Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ашық сабақ. « Ертегілер еліндегі шалқан»


Білім беру саласы: «Әлеуметтік орта»

Оқу іс- әрекеті: «Көркем әдебиет»

Тақырыбы: «Ертегілер еліндегі шалқан»

Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы көркем мағлұмат бере отырып диалогты сөйлеуін,әлеуметтік құзыреттілігін қалыптастыру.

Білімділік: Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыру,әртүрлі тапсырмалар орындату, жұмбақ жасыру,бейне тақта арқылы ертегі желісі туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылық:Ақыл-ой,ес,зейін қабілеттерін,диалогты сөйлеу мәдениетін,сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке,еңбек сүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ашық сабақ, балабақша, тәрбиеші, балалар, ертегі, шалқанКөрнекіліктер:Шалқан ертегісінің макеттері(Ертегі кейіпкерлері бетпердесі, талдар, сиқырлы қорапша,бейне тақта,түрлі фишкалар, шартақ макеті,табиғи гүлдер, лазер.)

Әдіс-тәсілдер: Сөздік әдіс, көрнекілік көрсету, дамыта оқыту әдісі.

Сабақ барысы: Балалар қараңдаршы біздер ғажайып ертегілер еліне келдік, бізден бұрын мұнда апайлар да келіп қалған текен қош келдіңіздер  біздің ғажайып ертегілер еліне,қане балалар амандасайық.

Балалар:Сәлеметсіздер ме?

Тәрбиеші: Балалар ертегілер елі қандай әдемі,мұнда бәрі бар екен, бізде күн салқын болғанмен бұл жерде жылырақ екен бірақ мұндада жапырақтар сарғайып түсіп қалыпты жапырақтар сарғайса , күн салқындаса қандай мезгіл болғаны?

Балалар: Күз.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар ертегілер елінде де күз мезгілі екен қане олай болса біз тоңбау үшін бір-бірімізбен жүрек жылуын бөлісейік.

Жүрек жылуы:

Күндей жадырап

Айдай арайлап

Жұлдыздай жарқырап

Судай таза көңілмен

Ертегілер елінде

Татумыз,доспыз бәріміз

Жылынсыншы жанымыз.

(дыбыс) Сиқырлы қорап табылады.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына әдемі қорапты, ішінде не бар екенін білгілерің келеме? (ой толғау) Балалар жауабы.

Ой балалар мына қорап ашылмай жатыр кім маған күз туралы тақпақ айтып береді мүмкін сол кезде ашылар.

Балалар тақпағы.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар. Мұнда ертекші атайдың сендерге арнаған тапсырмалары мен сыйлығы бар екен (ертегілерден үзінді суреттер,түсті суретті фишкалар) Сұрақ-жауап әңгіме. Кім тапсырмаларды жақсы орындап, сұрақтарға жақсы жауап берсе сол балаларға фишка беремін

-Мына суретте қай ертегі бейнеленген?

-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар? Т.т

Сергіту жаттығуы: массаж «Әжемізге салат жасайық»

Тәрбиеші: Қане балалар осы ертегілер ішінен «Шалқан» орыс халқының ертегісін рөлдерге бөліп ойнайық.( Шалқанға сыйпаттама беріп кету.) Алдымен шалқан ертегісін бейне тақта арқылы есімізге түсірейік.

Балалар кейіпкерлерге бөлініп шалқан ертегісін сахналайды.

 Бейне тақта тапсырмаларын орындау.

(Әр тапсырма орындалған сайын асты ашылып отырады бәрі ашылған соң астынан шалқан  суреті шығады)

–Ертегідегі шалқанды кім екті?

1.Ата

2.Әже

-Немересі көмекке нені шақырды?

1.Мысық

2.Ит

3Тышқан

-Шалқан ертегісіндегі ең соңғы көмекке келген кім?

1.Қыз

2.Мысық

3.Тышқан

-Шалқан көкөніс пе жеміс пе?

(тапсырмалар астынан шалқан суреті шықты)

Тәрбиеші: Балалар ненің суреті шықты? Дұрыс айтасыңдар бүгінгі біздің ертегіміз орыс халқының ертегісі «Шалқан» деп аталады екен.Олай болса біз шалқанды өзіміздің ертегілер топтамасына қосып қоялық.

Бейне таспа жұмбағын шешу. Жұмбақ шешуі шалқан ертегісінің бір кейіпкері екен.

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады

Бойын жазып керіліп

Беті қолын жуады.

(мысық)

Қортынды.

Балаларды мадақтау,жинаған фишкаларын санатқызу.Бағалау.

-Сендерге ертегілер еліндегі саяхат ұнады ма, олай болса бізге ғажайып ертегілер елі сендер ертегіні жақсы ойнап шыққандарың үшін және тапсырмаларды жақсы орындағандарың үшін бақшаға сендерге сыйлыққа сиқырлы дәндерін қалдырып кетіпті қане ыдысымызға дән алып отырғызып тобымызға өсіріп баптауға алып кетейік.Қане енді қараңғы түспей тобымызға қайтайық.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Түбір мен қосымша
  • Қазақ тілім – менің ұлттық мәртебем
  • Тарих.Таным. Тәуелсіздік. Тұлға
  • Біз күштіміз біргеміз. Балаларға арналған спорттық ойын
  • Тіл дамыту «Мысық және марғау.»

комментария 20 Пікір қосу

  • Асел 27.04.2020 в 14:42

    Ұйымдастырылған іс-әрекет максатына сай құрылған, балаларды ертегі желісі түсінікті болды. Балалардың сүйікті ертегісі

    Ответить
  • Мулдир 15.03.2020 в 19:10

    Отбасы мушелери бириксе алынбайтын ка ал жок

    Ответить
  • Гаухар Ильясовна 19.01.2020 в 16:37

    «Ертегілер елінде, шалқан» ертегісі туралы жазылғанұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары өте сауатты, әрі балалардың деңгейінде ойластырып жазылған екен.сіздерге осындай ҰОҚ сайтқа жариялап жас мамандарға көмек беріп жатқаңдарыңызға қуаныштымын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін

    Ответить
  • Гульнар 01.04.2017 в 17:10

    сапалы жоспар екен рахмет, өз тәжірибемде пайдаланамын

    Ответить
  • Гулдана 10.10.2016 в 17:04

    Жақсы ұымдастырылған екен.Бірақ, менің ойымша ертегіні бейне тақтадан көрген соң тапсырмаларды оырндап.Одан кейін сабақты қорытындылау мақсатында балалардың ертегіні меңгергенін тексеру үшін саханалату керек еді.Яғни,тапсырмалардан бұрын емес,кейін сахналату керек еді.

    Ответить
  • Эльвира 04.10.2016 в 20:57

    Оте керемет ашык оку ис арекети саттилик маган унады жетистиктерге жете берниз)

    Ответить
  • зинат 03.06.2015 в 16:04

    Өте жақсы құрылған оқу іс-әрекеті

    Ответить
  • danira_bolashak 20.01.2015 в 00:38

    шалқан ертегісі жақсы жазылған.Сапалы.

    Ответить
  • danira_bolashak 20.01.2015 в 00:38

    Сәлематсыздар ма,Еркетай сайты? Мен сіздерден балабақша балаларына керекті сабақтарды алып отырамын.Енді мақала жіберем.

    Ответить
  • Asel 13.01.2015 в 00:00

    маған ұнады жақсы екен

    Ответить
  • Zamzam 06.12.2014 в 11:35

    өте жақсы

    Ответить
  • Әбеке 20.11.2014 в 20:59

    Жақсы ырза болдым ееее

    Ответить
  • Салтанат 31.10.2014 в 19:54

    өте керемет ашық сабақ

    Ответить
  • 77676еш8 09.06.2014 в 23:10

    оте тамаша

    Ответить
  • Гаухар 03.06.2014 в 20:33

    Керемет жазылған тақырып оте қызықты екен

    Ответить
  • Гаухар 03.06.2014 в 20:31

    Керемет жазылған тақырып.

    Ответить
  • гульдана 12.04.2014 в 14:56

    шалқан ертегісі жаксы құрылған

    Ответить
  • аигуль 03.03.2014 в 19:32

    маған да унад.

    Ответить
  • Фарида 18.01.2014 в 22:21

    маган ертегі өте қатты ұнады, рахмет сіздерге. Енді көшіріп алсам деген ойым бар, оған қалай қарайсындар?

    Ответить
  • Гаухар 10.01.2014 в 00:40

    «Шалқан» ертегісі маған ұнады. Жақсы қойылған екен.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • ЕРКЕТАЙ ЖАЙЛЫ
  • МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ
  • САЙТ КАРТАСЫ
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.