Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Өзін-өзі тану

 

Жақсылық- жан азығы


Мектеп: «………орта мектебі»  КММ  Мерзiмі: __._.201_ж  № 32- сабақ

Мұғалiм: Даулбаева Г.Ж.

Класс 7 «а» Тақырыбы: Жақсылық- жан азығы

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттері: жауапкершілік, сенімділік, қайырымдылық

жақсылық түсініктерін дамыту

Сабақ мақсаты: Оқушыларға жақсылық- жан азығы дұрыс әрекет құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.

Міндеттері:

— Оқушылардың жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыту.

— оқушылардың ізгілік, жақсылық туралы ұғымдарын кеңейту ;

-жауапкершілікке, сенімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар:

оқулық, дәптер, үнтаспа,, аудио

 

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының «5-Т» ережесін қайталау.

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

Татулық

Тыныштық сәті Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м   а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

Үй тапсырмасын тексеру: М. Қалдыбай «Жеті сұраққа жауап»

1.                Бауыржан Момышұлы адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалады?

2.                Жаман қылықтар адами  қарым – қатынасқа қалай әсер етеді?

3  минут

 

Дәйексөз.

«Мейірім, Ынсап, Әділет,

Шыдам, Шыншыл, Қарекет,

Түп қазығы – Ақ ниет»

Ш.Құдайбердіұлы

-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Дәптерге көшіріп жазу

 
Әңгімелеу.  Бүркіт пен оның балапандары (аңыз)

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.

Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.

Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:

-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

«Бүркіт пен онын балапандары» аңызынан не ұқтыңыздар? Аңыздын мані неде?

Аңыздың -өмірлік мані неде?

 
3.                Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс. “Мен қандай адами қасиеттерді бойыма сіңірдім?” “Өз болашағымды қалай елестетемін?”- деген сұрақтарға  ойланып жауап беру.  
4. Топпен ән айту

«Жақсы адамдар»

1. Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Жақсы адамдар бұзылмас тас қамалдар

Табаныңның астында жатады әлі

Пенделіктен өресі аспағандар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Сендер аман болыңдар, жақсы адамдар

 

2. Жақсы көріп сендерді жақсы адамдар

Жүрегімде, өйткенә аппақ ар бар

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

 

3. Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар

Күйіп кетсін көре алмас патшағарлар

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

 

қайырмасы

Жақсы адамдар,жақсы адамдар

Қарап өтсін сендерге басқа жандар

 
5. Үй тапсырмасы.

№34-сабақ. 170 беттегі Ж.Баласағұнидың өлеңін оқып, ой толғау жазып келу. №33-сабақ дәптермен жұмыс

 
6.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қойылады.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық.

-Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық..

Жайлап, көздеріңізді ашуға болады.

-Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!

 
Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Адамның эмоциясы: «Күлкі мен жылау»
  • Психологиялық жаттығулар
  • Сұлулық әлемі(ашық сабақ)
  • Әрбір бала-бір жұлдыз, жарқырауына көмектес
  • Қазақша аңыздар жинағы

комментария 26 Пікір қосу

  • Аяжан 23.08.2023 в 08:21

    жоспар жақсы жазылған екен

    Ответить
  • Нұргүл 17.03.2022 в 19:53

    Бала тәрбиесі не өте пайдалы

    Ответить
  • Дана 17.02.2022 в 23:42

    Баланың тәрбие бастауы үйден болса. Тәрбиенің оң жаққа бұрылуы мектептен алған біліде деп ойлаймын. Білімді ұрпақтарымыз көп болсын

    Ответить
  • Балжан 29.11.2021 в 09:41

    бала тарбиесинин омирде алатын орны ерекше ! құнды материал үшін рахмет!

    Ответить
  • Жанбота 04.11.2021 в 07:18

    Өте жаксы жазылған

    Ответить
  • Камшат 04.10.2021 в 14:40

    Балаларды жақсы адам болуға, жақсылық жасауға тәрбиелеу маңызды!

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 20:33

    Жаман мен жақсының ара-жiгiн айыра білу де өнер! Жақсылық жасаудан жалықпайық!

    Ответить
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 в 18:13

    Жақсылық туралы өте ауқымды айтылған. Тақырып ашылды, рақмет!

    Ответить
  • Назира 18.08.2021 в 14:34

    Жақсылық жасасаң Алладан қайтады

    Ответить
  • Меруерт 18.08.2021 в 12:42

    Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен Жақсы болу өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен Өзіңді өзің ая да, Өзің үйрен, өзіңнен. Жақсылық көрсең біреуден, «Мен қандаймын» деп ойла Өзіңді өзің қолыңа ал, Өзіңсің – ақыл айнасы. Тиеді саған мәні бар Өзіңді тану пайдасы.

    Ответить
  • Меруерт 18.08.2021 в 12:40

    Адам баласы өзі өзімен сырласу керек
    Өзі өзімен күресу керек

    Ответить
  • Мадина 14.04.2021 в 08:03

    сабақ өте керемет жасалған, балаларға адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі екен

    Ответить
  • Оразамбаева Айжан 12.03.2021 в 16:48

    Тақырыптың өзі жаныңды тыныштандырып керемет сезімге бөлейді. Рахмет!

    Ответить
  • Бибигул 06.02.2021 в 00:04

    Жақсылық жасап жарысайық ол сауап іс.

    Ответить
  • Мамытова Жанар Меделхановна 02.02.2021 в 04:29

    Жоспар жақсы жазылған. Бірақ тек жақсылық туралы айта берген.Өмір болғасын екі жағы да болады жаман жағында ескере айтып кету керек еді Барлық уақыт жақсы бола бермитінін айтып өту керек.
    Атасы жақсы ,көргенін айтады
    Атасы жаман ,бергенін айтады

    Ответить
  • Сагила 24.12.2020 в 10:58

    Жоспар жақсы жазылған. Өте керек екен

    Ответить
  • Айдын Қанатқызы 04.09.2020 в 13:29

    Жақсы болу –өзіңнен, Жаман болу – өзіңнен
    Жақсы болу өзіңнен,
    Жаман болу – өзіңнен
    Өзіңді өзің ая да,
    Өзің үйрен, өзіңнен.
    Жақсылық көрсең біреуден,
    «Мен қандаймын» деп ойла
    Өзіңді өзің қолыңа ал,
    Өзіңсің – ақыл айнасы.
    Тиеді саған мәні бар
    Өзіңді тану пайдасы.

    Ответить
  • Гүлзат 21.05.2020 в 12:58

    Жақсы айтылған. Жақсылық жасауда адам алдына жан салмау керек. Біреуге жақсылық жасап оны мен жасадым деп айтпау керек.

    Ответить
  • АРАЙЛЫМ 16.01.2020 в 16:12

    сабақтың тақырыбы құрылымыжақсы құрылған
    Бұндай жұмыстар оң нәтежие берері анық

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 23:07

    Бала тәрбиесіне алатын жерлері көп екен!

    Ответить
  • гаухар 31.10.2019 в 01:12

    Сәлеметсізбе. Оқушыларға жақсылық, игілік, адамгершілік қасиеттер туралы түсініктерін дамыта отырып, сабақ барысында оқушыларды жақсы қасиеттерге тәрбиелей алдыңыз деп ойлаймын. Осындай сабақтарыңыз көп болсын. Адамдар бірі-біріне мейірімді болса, жер бетінде жақсылық кқп болады. Сізге алдағы жұмысыңызға сәттілік тілеймін.

    Ответить
  • Ботакоз 18.10.2019 в 11:07

    жақсы жазылған дүние екен.

    Ответить
  • Аружан 25.06.2019 в 02:57

    Сабақ жоспарыны тақырыбының өзі мән мағынасы өте зор! Тамаша ұйымдастырылган оку кызмети екенн

    Ответить
  • Aknur 23.04.2019 в 12:59

    бұл сабақтың мақсаты өте жақсы құрылған. әсіресе «Бүркіт пен балапан» аңызы өте қатты ұнады. мағынасы зор аңыз екен. бұл аңызды балабақша бүлдіршіндеріне айтып бердім. рақмет

    Ответить
  • Айгерим 20.04.2019 в 19:09

    жақсылық жасау әр адам баласының қолынан келеді деп ойлаймын! жқсы жандай жасй берсін!

    Ответить
  • Айгерим 20.04.2019 в 18:47

    оте керемет ұйымдастырылған сабақ. бала тәрбиесіне кереги мол екен.

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Кім жылдам турнирі

    25 Авг 2025 / Толық оқу

  • мақал мателМақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

    14 Авг 2025 / Толық оқу

  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы

    12 Авг 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Фев 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы
  • Қазақша Жаңылтпаштар Жинағы
  • Жұмбақтар жауабымен
  • Су перісінің бар екеніне сеңесін бе?

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.