Бутерброд жасап үйренеміз

Блім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы:Бутерброд жасап үйренеміз

 

Мақсаты:Ұн тағамы наннан бутерброд жасауға үйрету.Баланың қиялы мен шығармашылығын дамыту.Еңбектің қарапайым дағдыларын меңгерту.

 

Дамытушылығы: Дүниетанымын, ой-өрісін, еңбекқорлығын, ояту және дамыту.Балалардың тамақ дайындауға деген қызығушылығын, құштарлығын арттыру

 

Тәрбиелігі: ұн тағамдарын дайындағанда ұқыптылыққа, тазалыққа, үнемділікке, нанды қастерлеуге тәрбиелеу. Үлкеннің және құрдасының еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

 

Керекті құралдар:Нан,ірімшік,жұмыртқа,шұжық,алжапқыш,басқа тартатын орамал,қол сүртуге арналған майлық.
Әдіс-тәсілдер:сұрақ-жауап,әңгімелесу,түсіндіру,көрсету
Практикалық іс-әрекет:ұн тағамынан бутерброд дайындау
Жаңа сөз:бутерброд
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті туғызушылығын ояту кезеңі

Ұйымдастырушылық-ізденушілік кезеңі

Іс-әрекетті бағалау кезеңі Балалар бүгінгі оқу іс әрекетіміз ерекше болмақ.Өйткені бізге көптеген апайлар қонаққа келіп отыр.Ендеше сол апайлармен амандасып алайық.

 

Шаттық шеңбері
Бір шаңырақ астында,
Тату-тәтті тұрамыз
Бірге ішеміз астыда
Бірге сайран құрамыз

 

Енді балалар барлығымыз назарымызды бейнетаспаға аударайық. Бейнестападан кімді көріп тұрмыз
Балабақшаның аспазшы апай бізге тағамдар әзірлеп жатыр екен.
Олар бізге арнап көптеген түрлі тағамдарды дайындайды.Біздердің деніміз сау, көңіліміз сергек болып жүруі үшін күнделікті асты ішіп жүруіміз керек.
Ал үйде тағамдарды кім дайындайды екен.
Дұрыс аналарымыз,әжелеріміз дайындайды.Ал енді келесі бейнатаспаны қарайық.

 

Кімді көріп тұрмыз. Ол не дайындап жатыр?

Бәріміздің де аналарымыз бен әжелеріміз бізге арнап түрлі тағамдарды дайындайды.Сендер аналарынға көмектесесіңдерме.

 

Біз бүгін сол тағамдарды өзіміз жасап үйренетін боламыз.Біз әлі кішкентай болғандықтан газге,ыссы суға жақындауға болмайды.Сондықтан біз өзімізге жеңіл,әрі жасалу жолы оңай тамақ дайындап үйренеміз.Біздің күнделікті тағам ретінде пайдаланатын тағамымыз,дастарханның сәні ол не

 

Нан неден жасалады
Біз сол ұн тағамынан дайындалғаннан наннан бутерброд жасап үйренеміз.
Бәріміз назарымызды тақтаға аударайық.
Бутербродтың негізгі тағамы нан болып саналады.Бутербродтар салқын тағамдарға жатады.Оларды таңғы ас,түскі ас,кешкі асқа тез дайындауға болады.Оны дайындауға көптеген азық-түліктер қолдануға болады. (әртүрлі тағам түрінен дайындаған бутербродтарды көрсетіп таныстырамын.)Енді сол бутербродты өзіміз дайындайық.

buterbrad

Сендерге қай бутерброд ұнады.Ендеше со тышқан мүсініндегі бутербродты дайындайық.
Біздер тамақ дайындағанда үстіміз лас болмау үшін не тағамыз.
Басымызға не киеміз.
Ендеше алжапқыштарымызды тағып,бас киімдерімізді тағып алайық.
Алдымен бізге не керек.
Нан керек.

Сендерге әлі пышақ ұстауға болмағандықтан мен сендерге бәрін дайындап кесіп қойдым.Нанды аламыз оның үстіне не қоямыз?

Ірімшікті қоямыз
Ірімшіктің үстіне жұмыртқаны қоямыз
Кімнің бутерброды әдемі болса соның бутерброды дәмді шығады
Енді шаршағанымызды басып сергіту сәтін жасайық.
Тышқанның екі құлағын саламыз және құйрығын саламыз.Тышқанға не жетіспи тұр
Дұрыс айтасыңдар екі көзін кішіміштен саламыз
Біздің тышқанымыз дайын болды.
Жарайсындар
Барлықтарынның бутербродтарын әдемі шықты.
Айнұр келе қойшы саған кімнің дайындаған бутерброды ұнады
Өздерін дайындаған бутербродтарынды серуенге шығар алдында жеп ауқаттанып аламыз.
Енді бүгінгі оқу іс әрекетті қортындылау үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын.
Алдымен нанды алдым
Үстіне түрлі тағам салдым.
Дайындалған тағаммен
Ауқаттанып алдым
Ол не
Дұрыс айтасыңдар
Бутерброд дайындау үшін бізге нелер керек екен
Жарайсындар балалар бүгінгі оқу іс әрекетке барлықтарында жақсы қатынастыңдар.
Апайлармен амандасады.

Шаттық шеңберіне тұрады.

Аспазшы апайымызды көріп тұрмыз.
Бізге арнап түрлі-түрлі тағамдарды дайындап жатыр

Аналарымызбен әжелеріміз

Айкөркемнің анасын көріп тұрмыз
Біздің аналарымызда бізге арнап тағамдар дайындайды.

Нан
Нан ұн тағамынан дайындалады.

Бутерброд түрінмен танысы бастайды.

Тышқан мүсініндегі бутерброд ұнады.

Алжапқыштарымен бас киімдерін киіп,бутерброд дайындауға кіріседі.

Сергіту сәтін жасайды

Өз бутербродтарын дайындайды

Бутерброд

Бутербродты дайындау үшін ұн тағамы нан және түрлі тағамдар қажет

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Ұн тағамы наннан бутерброд жасауды үйрене білді. Нені игерді: Еңбектің қарапайым дағдыларын игерді. Нені меңгерді: Үлкеннің және құрдасының еңбегін бағалай білуді меңгерді

Авторы: Досқалиева Тұрар Ғинятқызы

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ