Қазақша аңыздар жинағы

BSAKӨзімнің мектепте өткізіп жүрген ата –ана жиналыстарына,сынып сағаттарына,семинар,тренингте қолданған қазақша аңыздар жинағым.

Аңыз «Аңдарға арналған мектеп» Джордж Риверс

Бір сәтте жануарлар бірігіп ақылдасуға бас қосады. Олар жаңа заманның мәселесін шешу үшін , бір ерлік іс жасау керек деп ұйғарады. Осыған байланысты «жаңа ғасыр мектебін» ашуды ұйғарады. Келісім бойынша мектептің бағдарламасына жүгіру,үшу,суға жүзу, өрмелеу,сияқты сабақтар енгізеді.Бағдарламаның орындалуы оңай болу үшін, бұл бағдарлама барлық жануарларға бірдей міндеттеледі.

Үйрек жүзу сабағынан өте жақсы нәтиже көрсетеді. Ол тіпті өз ұстазынан да жақсы көрсеткіш көрсетеді.бірақ ұшудан қанағаттанарлық баға алса, жүгіруден тіпті нашар баға алды.Жаман жүгіруіне байланысты ,ол сабақтан кейін жүгіріспен айналысты. Сол себептен үйректің аяқтары бар күшінен айырылып, жүзуі де нашарлайды. Бұл көрсеткіштер мектепті қанағаттанғандырғанымен, үйректі әбден мазалады.

Қоян жүгірістен ешкімге дес бермегенмен, жүзуге келгенде жүйкесі сыр берді.

Тиын өрмелеуден үздік болғанымен ,ұшуға келген де келеңсіздіктер туындады.Мұғалім оған ағаштан төмен емес, жерден аспанға самғауды талап етті.Қалжыраған тиын өрмелеуден үштік, ал ұшудан екі деген баға алды.

Бүркіт тіпті қиын оқушы болды. Оны әрқашан қатаң жазалады.Өриелеу сабақтарында бірінші болып ағаш басына жеткенімен, оны өз бетінше істеді.

Жыл аяғында тұрпайы бұғы жүзуден,жүгіруден,ағашқа өрмелеуден, тіпті аздап ұшудан да жақсы баға алды. Бағалары жоғары көрсеткіш көрсеткен соң соңғы қоңырауда ол өзінің сыныптастарының атынан сөз сөйледі.

Шалғайдағы иттер мектепке келмей қойды,себебі ін қазу дегенді бағдарға кіргізбе өз өкпе наздарын мектеп әкімшілігіне айтып ренжіді.олар өз балаларын аңшылыққа үйретіп, кейіннен суыр мен саршұнақтарды өздеріне шақырып алып алдыңғы қатарлы табысты жеке меншік мектебін ашты.

Осы аңызды қандай өсиет айтады \мораль\ неде?

\Жеке қабiлеттiлiктерді есепке алу\

Аңыз « Патшаның даналығы»

Бір дана патша өмір сүріпті. Оған оның ұлы бір күні, әке сені елдің бәрі дана, көрегені көп, ақылды деп сыйлайды, сен осы сол даналықты қайдан оқып білдің, қандай кітаптар оқыдың,сені қандай мұғалімдер оқытты,-деп сұрақ қояды.

Сонда әкесі:

* Ұлым мен ел оқыған, сен де оқып жүрген кітапты оқыдым. Менің де ұстаздарым сен білім алып жүрген ұстаздар болды. Бірақ ел айтып жүрген парасаттылық, ақалдылықты тек олардан ғана емес өмірден, табиғаттан да алдым.

Құмырсқаларды байқап жүріп,олардың еңбекқорлығына, шыдамдылығына, қайтсе де алдыға қойған мақсатқа жетудегі талпыныстарына қызықтым. Бүркітке қарап байқағыштыққа, тез шешім қабылдай алушылыққа үйрендім. Барыстан — ептілік пен шыдамдылықты. Бөдене құсқа қарап сүйіспеншілікке, қоршаған адамдарына жанашырлық көрсетуге. Нағыз даналық пен ақылдылық әр кезде біздің қасымызда жүреді. Тек адамның көзі, құлағы, жүрегінің есігі оған ашық болуы керек.

Аңыз

Бірде қызы әкесіне келіп, мен өмір сүргім келмейді, шаршадым,қайда барсам да жолым болмайды,күшім жоқ,не істеймін,- дейді. Әкесі газдың үстіне үш бірдей ыдысқа су құйып біреуіне сәбіз,екіншісіне жұмыртқа, үшіншіге кофе себеді.

Біраз уақыт өткен соң ол сәбіз бен жұмыртқаны алып үстелге қояды, кофені стаканға құйады, да қызына қарап — Айтшы нені байқадың не өзгерді, дейді.

Қызы:- сәбіз бен жұмыртқа пісті, ал кофе еріп кетті,- дейді

* Қызым ол тек затқа сырт көзбен қарағандағы ғана жағдай.

* Қарашы,қатты сәбіз ыстық суға қайнап жұмсақ және былқылдап қалды.

* Ал сырты нәзік тез сынғыш, іші сұйық жұмыртқа қап қатты болды.

Сырт келбеттері өзгерген жоқ, ыстық судың әсерінен өздерінің ішкі құрылымын өзгертті. Сол сияқты адамдар да, сырттай мықты болып көрінгенмен бір келеңсіз жағдайларда өте болбыр,нәзік болып қалады, ал сырт көзге әлсіз ,нәзік болып көрінген адамдар керісінше мықты берік болып кетеді.

* Ал сонда КОФЕ ше ? деді қызы.

* ООО ! Бұл өте қызық! Өте жағымсыз жағдайға түскен кофе керісінше сол жағымсыз жағдайды жақсы жағына өзгертіп,қайнаған суды тәп тәтті иісі бұрқыраған сусынға айналдырды.

* Осындай өте ерекше жаралған адамдар болады,олар қақтығыс кезінде соған беріліп кетпей, керісінше сол жағдайды екі жаққа да ұтымды,жайлы жағдайға айналдырып жібереді.

* Мен сенің мына қылықтарыңды құптамаймын балам, сәбіз сияқты болмай ең алдымен өзіңнің адам екеніңді ұмытпа, әр адам өз өмірінің құрлысшысы. Кофе сияқты бол.Одан да мықты бол!,- деген екен.

Аңыз «Өзіңді танудың қиын жолы»

Үлкен күміс түсті балық өзенде жүзіп жүріп, домалақ аңқиған көзімен ойнап жүрген бала-шағаға қарады да аң-таң болып …. Осылар суға несіне қызығады екен,- деп ойлады. Олардың жерлерінде құм, шөп, тас ,жер тағы мен білмейтін талай дүниелер бар. Оларға не жетіспейді? Су оларға не керек екен? Мұнда ешқандай қызық жоқ қой, деп әдеттегідей жан жағына шоршып шомылып, жасыл қалын су, ақ құм, балдыр шөп, ұсақ ойнақтаған балықтар,болды фууу іш пысады… деп, күрсінді.

Бала- шаға суға сүңгіп асыр салып ойнап жатты. Балық ойлады «Мүмкін бұлар бір ортаны, басқа ортаға ауыстырғаннан рахат алатын шығар?» Ендеше мен де сөйтіп көрейінші деп, шортып секіріп аспанға көтеріліп қайта суға шолп етті де, «Иә» өте тамаша екен ауа жұтым тамаша, дегенше болған жоқ көңіл күйі қайта түсті.

«Мен дұрыс ойлаппын, ауа ол өте тамаша екен.» Ал сонда жер мен от қандай екен? Егерде құмға секіріп шықсам қалай болар екен деген ой келіп құмға секіріп шығады.

Сол ақ екен балық соққыға түсіп құм үстінде бұралаңдап жатқанда бір жаны ашыған бала оны қайта суға итеріп жібереді. Балық өз- өзіне әрең дегенде келіп тірі қалды.

Есін жинаған соң «Иә» деп ойлады балық , мен де осыны күтіп едім. Адамдарға жүзуді үйрену сияқты, маған да әлі өте ұзақ жүруге үйрену қажет екен,- деп жағаға қарай қайта жол тартты… Балықтың іс әрекетін қалай қарастыруға болады?

Қазіргі заман адамы туралы бір аңыз әңгіме айтып берейін.

Өзіне өте сенімді бір жас азамат мына заманға көңілі толмай оны өзгерткісі келеді. Ол үшін мектептегі оқуын алтын белгіге аяқтап, халықаралық қатынастар факультетіне түсіп оны қызыл дипломға бітіреді. Ол дипломат атағын алып әлемді өзгертуге бар күш жігерін, білімін салып жан тәнімен еңбек етеді. Он бес жыл өте келе, әлем өзгермегенін байқайды, қой өз қалам әлемнен кішігірім сол қаламды барып өзгертейін,- деген ой келеді. Қаласына келіп ғимараттар салып, адамдардың қаржы жағдайларын жақсартам деп жүріп оншақты жыл жұмыс жасайды, байқап қараса, қала да, адамдар да, өзгермегенін байқайды. Содан ол өз отбасын өзгертіп көрейін деп, бес жыл әрекет жасайды, бірақ еш өзгерісті байқамайды. Енді ол атқарған іс- әрекеттеріне талдау жасап, қой өзімді өзгертіп көрейін,- деген ойға келеді. Біраз уақыт өткенен соң, ол айналаның бәрі өзгергенін байқайды.

«Қарындаштың бес сапасы»

Аңыз «Қарындаштың бес сапасы»

Әжесінің хат жазып отырғанын көрген немересі; әже сіз хатқа мен туралы жазып жатырсың ба?- деп сұрайды.

Әжесі жазуын тоқтатып, езу тартып немересіне :

— Сен дәл таптың, мен сен туралы жазып жатырмын. Бірақ менің не жазып отырғаным маңызды емес, немен жазып отырғаным маңызды. Мен сен ержеткенде осы қарындаш сияқты болғаныңды қалаймын ….

Немересі қарындашты қолына алып ары қарап, бері қарап айрықша ештеңені байқамай; — Әже ол дәл басқа қарындаштар сияқтығой, ешқандай ерекшелік көріп тұрған жоқпын,- дейді.

— Балам, барлығы затты дұрыс көре білуге байланысты. Бұл қарындаш бес түрлі жақсы қасиетке ие, сен ер жеткенде сол бес қасиет бойыңнан табылса өзіңмен және әлеммен үйлесімде боласың.

— Біріншіден ; сен данышпан бола аласың, бірақ ешқашан сені жетелеп тұрған бір тылсым күш бар екенін ұмытпа.Оны біз Алла тағаланың ісі дейміз оған сенімді бол.

— Екіншіден; жазу үшін мен қарындашты әр кезде ұштап отырам, оған ол ұнамайды,бірақ ұштаған сайын менің жазуым әдемі нәзік жазып отырады. Демек, ұнамаса да шыдамдылық таныта білу керек, арты жақсылыққа әкеледі.

— Үшіншіден : егер қате жазып кетсең қарындашты әр кезде өшіргіш пен сүртіп тастауға болады . Еске сақта, қателігіңді түсініп, кешірім сұрау ешқашан ұят емес. Қателік жасау әр адамға тән нәрсе, бірақ уақытында соны түсіне білсең дұрыс жолдан ешқашан шатаспайсың.

— Төртіншіден : Қарындаштын сыртындағы ағашы мен формасы емес, оның ішіндегі графитке мән беру қажет. Сондықтан, ішкі жан дүниең таза болуына көңіл бөлу қажет.

— Ал бесінші қарындаш әр кезде өзінің артынан із тастап кетіп отырады. Осылай сен де өскен сайын өз қылықтарыңмен, іс-әрекеттеріңмен із тастап отырасың. Сондықтан да, әр басқан ізіңді ойланып нық басуға тырыс.

Аңыз « Арман»

Әкесі баласымен туған ауылына жұмыстан қайтып келе жатады. Жолда баласы бір тұлпарды көріп әкесіне; «қарашы, қандай әдемі,мықты тұлпар»дейді. Шіркін, бай маған бір жылдық ақымды төлесе, осындай бір тұлпар сатып алар едім.Тапқан ақшама сәулетті үй салып,үйленіп, жұмысшыларды жалдар едім,- депті. Сонда әкесі баласын тындап болып, былай деген екен:

* Жегілмеген атпен аңға шықпайды

* Тілмен сайрап ,бай болмайды

* Еңбексіз бұл өмірде ештеңе тыңбайды

* Ас пен ақыл балам, аспаннан жаумайды,- деген екен.

Аңыз «Екі қасқырдың шайқасы»

Атасы немересіне, балам адамның ішінде әр кезде ақ қасқыр мен қара қасқыр шайқасып жатады,-дейді. Сонда немересі атасына : Олардың қайсысы жеңеді?,- дейді.

* Қайсын жақсылап тамақтандырсаң сол жеңеді. Әрбір адамның жақсысы мен жаманы болады. Сол жақ иықта жамандыққа жол беріп сайтан отырады, ал оң иықта жақсылыққа жол ашып періште отырады. Адам өзі, ақ пен қараны танып айырса, жақсылық қана жасаймын деп ниет етіп ұмтылса, жақсылықтың ақ босағасын аттай алмай, сайтан ұта алмай жалғыз қалады. Кім жеңеді деп сұрадың ғой? Періштенің ұтқаны сенің ісің.

Аңыз

Екі ер жігіт дос болыпты, бір-бірімен жақсы араласып, сыйласып жүреді екен. Бір досы екіншісінің үйіне қонаққа барған екен,дастарханға шақырып шай ұсынады.шайды ұрттай берген кезде кесенің түбінде жыланның баласы жатқан тәрізденді.Үй иесін ренжітіп алмайын деп,шайды жұта салып үйіне қайтады.Үйіне барып лоқсып, асқазаны қатты ауырып,қиналады. Қанша дәрі дәрмек ішсе де, жазылмайды.

Досының ауырғанын естіп, екінші досы оны қайтадан қонақ болып кет деп,ет асып үйіне шақырады. Тура сол орынға жайғастырып мына кесенің ішінде сіздің ауруыңызға ем болатын дәрі бар,- деп ұсынады. Досы кесені ала бергенде тағы да сол жыланның баласын кесенің ішінен көреді. Бұл жолы қожайын бұған көңіл аударып, төбеге қарашы,- дейді. Төбеде ілініп тұрған сарымсақты көріп екуіде мырс етіп күледі. Екеуінің ұққаны шайға көк сарымсақтың бейнесі жылан сияқты болып түскені. Ауырып жүрген досы қателігін ұғып, досын құшағына басады.Ауруынан айығып , екі дос арасындағы түсініспеушілік тиылады. Кек сақтамай досыңа, ішімдегіні тап,- деп, үйдей пәле шығарма,- деген осы аңыздан шыққан.

Ата-ана жиналыстарына қолдануға болады.

«Бауырсақ» ертегісін психологиялық тұрғыда қарап көрейік.

1. Ертеде апа мен ата өмір сүріп балалы болғылары келеді. Содан мыннан ұн мен майды жыйып теріп бір үлкен бауырсақ пісіреді.

Сондағы 1-ші қағида. Жанұя құруға балалы болуға саналы түрде қарау керек.

2. Сөйтіп әлгі піскен бауырсақты суысын деп, терезенің алдына қоя салады.

Сондағы 2-ші қағида. Баланы қараусыз қалдырмауды айтады.

3. Бауырсақ жатып,жатып іші пысып домалап жолға түседі. Жолдан домалап орманға кетеді. Оның алдынан қасқыр, аю, қоян шығады.

Сондағы 3-ші қағида. Баланы қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынас, байланыс жасай алуға үйрету.

4. Енді оның жолына өте қу түлкі жолығады.

Сондағы 4-ші қағида. Балаға арамдық пен адалдықты, зұлымдықпен мейрімділікті айыра білуге, адамның шынайы ықыласын сезе білуге үйрету.

5. Түлкі бауырсақты жеп қояды.

Сондағы 5-ші қағида. Баланы өмірдің қиын тұстарынан өзіне де, өзгеге де зиянын тигізбей,әр жағдайлардан өз бетімен, өз күшімен шыға білуге үйрету.

Мінеки бәріңізге таныс осындай ертегі пайда болды.

   
Пікірлер18
  1. Даулет

    Өте керемет.Нағыз ұстаз екенсіз.Тек оффлайн ғана емес онлайнда да жақсы сабақ береді екенсіз!

  2. Жанбота

    Аңыздар жинағы мағанұнады сабакта колданса болады

  3. Меруерт

    Аңыздар жинағыңыздың балаларға тәрбиеліу мәні бар керемет дүние екен. Тамаша

  4. Толғанай

    Аңыздар жинағы маған ұнады. Оқушыларға да өте тиімді. Керемет жақсы деңгейде құрылған.

  5. Бекпенбетов Жаркынбек

    Психолог ретінде өз тәжірибесіне ұтымды пайдалана алған.

  6. Балхибекова Жадыра

    Балалармен жеке сабақтар жүргізгенге өте керек материал екен

  7. Ақтоты

    Тәрбиелік мәні зор екен!!!!!???

  8. Ақтоты

    Өте керемет үй тапсырмасына жақсы екен.Рақмет үлкее

  9. Айсулу

    Керемет. Өте жақсы айтылған. Маған осыны қалай тартып алсам болады.

  10. Гульнур

    ӨТЕ КЕРЕМЕТ. ТӘРБИЕЛІК МӘНІ ЗОР. Сізге шығармашылық табыстар тілеймін.

  11. Рай

    Тамаша! Тәлімдік мағынасы бар, айтып, мысал келтіруге керемет екен!

  12. Ғайни

    ТАМАША

  13. Мунира Сайранбековна

    Алия Кабасовна ұсынылған мақалаларыңыз өте тамаша екен. Сізбен мақтан тұтамын!

  14. Айнагүл

    Аңыздар жинағыңыздың балаларға тәрбиеліу мәні бар керемет дүние екен. Тамаша

  15. Айнагүл

    Аңыздар жинағыңыз балаларға тәрбиелік мәні ерекше дұниелер екен.Өте керемет. Осыны пайдаланғам келіп еді көшіре алмадым. Алуыма мұмкіндік барма?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркеліңіз.

  16. Алма

    Маган да оте унады,бирак коширмесин ала алмадым,неге? Сайтка тиркелсем де. (не копируются)

  17. Гүлжан

    маған ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ