Қыздарға әсемдік жарасады

Құрметті арулар!
Сіздер тек жанұяларыңызды ғана емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын,  адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер. Тәуелсіз Қазақстанымыздағы бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз. Осынау сіздіңдерің төл мерекелеріңіз қарсаңында сіздерді құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ырыс-құт тілейміз.

Әр таңдарыңыз арайлап атып, күндеріңіз нұрға толсын! Ізгі тілекпен Еркетай сайты.

8 наурыз Халықаралық Әйелдер мерекесі қарсаңында қазақ аруларына арналған «Арман жырым — Аруларым » атты тамаша әнге караоке қабыл алыңыздар.

Қыздарға әсемдік жарасады минусовкасы жүктеу

Арман жырым – аруларым

сөзі Ж. Баязитов  әні: Қ. Нұрғазин

Қыздарға әсемдік жарасады,
Ай көркі биіктетер аласаны.
Болмаса сұлу қыз ару әйел,
Табысып ер кімдермен,жарасады.

Қайырмасы:

Өрімтал,көркем сұлу мүсін,
Көргенде қайран қап,күйуің шын.
Мың ақын жырласа,тіл жетпейтін,
Бұл қыздар жаралған тек,сүйу үшін.

Қана алмас құмарың, қарасаң да,
Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.
Жердегі аруға жетер емес,
Аспанның мың жұлдызын,баласаң да.

Қайырмасы:

Жүздірер жүректі нұрлы үмітте,
Басыңа қоятын мұңды үйіп те.
Арман мен қиялдан жаратылған.
Қыз ару қалар мәңгі,сол биікте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,
Бақытын от басының,жар ашады.
Тірліктің түп мәні ұрпақ деген,
Аруға ана болу жарасады.

Қайырмасы:

Көктегі ай күндей дара тұлға,
Қыз десе дүние дала тұнған.
Қазақтың намысы,ару қыздар,
Мәңгі өлмес арман жырдан,жаратылған.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер11
  1. Жумамуратова Жулдыз

    Қыздарға әсемдік жарасады атты бейне баянды көрдім өте әсерлі.Әрине қыз елдің көркі,Қыз бар жерде береке бар.Қызы бар үйге періштелер көөп келеді деп естігем.Менің отбасымда қыз балам жоқ тек ер балдарым бар құдайға шүкір.Қыз армандаймыз болашақта болар деп кутіпте жүрміз.Қызымыз болса әдемілеп киіндіріп,ертіп жүргенге жетпидіғо

  2. Маржангул

    Маған қажеттің барлығы осынд екен керемет сайт ,ұнады,өрлей берсін

  3. Айгүл

    Өте тамаша, керемет. Балаларға жаттатып, ата-әжелерін қуантып қоятын дүние екен. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін

  4. Нуржайна

    Керемет ән ! Маған ұнады. Қыздарымыз әрқашан құлпырып жүре берсін.

  5. Айдын Қанатқызы

    Қыздарға әсемдік жарасады,
    Ай көркі биіктетер аласаны.
    Болмаса сұлу қыз ару әйел,
    Табысып ер кімдермен,жарасады

  6. Самал

    Өте керемет. Еркетай ұжымына алғыс айтамын. Көптеген пайдалы мақалалар мен материалдар бар?

  7. Ерсайын

    жаксы ан

  8. Ерсайын

    керемет

  9. Гулим

    Барша аналарды,қыздарды,әпкелерді, мерекемен құттықтаймын!Осы еркетай сайты дами берсін

  10. Қажымұрат

    Халыкаралық әйелдер күнімен шын жүрекен аналарды, ару қыздарды құттықтаймын. Алғысым шексіз сіздерге. Барша аналар аман болсын.

  11. Қажымұрат

    Халыкаралық әйелдер күнімен шын жүрекен аналарды, ару қыздарды құттықтаймын

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ