Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өзін-өзі тану

 

Жаным толы жақсылық


Сайыс тақырыбы: «Жаным толы жақсылық»
Мақсаты: Қатысушылардың рухани қасиеттерін анықтай отырып, сыйластыққа, бірін-бірі құрметтеуге, адамгершілікке,мейірімділікке, ізгілікке баулу; патриоттық сезімдерін оята отырып, туған жерін сүюге тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
Кіріспе сөз:
-Құрметті оқушылар, ұстаздар, сайысымыздың қонақтары! Мектебімізде өтіп жатқан өзін-өзі тану пәні онкүндігінің аясында өткелі отырған «Жаным толы жақсылық» атты сайыс-сабағымызға қош келдіңіздер!Бүгінгі шарамыз –сайыс түрінде өтпек. 6 «а» сыныбының оқушыларының көмегімен таратылған қағаздар арқылы бүгінгі қатысушыларымыз анықталды. Барлығы 12 оқушы және 4 мұғалім.
Топқа бөлу.
Алдымен оқушылар берілген фигураларды, сосын мұғалімдер таңдап екі топқа бөлінеді.
Тапсырма.
Топ басшысын сайлап, топқа ат қою. (Топ басшысы шығып өзін-өзі таныстырады, топтың атын айтып, топ мүшелерімен таныстырып өтеді)
Сайысты бағалау: Адамның адамгершілік, рухани қасиеттерін ешқандай санмен бағалау мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі сайысымызды көрермендер топтың ұйымшылдығын, тапқырлықтарын,бір-біріне деген қарым-қатынастарын дауыс беру арқылы бағалайды. Дауыс берген тобына жұлдызша жапсырады.
өзін-өзі тану пәнінен сайыс.
Сайыстың 1-ш кезеңі:
1-ші кезең – «Есімің кім?» деп аталады.Адам өмірге келгенде ең бірінші оған есім беріледі. Есім берілерде ешкім сенен сұрамайды. Сондықтан көпшілігіне өз есімдері ұнамай жататыны бар, сондай-ақ өз есімін жақсы көретіндері де бар. Енді соны анықтасақ.Бұл кезеңнің шарты: Көзімізді жұмып, өз есіміңіздің ұнайтын, ұнамайтындығын саусағыңызбен көрсету. (Тақтада үлгілері болады).
Бағалау түрі: Қай топта көп саусақ көрінді, сол топ дауысқа ие болады.

2-ші кезең:
2-ш кезең – «Лабиринт» деп аталады. Шарты: бір топ ортаға шығады. Қолдарына лабиринт сурет бар мата беріледі. Дөңгелекшені сол лабиринттен сөйлемей шығару керек. Ойын шарты бұзылған жағдайда 1 ғана мүмкіндік беріледі.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, бір-бірін сөзсіз ұғынулары, шартты бұзбауы.

3-ші кезең: — «Сурет салдым сүйсіне» деп аталады. Шарты: топтың алдында ақ қағаз және желім ғана жатады. Алдарына қосымша жыртылған түрлі-түсті қағаздар тастаймын. Сол жыртылған қағаздарды жапсыру арқылы белгілі бір тақырыпта сурет салу қажет. (5 мин)
Бағалау түрі: Белгілі бір тақырыптың шығуы, топтың ұйымшылдығы, суреттің толық аяқталуы, әдемілігі.
Көрермендермен ойын.Орындықтарының шетіне сан жапсыру. Санның номеріне байланысты сұрақ қою.
1. Қ әріпінен басталатын Қазақстанның 3 қаласын ата
2. Мектеп асханасында неше терезе бар?
3. Мектеп медбикесінің толық аты-жөнін ата
4. Мектеп ауласында неше орындық бар?
5. Биыл Күршім ауданына неше жыл?

4-ші кезең: — «Ән – көңілдің ажары» деп аталады. Шарты: топ басшысы алдымен тақырып таңдайды, топ болып әнге қосылып орындайды.
Бағалау түрі: Топтың түгел қосылып орындауы, орындау шеберліктері

5-ші кезең: — «Нысана» деп аталады. Шарты: Бір топтың қатысушылары ортаға шығып байланған жіпті екі қолдарымен ұстайды. Жіптің астына бос пластик бөтелке қойылады, ал жіптің үстіне қалам қойылады, сол қаламды бос бөтелкенің ішіне салу.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, шартты бұзбауы.

6-шы кезең: — «Театр» деп аталады. Шарты: Алдымен топ басшылары тақырып таңдайды, сосын бүкіл топтың мүшелері кейіпкерлерді таңдайды. Таңдап болған соң сол кейіпкерлерді сомдай отырып, тақырыпты ашу.
Бағалау түрі: Топтың ұйымшылдығы, тақырыпты ашуы, актерлік шеберліктері, уақытты тиімді пайдалануы.
Көрермендермен ойын.Орындықтарға әріптерді жапсыру.
1. А – әрпінен басталатын 4 мемлекетті ата
2. Е – әрпінен басталатын 3 мақал айт.
3. Г – әріпінен басталатын 4 мұғалімнің атын ата.
4. С – әрпінен басталатын 5 мұғалімнің тегін ата.
5. Т – әрпінен басталатын 3 жануарды ата.

Сайысты қорытындылау: Екі топтың алған дауыстарын санау, жеңімпаз топты анықтау. Мадақтау, мақтау, қолпаштау.

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Презентация өзін-өзі-тану
  • XXI ғасыр ата-анасы қандай болу керек? (слайд)
  • Адами қарым-қатынас ізгіліктері
  • Жақсылық- жан азығы
  • Мектепте «Өзін – өзі тану» пәні бойынша жүргізілген ж ұ м ы с т а р.

комментария 9 Пікір қосу

  • Мадина 04.02.2022 в 23:57

    «Жаным толы жақсылық» атты сайысы керемет болды.

    Ответить
  • Жанбота 04.11.2021 в 07:22

    Керекти материалы алма болады екен

    Ответить
  • Жанбота 04.11.2021 в 07:19

    Әр адам жақсылық жасау керек оны баланың кішкентай кезінен бастапқы бойынша калыптастыру керек

    Ответить
  • Айгерим 06.09.2021 в 22:31

    Маған 6 кезең ұнады. Мұғалімдердің атын білмейтіндер бар. Ағылшын апкей,орыс тілі апкей деп. Мұнда бала тегімен қоса атын жаттап есте сақтайтын болады. Рахмееет ойларыңызға.

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 20:42

    Қызықты сабақ екен. Сайыс түрінде өтеді. Сабақ жоспары жақсы жасалған.

    Ответить
  • Бибигул 06.02.2021 в 00:09

    Жақсылық жасасаң жаның рахаттанады.

    Ответить
  • Салтанат 28.08.2020 в 19:54

    жақсылық тақырыбын жақсы ашкан мақала

    Ответить
  • Акнур 02.05.2020 в 17:08

    Балабакшамызда жаксылык жасау шарасы откенде осы жерден керекти материалдарды алганмын, рахмет

    Ответить
  • Aknur 23.04.2019 в 13:02

    сайыстың шарттарына ерекше. кезеңдері өте жақсы құрылған ерекше. міндетті түрде осындай жақсылық туралы сайыс өткізіп осы тексті аламын.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.