Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Дүние неліктен жақсы?(ертегі қойылымы)


« Табиғат өмір үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты »

Мақсаты: Балаларға табиғат, қоршаған орта, құстар туралы алған, білген білімдерін жетілдіру, бекіту.

Ертегі қойлымы бойынша тілдік қорын дамыту, есте сақтау қабілетін, қызығушылығын арттыру, қиялдарын, эстетикалық талғамын қалыптастыру. Табиғатты қорғап, оны бағалай білуге, өз ойларын дұрыс тұжырымдап, дәлелмен жеткізе білуге, қамқорлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, достық қарым – қатынасқа баулу.

Балалардың шығармашылық қабілет – дарынын дамытып, қоршаған ортаның ерекшеліктеріне бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындыру, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял – армандарын жетілдіру. Музыканы сезіну арқылы қимыл – қозғалыста болып, кейіпкерлене білуге, әннің сөзін әнімен толық орындау шеберліктерін дамыту. Сахналық мәдениетті сезіну.

Балаларға,ертегі қойылымы, балабақшада, ересек тобы

Қатысушы балалар:

Қараторғай: – Ерберген Ернұр

Күн:   – Елеу Сымбат

Жауын:   – Жолмырза Ханым

Тоқылдақ: – Жанат Диас

Ара:    – Әлім Айғаным

Жауын құрты:- Сайлау Әсет.

Автор сөзін оқыған:  Тәрбиеші: Беденова Гүлмира

Музыкамен көркемдеуші: Марат Роза

Автор:       – Сәлем, балалар! Менің ғажайып бағыма қош келдіңдер!

–         Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

–         Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келеді?

(балалар жауабы)

–         Сендер ертегіні ұнатасыңдар ма?

–         Қандай ертегіні білесіңдер?

–         (балалар жауабы)

–         Олай болса, қазір таша бір ертегіні тамашалаймыз. Көктем мезгілімен ең бірінші ұшып келетін, көбіне еліміздің Оңтүстік өңірлерінде болатын, кішірек келген, қара түсті жыл құсы – қараторғай жайында ертегі көрсетіледі.

–         Тамашалаңыздар!

(музыка ойналады)

Автор:       – Бір күні қараторғай қанаты бекіп, қатайған соң,ұшуды үйренді. Бақ үстінде шарықтап біраз ұшты да, қайыңның басна келіп, қонды. Айналасына сүйсіне қарап:

Қараторғай:      – Жарық дүние неліктен жақсы? Шиқ – шиқ – шиқ.

Автор:       – Бұлт арасынан жарқырай шыққан Күн балапан қараторғайға мейірлене жымия қарады.

Күн:           – Біз бәрімізде, әйтеуір бір жақсылық істейміз, сондықтан жақсы.

Қараторғай:      – Күн сенің қандай жақсы істерің бар?

Күн:           – Мен бе? Мен адамдарға жарық пен жылу беремін. Ал. Өзің не істейсің?

Автор:       – Балапан қараторғай әлі ештеңе істеуді білмейтін еді, не айтарын білмей, жаман састы. Ұялғанынан әрең көтеріліп ұшып, көлеңкеге жасырынды. Қалың бұтақтардың көлеңкесіндк ұзақ отырып, біраздан соң қайтадан шиқылдайды.

Қараторғай:      – Жарық дүние неге соншама жақсы екен?

Автор:       – Кенет жауын сіркіреп, жапырақтарды тырсылдата бастайды.

Жауын:     – Жақсы болатын себебі, біз бәріміз әйтеуір бір қолымыздан келген қайырымдылық жасаймыз.

Қараторғай: – Жауын, сен қандай қайырымдылық жасайсың?

Жауын:     – Мен дүниедегінің бәрін тазалап, жуамын және таза сумен сусындатамын.

«Жаңбыр» әні орындалады.

–         Сен өзің не істейсің?

Автор:       – Балапан қараторғай тағы да ұялды. Ол пыр етіп ұшты да, басқа бұтаққа барып қонды. Осы кезде желкесінде қызыл телпегі бар үлкен шұбар құс келіп, ағаштың діңіне қонды. Жайғасып алған соң, ол ағаш қабығын «түк, түк, түк» еткізіп, тұмсығымен шоқып, тесе бастады.

Қараторғай тұмсығымен қауырсындарын тарап қойды да, сұрағын қайталады.

Қараторғай:      – Жарық дүние неге жақсы?

Шұбар құс:        – Бәрімізде бір жақсылық жасаймыз. Сондықтан ол жақсы болады да.

Қараторғай:      – Сен өзің кімсің? Қандай жақсылық жасайсың?

Шұбар құс: – Менің атым – Тоқылдақ. Зиянды құрттар мен қоңыздарды жеп, ағаштарды қорғаймын. Сондықтан мені «Орман санитары» дейді. Өзің не істейсің?

Автор:       – Қараторғай не дерін білмей, пыр етіп ұшып, бір түп раушан гүлінің арасына қонып жасырынды. Ақ гүлдей жайқалған раушанның хош иісі аңқып тұр еді. Қандай тамаша! Қараторғай қалай шыдасын, тағы да шиқылдады:

Қараторғай:      – Бұл дүние неге соншама жақсы?

Ара:           – Оның жақсы болатын жөні бар. Біз бәріміз де жақсы істер жасаймыз.

Қараторғай:      – Міне, керемет! Құрттақандай болып сен де бірдеңе істей аласың ба?

Ара:           – Енді ше, енді қалай?!

Мен бал жинаймын. Бір гүлден екіншісіне алтын тозаңдар тасимын.

«Мен арамын» әнін орындайды.

–         Ал, өзің ше, не істейсің?

Автор:       – Қараторғай ұяттан жерге кіріп кете жаздады. Қанатын жалп еткізіп, бұта түсіндегі шөп арасына қойып кетті.

Сәл тынышталған соң, тағы да сызылта сайрады:

Қараторғай:      – Жарық дүние неліктен жақсы?

Автор:       – Топырақ арасынан жорғалап шығып келе жатқан жауын құрты бұл сұрақты естіп қалған екен, шіңкілдеген дауыспен жауап берді.

Жауын құрты:  – Бәріміз де жақсы іс істейміз ғой. Сондықтан дүние жақсы.

Қараторғай:      – Ойпыр – ай, сенің қолыңнан не келеді, түрің мынау?

Жауын құрты:  – Топырақты қопсытамын, сонда өсімдіктер жақсы өседі. Бұдан

артық жақсы іс бола ма?

–         Өзің не істей аласың?

Автор:       – Осы арада қараторғай ашуланды, тіпті құртты шоқып жеп қойғысы келді. Алайда үлгермеді. Құрт топырақ арасына кіріп кетті.

Балапан қараторғай қайың ағашына келіп қонды да:

Қараторғай:      – Құдай – ау, ұятқа қалмау үшін не істеуге болады өзі?

Автор:       – Ия, айналада бұрынғыдай бәрі жақсы, тамаша, журекті қуанышқа бөлейді.

Кенет ол өмірі айтып көрмеген бір әдемі сазды әуенге салып, әндете сайрай жөнелді.

Қараторғай:  «Қайырлы таң!» әнін орындайды.

Автор:       – Бақ ішіндегілердің бәрі ұйып, сүйсіне тыңдады.

Барлығы: – Қандай тамаша!

–         Керемет ән!

–         Жарайсың!

Автор:       – Қараторғай мақтау сөзді естіп, қатты қуанды.

Қараторғай:      – Менің әнім бәріне ұнаған екен, ендеше мен де жұрт үшін жақсылық жасай алады екенмін!

Автор:       – Ия, шіркін.

«Ән – көңілге қуаныш,

Шерліге жұбаныш» – дейді.

Қарторғай табиғаттың әсем де керемет, ғажап көрінісін осы бір шумақ әнмен жеткізді.

–         Балалар, сендерге бүгінгі ертегі ұнады ма?

–         Қай тұстары ұнады?

(балалардың жауабы)

–         Табиғат өмір үшін жаралыпты,

Бар қызық табиғаттан таралыпты, – олай болса, осы бір дүниенің ғажайып кереметін аялайық, қорғап, сүйіп, жүрегімізді қуанышқа бөлейік.

«Дүние неліктен жақсы?» атты ертегі ролін сомдаған «Балдәурен» ересек тобы балаларымен таныс болыңыздар.

(Кейіпкерленген балаларды таныстыру)

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Танымдық-шығармашылық ойындарды қолдану әдістемесі
  • Кірпі тіршілігімен таныстыру
  • Дидактикалық ойын (балаларға)
  • Күз. Телефон арқылы екі құрбының әңгімесі
  • Мен және менің жасөспірім балам(дөңгелек үстел)

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Жаныл 05.02.2020 күні 10:18 уақытында

    Балалардың табиғат, қоршаған орта, құстар туралы түсініктерін кеңейтуге жақсы көмектеседі екен. Осындай мақалалар көбейе берсе екен.

    Жауап беру
  • Акнур 26.01.2020 күні 01:43 уақытында

    Матиералда құстардың, табиғаттың, өсімдіктің бір біріне үйлесімділігі көрініп тұр. музыка мұғалімдеріне нағыз таптырмас шпаргалка екендігі белгілі.

    Жауап беру
  • danira_bolashak 21.01.2015 күні 02:30 уақытында

    мақалалардың барлығы сапалы балабақша балаларына керекті сабақтар екен.Бізде балабақша туралы жібереміз.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.