Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба?

Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі

Ғылыми жұмыс жетекшісі информатика пәнінің мұғалімі Айткалиева Баян Сабырғалиқызы.

Әзірлеген шәкірті 6 сынып оқушысы Алталиева Гүлім Бауыржанқызы.

Ғылыми жұмыс тақырыбы:

Компьютер пайдалы ма, әлде зиян ба? 

Мазмұны. 

1.Кіріспе

2. « Оқушыға компьютер не үшін  қажет?» зерттеу.

2.1.Компьютер  менің сыныптастарым арасында қаншалықты танымал?

2.2.Компьютерлік ойындарға әуестігі туралы ата-ананың ойы ?

2.3.Компьютер оқуға қалай  әсері етеді?

2.4.Адамдарға компьютердің әсері қаңдай?

3.Қорытынды.

4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Қосымша

  1. Оқушыларға арналған сауалнама.
  2. Ата-аналарға арналған сауалнама.
  3. Компьютер денсаулықты кері әсерін тигізбеу үшін кеңестер.
  4. Офтольмолог дәрігердің ұсыныстары сіздің көзіңізді сақтауға

көмектеседі!«Біле бер,қанша білсең –тағы тіле  Жетерсің мұратыңа біле ,біле» Жүсіп Баласұғын 

Кіріспе

 Компьютерлер біздің өміріміздің бір бөлігіне айналды.

Ол біздің өміріміздің барлық салаларына кірді және өмірімізді бұл ақылды машинасыз көру мүмкін емес.

Біз,  балалар  үшін компьютер, теледидар ток көзіндей қарапайым зат ретінде көрінеді. Қазіргі заманның балаларына компьютер үйреншікті қолданатын зат секілді.

Көптеген тұтынушылар компьютердің бірсыпыра өте пайдалы мүмкіндіктері бар екендігіне көздерін жеткізді.Ол мәтін теру, әр түрлі есептер шығару, көлемді мәліметтер сақтаумен қатар көңіл көтеру мақсатында да қолданыла береді.Қажетті құрылғылармен және соларға сәйкес программалармен жабдықталған компьютер музыкалық орталыққа айналып, сүйікті саздарыңызды тыңдай отырып дем алуыңызды қамтамасыз ете алады.

Егер қызықты кино  көргіңіз келсе де, компьютер негізінде шағын кинотеатр жасап алуға болады. Оны фильмдер, клиптер,тіпті өзіңіз түсіріп цифрлы күйге түрлендірген бейне жазбаларды  да көру мақсатында пайдалана аласыз. Компьютер дыбыс пен бейнелерді өңдеудің керемет мүмкіндіктерін береді .Мысалы , арнайы программалық жабдықтамалар көмегімен дыбыс жазбаларын түрлендіре отырып ,өзіңіз жаңа күйлер  мен    саздар құрастырып , клиптер енгізіп , айта берсек , өз әуендеріңізді  компьютерде орындай да аласыз.

Жұмыс  істеп тұрған  компьютер өз айналасында толқын  ұзындығы 1,5м болатын  электромагниттік  өріс құрайды ,сол өріс аясында түскен адам зиянды ультракүлгін сәуле әсеріне ұшырайды.Осындай сәулелердің  тағы да басқа шығар көздері болып ұялы телефондар , микротолқынды пештер, теледидар және     радиоқабылдағыштар саналады . Осындай құралдарды компьютер тұрған     жұмыс бөлмесіне  орналастырып , оларды пайдалану дұрыс емес , өйткені барлығының да адамға тигізетін әсері қосыла отырып, жалпы зияны артады. Ал олардың денсаулыққа тигізетін  зиянды  әсері радиация тәрізді  бірте-бірте қосыла келе көбиіп отырады.Компьютер алдында  ұзақ отырғанда,  көбінесе оның адамның нерв жүйесіне әсер етуі басым болады.Ауру бірден басталмайды.Бірте-бірте шаршау сезімі жиі пайда болып, адамның ашуланшақ болуы байқалады.Есте сақтау қабілеті нашарлап, өмірге деген қызығушылығы азаяды.Ересек адамдардың пікірінше, ойынды  балалар ойнауы қажет. Ойын ойлау қабілетін, есте сақтауды, зейінді дамытады . Балалар көп ойнайды: қуыршақтар, дойбы,  құрастыру… Әрине қазіргі заманның балалары компьютерлік ойындарына әуестенеді.

Компьютердің алдында отырғанда үнемі ересек адамдардан еститініміз: «Компьютердің алдында көп отырма!», «Тіке отыр!», «Бұл ойындарды саған ойнауға болмайды!». Менде мынандай сұрақ туындайды «Ал неге болмайды, маған қызықты  ғой!!!» Бұл сұраққа алған жауабым: «Компьютер адам ағзасына кері әсерін тигізеді, барлық ойындар пайдалы емес.». Ең  қорқыныштысы -компьютерлік ойындарға тәуелді болу.

Сонымен, компьютер дегеніміз не? Денсаулық үшін зиянды нәрсе немесе заманауи дос және көмекші.

Қызықты компьютер балаға қалай әсер етеді? Қандай ойындар ойнауға болады? Қайсысы болмайды? Компьютер алдында қалай отыру керек? Ол жау болмау үшін —  зерттеу жүргізуді шештік:барлық компьютерлік ойындар – жау ма, әлде біздің бақытымызға орай достары да бар ма екен? Ойындар сабаққа көмектесе ме ,әлде кесірін тигізе ме?

Зерттеудің мақсаты: Компьютердің адам өміріне зияны мен пайдасын білу. Компьютердің, компьютерлік ойындардың  бала ағзасына

қауіпін зерттеу.

Біз сұрақтарға жауап алғымыз келді:

  • біздің мектебіміздің балалары компьютерді қандай мақсатпен қолданады?
  • Қандай ойындар ойнайды?
  • Қанша уақытын компьютерге жұмсайды?
  • Компьютерлікдің адам ағзасына әсері туралы көзқарастары қандай?
  • Компьютер сабаққа көмектесе ме?
  • Ғылыми дәлелдемелер бар ма, бұл мәселені дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын, әлде бұл тек ересек адамдардың ойлары ма?
  • Біз келесі мәселелерді қойдық:
  • Компьютерлердің шығу тарихын білу.
  • Бұл машиналардың шығу мақсаты қандай?
  • Сауалнама арқылы сыныптастар арасында қандай ойындар атақты және оған қанша уақыт жұмсайды?
  • Компьютерлік ойындардың адамға әсері жайында ақпарат табу.
  • Сыныптастарыма зерттеудің нәтижелерін көрсету.

Зерттеудің болжамы: Біз ойлағандай, егер де біздің замандастар компьютерді тек ойын үшін қолданып, уақытты зая кетірсе, онда көзі көруі және денсаулығы бұзылады, ата-анасымен қарым-қатынастары нашарлайды, оқу үлгерімдері төмендейді.

«Компьютер»-латын сөзінен аударғанда «санау, шығару» дегенді білдіреді.Ол механикалық есептеуіш машиналармен салыстырғанда мың есе шапшаң жылдамдықпен санайды. Бірақ, бұл есептеуіш электрондық машиналар қандай үлкен болады? Олар орналасқан бөлмелер,үлкен залдар айналасы ақ жәшіктермен қоршалған. Бірнеше оң мыңдаған электронды шамдар өте көп цифрларды өңдеді. Шамдар орнына транзисторлар келді, компьютер бөлмемен бірдей болды.Қазіргі компьютерлердің элементтік базасы  микросхемалармен  ауысып, үстелдің үстіне немесе шалбар қалтасына сыйып кетеді. Алғашқы дербес компьютерлер АҚШ-та 1976 жылы пайда болды.

ХХ ғасырдың соңғы он жылдықта кішігірім компьютерлер өзінің дамуында үлкен жол істеп келді. Ақпаратты жөндеп және тез жұмыс істей бастады. Үлкен есептеуші жүйелердің дамуы супер компьютерлердің жасалуына әкелді. Олардың өндіргіштігі жоғары, мысалы, ірі жер сілкіністерін моделін  есептеуге қабілетті. ХХ ғасырдың соңында адамзат әр түрлі компьютерлік жүйелердің мүмкіндіктерін  біріктіре алатын «Интернет» деп аталынатын ауқымды ақпараттық  жүйені қалыптастыру кезеңі басталды.

Оқушыға компьютер не үшін қажет?

Қазіргі заманда компьютерлер көп жанұяларда бар. Оны  қалай қолданады? Заманауи сән секілді қажет пе? Ол жұмысқа қажеттілік етеді ме? Осы сұраққа  жауап беру үшін біз информатика пәнінің мұғалімі көмегімен, 5-7-сынып оқушылары арасында  сауалнама өткіздік. Сауалнамаға 213 оқушы қатысты. Сауалнама сұрақ- жауап түрінде өткізілді. Осындай нәтиже болды.

сыныбы Сұрақ қойылған оқушылар саны

Жеке компьютер

лері бар

 

Интернет бар

 

Білім алуға қолданады

 

Ойын үшін қолданады

    оқушы % оқушы % оқушы % оқушы %
5 сынып 59 39 66 30 51 17 29 32 54
6 сынып 73 48 65 43 59 18 24 41 56
7 сынып 81 37 45 34 42 15 19 48 59
барлығы 213 124 58 107 50 50 23 121 56

Құралған кесте бойынша 213 оқушылардан сұралды. 124 оқушыда жеке компьютер бар, 58 оқушы білім үшін қолданады. Ол  23 пайыз құрайды. Қалғандары ойын үшін қажет екен немесе әр түрлі фильмдер және достарымен әңгімелесу үшін қолданады.Компьютер жоқ оқушылар барлық уақыттарын достарына, туысқандарына барып компьютер алдында отырады.

Зерттеу нәтижесі бойынша көбіне оқушылар компьютерді ойын үшін қолданады.

Компьютер менің сыныптастарымның арасында қаншалақты танымал?

Адамдар уақытын компьютерге қаншалықты жұмсайды? Адамға компьютердің әсерін оқушылар қалай түсінеді?

Біздің сыныпта зерттеу барысында мынандай жұмыстар өткіздік, содан соң осындай шешімге келдік.

Сыныпта 24 оқушы бармыз,  сыныптастарымның ішінде:

  • 14-і ойын ойнауды өздерінің хоббиі деп санайды.
  •  24-тен 4 сыныптастарым бір жұмада 1 рет ойнайды.
  •   24-тен 7 сыныптастарым анда-санда ойнайды.
  •   24-тен 2 сыныптастарым кем дегенде 1 сағат ойнайды.
  •   24-тен 11 сыныптастарым 2 сағаттан астам ойнайды.

24-тен 19 сыныптастарым жеке компьютерлері бар, қалғандары достарына және туыстарына барады.

24-тен 13 сыныптастарым компьютерлік ойындардан кейін рахаттанады, 4-і шаршайды, 3-нің көзі аурады, 4-і ойыннан кейін ашуланшақ болады.Ал компьютерлік ойындарға келетін болсақ, ер балалардың көбі атыс және жарыс  ойындар ойнайды, қыз балалар үйрету ойындарына жақынырақ. Сыныпта Quest — логиқалық ойындарды 6 пайыз оқушы қолданады. Sport- жарыстар және спорттық ойындармен 33 пайыз оқушылар ойнайды. 3D-skooter — атыс ойындарға 35 пайызы әуестенеді.Үйрету — саяхат, ізденуге ынталандыратын ойындарды 26 пайызы қолданады.Бұдан шығатын нәтиже балалардың көбі атыс және спорт ойындарына жақын екендігі.

k6

Көбі компьютерлік ойындарды бір сағаттан астам ойнайды.

Балалардың көбі компьютерлік ойындар адамдарға жақсы әсер етеді деп ойлайды.

Балалары компьютерлік ойындарға құмар ата-аналар не ойлайды?

Қандай ойындарды ойнайды және не қалайды: түнге ертегі оқу

ма ,әлде ойнай берсін бе?

Сауалнама жүргізген кезде осы сұрақты қойдық. Шыққан нәтиже:

Балалар ойындарды өздері таңдайды, ата-аналар қарсы емес-12 адам.

Ойын сатып алмайды-3 адам.

Көңіл бөле қарайды-6 адам.

«Ойнап жатыр ма? Ойнай берсін!» — 8 адам.

Қарсы-5 адам.

Компьютер оқуға қалай әсер етеді?

  Компьютерлік ойындар балаларға әр түрлі әсер етеді:

егер де, бұл ойындар үйрететін, логикалық ойын дамытатын, зейін, спортқа қызығушылығын арттыратын- дойбы, футбол ойынындағы жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді. Бұдан оқушыларда логикалық ойлау жүйесі жақсы жетіледі. Олар есептің жаңа шығарылуы жолын бірден табады, есептеу техникаларын жақсы меңгереді. «Жарыс», «атыс» ойындарын ойнайтын оқушылар жүйкелері жұқарған, компьютер ойнағаннан кейін көздері ауырады, оқу үлгерімі нашарлайды. Олар мұқиятсыз, ашуланшақ, есептеу кезінде көп қателер жібереді, жай оқиды, кейде сабаққа дайындықсыз келеді немесе үй жұмысын дұрыс орындамайды.

 Сонымен, компьютер дегеніміз-балалар денсаулығы үшін қауіп пе, әлде кәзіргі заманғы дос пен көмекші ме?

Компьютерден бас тарту керек пе? Одан қорқу керек пе? Біз қарапайым ережелерді орындау керек деп ойлаймыз! Жақсы жабдықталған жұмыс орнында және дұрыс таңдалған күн тәртібінен  компьютер қорқынышты құбыжықтан өте пайдалы құралға айналады.

Компьютер қолданатын адамдардың денсаулығына мынадай шағымдар бар: көздің тартуы, бас ауруы, жүйкенің жұқаруы, ұйқының нашарлауы, шаштың түсуі, терінің қызаруы, аллергиялық іш ауруы, көптеген ересектер үшін-жаңа құбылыс.

Компьютермен жұмыс істеген кезінде адамның көзіне белсенді жүктемелеу ,ол экрандағы  суреттерді көреді, мәтінді оқиды, дәлме-дәл мағұлматтарды, символдарды, графиканы, маңызды шешімдер қабылдайды,оның жұмысына байланысты мәселелерді компьютердің алдында отырған адамның жұмыс күнінің ішінде 15-20 рет өзгертілу керек. Экранның жылт-жылт етуі, түстердін үйлесімі көз және ми үшін үлкен қиындық туғызады, көздің бұлдырауына әкеледі, көздін ашуы,көз және маңдай айналасын ауру,көздің  қызаруы.Бұндай ауытқушылықтар компьютерді жақсы көретін адамдарда кездеседі,компьютердің алдында отырған уақытқа байланысты.Әсіресе кішкентай балдардың көздері аурады,өйткені олардың көздерінің бұлшық еттері дұрыс қалыптаспаған.Теледидардың алдында көп отыру, кітапты көп оқу — жас көздерге  көп ықпал тигізеді  .

Компьютермен жұмыс істеген кезде көзге кері әсер ететін себептер:

—           Монитордың  анық еместігі.

—           Түстердің дұрыс күйге келтірілуі.

—           Суреттердің жылт-жылт етуі.

—           Экрандағы жыпылықтаудың болуы.

Сондықтан мониторды дұрыс қалыптастыру керек.

Ұзақ уақыт бойы компьютердің алдында тапжылмай отыру омыртқа ауруына әкеліп соқтырады. Кішкентай балалардың және жасөспірімдердің омыртқалары дұрыс қалыптаспаған, компьютер алдында көп отыру омыртқаның қисаюына себепші болады.

Компьютермен жұмыс кезінде, тышқан мен пернетақта арқылы жұмыстанамыз.Бұл бізді алуан түрлі қозғалыс жасауға мәжбүрлейді. Пернетақтамен  көп жұмыс істеуі кезінде саусақтардың,қолдың ауруына себепші болады.Компьютердің алдында жұмыс істеген кезде әр түрлі дыбыстармен, ультрадыбыстардың адам ағзасына әсері жайлы әлі зерттелініп біткен жоқ.Қазіргі уақытта ультрадыбыстың есте сақтау қабілетіне, оқуға кері әсері бар екені белгілі.Шу құлаққа , миға әсер етеді.Артериялық қысымға, гипертониялық ауру бала кезінен пайда болады. Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудан психологиялық аспектілерге көшеміз. Интернет және оның қызметтері(электрондық пошталар, байланыс бағдарламалары, конференциялар, форумдар т.с.с) адам ағзасына кері әсерін беруі мүмкін.Жүйке жүйесін шамадан тыс жүктеудің соңында неврастия деген ауруға әкеп соғады.

Қараусыз балалардың интернетке  кіру — зиян. Ол үлкендердің балалардың тәртібіне көңіл аудармау.

Интернет – адамдарды әлеуметтік бөлшектеу, жалғыз, депрессияға шалдығуға  апарып соғуы мүмкін. Осындай шешімге зерттеу барысында ғалымдар келген. Зерттеу нәтижесінде интернетке көп уақыт отырған адамдар өз туысқандарымен, дос-жарандарымен қарым-қатынасы азая бастайды. Қиындықтар шынайы өмірде туындаған кезде, адамдармен қарым-қатынас жетіспегенде компьютердің алдынан іздейді.

Тағы да бір мәселе -компьютер  психиканың бүлінуіне әсерін тигізді. Бұндай психикалық бүлінуге біріншіден, интернетке тәуелді болу және компьютерлік ойындарға тәуелді болу. Компьютермен жұмыс істеу кезінде біздің өмірімізде күйзелістер пайда болады. Ол компьютерге тәуелді болуынан пайда болады. Жаңа нәрсені ұмыту қорқынышы, тұрақсыз жұмыс, компьютердің істен шығуына ақпараттың шектен тыс жүктелуі.  Компьютер біздің өмірімізде қарапайым зат. Компьютермен жұмыс істей алмайтын адамдарға таңырқай қарайды. Компьютердің зияны мен пайдасы туралы келіспеушілік көп болады. Ғалымдар компьютердің әсері туралы көптеген зерттеу жүргізуде, балалар ата-аналарымен қарсыласады, ата-аналар мұғалімдермен, т.б. Жауап әлі де жоқ!

Психологтардың келесі берілген дәлелдемелері бізге дұрыс жауап беруге көмектеседі. Жағымдысы.

Компьютерлік ойындар балаларды дамытады:

—        Көңіл аударуды жылдамдатады;

—       саусақтардың қозғалу шапшаңдығы;

—       объектіні визуалды қабылдау;

—       назар және есте сақтау қабілеті ;

—       логикалық ойлау;

—        көздің шапшаң қабылдауы.

Компьютерлік ойындар балаларға үйретеді:

—           қорыту және сараптау;

—           аналитикалық ойлау;

—           өз мақсатына жету;

—           интелектуалдық қабілеттерін дамыту.

Кішкентай кезінен компьютермен жұмыс істей алатын кішкентай бала өзін еркін сезінеді, себебі ол әлемдегі замануи технологияларға қолы жетеді.  Компьютерлік ойындарды ойнағанда бала өзінің сиқырлы әлемінде жүрген секілді сезінеді.

Ертегі кейіпкерлері балаға жарды жөңдеу, пазлдарды дұрыс жинау немесе сандарды ретімен орналастыру, қазынаға жету үшін бала өзіне керектігін сезінеді. Егер тапсырманың соңында балаға «Жарайсың!», «Сен керемет орындадың!» деп айтса, бұл балада қуаныш оятады.

Компьютерлік ойындары ішінде көп қызықтысы, ақылдысы, түгелімен балалардың дамуына және өз білімдерін жетілдіруге көмектеседі.Ал түсінікті, қарапайым, қолдануға оңай, нағыз әртістермен дыбысталған ойындар тамаша мереке секілді. Оқытуға арналған компьютерлік ойындар туралы айтып отырмыз.

Ал онда не жағымсызы бар?

Егер де тәртіпті сақтамаса компьютер достан қас жауға айналады. Жақсысының бәрі шектен шықпау керек. Жақсы керемет ойындардың балаларға пайдасы болса да, керісінше зиянды ойындарда болуы мүмкін.

Компьютердің алдында көп отыра берсе, көздің көруі нашарлап және психологиялық тұрғыда бала виртуалды әлемге тәуелді болады. Тәртіпті сақтайтын жанұяларда ондай мәселе туындамайды.

ҚОРЫТЫНДЫ

Келген ғасыр — ақпараттық технологиялар заманы. Біздерді, балаларды компьютерден аластату қолдан келмейді. Ғалымдардың айтуынша, компьютермен жұмыс істеген баланың қабілеті дамиды, шапшаң шешім қабылдауға және экранда керек емес нәрселер шығып жатқанда, компьютер өшіп қалғанда сасқалақтамай, абдырамай қиын есептерді шығарады, қиындықтан оңай шығады.

Баланың денсаулығын компьютерлік зияндардан қорғауға болады, егер де оны қадағалап отырса,үлкендердің  істейтін қателіктерін қайталамау керек.

Біздің зерттеулердің нәтижелері көрсетеді: компьютердің зиянымен қоса пайдасы бар. Соңғы кезде біз әрдайым компьютердің адам  ағзасына тигізетін зиянды әсері туралы естиміз.

Соңғы зерттеулер  көрсетеді: тек компьютерден ағзаға зиянды ықпал ететіні,  адамның қате орналасуы, демалуы мен жұмысындағы ережелерді сақтамауы. Компьютер мүмкіндіктері әлдеқайда көп. Компьютерлік программалармен мен жұмыс істеу  өте қызықты.

Компьютер программасының негізгі құралдарымен, әртүрлі әрекеттермен таныстым.

Артықшылығы:

—    графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа;

—    жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық;

— көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық                                                                                                                                                             мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі;

Жоғарыда айта кеткендей, әртүрлі әрекеттер көмегімен кез-келген құжаттар жасауға болады.      Компьютермен жұмыс істеу пайдалы, біздің ақпарат іздеу жұмысына зор көмегі бар деген шешімге келдім. Бірақ ол қатаң ережелерді сақтауын талап етеді және санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау керек. Баланың ағзасына әсер етпеу- бұл сәтте маңызды. Біздің мектепте барлық компьютер бөлмелерінде компьютердің қауіпсіздігі туралы ақпараттар бар.

   
Пікірлер10
  1. Германова Домна

    Мақалаңыздың тақырыбы маған қатты ұнады, бұл қазір өте маңызды және қажет, өйткені қазіргі кезде технология өте қарқынды дамып жатыр. Жаңа құрылғылар жасалуда, ескілері жетілдіріліп жатыр, сондықтан көптеген адамдар технологияның дамуы қаншалықты зиян тигізетінін толық түсінбейді. Компьютердің денсаулыққа тигізетін пайдасы мен зияны туралы егжей-тегжейлі баяндайтын мақалаңыз үшін көп рахмет.

  2. Шолпан

    қазіргі кезде шаруамыздың жартысын осы компьютермен бітіріп отырмыз.

  3. Мейримхан

    Әрине таяқтың екі ұшы бар, бірақ бұл заманда компьютерсіз жұмыс бітпейді

  4. Оралова Айшагүл Болатбекқызы

    Мақала көңілімнен шықты Шығармашылық табыс тілеймін.

  5. Акнур

    Макала жаксы жазылган. Казирги кезде бари компьютермен жумыс болгандыктан зиянды жагы да бар,дегенимен акпараттын сонында калмас ушин колдануга тура келеди

  6. Лаззат Копжасарова Сеиловна

    Мақала құнды деп бағалаймын.Компьютер туралы мағлұматтар алдым.Мен білмейтін ақпараттар бар екен.

  7. гульнур

    Өте жақсы мақала
    Слайдды қалай көшіріп алсам болады

  8. мадина

    маган макала унады қазіргі замандағы ең өзекті мәселе

  9. Totik

    Өте жақсы жазылған. Бірақ ары қарай жұмыс жасау қажет себебі толық емес

  10. Назерке

    Өте жақсы мақала именно мен іздеп отыр едим

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ