«Керқұла атты Кендебай ертегісі (сабақ жоспары)

Сабақтың тақырыбы: «Керқұла атты Кендебай ертегісі.

Сабақтың мақсаты:  

1.Білімділік:Ертегінің мазмұнын  меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашу, ) Оқушылардың ертегіден алған білімдерін тексеру. Кендебайдың ерен іс-әрекеті арқылы халықтың арман-тілегінің, қиялының ертегіден көрініс табуын түсіндіру.

2.Дамытушылық:Оқушының танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту.

3.Тәрбиелік:ерлікке, кішіпейілділікке, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: «Бағытталған оқу», «Таксонамия сұрақтары», «Үш түрлі күнделік», «Ой қозғау», «Еркін жазу», «Венн диаграммасы», «Эссе»

Сабақтың типі: Жаңа білім беру.

Сабақтың көрнекілігі: Ертегілер жинағы

gzaСабақтың барысы:

І.Қызығушылықты ояту.

«Бағытталған оқу» әдісі бойынша ертегіні өз бетінде оқу.

ІІ. Мағынаны тану.

1.«Таксонамия  сұрақтарының»  2-нұсқасы бойынша мәтінді қаншалықты  меңгергендігін  тексеру.

Тақырыбы мен идеясын ашу.

*Жай сұрақтар.Оларға жауап бере отырып, қандай да бір деректерді атау, кейбір ақпараттарды еске түсіру.

*Анықтау сұрақтары.Олар әдетте мынадай сөздерден басталады: «Сонымен,сіздің айтуыңызша…?». «Егер мен дұрыс түсінсем,осылай ғой…?».Бұндай сұрақтар әңгімелесушінің жаңа айтқан сөзіне қатысты кері байланысты орнату үшін қажет.

*Практикалық сұрақтар.Бұл сұрақтар теориялық және практикалық өзара байланысты орнатуға бағытталады. «Егер сіз кейіпкердің орнында болсаңыз қайтер едіңіз?».

*Түсіндерме сұрақтар. Әдетте «не үшін?» деген сұрақтардан басталады.Бұл сұрақтар себеп-салдар байланысты орнатуға бағытталады.

*Шығармашылық сұрақтар.Сұрақта шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам болса, «Не өзгерер еді?…», «Қалай ойлайсыз,оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?»

*Бағалау сұрақтары.Бұл сұрақтар оқиғаларға, деректерге, құбылыстарға берілген бағалар өлшемін түсіндіруге арналады. «Неге мынау жақсы,ал мынау нашар?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді?»

2.«Еркін жазу» әдісі бойынша кейіпкерлерге мінездеме беру.

rre2015

2.«Ойқозғау» әдісі

1.Ертегі  несімен ұнады?

2.Бас кейіпкердің ерекшелігі неде?

rre2016

ІV.Үйге тапсырма.

1 Ертегіні   ары  қарай  жалғастырып  жаз.

  1. «Эссе» әдісі.

«Халық қиялынан туған қаһарман.

V.Бағалау.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер4
  1. Амерканова Бакыт

    Сабақ жоспары жақсы құралған. Көркем әдеби шығармалардың бірі

  2. Алмагуль

    Түрлі деңгейдегі сұрақтар балалардың жан-жақты дамуына көмектеседі, сабақты толық түсінуге мүмкіндік береді. Салыстыру, мінездеме беру жұмыстары тиімді қолданылған. «Үш түрлі күнделік» әдісі арқылы оқушының ойын анық білуге болады. Керемет сабақ!

  3. Кулаш

    Керқұла атты Кендебай эссе жазу

  4. Нұрбану

    Мен осы тақырыпта сабақ өттім. Өте қызықты ертегі.Оқушыларыма ұнады. Топқа бөліп ертегілерлді өз еріктерімен салыстырған болатын.Сабақ жоспарына келсек өте анықтауыштық сұрақтар өте орыгнды қолданылған.Кейіпкерлерге мінездеме беру арқылы оқушылар кейіпкерлерге талдау жасай алады.Маған ұнады.Керемет сабақ жоспары.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ