Тақырыбы: Адамның эмоциясы: «Күлкі мен жылау»
Аннотация.
Мухамеджанова Қымбат 10 сынып оқушысы «Жаңғызтөбе орта мектебі – бала бақша кешені” КММ- cі
Жетекші: Бейсембаева Алия Қабасқызы өзін өзі тану мұғалімі
« Адамның эмоциясы: «Күлкі мен жылау».
Бұл зерттеу жұмысы «Күлкі мен жылаудың адам денсаулығына тигізетін әсері туралы сұрақты қарастыруды ұсынады.
Жұмыстың авторы 10шы сынып оқушысы, өз өмірін медицина саласымен байланыстыруға қызығушылық танытқан.
Автор әр түрлі жастағы оқушылармен, педагогтармен, мектеп жұмысшыларымен және ауыл тұрғындарымен, яғни мектеп оқушыларының ата аналарымен зерттеу жүргізген.
Жиналған жүргізілген жұмыс бүкіл ауыл тұрғындарының қызығушылығын арттырған.
Бұл тақырыптың өзектілігі күлкі мен жылау дәріханадан сатылып алынбайтындығы, олар қол жетімді, әр адамның қолында бар нәрсе. Сондықтан да адамдарды бұл оң әсерлі эмоцияны қолдана білуге үйрету, оларға жағымды жақтарын дәлелдеп көздерін жеткізу. Адамдар өз көңіл күйлерін жақсарту үшін күліп, жымиып күлкінің арқасында дәріханадан қымбат дәрілерді жиі сатып алмайды.
Мазмұны.
1. Кіріспе ………………………………………………….3
2. Негізгі бөлім ……………………………………………4.
I-ші бөлім. Күлкі. ……………………………………….5
Күлкі туралы……………………………………
Күлкінің түрлері………………………………
Күлкі – ол ем. (дәрі)…………………………7..
II-ші бөлім. Жылау…………………………………………8.
Жылау туралы………………………………..
Көз жасының тәрбиелік стереотипі
Ұсыныстар…………………………………….
Жылаудың денсаулыққа әсері…………
(Қанша жылағың келсе, сонша жыла)
III-ші бөлім. Зерттеу…………………………………………………..10.
Менің зерттеулерім……………………………………
Қорытынды………………………………………………..12
Әдебиеттер. ……………………………………………….13..
Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат Абай Құнанбаев
Жақсы күлкі — рухани денсаулықтың сенімді белгісі
Табиғаттың ең қымбат сыйы — көңілді күлдіргі мен мейірбан ақыл.
М.С.Горький
Кіріспе:
Адам баласы өмірге күлу үшін туады. Біз адамдар ашуланғанда ит мінезді болып көрінеміз, мысыққа ұқсап мейірімді боламыз, аттқа ұқсап шаршаймыз, бірақта тек адамға ұқсап күле аламыз.
Табиғат бізді әлемге жақсы өмір сүретінімізді жария етіп, дәлелдеу үшін жаратты. Күлкісіз және жылаусыз біз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Өмірде бір рет те,не күлмеген, не жыламаған адам жоқ шығар. Ал кім де кім ойланып көрді ме екен? Адамдар неге күледі және неге жылайды? Адам – жылап, күле алатын жалғыз биологиялық түр. Орташа үлкен адам күніне 17 рет жылап, күледі екен. Күлу мен жылаудың адам денсаулығына пайдасы барын оқымысты ғалымдар ертеден білген. Кулу мен жылау стрессті төмендетеді, аурулармен күресуге көмектеседі,қан қысымын түсіреді, және қан айналымын жақсартады.
Күлкі мен жылау ,қорқыныш, ашу ,реніш, сияқты жағымсыз эмоциядан арылудан көмектеседі.
Оқымыстылардың зерттеуі бойынша күлкіні келтіретін негізгі себеп, ол Юмор, ал жылауды келтіретін – қайғы.
Мен адам эмоциясы: күлкі мен жылау туралы социологиялық сұрау жұмысын ұйымдастырдым. Менің таңдап алған жұмысым туралы ауыл тұрғындарының, яғни мектеп оқушыларының ата-аналарынан алған анкета сұрақтарына жауабы:
1. Неге сіздер жылайсыздар?
Бұл сұраққа мынадай жауап берілді: — Мен білмеймін, мен айқайлай аламын, өкіріп жылаймын және жақсы фильм көргенде көз жасымдытөге аламын.
-Бір қиын жағдай болғанда жылаймын. Еркектер үшін ешқашан жыламаймын және мәйітті шығарғанда ешқашан жылай алмаймын.
— Біреуді аяп жаным ашығанда жылай аламын! Әркез, барлық жерде. Өте керемет сұлулықты көргенде,ренжігенде.
2. Неге сіздер күлесіздер?
Бұл сұраққа мынадай жауап болды.
* Өзінен – өзі күлкің келетін жағдайлар болады;
* Көңілді комедиялар уөргенде
* Адамдар күлкілі анекдот айтқанда.
3. Адам баласы күлкісіз немесе жылаусыз өмір сүре ала ма?
* 95% жоқ деп жауап берді
* 3% ойланып қалды
* 2% сұраққа жауап бергілері келмеді
4. Сіздер күлкі мен жылау туралы көбірек білгілеріңіз келе ме?
* 95% — иә, деп жауап берді.
Бұл мәселені қозғау себебім, күлкі мен жылау жайында көп әсерлі қызықтар бар екені белгілі, бірақ та денсаулықты қымбат дәрілер сатып алмай-ақ , осылардың әсерімен түзеуге болар ма екен?
Мақсаты: Күлкі мен жылаудың адам денсаулығына пайдасын оқып, зерттеу.
Міндеті: 1. Осы тақырыпқа әдебиеттерді жинап талдау жасау..
2. Жанұя және сыныптастар арасында эксперимент немесе бақылау, т.б. жүргізу.
3. Тәжірибе талдау қорытындысы.
Жұмыс мазмұны.
І ші бөлім: Күлкі туралы.
Жұмысты бастағанда мен ең алдымен сөздіктерге көңіл аудардым. Мен күлкі мен жылауды дұрыс түсінетіндігімді нақтылау үшін С.И. Ожегованың сөздігіндегі «Күлкі» деген … «Қуанышты, шаттықты, жақсы көңіл күйді, сондай- ақ,мысқыл күлкіні, басқадай сезімді білдіретін қысқаша адамның аузынан шығатын әртүрлі дыбыстар. Көз жасы арқылы қайғылы күлкі, ішек-сілесі қатып күлу… Күлкіге ешқандай негіз жоқ »….
Адамдар күлкісі – ішкі сезімнің айғағы.
Барлық тіршілік иелерінің ішінде күлетін тек қана адамдар.Мен қазір осы бір сұраққа жауап іздеудемін. Неліктен адамдар күледі және де күлкінің қандай әсері бар? Бұл сұрақтар физиологияға қарағанда педагогика мен психологияға көбірек қатысы бар ғой деймін? Себебі: күлкі адамдардың күлуі немесе тұнжырауының әсері. Біз кейде әлсіздерге, біреулердің кемшіліктеріне күлеміз.
Физиологиялық көзқараспен қарағанда адам баласына күлу өте пайдалы. Күлкі өкпенің дамуын қалыптастрады. Күлкінің көмегімен біз организімдегі артық энергиядан арыламыз.
Тағы да күлкі – бұл әлеуметтік құбылыс, өйткені біз күлкіні келтіретін нәрселерге күлеміз.
Күлкінің түрлері:
Бір адамның екінші адамды жек көруі, көреалмаушылық, ке алу.Бұл күлкінің арам ниетті түрі.
Қорғаныш күлкі.
Бұл күлкі таныс емес ортада өзінің ұялып тұрғанын жасырып,өзіне көңіл аудару үшін пайдаланылады.
Арсыз күлкі.
Бұл күлкінің әр түрі бар. Күлкісіне қарап адамның қандай екенін білуге болады.
Күлкі ол – ем. \\ сыйқырлы дәрі деуге де болады\\
Бұл тақырыпты зерттей түсіне отырып мен әртүрлі әдебиеттерді оқып зерттеушілердің өткізген тәжірибелерімен танысып талдау жасадым.
Яғни, бірінші тәжірибені Лос – Анжелестің медициналық институтының иммуналогтары жүргізген екен…, сыналып отырған топ көгілдір экран алдында отырып, бейнетаспаға жазылған сайқымазақтардың өнерін тамашалайды. Әрбірінің қан тамырында ине тығылған . Дәрігер қайта қайта әрбір күліп отырған адамнан
пластикалық пакетпен қан алып отырады. Осы уақытта зертханада 100 адам ақ халатты микроскоппен имунды тексеріп отырады. Міне, нәтижесінде 100 адамның 70нде интерферон – гаммасы, Т- клеткасы,яғни, иммунитет күресуге әзір екені бақыланды. Айта кететін жәй, «күлкі – терапиясынан » кейін келесі күнге дейін қан құрамында бұл заттардың концетрациясы жоғары деңгейде қалды.
Сол үшін күлкінің пайдасы – нағыз керемет.
Біз күлген кезде тыныс алуымыз жақсарып, қанымыз кислородпен толып , біздің ағзамыз бізге рахметін айтады. Бәрімізге белгілі жайт, балалар ересектерге қарағанда 10есе көп күледі. Біреу айтқандай балалардың өмірі ересектерге қарағанда көңілдірек деп.
Айтпақшы, балалардан басқа жиiрек көп күлетін ол әйел қауымы және негрлер екен. Дегенмен, бәрінен де көңілді өмір сүретін қара нәсілділер деп ойлау керекпіз, «Чунга — чанга» мультфильіміндегі көңілді қара домалақ балалардай.
Керісінше Жапондықтар күлудің орнына, ылғи да жымиып жүреді екен, дегенмен олардың өмір сүру ұзақтығы өте жоғары. Бірақ та көздері өте сығыр келеді.
Анальгин дәрінің орнына- комедия. Күнделікті 10 минуттық күлкі 2 сағат ауырусыз ұйықтауға мүмкіндік береді. Осы әдісті белгілі американдық журналист Норман Казенс қолданған. Ол өте ауыр жұлын ауыруынан зәбір көріп төсек тартып жатқанда күнделікті «Көрінбейтін камера» атты бағдарламаны көріп отырған екен.
Психотерапевт дәрігерлердің айтуынша «күлкінің арқасында» — адам босаңсиды . Көп адамдар босаңси алмайды , сол себепті өмір бойы жүйкесі психологиялық қысымда жүреді. Психотерапевтер күлкі терапиясын топты сеанстарда қолданады. Мысалға, адам өз проблемасын ортаға салады. Ал топ бұл проблеманы күлкіге айналдырады немесе өзгертеді. Бұл адамның проблемасы соншалықты жаман емес екенін дәлелдейді. Қысқасы күлу керек, өзіңе де, басқаларға да. Ч-И-И-И-И-З-З-З-З!
Бір философ айтқан екен : — Ең әдемі әйелдің жымиған келбеті – жай ғана бет бұлшық еттерінің қысқаруы, деп. Осы жөнінде психолог Пол Экман көп жылдар бойы өз зертханасында , Калифорния университетінде айналысып келеді. Ол жымиудың 18 түрін анықтаған яғни, аяқ астынан келген күлкі мен (мысалға, жақсы көрген адамды көргенде), тіс дәрігерінің креслосындағы азаптанған түріне дейінгі. Әрбір жағдайда 43 бұлшық еттің қысқаруы н санаған жалған күлкі оңқайлардың сол жақ бетінің бұлшық еті
жиырылады. Ал солақайлардың оң жақтары. Егерде сізді бұл өмірде еш нәрсе көңілдендірмесе , әлі де бәрі жоғалған жоқ. Айнаның алдында тұрыңыз да, есіңізге жақсы уақыттағы ажарыңыздағы жымиуыңыз қандай еді соны есіңізге түсіріңіз. Соны түріңізбен сомдап көріңіз. Әрине, басында онша емес болып көрінеді , 43 бұлшық етіңіз не істеу керек екенін ұмытып қалған болар жымыйуды жалғастырыңыз. Таңертең бұл жаттығуды қайталаңыз . Ұмытпаңыз жымыйу нейрондардың қозғалысына әкелеп соқтырады. Бұл дегеніңіз терапевтік түсінікпен күлкі пайдасы деген ұғым. Сондықтан жымиыңыз, бұл жаттығуды таңертең жасап тұрыңыз. Сондықтан сүйіктіңізге жымиыңыз.Бұдан еш жаманшылық көрмейсіз. Күлкі бұл керемет – ем. Ешқандай жаман әсер болмайды. Шынында біз күліп – күліп аламыз да, өзіміз ойланамыз. Мен бүгін көп күліп кеттім ғой, жылап жүрмейін. Бұл жақсылыққа емес,- деп. Бірақ жылаудың да біздің ағзамызға тигізетін пайдасы бар.
Иә, бәріде тамаша, бірақ – та бүгінгі күні медицина тарапынан біздің ми қабатындағы эмоцияға жауап беретін 9 аймаққа әсер ететін бірақ-ақ препарат бар – екені анықталды ол — кокаин. Ең қиыны бұл наркотикалық препарат, ол наркотикалық тәуелділікке әкеп соқтырады. Сондықтан ең жақсы дәрісіз миды демалдыратын ол – күлкі. Күлкі табиғи сыйлық, оның ағзаға еш қауіпі жоқ. Қорқыныш, ашу, ыза,бәрі жоғалып кетіп,орнына қуаныш өмір сүруге деген қызығушылықты тудырады. Күлкі – иммунды жүйені нығайтады. Ол дегеніңіз обадан және ісік клеткаларының көбейуінен қорғайды. Қазіргі медицинада — «гелотология» грек тілінен (gelos) аударылғанда «КҮЛКІ» тармақ немесе бөлім бар. Ол күлкінің адам ағзасына әсерін зерттейді.
Мен бұл бірінші «күлкі» бөлімін аяқтай келе философиялық тұрғыдан күлкінің өмірлік – биологиялық жағынан бір мысал келтірейін. Медицина тарихында америка психологы Норман Казинс «Өлімді күлкі қылған» деген адам. Ол 30 жыл бойы — коллагеноз деген аурумен ауырған. Дәрігерлер еш үміт жоқ деген. Сол кезде Казинс емханадан шығып , қонақүйге ауыстыруларын сұрапты. Содан ол кинокамедияның бірінен соң бірін көріп қарыққа батып жатыпты. Біраз күннен кейін үзіліссіз күлкіден ауырғаны басылыпты. Дәрігерлердің алған анализ қорытындысы қабыну процесі кеми бастады, деп келген екен. Кейіннен ауруынан мүлде айығып, жұмысына оралыпты. Сондықтанда ең арзан және тиімді дәрі ол – күлкі. Күліңіздер,қуаныңыздар, жымиыңыздар күлкі ол- КЕРЕМЕТ!
ІІ -бөлім. Жылау туралы.
С.И. Ожегованың сөздігінде: Жылау – түсініксіз қысқа дыбыстар,ауір халді анықтайтын, қайғы және қатты қапаланғанды білдіретін дыбыс. Американдық лакрималогия мамны (жастану) Уильям фрей өз ойын былай
айтқан еді:өз өміріңді ұзарту үшін көп жылап,қасыну керек.
Оның сөзіне қарағанда ұлдарды бала кезінде көз жасыңды доғар,нағыз еркектер жыламайды,деп үйретпеу керек.Еркектер жассыз ауырлыққа қалай төзу керек?Жасын төкпей ішіне жинай беру асқазан жарасы тағы басқа ауыруларға әкеп соқтырады. Көз жасы әлсіздіктің белгісі емес . Мысалға : ерте грек батырлары көз жастарынан ұялған емес . Себебі : жас арқылы бірқатар токсикалық , психикалық ауырлықтарды жеңілдетеді . Уильям фрей жылаудан басқа көңіл – күйді жақсарту үшін қасынуды ұсынады . жылау –хроникалық тартылыс . Бұл бала кезден қалыптасқан – қорқыныш , ашу ,ыза сияқты күшті эмоцияның көрінісін бақылау . Мысалы : неге әйелдер еркектерге қарағанда көп жылайды ? Биологиялық жағынан қарағанда оларда жас көп пе ? Немесе эмоциясын жасыру қиын ба?
Ғылым қазір физиологиялық ( рефлекторлық ) жас көзді тазалап , ылғалдайды . Ал эмоциялық жас адам ойланып , қайғырғанда жылайтын деп тапты . Бірақ көз жасы арқылы адам ғана эмоциясын көрсете біледі . Бір білетін жайт адам баласы 5 –12 аптада жылайды екен , ал күлкіге 5 айында қалыптасады екен .Көп ғалымдар жылау арқылы адам баласының көніл — күйінің жақсаратынын анықтады. Тәжірибелер қорытындысы жылай білмейтін балалар эмоциональды стресспен күресе алмайды деп көрсетті. Көз жасы — айналадағы адамдардың өзіне деген аянышын туғызу емес, керісінше жасыру сияқты. Көп тараған ұғым – көз жасы, көзге ұсақ қоқындардың, жәндіктердің түсуінен қорғайды деген. Бірақ неге еш нәрсе көзге түспесе де жылағың келеді. Мысалы: Кішкентай сәби айналаға өзінің бар екенін немесе бір нәрсе керек болғанда жылау арқылы түсіндіреді. Екі айлық баланың анасы баласының жылағанына н,қарны ашты ма,қорықты ма,мазасызданып тұрма бірден біледі. Адам баласы нәресте шағында жылағандай енді ешқашан көп жыламайтын шығар. Далада құмда ойнап отырған 2 жасар сәбидің құрбысына ренжігенін көрген анасы, «жылама, сен ұлсың ғой,»-дейді. Кішкентай кезден бастап қоршаған орта ұлдарды жасыңды көрсетпе деп тәрбиелейді. Өсе келе олар сирек жылайды. Статистикаға жүгінсек , орта жастағы адамдар әйелдерге қарағанда стресстік ауруларға жиі шалдығады екен. Ғалымдар: жылай алмайтын адам,(« медицинада бұл құрғақ көздің
ауруы») көз және тері ауруларымен жиі ауырады – дейді, және жеңіл стрессті де ауыр қабылдайды екен. Оларда сілекей көп бөлінеді және тершең болады. Жас ол жақсы ма? Психологтардың айтуынша жылау – психиканы кері жаман , ішкі ортаны бұзатын әсерінен эмоционалдық қорғау.
Яғни, жас өзінше бір тазалау қызметін атқарады.
Ұсыныстар: Қай уақытта жылауға тұрмайды. Жылау керек емес кездер болады. Мысалы: Ең ауыр көз жас ол – қайғы жасы. Ауру, жақын адамыңның өлім әр бірімізді қайыстыруы сөзсіз . халық даналығы : «жаспен қайғыға көмектесе алмайсың,» — дейді. Алайда жас қана ішіңдегі қайғыны сыртқа шығаруға көмектеседі. Біз бір бірімізге жылап ал, жеңілдеп қаласың дейміз. Бірақ кейбір жағдайда жас тек қана бөгет болуы мүмкін.
2. Дұрыс жылай білу.
Жас бөлінуі – бұл маңызды физиологиялық процесс. Сау көздер ылғида ,суланып тұрады. Жастың құрамына тұз бен судан басқа да, көзді түрлі инфекциялардан қорғайтын табиғи бактерияға қарсы заттар кіреді ғой. Мамандардың айтуынша жылағанда да кейбір ережелерді сақтап жылау керек. Мысалы: көзіңді жауып немесе уқалап , жастықпен бетіңді жауып жылауға болмайды, өйкені бетің мен көзің қатты ісіп кетеді. Одан да жалғыз тұрып, немесе отырып жылап алып, бетіңді салқын сумен шайып тастаған жөн. Көзіңнің айналасының іскені кету үшін, салқын компресс жасаған дұрыс . Жылаудың денсаулыққа әсері . Еркектер әйелдердің жасын жақтырмайды. Әйелдер де құрбысының көз жасын көргенде не істерін білмей қалады. Сонда да , адам баласы көз жасынсыз тұра алмайды. Әйелдердің жасы әр түрлі. Біреулер жастықты құшақтап отырып жыласа, ал біреулер елдің алдында жылағаннан еш қымсымбайды. 20 минуттан артық жылау еркектердің жынын келтіреді. Егерде қатты ренжіп жылағыңыз келсе , еркектерден тығылып жылап алыңыз.
Адамның жасына және затына қарамай әрбір жыл сайын организімнен бір стақан жас бөлінеді екен. Дәрігерлер әйелдер мен еркектерге де жылау керек дейді. Жастың химиялық құрамын зерттей келе, биологтар мынадай шешімге келді: Жастағы суықтың құрамында адам денсаулығына зиянсыз токсикалық зат бар. Көп адамдар қапаланғанда жылаймыз деп санайды. Ал сіздер білесіздер ме, адам баласы өмірінде 250 миллион рет жылайды екен.
ІІІ-ші бөлім. Менің зерттеулерім.
Бірінші эксперимент.
Менің әжемнің арқасы қатты ауырады . Мен жасы келген үлкен адам ғой, содан болар деп ойладым. Анальгин ішіп ауырғанын басып жүрді, қозғала алмай қалатын . Содан мен ол кісінің үш күн бойы комедия көруін сұрадым. Американдық журналист Норман Казинс қатты ауырып, комедиядан жазылғанын оқыдым ғой. Содан әжемді де солай емдедім. 7 күн бойы ол кісі «Аншлаг » комедиясын көрді, Никулиннің қатысуымен. Ауырғаны біртіндеп басылып, үшінші күні жақсы ұйықтады. Қазір бір комедияны жібермей көреді, атам да бірге көреді.
Екінші эксперимент.
Мектепте үзіліс кезінде біз бір- бірімізге күлкілі оқиғаларды , анекдоттарды айтып тұрамыз. Менің байқауымша: 12 адамнан 8-і анекдотқа күледі, ал ұлдар 2- ші айтқанда ғана күледі.
Үшінші эксперимент.
«Комедия мен трагедияның» қан қысымына әсері» .
Мақсат: Комедия мен трагедияны қарап отырған кезде эмоцияға әсерін анықтау.
Эксперимент барысы:
Экспериментке қатысушының аты-жөні Комед.көр-е қан қысымы Трагед. көрг. қан қысымы дейін кейін дейін кейін
1.Сембаева Г.Ж (70жас) 145/90 130/85 130/85 140/90
2. Бақабаев Ж.А (73жас) 155/90 140/80 140/80 150/90
3.Искакова Д.Н (53жас) 160/90 140/80 140/80 150/90
4. Амиров. С.Д (54жас) 100/70 100/70 100/70 110/80
Тұжырым: Комедияны көріп отырған кезде ,көңілді, күлкілі әңгімелесіп отырады екен. Қан қысымы көбінде 10-15 бірлікке \ед\ түседі екен.
Трагедия көріп отырғандардың басы ауырады, қан қысымы жоғарлайды. Құпиясы: Мимикалық бұлшық етпен қан айналымының ми мен тікелей байланысы.
Қорытынды:
Жұмыс жүргізу барысында мен біздің өмірімізде күлу мен жылау эмоцияларынсыз өмір сүруге болмайтындығына көзім жеті. Күлкі адам ағзасына ең күшті дәрі екенін ұқтым. « Күлкі – ең жақсы ем». Күлкінің пайдасы керемет.Біз күлген кезде тыныс алуымыз жақсарып, қанымызға кислород түсіп , жақсы болып қаламыз. Мен зерттеу жүргізе отырып білгенім: күлкісіз немесе жылаусыз өмір сүру қиын екенін түсіндім. Ішіңдегі мұңды, қайғыны қатты жылау арқылы босатасың. Сондай- ақ қатты күлгенде өзіңді жақсы сезініп қаласың. Соның бәрі физикалық және психологиялық жараны жазуға көмектеседі.Мен өзімді аландатып жүрген сұрақтарды терең түсіну үшін көп әдебиеттерді оқып отырыпбілімімді тереңдеттім.Эксперимен барысында көп адамдармен қарым-қатынасқа түскендіктен жасаған жұмысымнан ляззат алдым.Және де жинаған деректермен жұмыс істеу дағдысы қалыптасты.
Мынадай кеңес берер ем:: жиiрек күлiңіз, көп күліңіз, күлетін ештеңе таппасаңыз өткен қызық оқиғаларды есіңізге түсіріп өз ойыңызға жымиыңыз.Денсаулыққа күлiңiз!
Қолданылатын әдебиеттер тізімі 1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.
2. Карасев Л.В. Мифология смеха // Вопросы философии. – 1991. — № 7.
– С.15-43.
3. Карасев Л.В. Опыт несмеяния // Человек. – 1992. — № 5. – С.39-47.
4. Карасев Л.В. Парадокс о смехе // Вопросы философии. – 1989. — №
5. – С.47-65.
5. Карасев Л.В. Смех и будущее // Человек. – 1994. — № 1. – С.54-62.
6..Карасев Л.В. Смех и зло // Человек. – 1992. — № 3. – С.14-27.
7.Лихачев Д.С. Смех в Древней Руси: Избранные работы. –
Л.: Худож. лит. Ленингр. отд-ние, 1987. – Т.2. – 493 с.
8.Статьи из газет «Здоровье» №8, «Земля Боготольская»2008, и журналов «Биология в школе» №32, 1996г и др.
9. Толковый словарь С.И. Ожегова.
10.Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.
11.С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.
12. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.
13. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.
14. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.
Бұл мақалада жылау мен күлкінің түрлерін және адамға пайдасын көптеген маңызды ақпараттар арқылы дәлелдеп, зерттеу арқылы ұсынғаны маған өте ұнады. Осылай дәлелдеу керек қой адам өз ойын, Білмеген нәрсеміз көп екен
Мақалаңыз өте қарапайым, түсінікті, рақмет сізге
Мен күлсем болды жылап жіберем неге екенін қатты жылағым келет күлген кезде.Ол неге олай болады екен күліп отырып жылап қалам жолдасым түсінбей қалады не болып қалды саған деп жолдасым мейліғой өзімде түсінбеймін мен неге күліп отырып қатты жылап жіберем көзден пора пора жас шығып неге екен ол
Саламатсыз ба Алия Қабасқызы? Бұрын менде жұмыс көп болып,интернетке көп қарамайтынмын. Қазір қолым бостау,уақытым көп.Мен сіздің мақалаңызды оқып, риза болдым.Мақала қарпайым,түсінікті,адамдарға өте пайдалы. Жоқ қазіргі кезде мен қатты қиналып жүргендіктен бе? Сіздің берген кеңестеріңізді қолданамын.Хабарласайық.