Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Математика

 

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойыны


Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа үйрету, математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, есеп шығару, логикалық есептерді шығаруды үйрету.

Әдісі: сұрақ- жауап, есеп шығару.

Жоспары:   1. «Бәйге»

2. «7 жұмбақ»

3. «Көкпар»

4. «Полиглот»

5. «Жорға»

6. Көшбасшыны анықтау

7. Қорытынды.

Жүргізуші:  Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысына қош келдіңіздер!

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа,

Жасықтықтан емессің сен, қаталдансың.

Ақыл- ойды тәртіпке келтіретін,

Нағыз пән математика атанғансың, – дей келе ортаға ойыншыларды шақырамыз.

Жүргізуші -1.  Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер, – деп «Бәйге» жарысын бастаймыз. Бұл сайыста 30 сұраққа ойыншылар жауап береді, көп ұпай жинағаны келесі сайысқа қатысады.

Жүргізуші -2.  Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп- қисап, сан, цифр термек үшін.

Көрсетіп есептеудің жолын қалай,

Келдім, оларды айтып бермек үшін – деп ендігі сайыс «7 жұмбақ». Мұнда есеп беріледі. Ойыншылар арасынан ұпай алмағандары ойыннан шығарылады.

Жүргізуші -1.  Ұшқыр ойда серік шеберлік,

Сөз кезегін ойыншыға берелік.

Арамызда тапқыр бала көп екен,

Оларды енді жарыстырып көрелік, – деп келесі сайыс «Көкпар» сайысы. Есептер шығарылады.

Жүргізуші -2.  Білімнің басы – бейнет, соңы- зейнет – деп келесі «Полиглот». Мұнда мақал- мәтел айтылады. Жасырылған сөзді тауып, орысша, ағылшынша аударылады. Жауабын таппаған оқцшы ойыннан шығады.

Жүргізуші -1.  Білім аққан сел дейді,

Бірақ оңай келмейді.

Ала білсең білім көп,

Ақыл- ойға кен дейді,- деген «Жорға» сайысын бастаймыз. Ойыншының әрқайсысына 10 сұрақ, сол мезгілде жауап беру керек, ұтылғаны ойыннан шығады.

Жүргізуші -2.  Білім оймен, арымыз,

Рухани нәріміз.

Сайыскерлер сіздерге,

Қол соғамыз баріміз –деп соңғы сайыс «Көшбасшы».

(Плакатта жазылған сұрақтарға «Миллион кімге бұйырады?» ойыны бағыты бойынша тапсырмаға жауап береді. Соңғы қалған оқушы көшбасшы болып есептеледі).

Жүргізуші -1.  Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашан осы шоқты өшірмей,

Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым, – деп 11 сынып оқушыларына ақ жол тілейміз. Қош,  сау болыңыздар!

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Алгебралық бөлшектерді көбейту және бөлу
  • Теңдеуді, екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу
  • 5-сынып «Математикалық логика» қолданбалы курс бағдарламасы
  • Логарифмдік теңдеулерді шешу
  • «Алтын қақпа»

Пікірлер 1 Пікір қосу

  • Әділ 08.03.2015 күні 23:20 уақытында

    керекті материал. сіздерге рахмет!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.