Математика 9 сынып.Сыныптан тыс жұмыс

9   сынып Сыныптан  тыс  жұмыс  «Математикалық пирамида»  ойыны

Мақсаты: оқушылардың  ойлау  қабілетін,  тапқырлығын, жылдамдығын,  таным  белсенділігін  арттыру;

дамытушылық:   белсенділігін  дамыту, ой-өрісін  кеңейтуге   дағдыландыру, математикалық  сұрақтарға    мәдени  түрде  жауап  беру,  қарым-қатынасты  дамыту;

тәрбиелік:  тез  ойлай  білуге,  шапшаңдыққа,  өз  бетімен жұмыс  жасауға,  көпшілік  алдында  өз  ойын еркін  айта  білуге  тәрбиелеу;

Сағаттың  барысы:    І. Ұйымдастыру  кезеңі

Сағаттың  жоспары:   

1 — қадам  «Есте  сақтайық»

2– қадам «Математикалық  термин  құрастыру»

3 – «Кім  тапқыр? » Математикалық  сөзжұмбақ

4-қадам – «Тарихи  зал»

5-қадам – «Оқу  залы»

6-қадам – «Кім  жылдам ?»

7-қадам– Жеңімпазды  анықтау

Сабақтың жүрісі:

1-қадам.   «Есте  сақтайық»

Оқушыларға  слайдтан   15  түрлі  зат  көрсетіледі.  Оқушылар  ол  заттарға  1  минут  қарайды.  Содан  соң  слайдты   жауып  қоямын. Оқушылар  қандай  зат  көргенін  параққа  жаза  бастайды. Осы  он  бес  затты  дұрыс  тапқан  оқушы  екінші  айналымға   өтеді. Қалған  оқушылар  көрермен  болып  қалады.

 

2-қадам.  «Математикалық  термин  құрастыру» :

Слайдта сөздер  жазылады.  Оқушылар  осы  сөздерден  математикалық  термин  құрастырады.  Сөздерді  дұрыс  құрастырған  оқушылар  келесі  айналымға  өтеді.

  • Ге-нс-тан  (тангенс)
  • Мет-диа-тр       (диаметр)
  • Аки-тем-фира (арифметика)
  • Нал-ди-ого (диогонал)
  • Сия-грес-про (прогрессия)

3-қадам. «Кім  тапқыр? » Математикалық  сөзжұмбақ:

Оқушылар  математикалық  сөзжұмбақтар  шешеді.

Бір  ағаштың  он  екі  бұтағы  бар,

Әр  бұтағында  отыздан  жапырағы  бар.

Жапырақтың  бір  жағы  ақ,

Бір  жағы  қара   кәнеки  ойлан  тап.

Жыл,  ай,   тәулік,     күн  мен  түн

Жоқ  өзінде  бас  та,  қас  та,  мойын  да,

Ұзындығы  жазулы  тұр  бойында

Сызғыш

Атадан  он  баламыз,

Бір-бір жастан  арамыз.

Қосылып  кейде  басымыз,

Азайып  кейде  қаламыз.

Бөлініп  кейде  арамыз,

Көбейіп  те  аламыз

Цифр

Мені  көрде  — жерді  көр,

Қозғалыстың  көкесі.

Айналыстан  туады,

Планеталар  бір-бірін,

Шыр  айнала  қуады.Шеңбер

4-қадам. «Тарихи  залға»еніп,  сұрақтарға  жауап  береді.

  • Русьта   сынық сан  деп деп  қандай санды  атаған? Бөлшек  санды

 

  • Алғашқы қазақша  алгебра  оқулығын  жазған  кім?      Қ.  Сатпаев

 

  • “Трапеция” сөзін  ежелгі  гректер мына  ұғымдардың  қайсысымен  атаған?        үстел

 

  • Қандай гүл математик  әйелдің  құрметіне  аталған?    Гортензия

1723-1788 жылы өмір  сүрген  француз  математигі   Гортензин Лекот  құрметіне аталған. Ол  бұл  гүлді Индиядан  әкелген                                                

  • Ондық бөлшекті  алғаш  рет  ашқан XV  ғасырда  өмір  сүрген өзбек  математигі  кім?  Әл-Каши

Әділ  қазылар  келесі  қадамға  өткен  оқушыларды  анықтағанша

музыкалық  үзіліс  жасалынады.

5-jattigu

5-jattigu-jalga

  • Ақыл ойды тәртіпке  келтіретін «математика»  деген  сөзді  қай  ғалым  айтқан?  Ломоносов
  • Жанұяда 4 ұл және  әр  баланың  бір  әпексі  бар.  Жанұяда  неше  бала  бар? 5
  • 2 оқушы тоғызқұмалақты  4  сағат  ойнайды. Оның  әрқайсысы  неше  сағат  ойнайды? 4 сағат
  • Пифогор теоремасы с2=a2+b2
  • Қандай сан барлық  санға  қалдықсыз  бөлінеді? 0
  • Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 1800
  • tg450=1
  • Тік бұрышты үшбұрыштың  бір  бұрышы  300 болса…қарсы  жатқан  катет  гипотенузаның  жартысына  тең
  • Сағаттың ¼ -і неге тең? 15 минут
  • 1 % дегеніміз не? 1/100 бөлік
  • Нүктенің бірінші координатасы қалай аталады? Абсцисса
  • 1 кг судың көлемі неге тең? 1 литр
  • Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
  • 2-нің 6 дәрежесі. 64
  • Екі қатынастың теңдігі пропорция
  • Кері сандардың көбейтіндісі нешеге тең? 1
  • Ең кіші жай санды атаңыз 2

7-қадам. Жеңімпазды анықтау.     Марапаттау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер15
  1. гулден

    сабағыңыз керемет

  2. тамара

    оте унады

  3. Айгуль

    презентациясы бар ма?

    1. Erketai (автор)

      Сайтта бар материалдар жарияланған.

      1. Айкенже

        слайдын қайдан аламын?

  4. Айгуль

    маған көшіру керек қалай алса болады?

    1. Erketai (автор)

      Тексті белгілеп көшіресіз.

  5. Айгуль

    сайтқа қалай тіркеледі?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелудің қажеті жоқ ал еген сайт жаңалығынан хабардар болғыңыз келсе сайтымыздың әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз.
      Олар мыналар:
      Ютуб Арнамыз https://www.youtube.com/channel/UCCPRvwW6G4zh7vhxcSCm4nA
      Вк- https://vk.com/erketailar instagram: https://www.instagram.com/erketai.kz/

  6. Нуркен

    сілтемесін қайдан ала аламын толық нұсқасының

  7. Фарида

    Көп рахмет Сабақтың жоспары қызықты құрылған

  8. Гүлнар Стыбаева

    Салем Мен қазақ тілінен сабақ беремін Шу ауданында Дегенмен де маған сабақтың құрылымы ұнады Міндетті түрде қолданамын Рақмет

  9. Садыбекова Шапағат

    Динара апай Сабағыңыз ұнады Қалай көшірсем болады?

    1. Erketai (автор)

      Сайтқа тіркелу арқылы!!!

  10. Құрамаева Гүлбаршын

    Рахмет Сабағыңыз маған қатты ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ