Балабақшаға арналған тәжірбие-эксперемент картотекасы

Балалардың танымдық қабілетін артыруға арналған тәжірбие-эксперемент картотекасы

Орындаған: Шамшабекова Айгуль Аманкелдиевна.
Павлодар қаласы: №27 Сәбилер бақшасы

Мазмұны
  1. Жығылмайтын момын — Ванька Тіл алғыш және тілазар жұмыртқа
  2. Сиқырлы айна немесе 1? 3? 5?
  3. Тізедегі шөптің жасыл ізін қалай тазалауға болады?
  4. Понятие об электрических зарядах Электр зарядтары туралы тұжырымдама
  5. Танцующая фольга Билейтін фольга
  6. . Как проткнуть воздушный шарик без вреда для него? Ауа шарын оған зияныны тигізіп алмай қалай жаруға болады?
  7. Подводная лодка из винограда Жүзімнен жасалған су асты қайығы
  8. Подводная лодка из яйца Жұмыртқадан жасалған су асты қайығы
  9. Как достать монету из воды не замочив рук? Қолды суламай тиынды судан қалай алып шығуға болады?
  10. Иіс қайда кетті?
  11. Рукам своим не верю Өз қолыма сенбеймін
  12. Высасывание воды Суды сору
  13. Своды и тонели Жинақтар және үңгіршіктер
  14. Всем поровну Барлығына бірдей
  15. Вареное или сырое? Піскен бе әлде шикі ме?
  16. Стой руки вверх Тоқта қолыңды көтер
  17. Цветы лотоса Лотос гүлі
  18. Естественная лупа Табиғи ұлғайтқыш
  19. Водяной подствечник Су шамы
  20. Чудесные спички Керемет сіріңкелер
  21. Куда делись чернила? Сия қайда кетті?
  22. Делаем облако Бұлт жасаймыз
  23. Можно ли висеть на голове? Баста ілініп тұруға болады ма?
  24. Секретное письмо Құпиялы хат
  25. Что такое упругость? Серпімділік деген не?
  26. По следам Шерлок Холмса Шерлок Холмс ізімен
  27. Вдвоем веселее Бірге көңілді
  28. Тайный похититель варенья Вареньяның құпия ұрышы
  29. Невидимые чернила Көрінбейтін сия
  30. Лимон подувает воздушный шар Лимон ауа шарын үрлейді
  31. Разбегающиеся зубочистки Шұқығыштардың ауытқуы
  32. Могучая скорлупа Құдыретті қабық
  33. Жұмыртқаны жүзуге үйрету
  34. Наживка для льда Мұз үшін жем
  35. Суық су «қайнай» алады ма?
  36. Соломинка-пипетка Пипетка – сабан талы
  37. Соломинка-флейта Сабан тал — флейт
  38. Соломинка рапира Рапир – сабан талы
  39. Тордағы құс
  40. Төртбұрыш қалай дөңгелекке айналады?
  41. Қатты газет
  42. Қутатты тыныс
  43. Рекордтық салмақ
  44. Тірі көлеңке
  45. Қарлы гүл
  46. Жіпсіз ілініп тұру
  47. Тірі балық
  48. Сломанный карандаш Сынған қарандаш
  49. Исчезающая монетка Жоғалатын тиын
  50. Вулкан
  51. Водоворот Иірім

Жығылмайтын момын — Ванька
Тіл алғыш және тілазар жұмыртқа

Алдымен шикі бүтін жұмыртқаны доғал немесе өткір жағымен қоюға тырысыңыз. Содан соң тәжірибеге кірісіңіз. Жұмыртқаңың басында сіріңкенің шиінің басы сияқты тесік тесіп ішіндегін үрлеңіз. Ішін жақсылап жуыңыз. Жұмыртқаның қабығының ішін бір-екі күн жақсылап кептіріңіз. Содан соң тесікті гипспен жақсылап тұрып жабыстырып желім бор немесе ақ сырламен жақсылап тесік білінбейтіндей бояңыз. Қабыққа бiр ширекпен таза және құрғақ құм себіңіз. Осылайша екінші тесікті де жабыстырыңыз. Тіл алғыш жұмыртқа дайын. Енді жұмыртқаны бізге керекті жағдайға қою үшін жұмыртқаны жай ғана сол қоятын жаққа қарай сілку керек. Сонда ішіндегі құм онын тепе-теңдікті сақтай отырып жұмыртқа сол жағдайда тұрады. Ал Ванька-встаньканы (неваляшканы) жасау үшін құмның орнына жұмыртқаға май шамның стеаринын ұсақтап 30-40дана салу керек. Стеарин ериди, ал қатқан соң ұсақтар жасап оларды қабыққа жабыстыру керек. Енді тесіктерді білдіртпей жабыңыз.
Неваляшканы орнату мүмкін емес. Тіл алғыш жұмыртқа үстелдің үстінде де және стақанның шетінде және пышақтың басында да тұрады.

Сиқырлы айна немесе 1? 3? 5?

90̊ астам бұрышпен екі айнаналарды қойыңыз. Бұрышқа бір алманы қойыңыз. Мұнда басталады, бірақ нағыз керемет басталады былай. Алма үшеу болды. Ал егер де айна арасындағы бұрышты біртіндеп азайта берсе, онда алма саны көбейеді. Басқаша айтқанда айналардың бұрыштары жақындаған сайын көп заттар көріне бастайды. Өзіңіздің балаңыздан сұраңыз бір алманы кеспей 3,5,7 алма жасайға болады ма деп сұрасаңыз. Ол сізге не деп жауап береді? Ал қазір жоғарыдағы тәжірибені қойыңыз.

Тізедегі шөптің жасыл ізін қалай тазалауға болады?

Кез келген жасыл өсімдіктің жас жапырағын алыңыз, оны міндетті түрде стақанға салыңыз және кішкене арақ құйыңыз. Стақанды ыстық су бар кәстүрелге салыңыз (су буы моншасынды) бірақ ең түбіне кез-келген ағашты дөңгелекті кәстүрелдің түбіне салыңыз. Кәстүрелдегі су суыған кезде стақаннан қыстырғышпен жапырақтарды алып шығыңыз. Олар түстерін жоғалтады, ал арақ гауһардай жасыл болады, себебі жапырақтардан өсімдіктің жасыл бояуы хлорофил бөлінеді. Ол өсімдіктерге күн энергиясымен қоректенуге көмектеседі. Бұл тәжірибе өмірде пайдалы. Мысалы, егер балаңыз байқаусыздан тізесін немесе қолын шөппен былғап алса, онда оны одекалонмен немесе алкоголді спиртпен кетіруге болады.

Понятие об электрических зарядах
Электр зарядтары туралы тұжырымдама

Шағын ауа шарын үрлеңіз. Осы шарды жүнге немесе теріге одан жақсысы өзіңіздің шаштарыңызға уқалаңыз, осы кезде сіз шар бөлмедегі бүкіл заттарға жабыса бастағанын көресіз; шкафқа, қабырғаға ал енді ең бастысы – балаға.
Бұл заттардың барлығында белгіленген электр зарядтары бар екенін түсіндіреді. Әр түрлі материалдардың байланысы нәтижесінде электр зарядтары бөлінеді.

Танцующая фольга
Билейтін фольга

Алюминді фольганы (шоколадтың немесе кәмпиттің жылтыр қабығын) өте ұзын және тар жолақтар қиыңыз. Тарақ сияқты шаш арқылы өткізіп, содан соң оны сегменттерге жақын әкеліңіз. Осы кезде жолақтар «билей» бастайды. Бұл дегеніміз олар бір-біріне оң және теріс электр зарядтарын таратады.

.
Как проткнуть воздушный шарик без вреда для него?
Ауа шарын оған зияныны тигізіп алмай қалай жаруға болады?

Егер де әуе түйіршікті тессек онда бала оның жарылатынын біледі. Түйіршіктің (шардың) екі жағына кішкене скотч жабыстырыңыз. Енді сіз шарды скотч арқылы оған ешқандай зиянын тигізбей жара аласыз.

Подводная лодка из винограда
Жүзімнен жасалған су асты қайығы

Стақанға жаңа газдалған су немесе лимонды құйып оған жүзімді салыңыз. Ол судан кішкене ауырлау болғандықтан ол стақанның түбіне түседі. Бірақ оған осы сәттен бастап газдың кішкентай көпіршіктері отыра бастайды. Ары қарай олар көп бола бастағандықтан жүзім қалки бастайды. Бірақ жоғарыдағы көпіршіктер жарылады және газ ұшып кетеді. Ауырлаған жүзім егісіні тағы да стақан түбіне түсе бастайды. Осында олар тағы да газды көпіршіктермен жабылады және тағы да қалқиды. Су «уытсызданбайынша» осылай бірнеше рет қайталана береді. Бұл қағида бойынша нағыз қайық жоғарыда көтеріліп қалқиды. Ал балықтарда жүзу көпіргіштері бар. Оған бату үшін бұлшықеттері қымқырылып алады, осылайша көпіршік пайда болады. Оның көлемі азайғандықтан балық су астын түседі. Ал көтерілу үшін балық бұлшықеттерін босатады сонда көпіргіштер тарай бастайды ол үлкейеді және балық судың үстене қарай қалқиды.

Подводная лодка из яйца
Жұмыртқадан жасалған су асты қайығы

Үш банка алыңыз: 2 жарты литр және 1 литр. Бір бәнкеге таза сумен толтырып оған шикі жұмыртқаны салыңыз. Ол батып кетеді. Екінші бәнкеге тұз қосылған ерітінді құю керек (0,5литр суға 2ас қасық тұз).Осыған екінші жұмыртқаны саламыз – ол қалқып жүреді. Бұл тұзды су ауыр сондақтан өзеннен қарағанда теңізде жүзу де жеңіл болатыын көрсетеді. Ал енді бір литрлік бәнкенің түбіне жұмыртқа қойыңыз. Ақырындап осы бәнкеге екі кіші бәнкелердегі суды баяуырақ құйғанда ерітінді пайда болады бұл ерітіндіде жұмыртқа түбіне батпайды да үстіне қалқып шықпайды да. Ол ілініп тұрғандай ерітінді судың ортасында тұрады.
Тәжірибе өткізген соң енді сиқыр көрсетуге болады. Тұзды су құя бастағанда жұмыртқа үстіне қарай қалқып шығады. Ал тұщы су құйған кезде – ол жұмыртқа түбіне қарай бата бастайды. Тұзды және тұшы су ішкі жағынан қарағанда айырмашылығы бар және бұл ғажап көрініс болып көрінеді.

Как достать монету из воды не замочив рук?
Қолды суламай тиынды судан қалай алып шығуға болады?

Тиынды тәрелкенің түбіне салып су құйыңыз. Қолды суламай оны қалай алып шығуға болады? Тәрелкені еңкейтуге болмайды. Газет қағазын кішкене отпен тұтатыңыз оны жарты литрлік банкеге салып тез арада оны тәрелкедегі судың жанына аударын тиынның жанына қойыңыз. От сөнеді. Жылынған ауа банкеден шығады және банке ішіндегі атмосфера қысымының әр түрлі болуының арқасында су банкенің жан жағына тартылады. Енді қолды суламай тиынды алуға болады.

Иіс қайда кетті?

Алдын ала иіс су тамшыланған банкеге жүгері таяқшаларын салып оны тығыз қақпақпен жабыңыз. 10 минут өткен соң қақпақты ашқанда сіз иісті сезбейсіз: оны жүзері таяқшаларының кеуек заттары өзіне сіңіріп алды. Осындай түстін немесе иістің сіңіруін адсорбция — деп атайды.

Рукам своим не верю
Өз қолыма сенбеймін

Үш тегеш дайындаңыз: біріншісі – суық сумен, екіншісі – бөлме температурасымен, үшіншісі – ыстық сумен. Балаға суық су құйылған тегешке (ыдысқа) бір қолын салуды сұраңыз, екіншісін – ыстық суға салсын. Бірақ минуттан соң ол екі қолын бөлме температурасы суға салсын. Одан су суық па әлде ыстық па екенін сұраңыз. Неге қолдар әр түрлі сезінеді? Өз қолымызға әрқашанда сенуге болады ма?

Высасывание воды
Суды сору

Кел келген краскамен боялған гүлді суға салыңыз. Кескіндеме түсі қалай өзгеретінін байқаңыз. Гүлдің сабағынан су гүлге дейін көтеріліп гүлді бояйды. Осындай суды сору құбылысы – осмасом деп аталады.

Своды и тонели
Жинақтар және үңгіршіктер

Қарандаштың диаметрінен кішкене үлкендеу етіп сияқты қағаздан түтікше жабыстырып оған қарандашты қойыңыз. Содан соң ақырындап тетікшемен қаранадашты құммен себіңіз, бірақ тетікшенің басы мен аяғы сыртқа көрініп тұрсын. Қарандашты алып шығыңыз – содан тетікше бұзылмай қалғанын көресіз. Құмдар қауіпсіздік жинақ туғызады. Құмның астында құрт-құмырсқалар қалың қабаттың астынан бүтін және қауіпсіз шығады.

Всем поровну
Барлығына бірдей

Әдеттегідей иық-ілгішті және екі бірдей контейнер (бұл үлкен немесе кіші бір реттік стақандар да болуы мүмкін) алыңыз. Ыдысытың үстіне жанына бір-біріне қарама-қарсы екі тесік жасап оған жіп байлаңыз және ілгішке жағыңыз. Мысалы, тақтың арқасына болады. Контейнерлерді теңестіріңіз. Ал енді осы тосын таразыға жемістер немесе кәмпиттер немесе печенье төгіңіз, сонда балалар кімге аз ал кімге көп тәттілер келгенін дауласпайды.

Вареное или сырое?
Піскен бе әлде шикі ме?

Егер де үстелдің үстінде екі жұмыртқа жатқа екеуінің қайсысы піскен шикі екенін анықтауға болады? Әрине әр үй иесі оны оңай істей алады, бірақ осы тәжірибені балаға көсетсеңіз оған бұл өте — қызық болады.
Әрине ол екi бастың ауырлығы ортасымен байланысу екiталай бұл құбылыс. Оған піскен жұмыртқаның ортасындағы ауырлық тұрақты болатынын түсіндіріңіз. Ал шикі жұмыртқада ортасындағы сұйық масса тежеуіш болады сондықтан шикі жұмыртқа дөңгелене айнала алмайды.

Стой руки вверх
Тоқта қолыңды көтер

Витаминдер немес дәрумендердің кішкене пластмасты банкесін алыңыз. Оған кішкене су құйып ішіне көпіргіш бір таблетканы салып қақпағын жабыңыз.
Оны төңкеріп үстелдің үстіне қойып тосыңыз. Таблетка суға араласқанда химикалық рекациядан кейін газ бөлінеді «гүріл» естіледі және бөтелке үстіге ұшады.

Цветы лотоса
Лотос гүлі

Түрлі түсті қағаздан үлкен жапырақтары бар гүлді қиыңыз. Қарандаштың көмегімен жапырақтарды ортаға ораңыз. Ал енді ыдыстағы суға әр түрлі лотостарды түсіріңіз. Осы кезде сіздің алдыңызда гүлдің жапырақтары ашылады. Бұл дегеніміз қағаз суланған сайын ол біртіндеп ауырлай бастаған соң жапырақтар ашыла басайды.

Естественная лупа
Табиғи ұлғайтқыш

Егер де сіз қандай да бір кішкентай нәрсені көргіңіз келсе, мысалы, өрмекші, шыбынды немесе масаны, бұны жасау өте қарапайым. Жәндікті үш литрлік банкеге отырғызыңыз. Банкенің аузын азық-түлік қабыршығымен жабыңыз, бірақ оны аса тартпаңыз тек жай ғана жауып үстінен кішкене бармақпен ішке қарай басып ой жасаңыз. Енді қабыршықты жіппен немесе резеңкемен байлап ал жасалған ойға су құйыңыз. Сізде керемет ұлғайтқыш пайда болады, онымен сіз тіпті кішкентай нәрселерді де көре аласыз.

Водяной подствечник
Су шамы

Ұзын емес стеаринді май шамды және стақан суды алыңыз. Май шамның астына ауыр болу үшін қыздырылған шегені (егер де шеге суық болса онда май шам үгітіліп қалады). Білтесі және шамның ең шеті көрініп қалғандай. Стақан судағы жүзіп тұрған май шам болады. Білтені жағыңыз сонда шам өте көпке дейін жанып тұрады. Суға дейін жанып ары қарай өшетін сияқты көрінеді. Бірақ бұлай болмайды. Шам аяғына дейін жанады. Оның үстіне осындай шамда тұрған май шаммен ешқашан өрт жағдайы болмайды. Себебі білте сумен сөніп қалады.

Чудесные спички
Керемет сіріңкелер

Сізге 5 (бес) сіріңке керек. Ортасынан оны сындырып бұрыштап майыстырып оны ыдысқа салыңыз. Сіріңкенің сынған майысқан жеріне бернеше рет су тамызыңыз. Бақылаңыз. Біртіндеп сіріңке түзеліп жұлдызшалар пайда бола бастайды. Бұл құбылыстың атауы капиллярлық деп аталатын себебі ағаштың талшықтары өзіне ылғалды сіңіреді. Ол капиллярлар арқасында ары қарай жүре береді. Ағаш өседі, ал бүтін талшықтар «үлкейеді» олар қатты майысады және түзеле бастайды.

Куда делись чернила?
Сия қайда кетті?

Суы бар ыдысқа ерітінді жуас көкшіл түсті болғандай сияны немесе тушты тамызыңыз. Осында белсеңдірілген көміртегі таблеткасын салыңыз. Ыдыстың бетін бармақпен жауып ерітіндіні араластырыңыз. Көміртегі жоғарыдағы бояғыш зат молекулаларын өзіне сіңіріп алғандықтан ол көрінбей кетеді.

Делаем облако
Бұлт жасаймыз

Үш литрлік банкеге ыстық су құйыңыз (мысалы 2,5см). Ыдысқа бірнеше мұзды қойыңыз және оны банкенің үстіне қойыңыз. Банке ішіндегі ауа үстіне көтеріліп, суй бастайды. Оның ішіндегі су буы бұлт жасап қоюлана бастайды.
Бұл тәжірибе жылы ауа суығанда пайда болатын құбылысты көрсетеді. Ал жаңбыр қайдан пайда болады? Жердегі жылынған тамшылары үстіге көтеріледі екен. Содан оларға суық болған соң олар бір-біріне қысылып бұлт пайда болады. Бірге кездескенде олар үлкейіп ауырлай бастайды да және жерге жаңбыр сияқты жауады.

Можно ли висеть на голове?
Баста ілініп тұруға болады ма?

Картон қағаздан жеңіл иіруді жасап оны жұқа таяқшаға отырғызыңыз. Таяқшаның аяқ жағын ұштаңыз ал бас жағын іс тігетін түйреуішпен түйреңіз (басы пластмасты емес темір болсын) тереңірек тек қана басы көрінсе болғаны.
Иіруді үстел үстіне «билеуге» жіберіңіз, ал үстінен оған магнитті жақындатыңыз. Иірілу секіреді және түйреуіштің басы магнитке жабысады, бірақ қызық ол «басына ілініп тұрып» тоқтамай айнала береді.

Секретное письмо
Құпиялы хат

Бала таза қағаз бетіне сүтпен, лимонды шырынмен немесе ас сіркесуымен сурет немесе жазу жазсын. Сосын қағаз бетін ысытыңыз (жабық ыдыстағы отқа ұстап тұрып) сонда сіз көрінбейтін нәрсе көрінетін нәрсеге айналады. Тосын сия ысығанда әріптер қаралып және құпиялы хатты оқуға болады.

Что такое упругость?
Серпімділік деген не?

Бір қолыңызға кішкентай резеңке допты алыңыз, ал екінші қолға дәл осындай көлемде пластилиннен жасалған шарды алыңыз. Бірдей биіктіктен оларды еденге лақтырңыз. Доппен шар өздерін қалай ұстады, құлағаннан соң оларға не болды, қандай өзгерістер болды? Неге пластилин секірмейді ал доп секіреді, мүмкін ол дөңгелек әлде ол қызыл болғандықтан ба немесе ол резеңке болғасын ба?

балабақша картотекасы

Өз балаңызға доп бол деп ұсыныңыз. Баланын басына қолыңызды тигізіп ал ол кішкене тізесін бүгіп отырсын, ал қолыңызды алып тастағанда ол аяғын түзетіп секірсін. Бала доп сияқты секірсін. Содан балаға онымен не болды міне солай доппен болды деп түсіндіріңіз; ол тізесін бүгеді, ал доп болса еденге тиген кезде сығымдалады. Ол тізесін түзетіп секіреді, ал допта сығымдалған жері түзеледі. Доп серпімді.
Ал пластилин немесе ағаш шар серпімді емес. Балаңызға «Мен сенің басыңа қолымды тигіземін, ал сен тізенді бүгіп бірақ серпімді болма» деп айтыңыз. Баланың басына қолыңызды тигізіңіз, ол ағаш шар сияқты секірмесін. Егер де тізені бүкпесе ол секіре алмайды. Бүгілмеген тізені түзетуге болмайды. Ағаш шар еденге құлаған кезде ол сығымдалмайды содан ол түзетілмейді сондақтан ол секірмейді. Ол серпімді емес болып табылады.

По следам Шерлок Холмса
Шерлок Холмс ізімен

Күлмен талькты араластырыңыз. Бала кез келген бармағын үрлеп сосын ақ қағазға бассын. Осы орынға дайындалған қара қоспаны себіңіз. Қағаз бетін қағыңыз бармақ қойылған жерге жақсылап қоспамен жабылсын ал қалған қоспаны банкеге салыңыз. Қағаз бетінде бармақ ізі қалатыны анық.
Бұл теріде бездерінен май бөлінетінін түсіндіреді. Қай нәрсеге қолымыз тисе снда міндетті мүрде бізге білінбейтін із қалады. Ал біз жасаған қоспа бұл майға жақсы жабысады. Қара күйек ізді көрсетеді.

Вдвоем веселее
Бірге көңілді

Қатты картон қағаздан дөңгелек кесіп алыңыз (шайдың кесесі дөңгелегін айналдыра отырып). Сол жақ бөлікке ұлдың суретін салыңыз, ал басқа бөлігіне қыздың суретін салыңыз, бірақ ұлға қарама-қарсы сурет аяғын жоғары ал басын төмен қаратын салыңыз. Сол және оң жақ картонға кішкене тесік жасап, ілгішті резецке салыңыз.
Ал енді резеңкені әр жаққа созыңыз. Картонды дөңгелек тез айналып екі жақтағы сурет қосылады сонда сіз бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі сурет көре аласыз.

Тайный похититель варенья
Вареньяның құпия ұрышы

Қарандаштың өзін құпайын (грифель) пышақпен ұсақтаңыз. Бала өз бармағын дайын ұсақталған ұнтаққа жағады. Енді бармағын скотчтың бөлігіне бассын, ал скотчты ақ қағазға жабыстырсын сонда қағазда баланың бармақ ізі көрінеді. Енді біз білеміз кім вареньенің бәнкесінде кімнің саусақ іздері қалғанын. Немесе мүмкін Карлсон ұшып келген шығар?

Невидимые чернила
Көрінбейтін сия

Бұл тәжірибені өткізу үшін сізге керек: жарты лимон, мақта, сіріңке, су және қағаз беті. Лимон суын ыдысқа сығып аламыз, соншама су құямыз. Сіріңкені немесе тіс шұқығышты мақтамен орап лимон суы мен су қосылған ерітіндіге батырып қағазға осы сіріңке таяқпен жазамыз. «Сия» кепкенде қағазды үстел үсті шамының үстіне қыздырамыз. Сонда қағазда бағана көрінбеген жазулар көріне бастайды.

Лимон подувает воздушный шар
Лимон ауа шарын үрлейді

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: 1 шәй қасық ас содасы, лимон шырыны, 3 ас қасық сірке суы, ауа шары, изолента стақан және бөтелке, мұржа.
Суды бөтелкеге құямыз және шай қасықпен ас содасын ерітеміз. Басқа ыдыста лимон шырынын және 3 ас қасық сірке суын араласытырып мұржа арқылы бөтелкеге құямыз. Тез шарды бөтелкенің аузына кигіземіз және изолентамен қысып байлаймыз. Ас содасы және лимон шырыны сірке суы араласықанда химикалық реакцияға түсіп газ бөлінеді және қысым жасап шарды үрлейді.

Разбегающиеся зубочистки
Шұқығыштардың ауытқуы

Шұқығыштарды суы бар ыдысқа күн сәулесі сияқты орналастырамыз. Суы бар ыдыстың ортасына қант түсіреміз. Сонда шұқығыштар ортаға қарай жылжи бастайды. Қантты алып тастаймыз және ыдыс жуатын затты бірнеше тамшы тамызамыз – тіс шұқығыштар «қашады». Не болып жатыр? Қант суды өзіне сіңіреді яғни тартады оған қозғалыс туғызады тіс шұқығыштар ортаға жылжиды. Ал сабын суға тарап су бөлшектеніп тарап сонда тіс шұқығыштар тарай бастайды. Балаңызға оған сиқыр көрсеткеніңізді түсіндіріңіз, ал бірақ та белгілі сиқырлар табиғи физикалық құбылыстардан пайда болады олар оны мектепте оқитын болады.

Могучая скорлупа
Құдыретті қабық

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: 4 жұмыртқаның жарты қабығы, қайшы, жіңішке жабыстырылған лента, бірнеше толық консерв бәнкелері.
Әр жарты жұмыртқа қабығының шетін жабыстырғыш лентамен ораймыз. Қайшымен қабықтың қисық артық жерлерін түзетіп қиямыз. Төрт қабықты күмбез жағымен үстіне қаратып төртбұрыштап қоямыз. Абайлаңыз енді үстіне бәнкелерді бірінің үстіне бірін қоямыз қабықтар жарылғанға дейін қоя береміз.
Бәнкенің қаншасын нәзік қабықтар көтере алды? Бәнкелердің сыртындағы көрсетілген салмақтар санын қосып қанша бәнке қойғаңызды анықтаңыз. Сиқыр ойдағыдай шыққанын анықтаңыз. Күштің құпиясы – күмбез тәрізді қабықта болып табылады.

Жұмыртқаны жүзуге үйрету

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: шикі жұмыртқа, стақан су, бірнеше ас қасық тұз.
Шикі жұмыртқаны су бар стақанға саламыз – жұмыртқа стақан түбіне түседі. Стақаннан жұмыртқаны аламыз да және суға бірнеше қасық тұз саламыз. Енді жұмыртқаны тұзды суға саламыз – жұмыртқа судың үстінде қалқып тұрады.
Тұзды судың қысымын ұлғайтады. Суда тұз көбірек болса онда суда батып кету қиынырақ болады. Белгілі Өлі теңізде су ашты онда адам еш қиындықсыз батып кетемін деп қорықпай жата беруіне болады себебі ол судың үстінде қалқып тұрады.

Наживка для льда
Мұз үшін жем

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: жіп, мұз текшесі, стақан су, кішкене тұз.
Текше мұзды суға түсіреміз. Стақанның шеткі жағына жіпті қоямыз оның судың үстінде қалқып жүретін бір жақ шеті текше мұзда жатуы тиіс. Мұзға кішкене тұз себеміз және 5-10минут тосамыз.
Жіптің бір жақ шетін ұстап текше мұзды стақаннан алып шығамыз. Мұздың беткі жағына түскен тұз жері кішкене ериді. 5-10минут ішінде тұз суда ериді, ал таза су мұздың жанындағы жіпке қатып қалады.

Суық су «қайнай» алады ма?

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: тығыз мұрын орамалы, стақан су және дәріханалық резеңке.
Мұрын орамалын сулап сығамыз. Стақанға суық су құямыз. Стақанды тығыз орамалмен жауып оған дәріханалық резеңкені тағамыз. Ормалдың ортасын бармақпен 2-3 см судың ішіне қарай басамыз. Қол жуғыш қабыршықтың алдында стақанды төңкереміз. Бір қолмен стақанды ұстаймыз ал басқа қолмен оның түбін соғамыз. Стақандағы су кішкене қозғалады («қайнайды»). Суланған орамал суды өткізбейді. Стақанды ұрған кезде онда вакуум пайда болып орамал арқылы суға ауа кіре бастайды. Міне осы ауа көпіргіштер судың қайнағаны сияқты болып көрінеді.

Соломинка-пипетка
Пипетка – сабан талы

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: коктейл ішуге арналған сабан тал, 2 стақан. Екі стақанды бірінің жанына бірін қоямыз, біріншісін-сумен, екіншісін – бос. Сабан талды суға саламыз. Сабан тал үстіннен бас бармақпен жауып тұрып оны бос екінші стақанға апарамыз. Сабан талдың басын босатқанда –су бос стақанға ағып кетеді. Осылай бірнеше рет қайталасақ, онда біз стақандағы суды бос стақанға тасып толтырамыз. Осындай қызметпен сабан тал сіздің үйдегі дәріханалық сөмкеңіздегі пипетка сияқты жұмыс атқарады.

Соломинка-флейта
Сабан тал — флейт

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: коктейл үшін жалпақ сабан тал және қайшы. Сабан тал ұшы ұзындығы 15мм болатындай және оның шеттерін қайшымен қиямыз. Сабан талдың екінші жағынан үш бірдей (3) тесік тесеміз олардың ара қашықтығы бір-бірімен бірдей болады. Міне «флейт» енді пайда болды. Егер сабанды кішкене тіспен қыссақ онда «флейт» ойнай бастайды. Егер де флейттағы тесіктерді кезек –кезек бармақпен жапсақ онда дауыстар өзгере бастайды. Ал енді бір әнді ойнауға болады.

Соломинка рапира
Рапир – сабан талы

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: шикі картоп және 2 жұқа коктейлге арналған сабан тал.
Картопты үстел үстіне қоямыз. Сабан талды қолымен қатты қысып жылдам қимылмен оны картопқа тығуға тырысамыз. Сабан тал майысады бірақ картопты теспейді. Екінші сабанталды аламыз. Оның үстіңгі тесігін бас бармақпен жабамыз. Сабан талдың жылдам жібереміз, сонда ол картопқа кіріп оны теседі.
Сабан талдың үстіңгі жағын бармақпен жапқанда оның ішінде ауа қалады міне ол сондықтан серпімді болғандықтан ол майыспайды сондықтан ол картопқа жеңіл кіріп кетеді.

Тордағы құс

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: тығыз картон қағазы, циркуль, қайшы, түрлі-түсті қарандаштар немесе фломастер, қалың жіптер, ине және сызғыш.
1.Картоннан кез келген диаметрі дөңгелек қиямыз. Инемен осы дөңгелекте екі тесік тесеміз. Тесік арқылы әр тесіктен инемен ұзындығы 50см болатындай жіп өткіземіз. Дөңгелектің бет жағына құсқа арналған торды саламыз, ал артынғы жағына құстын суретін саламыз. Жіптің шетінен ұстап картон қағазды айналдырамыз. Жіптер айналады. Енді жіптің әр шетін әр жаққа тартамыз. Жіптер айналады және дөңгелек кері жаққа айналады. Сол кезде құс торда отырған сияқты болып көрінеді. Дөңгелектің айналғаны көрінбей, ал құстың тордың ішінде отырған сияқты — анимация әсерін туғызады.

Төртбұрыш қалай дөңгелекке айналады?

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: тік бұрыш картон, қарандаш, фломастер және сызғыш.
Сызғышты картонға қоямыз сонда оның бұрышы картонның бір бұрышына тиіп тұрады, ал басқа жағы теріс жағымен ортасында тұрады. Картонға фломастермен ара қашықтығы 0,5мм 25-30 нүкте қоямыз. Үшкір қарандашпен картонның ортасын тесеміз (ортасын диагональді сызықтардың қиылысуы болады). Қарандашты үстелге тігінен тақап қолымен ұстап тұрыңыз. Картон қағаз қарандаштың үшкір ұшында бос айналып тұру керек. Картонды айналдырамыз.
Айналатын картонда дөңгелек пайда болады. Бұл тек көзбен шолу әсері. Картонның әр бір нүктесі дөңгелегінде айналғанда үзілмейтін желіні туғызады. Үшкір нүкте ақырын қозғалады міне осының ізін біз дөңгелек деп қабылдаймыз.

Қатты газет

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: ұзын сызғыш және газеттер.
Үстелге сызғышты қоямыз бірақ жарты сызғыш үстелден шығып тұруы керек. Газетті бірнеше рет орап оны сызғышқа қоямыз үстелден шығып тұрған сызғышпен қатты соғамыз. Газеттер үстелден ұшып кетеді. Ал енді газетті ашып сызғыштың үстіне жауып сызғышты соғамыз. Газет кішкене көтеріледі бірақ ешқайда ұшпайды.
Мұнда не сиқыр бар? Барлық заттар ауа қысымын сынайды. Заттың көлемі үлкен болған сайын оның қысымы да ауыр болады. Газеттің енді неге сондай қатты болғаны анық болды.

Қутатты тыныс

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек: киім ілгіш, берік жіптер, кітап.
Кітапты берік жіптің көмегімен киім ілетін ілгішке байлаңыз. Киім ілгішті киім жаятын жіпке ілеміз. Кітаптың жанына 30см арақашықтықта тұрамыз. Бар күшпен кітапқа үрлейміз. Ол түпнұсқадан сәл қозғалады. Енді кітапқа тағы да үрлейміз бірақ ақырындап. Кітап кішкене айналады, сонда артынан тағы да үрлейміз. Міне осылай бірнеше рет үрлей береміз. Осылайша кітапқа бір рет қатты үрлегенше бірнеше рет ақырындап үрлегенде кітапты жылдам әрі алысырақ қозғай аламыз.

Рекордтық салмақ

Тәжірибе өткізу үшін сізге керек. Кофенің немесе консервінің қаңылтыр 2 бәнкесі, қағаз бет, шыны бәнке.
Екі қаңылтыр бәнкені бір-бірінен 30см ара қашықтықта қоямыз. Үстіне қағаз бетін қоямыз сонда бізде «көпір» пайда болады. Қағазға бос шыны бәнкені қоямыз. Қағаз шыны бәнкені көтере алмай астына қарай майысады. Енді қағазды «гармошка» жасаймыз. Осы «гармошканы» екі қаңылтыл бәнкенің үстіне көпір жасап қоямыз. Енді осы гармошканын үстіне шыны бәнкені қоямыз біздін гармошка көпіріміз енді майыспайды.

Тірі көлеңке

Тәжірибе үшін дайынданыз:
— айна, май шам (лампа), қағаз, қайшы.
Егер сіз жарық көзі мен қабырға ортасына тұрсаңыз онда қабырғада сіздің көлеңкеңіз пайда болады – қара мүсін, көзі жоқ, мұрны жоқ, аузы жоқ.
Көлеңкеде үлкен көздер және мұрын, ашылып жабылатын ауыз жасауға болады. Бұл үшін бөлменің бұрышты қабырғасында тұрып бірақ онда айна ілініп тұруы қажет. Лампыны немесе май шамды айнадан қабырғадан түсетін «елесті» көру үшін қойып, бұл бізде экран болады, мұнда сіздің басыныздың елесі түседі, бұл жерде айнаның мүсінінен тік мұрын немесе овал пайда болады.
Бірақ айнаны қағаз бетімен жабуға болады сол бетте көз және мұрынды және ауызды тесу керек,осы кезде олар ақшыл көлеңкелі нүктелер болып суреттеледі.
Егер де екі бет әр түрлі кесіндері бар айнаға орнатсан онда біреуі бірнешесін салып ал екіншісін үстіңгі қабатына қойып отырсан онда көлеңке қозғалып аузы ашылады жабылады. Бұл өте жеңіл әрі көңілді сиқыр болып табылады.

Қарлы гүл

Тәжірибе үшін дайындаңыз — сабан, сабынды ерітінді.
Бұлт өте төмен температурада пайда болғанда жаңбырлы тамшылардың суының буы кішкентай инелі мұздарға айналады, инелі мұздар бір-біріне жабысып жерге қар жауады. Қар жапалақтары кішкентай кристаллдардан тұрады, таңғаларлық дұрыс және әр түрлі жұлдызшалардан құралған әр жұлдызша үш, алты, он екі бөліктен тұрады, дөңгелектің білігінде немесе нүктесінде ортасында симметриялық түрде орналасқан. Бізге қарлы жұлдызшалардың қалай пайда болатынын көру үшін бұлтқа көтерілуі қажет емес.
Тек қатты аяз күні далаға шығып сабынды көпірткіштер үрлеңіз. Осы кезде судың үстінде мұзды кішкентай инелер пайда болады, олар сіздің көз алдыңызда керемет қарлы жұлдызшаларға және гүлге айнала бастайды.

Жіпсіз ілініп тұру

Тәжірибе үшін дайындаңыз:
— -сымнан жасалған сақина, жіп, сіріңке, тұз ерітіндісі.
Жіпті қатты тұзды ерітіндіге сулаңыз және кептіріңіз: осылай бірнеше рет қайталаңыз. Енді сіздің құпиялы дайындалған жіпті жолдастарыңызға көрсетіп оның басқа жіптен еш айырмашылығы жоқтығы көрінеді. Осы жіпке сымды сақинаны іліңіз. Жіпті жағыңыз от төменнен жоғары қарай көтеріледі, және мұнда көрермендерді таңғалдыратын сақина бұл жіңішке жанған жіпте ілініп тұра береді.
Сіздің жібіңіз расымен жанып кетті жұқа тұздан қалған түтік қалды, егер де бөлмеде ауа тыныш болғанда сақина бұл жіпте ілініп тұра береді.

Тірі балық

Қатты қағаздан балықтың суретін қиып алыңыз. Балықтың ең ортасында тесік болсын А, жұқа арнамен құйрығы жалғанған жері АБ болсын.
АБ ыдысқа су құйыңыз, балықты суға салыңыз бірақ балықтың төменгі жағы суға түсіп тұрсын, ал жоғарғы бас жағы судан шығып тұрсын. Бұны шанышқымен жасаған ыңғайлы; балықты шанышқыға қойыңыз, кішкене түсіріңіз, ал шанышқының бас жағын суға тереңірек батырып алып шығыңыз.
Енді А жағына үлкен көлемде май тамызыңыз. Ең жақсысы бұл үшін велосипедқа арналған немесе іс тігетін машинкаға арналған майды қолдану керек. Судың бетіне ағатын май, АБ арнасымен ағып кетеді. Оған жан-жаққа ағып кетуге балық жол бермейді. Сіз қалай ойлайсыз май кері қарай аққан кезде балық не істейді? Түсінікті: Ол алдыға қарай жүзіп кетеді!

Сломанный карандаш
Сынған қарандаш

Деректеме:
-стақан, су, қарандаш.
Стақанды 2/3 бөлікке дейін сумен толтыр. Үстелге стақан сумен және қарандашты қой. Ғылыми сиқырды бастаймыз: Өз алдымызда стақанды ұстап тұрамыз. Көрермендерге хабарла: «Қазір мен қарандашты стақандағы суға салғанда сындырамын» деп. Қарандашты суға тігінен түсір, бірақ қарандаштың ұшы стақан мен судың ортасында болсын.
Қарандашты көрермендерден стақанның арты жағында ұстаңыз. Қарандашты тігінен ұстап оны суда анда-мында жүргізіңіз. Көрермендерден не көргенін сұраңыз. Судан қарандашты алып шық.
Нәтижесі:
Көрермендерге қарандаш сынған сияқты көрінеді. Олардың көзқарасы бойынша судың астындағы қарандаш кішкене судың астындағы қарандаштың бөлігіне жылжытырылған.
Қарандаштан түскен жарық ауа арқылы өтіп ол бір жерде болатын сияқты ал су арқылы басқа жерде болып көрінеді.

Исчезающая монетка
Жоғалатын тиын

Деректеме:
1 литр шыны бәнке қақпағымен, су, тиын.
Дайындық:
Бәнкеге су құйып қақпағын жауып қой. Өз көмекшіне тиынды бер ол оны жақсылап қарап алсын, ол қарапайым тиын екеніне көзін жетсін. Ол тиынды үстелге қойсын. Одан сұра: «Сен тиынды көріп тұрсын ба?» (Әрине ол «иә» деп жауап береді). Осы тиынға бәнкені суымен қойыңыз. Сиқырлы сөз айт «Міне сиқырлы тиын, міне бар, ал міне жоқ». Сенің көмекшін бәнкенің жанынан қарап айтсын тиынды көрді ме жоқ па? Ол не деп жауап береді? Тиынның үстіне бәнке сумен қойғанда тиын жоғалып кетеді. Сенің көмекшін оны көрмейді. Бұл сиқыр бәнкенің жанына түскенде жарықтың көмегімен жасалады. Шағылыс – бұл үстінен түскен жарықтан пайда болады.

Вулкан

Картон қағаздан басы тесілген конус жасаймыз, сосын оған сабынды көпіршіктің бос бәнкесін қоямыз (бұл вулканның ішкі көлемі), тау сияқты сыртын пластилинмен жабыстырыңыз. Жаман бір жағдай болдырмау үшін конструкцияны тәрелкеге орнатамыз.
Вулканның ішкі жағын келесі «салындымен» толтырыңыз: сода, су, қызыл бояу (аямаңыз) және ыдыс жуатын көпірткішті. Араластырыңыз, содан бала одан кішкене бөтелкеден сіркесу құйсын (балалар мұны ұқыпты істейді, тексерілген – біздің округтегі балалар мұны істеп көрген, себебі біздің вулканға үлкен қызығушылық болады) және бұл көріністі рақаттанып көріңіз.

Водоворот
Иірім

Екі пластмас бөтелке алыңыз (0,5литр үлкенірек алуға болады бірақ ол ауырлау болады). Бір бөтелкені сумен толтырыңыз, енді үстінен бос бөтелкені аузымен ауызын қойыңыз. Қосылған екі ауызды скотчпен жабыстырыңыз. Құмды сағатқа ұқсас конструкция пайда болады. Енді жылдамырақ мұны төңкеріңіз (ауыз жағын ұстап тұрған жақсы болады) және айналдырыңыз (стақанды қасықсыз араластырған сияқты). Көп айналдырудың керегі жоқ тек бір-екі рет дөңгелетсеңіз болады. Сонда сіз нағыз – иірілім көресіз.

   
Пікірлер8
  1. Динара

    суреттер түрінде бар ма ?

  2. Аяулым

    Салеметсиз бе Сиздин жасап жаткан жумстарынызга коптен коп рахмет! Бизге сондай комегин тигизеди! Материалдар сапалы ари керемет! Мен сиякты жас мамандарга коп комегин береди. Сонымен бирге адеми колдануга пайдалы! Жумыстарынызга саттилик!

  3. Меруерт

    Жоғарыдағы балабақша балаларына арналған тәжірибелік картотекасы менің көңілімнен шықты .Жақсы дүние екен ең бастысы балалардың қызығушылықтарын туғызып жақсы әсер мен көңіл күй сыйлайды деп ойлаймын.

  4. Анар

    Керемет

  5. Асель

    Тамаша. Орысша ойындарды қазақ тіліне аударып, балалармен өткізген ойындары қызықты болды деп ойлаймын. Өзімізде сабақта пайдануға дайын дүние екен. Айгүл ханымға тағы да жаңашылдық ізденіс тілеймін.

  6. Ажар

    Автор мен секілді жас мамандарға мына мақалаң көп көмегін тигізеді. Рахмет көп-көп, сәттілік тілеймін саған және еркетай сайтына.

  7. Айсулу

    керемет сайт

  8. AIGERIM Kulmagambetova

    Керемет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ