Орысша әдістемеден аударып құрастырған Ғ.Т. Сұлтанова
Инструкция:
Әр мақалдағы пікірді 5-баллдық шкала бойынша бағалаңыз. 5-4 балл сіздің ойыңызға сәйкес келеді, 3-1 –ойыңызға қарама – қайшы.
1.Жақсы даудан жаман бітім артық.
2.Егер қолыңнан келсе,өзгеге өз дегеніңді жасат.
3.Жұмсақ сөйлеп, қатты айтар
4.Ебін тапқан екі асайды.
5.Бір бас жақсы, екеу-одан да жақсы.
6. Дауласқандардың ақылдысы алғашқы болып тоқтамға келеді.
7. Аузы қисық болса да байдың баласы сөйлесін.
8. Майламаса, арба жүрмес.
9.Дұшпаннан түк тартсаң да, пайда.
10. Ақылды жел сөзге емес, білімге сенер.
11.Жеңдім деуші көп, жеңілдім деуші жоқ.
12. «Жеңіс» деген сөз дұшпаныңның арқасына жазылсын.
13.Таспен ұрғанды аспен ұр.
14.Адал істе-алауыздық болмас.
15.Ел аузына қақпақ болу.
16. Күшің қандай деп сұрама, ісің қандай деп сұра.
17.Жеңіске сенген жеңілмес.
18.Жамандыққа жақсылық жасау-ердің қолынан ғана келер.
19.Сен –маған, мен-саған.
20.Тек өзінікі дұрыс деп санаудан бас тартқан адам ғана өзгенің шындығынан пайда таба алады.
21.Ит жоқта шошқа үреді қорада.
22.Шегіне білмеген-қашуға мәжбүр.
23.Сүйкімді төл егіз емер.
24.Береген қолым алаған.
25.Құдайға сиын, өзіңнің де болсын миың
26.Даудың болғанынан гөрі, болдырмауын ойла.
27.Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
28.Батар күннің атар таңы бар.
29.Қолда барда алтынның қадірі жоқ.
30.Жақсы менен жаманды бағалар өмір таразы.
Өңдеу:
Таблицадағы әр бөліктегі мақалдың нөміріне сәйкес қойған балыңызды қосыңыз .Әр бөліктегі балдарды салыстырыңыз. Ең көп алған балл-сіздің кикілжің сәттегі мінез-құлқыңыз болып табылады.
Интерпретация:
1-тип «тасбақа». Бұл типтегі адамдар –проблемалардан «панцирьдің» астына тығылып қалуға тырысады. Олар позитивтік консерватизм өкілдері, олардың бағалы қасиеті- мақсатынан ауытқымайтындықтары. Бірқалыпты жағдайда бұл типтегі адамдар сіздерді қолдайды, ал қиын жағдай туған кезде сізден алшақтап кетуі ықтимал.
2-тип– «акула». Бұл типтегі адамдар үшін ең бастысы- олардың қызметі, мақсаты. Оларды әріптестерінің қарым-қатынасы, пікірі аса көп толғантпайды («Сіздің маған деген сүйіспеншілігіңіз қажет емес»).
Ақылды басшы «акуланың» мақсатқа бағыттылығын сыйлайды, тек оның өктемшілдігін тежеу керек. «акулалар» ұжым үшін маңызды , өйткені олар ұжымды тығырықтан шығара алуы мүмкін.
3-тип – «қонжық». Бұл адамдар ұжымдастардың бір-біріне қарым-қатынасының жақсы болуы үшін, кикілжің жағдайларды болдырмауға тырысады. Олар әркімнің қажеттілігі мен қызығушылықтарын біле отырып, қиын сәттерде қол үшінберуге, қажет кезде гүл сыйлап, көңілін жұбатуға әрдайым дайын.Алайда ос әрекеттерінің кесірінен өз мақсатынан ауытқып кетуі мүмкін, себебі олар үшін адами қарым-қатынас өте маңызды.
4- тип – «түлкі». Бұл типтегі адамдар әрдайым компромисс табуға тырысады. Олар кез келген ісәрекетке араласып жүргісі келеді. Алайда ол мақсатына жету үшін адами құндылықтардан алшақтап та кетеді, (оның ұстанымы «майламасаң арба жүрмейді», «көпшік қоймасаң, қисайып қалады».)
5- тип – «жапалақ». Бұл адал, шыншыл, ашық жандар. Олар күрестен тайқып, мәймөңкелеп жалтармайды. Кейде мақсатына жету жолында әділдік үшін басшылармен, жолдастарымен жақсы қарым-қатынасына да нұқсан келуі мүмкін.Олардың стратегиялары -әділ мақсатқа ашық, әділ күрес .
Кейбір мақалдар таныс емес. Сондықтанда енді түсініп білетін боламын. Көп рахмет сізге.
Жоғарыда көрсетілген кейбцр мақалдарды бірінші рет оқып отырмын.Рахмет!