Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

«Алтын сақа» ертегісінен музыкалық қойылым


«Алтын сақа» ертегісінен музыкалық қойылым

Мақсаты:Балаларды ертегімен таныстыра отырып,ертегінің мағынасын,тәрбиелік мақсатын түсіне білуге баулу.Сол түсініктерін ертегі желісі бойынша сахналай білуге,еркін сөйлеуге,сөздік қорларын дамытуға үйрету.

Реквизит:ертегі желісі бойынша безендірілген зал, тау-тастар,ағаштар,қарлығаштың суреті.

Әдіс-тәсілдер: Рөлге бөліп ойнау

Қатысушылар: Бай,Мыстан кемпір,Байдың баласы Кенжебек,уәзірлер,батырлар,биші қыздар.

Қойылым барысы.

музыкалық қойылым, алтын сақа, балабақшада, ертегі қойылымБастаушы: Баяғы өткен заманда,Жиделі Байсын жерінде бір бай болыпты.Төрт түлігі сай болыпты,бірақ малдарын ешкімге бақтырмай сенбей,өзі бағады екен.(осы кезде әуенмен әндетіп,бай келеді.)

Бай: байлығым бір басымнан артылады дегенде

Қимаймын,бөліспеймін

Байлықтың,дәулеттің мен иесімін шіренген

Жолатпаймын маңайыма  ешкімді де.

(бай малдарын қайта-қайта санап,шаршап отырады,осы кезде музыка әуенімен Мыстан кемпір кіреді,қолында сиқырлы сыпыртқысы бар.)

Мыстан кемпір: Ей-ей,

Желемін жортамын

Тау-тасты аралап

Кенжебек қолға түскенше

Алдайын арбайын

Салайын айлаға

Барынша аттандап

Асығып аптығып

Кенжебек қолға түскенде шығасың бәрің алдымнан.

(Бір кезде Мыстан байды көріп қалып ақырын барып,беліндегі жібімен байды ұстап алады)

Мыстан кемпір: Қап,бәлем!Ұсталдың ба?

Бай: (көзі алақандай болып, қорқып кетеді)Жібер мені,жібер.

Мыстан кемпір:Жо-Жоқ, мен сені жіберсем,сен маған не бересің.

Бай: Ат басындай алтын берейін.Қоя бер мені.Ой-бай,қылқынып барамын,бір отар қойымды беремін.

Мыстан кемпір:Жоқ.маған сенің алтыныңда,қойың керек жоқ.

Бай : Ендеше бір үйір жылқымды беремін.

Мыстан кемпір:Жоқ,жоқ.Маған сенің жалғыз ұлың керек.

Бай: Қу,жанымай.Ұлымда жалғыз ғой,қайтейін берейін,берейін,жіберші мені.

Мыстан кемпір:Жарайды жіберейін,бірақ ұлыңды маған қалай ұстап бересің.

Бай:Ертең көшемін, сонда  баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың. Ол осы сақаны алуға келгенде ұстап аласың.

Бастаушы: Ағаш түбінде отырған Мыстан кемпірге Кенжебек былай дейді.

Кежебек:Армысыз әже,Әжетай әкем осында алтын сақамды тастап кетіпті алып беріп жібермейсіз бе?

Мыстан кемпір: Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен,отырсам тұра алмаймын,тұрсам отыра алмаймын.

Кенжебек: Әже,менде жастықтан аттан түссем , міне алмаймын, мінсем түсе алмаймын.

Бастаушы: Ат үсітінде тұрған Кенжебек алтын сақаны алмақ болған кезде Мыстан кемпір ұстап алмақшы болады.Кенжебектің ақылды аты оны ала қашады.(Аттың шабысы)

Мыстан кемпір:Тоқта,тоқта сен менен құтыла алмайсың.

Кенжебек: Құтқарыңдар,құтқарыңдар.

Бастаушы: Осы кезде Кенжебектің дауысын естіген батырлар құтқаруға келеді.

Би: «Батырлар»(батырлар мыстанды қоршап алып ұстамақшы болады,бірақ мыстан сиқырымен батырларды жеңіп шығады.)

Мыстан кемпір:Қап батырларды алдаусыратам деп жүріп, Кенжебекті ұстай алмадым.

Бастаушы: Осы кезде көрші ауылдың жүн сабап отырған қыздары Кенжебекті құтқаруға келеді.

Би: «Жүн сабау»

Мыстан кемпір: Қап,биші қыздарды алдаусыратам деп жүріп,өзімнің шаршап қалғанымды-ай!

Бастаушы: Тау түбіндегі Кенжебек ұшып бара жатқан қарлығаштардан көмек сұрайды.

Кенжебек:  Қарлығаш-ау,қарлығаш

Әкеме сәлем дегейсің.

Тау астында баласы

Ұстап алған мыстаннан

Әкем келіп құтқарсын

Жеткізші осы хабарды.

Бастаушы: Кенжебектің сәлемін естіген  әкесі,бір топ уәзірлерімен Кенжебекті құтқаруға келеді.

Бай: Тоқтай тұр бәлем!Сазайыңды тартқызайын,ұстаңдар,ұстаңдар мына Мыстанды.

Мыстан кемпір:Қайдан шықты мыналар,қайдан шықты.Сиқырымның таусылып қалғанын қарашы.(жан-жағына алақтап,Мыстан кемпір қашады)

(Кенжебек әкесін көріп,әкетай – деп жүгіреді.Бай мен баласы құшақтасады,музыка әуені ойналады.)

Бастаушы: Міне,осылай  бай баласын  да,байлығын да мыстаннан  құтқарған екен.(Ертегі соңында ертегіде рөлдерді сомдаған балалар таныстырылып, «Ертегілер» әні орындалады.)

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Табиғатты аялайық адамзат!
  • Кішкентай саңырауқұлақтар
  • Қызыл телпек пен оның достары
  • «СӘУЛЕЛІ ЖҰЛДЫЗ ІЗДЕГЕН АДАМ»
  • Жаздың қызық күндері ай

комментария 3 Пікір қосу

  • Насихат 28.04.2020 в 22:54

    Өте жақсы көрініс маған ұнады көп көп рахмет

    Ответить
  • Гульбарам 30.03.2020 в 17:11

    Бұл сабақтағы «жүн сабау» биі осы сабақтың көркін келтіріп тұрғандай. Балалар осы сабақтан тәлім-тәрбие алады деген ойымның да орны бөлек.

    Ответить
  • Жанар 04.03.2020 в 14:08

    Өте жақсы қойылым маған ұнады рахмет сіздерге.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.