Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Балабақшада баланың тілін дамыту


Қазіргі таңда мектепке дейінгі мекеме  балаларына мемлекеттік тілді меңгерту бірінші жолға қойылды. Мектепке дейінгі  мекемеде қазақ  тілін  оқыту  жұмыстары тәрбиешілердің көп еңбек етіп,ізденіс пен дайындығын қажет етеді.Сондықтан қазақ тілін оқыту мәселесінде мектепке дейінгі  мекемеде  білім  беру, тәрбиелеу ісіне қоғам,ұжым болып бір ауыздан атсалысуымыз қажет.

Мектеп жасына дейінгі балаларды  оқыту  мәселесі  алдымен  балабақшада  жүзеге  асырылады. Балалардың ақыл-ойы мен мінез-құлығының  дамуында  тіл  маңызды  рөл  атқарады. Біздің мақсатымыз – балаларды ата-бабадан  қалған  салт-дәстүрге,

адамгершілікке  баули отырып,жаңа  технологияны  меңгерту. Осы мақсатымыз  жүзеге асуы  үшін біз ең  алдымен  өзіміздің  ана  тілімізді  меңгеруіміз  қажет. Бүгінгі таңда  тіл  туралы  көп  айтылады.Тіл білген  адам-мәдени,рухани жан азығы мол адам. Адамның  ойы  тілден  көрінеді.Сондықтан  балабақша  қабырғасынан  бастап  тіл  үйретудің  маңызы зор.

мектепке дейінгі мекемеде ,Балабақшада, қазақ тілін үйрету, баланың тілін дамыту, бала тіліБалалабақшада  қазақ тілін үйретуде  сөздік  жұмысты  қоршаған ортамен,күнделікті өмірмен  тығыз  байланыстыра  жүргізу,жаңа  сөздер  қамтылатындай  түрлі  ойындар  арқылы  тіл  ұстарту,көру,есту,тыңдау,қайталау, есте сақтау,жаттау  қабілеттерін  жетілдіріп  отыру,балаларды  сөйлесе  білуге,сөйлемдерді  дұрыс айтуға,тәрбиешінің  сұрағын  түсініп,дұрыс  жауап  беруге  баулу  мақсаттары  көзделеді.

Ересек  балалар   тобында  бұрынғы  топтарда  үйренгендерін  тереңдете  түседі. Ауызша  сөйлеу  тілін  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді

Әр  оқу  іс-әрекеті  сайын  тақырыпқа  сай  түрлі  суреттер,кестелер, аудиокітап, бейне құралдар, тақырыптар  бойынша  электронды  кітаптармен  көркемдеп  отырса,балалардың  сөздік  қоры  біршама  толығады деп  санамін.

Заман  өзгерген  сайын  әдіс-тәсілдер көбейіп,жаңарып,толығып  отырады.Әр түрлі  жаңа  технологияларды  өз  тәжірибемізде  қолданып  отырамыз. Соның  бірі  «Ойын»  технологиясы.

Балалның  танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытуда,оқыту мен  тәрбиелеудің  негізін  қалыптастырудың  құралы-ойын  әрекеті. Ойын  дегеніміз-жас  ерекшелігіне қарамайтын,адамның  көңіл  күйін  көтеретін,ойландыратын  үрдіс.Ойын  арқылы  балалар  өзінің  психологиялық  ерекшеліктерін  қалыптастырады.Әр бала  ойнау  үшін  алдымен  ойланады,ойлана  отырып  ойнайды.Кез  келген  бала  еш  уақытты  жалғыз  ойнамайды,құрбыларымен бірге ойнайды,сол арқылы бір-бірімен сөйлеседі.Сөйлесе  жүріп,пікірлесіп әсер  алысады,ойынның  мазмұнын  анықтайды.Балалар ойын  шығарушылар, ойынды  жасаушылар  болып  табылады. Бала жалғыз  ойнағанның  өзінде  ойыншықтармен сөйлесіп отырады,қиялдағы  қатысушылармен  әңгімелеседі. Сөз бен сөйлеу  әрекеті  ойлау  қабілеті  болып  табылады.Түрлі  заттарды  пайдалана  отырып, қоршаған  ортамен, адамдармен  қарым-қатынас  жасайды,тәжірибе  жинақтайды.Ойын баланы  ақыл-ой жағынан да,дене жағынан да  алға жетелеп  дамытады,баланың  ойын  өрбітіп,тілін  дамытып, бойын өсіреді.

Тәрбиеші  ойын  әрекетін  ұйымдастыруда  өзі  жетекші  бола  отырып, балаларды  ойнай  отырып  ойлануға  бағыттайды,заттың  атын  немесе  қасиетін  есінде  сақтап  қалуға  жол  ашады,қиялын  дамытады.                                                                                     Мысалы:«Аз,көп»,«Жақсы жаман»,«Қыс,жаз»,«Жоқ,иә»,Он саусақ»,«Моншақ»,«Мен бастайын,сен аяқта»,«Жалғастыр»,«Не артық?»,«Есіңде сақта» т.б.

Рахметова Айгүл Сулейменқызы

№13 «Балдырған»  ясли-бақшасының тәрбиешісі

Қызылорда  облысы, Жалағаш ауданы, Бұқарбай батыр ауылы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жаңа лексикамен және жаңа әріппен таныстыру
  • «Бізге көктем келді» сабақ жоспары
  • Өзімді-өзім танумен өсіп келем
  • Психологиялық жаттығулар
  • Сенсорлық мәдениет және баланың ақыл-ойын дамуы

Пікірлер 6 Пікір қосу

  • Айгерим 02.08.2016 күні 16:41 уақытында

    иә, өте әдемі жазылған. Маған ұнады.

    Жауап беру
  • Гулмира 31.10.2014 күні 15:48 уақытында

    өте жақсы

    Жауап беру
  • Айгүл 17.04.2014 күні 21:25 уақытында

    Менің жіберген ашық сабағым неге жарияланбады. Тақырыбы: «Таза ауа» деп аталады.

    Жауап беру
    • Erketai 17.04.2014 күні 21:41 уақытында

      Мақаланың көп бөлігі басқа сайттан алынған.

      Жауап беру
  • Айгүл 17.04.2014 күні 21:20 уақытында

    Мақаламның жарияланғанына қуаныштымын.Сіздерге көп рахмет.

    Жауап беру
  • Айна 14.04.2014 күні 12:40 уақытында

    Өте жақсы жазылған. Рахмет сіздерге.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.