Семинар –тренинг

Семинар –тренинг тақырыбы:

«Сынып жетекші, тәрбие ісінің меңгерушісі, психологиялық қызмет – үш бірліктің бала тәрбиесіндегі рөлі.»

Cеминар барысы: І. «Әдепті мұғалім –әр уақытта оқушылардың құрметті адамы». Баяндамашы: Габитханова Ж.А

ІІ. Тренинг Ұжымдық қарым-қатынас орнату . /Бейсембаева А К/

ІІІ. Сауалнама «Сынып жетекші оқушының көзқарасымен»

«Сынып жетекші болу ұнай ма?» атты сауалнама қорытындысы.

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі сынып жетекші жұмысын жандандыру. Психологиялық қызметтен көмек көрсетіп , тәрбие ісінің меңгерушісі мен сынып жетекші арасындағы байланысты нығайтып, іс- тәжрибемен алмасу.

BSAKҚұрметті әріптестер тақырыбымыз с/ж –ші жайында болып жатқандықтан бүгінгі кездесуімізде біз сынып жетекші /психологтар/ ал сіздер сынып ұжымы болуға келісесіздер ме …/Біреуду түсінгің келсе бір сәт соның орынын баса тұр/

Ендеше сыныбымызда әр кезде эмоционалдық күй жағдай жақсы болу үшін не болу керек ,не істеуіміз керек? Иә ең алдымен аман сауымыз дұрыс болу керек, ендеше бір-бірімізбен жақсы сөз жанды жадыратады дегендей , жылы сөз айтып көңілімізді жадыратайық. І. Амандасу «Комплимент» жаттығуы. Әр кім өзінің жанында тұрған адамға оның бір жақсы жағын ,қасиетін айтады .Ол адам ризашылдығын білдіріп , келесі адамға өз жылы сөзін тілегін айтып жалғастырады. Айтылған сөз айтқан адамға емес , естіген адамға жағымды болуы тиіс.

Рефлексия: 1. Сіздерге ең ұнағаны не болды? Өздеріңіз айтқанда ма, әлде естігенде ме? 2. Ең жақсы айтылған комплимент кімнің сөзі, ұнады ма?

ІІ.Енді кездесуіміз одан ары жандануы үшін және сыныбымыздағы оқушыларды жақсы білу ішін олармен қарым-қатынас жасауымыз керек. Ал қ/қ не арқылы жасалады ? Тіл арқылы Яғни қазір сіздер мына ақ жолақты қағаздарды алып оның ішіндегі аяқталмаған сөзді оқып өз сөздеріңізбен аяқтайсыздар . Ойын «Аяқталмаған сөйлем».

ІІІ. Әр сыныпта тәртіп болу үшін оларға не керек ? Өзінің ішкі топтағы ережесі . Ендеше бүгінгі біздің ережеге назар аударыңыздар.

Топтық ереже.

1.Барлығымыз ұйымшылдық танытуымыз керек

2. «Қазір осы жерде» ол әр қатысушының өзін толғандыратын ойын айтуы

3. Бір бірімізге деген мейірімділік, сыйластық түсінушілік болу қажет

4. Бір бірімізді сынамау, кемсітпеу …

5.Ашық ойды айта білу

6. Бір бірімізге сенімді көзқараспен қарау

ІҮ. Ал енді сынып балалардан құралған болса «Ойын ойнап, ән салмай ,өсер

бала болама» деп Абай атамыз айтқандай , мектепте оқу процесі ғана емес жарыс, сайыс,квн –дер де жүрмесе көңілсіз болады сондықтан да, қазір сіздермен «Атом» атты ойынын өткіземіз.

Тамаша көңіл күйлеріңіз қандай?

Ү. Негізгі бөлім: Енді мектептегі оқушылардың танымдық және шығармашылық деңгейлерін анықтайтын да уақыт жетті. Енді денсаулығымыз мықты болып, ауамыз таза болу үшін бізге не керек таза табиғатымыз .Табиғатқа не жатады күн, тоғай ,су т.б

Ендеше қандай талдардың түрлерін білеміз ?Олар әр түрлі иә. Сол сияқты біздің сыныптағы балалар да әр түрлі. Бірақ олардың бір ұқсастығы бар, қандай? Талдардың ұқсастықтығы қандай ? Балалардікі қандай?

Ендеше әр кім талдың қай бөлігін ұнатады, немесе қай бөлігі болғысы келеді ? «егер мен тоғай болсам оның …… болар едім » деп айтамыз.

Рефлексия : Сіз неге тамыр діңгек желек болғыңыз келді?

Ал енді бұл жаттығудың маңызы неде екенің анықтайық . Тоғайды өзіңіздің өмірлік ұстанымыңыз ретінде қарауға болады. «Бұл өмірде мен кіммін?» деп

«Тамыр » арқылы бүкіл тоғай қоректенеді

«Діңгек» арқылы адам барлық жауапкершілік, ауыртпашылықты өзі көтеретінін білдіреді

« желек » тоғайдың тыныс алуына мүмкіндік береді, ЯҒНИ құрметті әріптестербұл жаттығудың мақсаты, сіздің өмірдегі позицияңызды ұстанымыңызды анықтау болды.

Енді осы кұралған үш топ орындарыңызға жайғасыңыздар.

Ал енді осы « талды» мектепке де ұқсатуға болады.

Тамырымыз – ол мектеп

Діңгегіміз ол- сынып жетекші ұстаз

Жапырақ ол — оқушылар …. деп алатын болсақ барлық жауапкершілік пен ауыртпашылықты көтеретін ол сіздер с/жетекшілер екенін анықтап көз жеткізіп отырмыз.

Ендеше оқушылардан және өздеріңізден алынған сауалнаманың нәтижесімен таныстырып жұмысымызды арықарай жалғастырайық.

/Сауалнама нәтижесі оқылып талдау жасау/

Қорыта келе с/ж жұмысы мектепте біраз жүйеге келмей тұрғаны анықталды. Сондықтан да жұмысымыз жандану үшін не істеу керек, қандай ұсыныстарыңыз бар, соны бірігіп шешуге бас қосып отырмыз.

ҮІ. Қазір әр топ өз моделінің суретін салып ,эмблема,атқаратын жұмысын, кім қандай болу керек деген мақсатта жұмыс жасап оны қорғайды. 10 мин

Мінекі бәріміз осы ұстанымды әр кезде ұстап еңбек етсек, мектебіміз де, оқушымыз да, өзімізде осы тоғайдай жайнап құлпыраймыз деп ойлаймын.

ҮІ. Кездесуіміздің соңында «Сіз үшін адам бойындағы басты нәрсе не?» атты суретті тесті ұсынамын.

ҮІІ. Анкета толтыру. Қандай әсер алдыңыз? Ұсыныс, пікіріңіз қандай?

Жаңғызтөбе орта мектебі

Семинар –тренинг тақырыбы::

Сынып жетекші, тәрбие ісінің меңгерушісі, психологиялық қызмет – үш бірліктің бала тәрбиесіндегі рөлі.

Педагог психолог: Бейсембаева Алия Қ.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер5
  1. Жанбота

    Жаксы тренинг о сын дай тренинги три коп болса

  2. Бахытгуль

    жақсы тренинг екен.

  3. Ардак

    осындай тренингтер көп болса. жақсы болар еді.

  4. Бекпенбетов Жаркынбек

    Сынып жетекші, тәрбие ісінің меңгерушісі, психологтар үшін тиімді алмасарлық тәжірибе.

  5. Стэлла

    Сынып жетекшілер осындай тренингтерге қатысып тұрса пайдасы бар.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ