (сол) аяқпен бір адым аттайды, «екі» дегенде – сол (оң) аяқ оң (сол) аяқтың қасына алып келіп, балалар екі аяқпен жеңіл серпіліс жасайды;
• «ат» секілді алға қарай шоқыту (шоқырақтау) — бір аяқпен бір адым алға жүріп, екіншісін оның артына әкелу, содан соң тағы да бірінші аяқпен бір адым жасап және осылай кете береді, секіру мүлдемболмайды;
• жеңіл ыршу — аяқты сәл алға қозғап, еденнен тіке ыршытпай, тайғанақтап қозғалу, мұнда көбіне табан қозғалады;
• бүйірлеп шоқыту— алға қозғалған кезде оң жақ иық алға қозғалады, кеуде қозғалыс бағытымен бұрылмайды, оң аяқ оңға бір аттайды, сол аяқ оны келесі адымға итермелегендей оның қасына өкшемен қойылады, солға қозғалған кезде – процесс керісінше болады;
• топылдатып (тепкілеп) адымдау – «бір» дегенде оң аяқпен бір адым алға, «екі» дегенде – сол аяқты оң аяқтың қасына қойып еденді топылдату; «бір» дегенде – сол аяқпен алға аттап, «екі» дегенде – оң аяқты сол аяқтың қасына әкеліп еденді топылдату (басымдық «екіге» түсіріледі);
• табанмен адымдау – алға шағындап қозғалу; тізе сәл бүгіледі, кеудені тік ұстайды, аяқты жеңіл тепкілеп табанмен басады, оларды еденнен көтермейді, тарсылдатпайды.
Ырғақты бой ширату
(3-қосымшаны қарау)
Ырғақты бой ширатулардың міндеттері пәнді енгізіп, ұйымдастыру, ұжымдағы қозғалыс дағдыларын, ырғақты және үйлесімді қозғалыстарды қалыптастырып, вокальды-тілдік интонацияларды қозғалыспен үйлестіру, өз тәнінің схемасын түсіну болып табылады [23].
Бой ширату түрліше өтеді: кең базалық кешеннен (аутистикалық спектрі бұзылған балалар бар топтарға тән) сюжетті музыкалық-ырғақты кешенге дейін (әр түрлі жастағы аралас топтарға).
Бой ширатудың басында дәстүрлі түрде балалар ересектермен бірге шеңбер құрып, «Таң атқанда» хороводын орындайды»:
Таң атқанда, бәріміз кездесеміз,
(Сағат тіліне қарсы шеңбер айналамыз.)
Кездесуге әрқайсымыз қуанамыз,
(Шеңбердің ортасына қарай қысқа адымдаймыз, бір-бірімізге қарап, жымиамыз.)
Барлығымыз бірге шаттанамыз!
(Шеңберден арқамен қысқа адымдаймыз, бір-бірімізге қарауды тоқтатпаймыз.)
Таң атқанда, бәріміз кездесеміз,
(Сағат тілімен шеңбер айналамыз.)
Кездесуге әрқайсымыз қуанамыз,
(Шеңбердің ортасына қарай қысқа адымдаймыз, бір-бірімізге қарап, жымиамыз.)
Барлығымыз бірге шаттанамыз!
(Шеңберден арқамен қысқа адымдаймыз, бір-бірімізге қарауды тоқтатпаймыз.)
Лена бар ма?, … (есімі айтылады) бар (немесе осында), … (есімі) осында және о.к.
(Қолымды кеудеме қоямын, хороводтың басқа қатысушылары кезекпен өз есімдерін айта отырып, қолдарын кеуделеріне қояды.)
Барлығы осында (немесе бар)…
(Қолдарымызды шеңбер ортасына созамыз.)
Уақыт өте келе хороводтың келесі сөздерін қосамыз, ал қозғалыстар бұрынғыдай қалады:
Түс мезгілі болады, күн шуағын шашады,
Жүзімізде қуаныш, барлық бала шатанады!…
Кеш те түсіп қалды, көздеріміз жұмылады,
Жүзімізде қуаныш, барлық бала шатанады!..
Қараңғы түн келгенде, барлық адам ұйықтайды,
Ертең тағы қуанамыз, барлық бала шатанады!
Лена осында, … (есімін айтып) осында, … (есімі) осында осылайша кете береді.
(Хороводқа қатысушылардың барлығын таныстырғаннан соң дене мүшелерін көрсететін ишараларды (қимылдарды) қосуға болады: «Аяқтарым міне, қолдарым мынау, басым мынау» және т.б. «Мен де осындамын».)
Барлығы осында (бар)…
Мұнан әрі қарай шеңбер бойынша кіріспе жүрістен (сап сызығының дәлдігін сақтайтын, қозғалысты музыканың басы мен аяғына дәл үйлестіретін) және жеңіл жүгіріс, жүріс пен жүгірудің кезектесуі, аяқтың ұшымен («балерина секілді жүреміз») және өкшемен («аюша жүреміз») жүруден тұратын базалық кешен (аутистикалық спектрі бұзылған балалар бар топтарға тән), сондай-ақ бұлшықеттің жекелеген бөліктерін дамытуға арналған ширату жаттығулары жүргізіледі. Аталмыш кешен жыл бойы үйретіледі, тек оларды жақсы игерген жағдайда ғана келесі кешендерге көшуге болады.
Әр түрлі жастағы аралас топтардағы бой ширату сюжетті музыкалық-ырғақты кешендермен ұсынылған, яғни «Мен» бейнесіндегі қозғалыс арқылы түзу мүсінді қалыптастырып, негізгі және имитациялық (еліктеушілік) қозғалыстарды, кеңстікте бағдарлануды, қол мен аяқтың үйлесімін дамытатын жаттығулар жасатылады.
Музыкамен (орыс, қазақ халқының халық әуендерімен, заманауи өңделген классика) сүйемелденген қозғалыс естуге, зейінге, есте сақтауға оң әсер етіп, уақтыша бағдарды қалыптастырады. Балалардың қозғалысымен байланысты белгілі бір метрлік тамыр соғысы – барлық ағзаның (тыныс алу, жүрек, бұлшықет жүйесінің) келісімді реакциясын тудырады, ағзаның жалпы емделуіне көмектесетін психикаға эмоционалды-жағымды әсерін тигізеді [7]. Ең мінсіз музыкалық сүйемелдеу – ол фортепиано тартып сүйемелдеу, яғни «тірі дыбыс, үн». Музыкалық терапевтке жаттығу орындау кезінде балаларға қозғалыстарды, басқа ересектердің көмегінсіз сапалы көрсетуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ музыкалық аспапта ойнауды игермеген педагогке, психологқа сабақ жүргізуге көмектесетін аудиожазбаларды қолдану рұқсат етілген (осындай музыкалық сүйемелдеуді қолдану сабақтың барлық элементтеріне жатады).