Алтын күз (тәрбие сағаты) 2017-2018 жылы

Мақсаты:
1) табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері жайлы балалардың білімдерін кеңейту;
2) күз мезгілінің берекелі екенін айтып, түсінік беру, ойлау қабілетін дамыту.
3) балаларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
(Топ іші күзгі суреттермен, мерекеге сай сарғайған жапырақтармен безендірілген)

Жүргізуші:

Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі «Алтын күз» атты берекелі де ырысты алтын күз мерекемізге қош келдіңіздер! Мерекемізге арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.

Сөз кезегін  бірлестік жетекшісіне береміз.

Музыкамен ортаға балаларды шақыру.

Хор: «Алтын күз».

Осы мерекелік ертеңгілігімізге бүлдіршіндеріміздің жемістерге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Алтын күз тәрбие сағатыЖүргізуші: Қанекей, балалар енді күзге арнаған тақпақтарымызды айтайық.
Нұрсезім:

Жапырақтар түседі,

Күз келгенін біледі.

Сары,қызыл жапырақ

Желмен бірге биледі.

Саида:

Сарғайды тоғай,

Сап-сары маңай.

Соңғы әнін айтып

Құс кетті қайтып.

Әлинұр:

Санай бер

Қарай бер.

Бояуы жүз

Келді күз!

Ілес:

Алтын, сары, қызыл, көк…
Алуан алуан жапырақ,
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады жапырақ.

күз 2017

Ақниет:

Күн шуақта маужырап

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап

Ұшты кенет жапырақ.
Диас:

Ой,алақай, тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтың іші алаша

Аунар ма еді жатып ап!

Жүргізуші: Дастанқызы Ақжанның орындауында «Жаңбыр»әнін тамашалаңыздар.

Жүргізуші: Балалардың орындауында «Жапырақтар» биі
Алтын күз тәрбие сағаты 2017
Жүргізуші: Осы мерекелік ертеңгілігімізге бүлдіршіндеріміздің жемістермен көкөністерге арналған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. Сол көкөніс пен жемістерді ортаға шақырайық.
(Осы кезде көкөніс пен жемістер ортаны бір айналып, қатарласып шығады)
А.Айару /алма/:

Бақ ішінде алмалар

Бар жемістен бағалы.

Көрген адам таңданар

Көздің жауын алады.

Айдана/алмұрт/:

Мен алмұртпын ,алмұртпын.

Аузындамын бар жұрттың.

Гүлнұр/Шие/:

Мен шиемін,шиемін

Күннің көзін сүйемін.

Қыщқыл шырын менде бар

Тмен басты иемін.
күз тәрбие сағаты
Жәния/Өрік/:

Қызыл өрік,қара өрік

Бақшамыздың бәрі өрік.

Гүлдеп көзін ашады.

Алатаудың қары еріп.

Әли/жүзім/:

Жүзім деген менмін

Мен кімнен кеммін.

Балалар кеп жесін

Тәп-тәтті боп өндім.

Аружан/көкөніс/:

Көкөністі көп ектік

Өссін,піссін деп ектік.

Көктемде еккен көкөніс

Күзде берді көп өніс

М.Айару/асқабақ/
Қуалап допша ойнаса

Қабығы тіпті қатты екен.

Қазанға түсіп қайнаса

Тілді үйірген тәтті екен.

Алтын күз (тәрбие сағаты) 2017-2018 жылы

Альбина/қауын/:

Бақша ішін аралап

Қара,күлгін сары ала

Қауын жатыр сүйкімді

Үлкенге де балаға.

Алмаз:

Сапарымыз орманға

Болу үшін көңілді.

Ән,салайық келіңдер,

Жаңғыртып бар өңірді.

Әлихан:

Суық күннен жиреніп

Менде жылы үйге ендім

Жан сақтаудың амалын

Мен аюдан үйрендім

Артем:

Бос өткізбей жаз күнін

Жидым небір ас түрін.

Қоян жүрді секеңдеп

Қыс болмайды екен деп.

Жүргізуші:

Өнерлі өрге жүзер талаптының,

Талантты талмай ұшар қанаттының.

Мың бұралған бишілері тобымыздың

Мерейі үстем болсын таланттының ,- деп ендігі кезекті биге береміз.

Келесі кезекті «Көбелек»биі

Бишілер: Нұрсезім,Айару,Айару,Жаннұр,Аягөз,Аружан

Ертегі : «Шалқан»

Шалқан ертегісін сомдайтындар:

Атай рөлінде- Тортай Ілес

Әжей рөлінде- Молдағали Айару

Қызы рөлінде- Молдағали Альбина

Күшік   рөлінде-Бекболатұлы Әли

Мысық рөлінде-Сағидолла Айдана

Тышқан рөлінде-Досқалиұлы Әлинұр

Алтын күз (тәрбие сағаты) 2017-2018 жылы

Ақжан:

Сипап өткен самалға

Тербеледі сары алма.

Шолып едім бақшаны

Қауын біткен сап-сары

Аягөз:

Ару күз келді қонаққа

Қараңдаршы жан-жаққа.

Алтындай боп айнала

Көңілдендік жайлана.

Іңкәр:

Дәнге толып қызыл қырман

Қырман басы қызыл думан.

Мөлдіретіп жүзімдерін.

Келді алтын күзім менің.

Молшылық күз-береке күз

Береке күз-мерекеміз.

Жаннұр:

Қайырымды күз келді,

Тартуы көп тиісті.

Шабдалы бар алқызыл

Алмасы хош иісті!

Алмұрты бар тәтті

Балаларға ұнады

Сыйлығы сондай сәтті.

Жүргізуші:Ортаға үнді биімен Атшыбай Гүлнұрды шақырамыз.

Үнді биі: Хатуба

Жүргізуші:  Келесі кезекте Тортай Ілеспен Елубай Жаннұрдың орындауында «Ұстаз-ана» әнін қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:Бишілеріміздің  «Ха-фа-на-на» биі қабыл алыңыздар

Билейтіндер:Альбина-Айару

Ақжан-Әли

Іңкәр-Диас

Гүлнұр-Әлинұр

Айдана-Ілес

Жәния-Ақниет
Жүргізуші:Балаларыма күз сыйлығы ретінде алма тарату. Осымен шағын орталық «Қызғалдақ» тобының дайындаған «Алтын күз» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!

Тәрбиеші: Алиева  Айгерим

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Куралай

    Балаларға арналған көңілді ертеңгіліктің бірі Алтын күз.
    Күз туралы түсінік бере алған. Таппақ айтқандары ұнады.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ