Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі

Бекітемін:         Оқу ісінің меңгерушісі

Сабақтың тақырыбы:  Графикалық режимде мәтін жазу тәсілі

Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінде графиктік  режимде мәтін жазу тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылығы: оқушылардың графиктік режимде мәтін жазу процедураларын бағдарлама құруда қолдануын, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелігі: Оқушыларды жүйелі ойлауға,  компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

isbkСабақтың түрі:               аралас сабақ

Сабақтың әдісі:               практикалық элементтері бар, түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі:  Турбо Паскаль бағдарламалау жүйесі,

Интерактивті тақта

Сабақтың пән аралық байланысы: физика , өмірмен байланыс

                                Сабақтың жүру барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі. Сергіту сәті — Оқушыларға алдын – ала стикерлер таратылады. Сол стикер түсі бойынша топқа бөлінеді. Оқушыларды топқа бөлу.

Оқушыларға бағалау парағы таратылып беріледі. Әр кезең бойынша өздері дұрыс жауапқа 1 ұпайдан  қойып отырады. Жалпы ұпай санымен баға қойылады.

Бағалау парағы

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

isbk2015

1 кезең –  (бағдарламалар бөлімі)  Үйге берілген тапсырмалардың нәтижесін экраннан көрсету.

isbk2016

ІІІ.Жаңа материалды меңгерту.

Графикалық режимде құрылған геометриялық  фигураларға түсінік беруде мәтін жазу процедуралары қолданылады.

Outtext( Text: Sting); — берілген позициядан бастап мәтін енгізетін процедура.

Outtextxy (x,y: integer;  Text: Sting); — х,у координаталарынан бастап мәтін енгізетін процедура.

SetTextStyle  ( Font: word; Direction:word; CharSise:word); — берілген мәтіннің стилін орнатады. Мұндағы  Font – қаріп нөмірі, Direction- шығарылатын қаріптің бағытын, CharSise – шығарылатын символдың өлшемін көрсетеді.

SetUserCharSize (MultX, DivX, MultY, DivY: word); — символдардың өлшемін – енін және биіктігін өзгерту үшін пайдаланылады. MultX, DivX – символдар өлшемін көлденең,  MultY, DivY – символдар өлшемін тігінен өзгертеді.

Қаріп жазу мүмкіндіктері

isbk2017

Мысалы: Төртбұрыш ішінде мәтін жазу

Program Text;

Uses Graph, Crt ;

Var d, m: integer;

Begin

d: =detect;

Initgraph (d, m, ‘ C:\Bp\Bgi ’);

     Rectangle (100,100,400,400);   setcolor (3);

OuttextXY(150,150, ‘ COMPUTER ’);

Settextstyle (4, 1, 3);   Setcolor (4);

OuttextXY(150,180, ‘ COMPUTER ’);

Settextstyle (3, 1, 1);   setcolor (4);

Readln;

Closegraph;

end.

  1. Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар:

1.Деңгейлік тапсырмалар:  3 топқа жеке тапсырмалар. Постер құру.

№1 тапсырма

Экранға төртбұрыш салып, ағылшын тілінде « Қазақстан,  Астана »  мәтінін  шығаратын бағдарлама құрыңдар.

Program E_1;

Uses Graph, Crt;

Var d, m: integer;

Begin

d: =detect;

initgraph (d, m,  ‘C:\Bp\Bgi  ’);

     Rectangle (100,100,400,400);   setcolor(3);

OuttextXY (200,250, ‘Kazakstan , Аstana’);

Settextstyle (4, 1, 0);   Setcolor (4);

readln;

closegraph;

end.

№2 тапсырма

Экранға екі төртбұрыш салып, ішіне физиканың  әртүрлі формуласын жазыңдар.

Program text;

Uses Graph, Crt ;

Var d, m: integer;

Begin

d:=detect;

initgraph (d, m,  ‘C:\Bp\Bgi ’);

    Rectangle (100,100,200,200);   setcolor (3);

OuttextXY(150,150, ‘ S=V*t ’);

Settextstyle (4, 1, 3);   Setcolor (4);

Rectangle (300,300,400,400);   setcolor (3);

OuttextXY(350,350, ‘ F=m*g ’);

Settextstyle (4, 1, 3);   setcolor (4);

readln;

closegraph; end.

 

№3 тапсырма

Экранға конфет салып, сыртына «РАХАТ» деп мәтін енгізу керек.

Program  E_4;

Uses Graph, Crt;

Var d, m: integer;

Begin

d: =detect;

initgraph (d, m,  ‘C:\Bp\Bgi ’);

Rectangle (240,180,440,300);     Setcolor (4);

Line (140,140,240,240);

Line (240,240,140,320);

Line (140,320,140,140);

Line (520,140,440,240);

Line (440,240,520,320);

Line (520,320,520,140);

OuttextXY(280,220, ‘ PAXAT ’);

Settextstyle (4, 1, 3);   setcolor (4);

readln;

closegraph;

end.

  1. «Білгенге — маржан». Мына бағдарлама үзінділерінен экранда қандай нәтиже көрінеді?
  2. begin 2. begin

For i:=10 to 100 do                                Window (100,100,400,400);setcolor(3);

X:=random (640);                                  Outteхt (150,150, ‘Информатика’);

Y:=random (350);                                  Settextstyle (4, 1,  3); setcolor(15);

PutPixel(x, y, 4);                                  end;

end;

  1. begin 4. begin

Rectangle (200,200,500,500);   setcolor(4);                For i:=1 to 10 do

Outteхt (150,150, ‘Технология’);                               X:=random (640);

Settextstyle (4, 1, 3);   setcolor(15);                               Y:=random (350);

Setcolor (random(15));

end ;                                                                                    circle(x, y, 50);

end;

  1. Сауалнама

4.Қорытындылау.  «Windows» сөзжұмбағы

isbk2018

1.Терезе салуға арналған процедура

2.Шеңбер салуға арналған процедура

3.Түзу сызық салу процедурасы

4.Геометриялық фигураларды кез келген жағдайда бейнелеу процедурасы

5.Мәтін жазу процедурасы

6.Шығару операторы

7.Түсті беру процедурасы

5.Сын тұрғысынан ойлау.  Кері байланыс- Рефлекциялық сұрақтар

                                                 «Не білдім?» «Не ұнаттым?»

                                                  Стикерлерге жазып қалдыру

  1. Үйге тапсырма: 7.5 тақырып оқуға;

№5 тапсырма: Экранға әртүлі фигуралар салып, ішіне фигура аты жазылатын бағдарлама құру керек.

  1. Оқушыларды бағалау.

Жауап парағы бойынша

isbk2019

   
Пікірлер8
  1. Шолпан

    Материал өте тиянқты жазылған.

  2. Аяулым

    САламатсыз ба! Жұмысыңыз тамаша екен. үлкен рахмет Сізге.
    Сабенова Балжан, алдын-ала Сізге жұмысыңызға табыстар тілеймін. Сабағыңыз өте керемет.

  3. Ербол

    Оқушыларды жүйелі ойлауға және компютерлік сауаттылыққа тәрбиелейді.. сабақ жақсы, кең көлемде жазылған.

  4. Азима

    материял өте жақсы тағайындалған,арі түсінікті оқушылардың өз бетімен графикалық редактор арқылы жұмыс жасай алуына үлкен септігін тигізді.

  5. Меруерт

    САламатсыз ба! Жұмысыңыз тамаша екен. үлкен рахмет Сізге. Сізге өтінішмі бар еді маған Символдық және жолдық шамаларға ашық сабақ өтсеңіз және Жолдық шамалармен жұмыс сабағынан және Жиымдар сабағынан Ашық сабақ өтсеңіз немесе бар болса маған электронды поштама жібересізбе? Сізден өтініш. Сіздің сабағыңыз анық нақты өтілген екен ше.

  6. Қарлығаш

    Әрине, қажырлы еңбек екені байқалады, алайда, әріптесім жазып өткендей, сабақта көп тапсырмаларды орындатқансыз, 45 минутта оқушылармен қоса өзіңіз де компьютерде теріп, оны тексеріп, қатесін жөндеп үлгердіңіз бе, расымен таңқаларлық дүние, дегенмен, жұмысыңызға табыс тілеймін

  7. Сыздиков Давлатжан

    Сабенова Балжан, алдын-ала Сізге жұмысыңызға табыстар тілеймін.
    Сабағыңыз өте керемет. Бір сұрақ, сабақта көп бағдарламалар орындатқансыз, 45 минутта оқушылар осы бағдарламаларды компьютерде теріп, оны тексеріп, қатесін жөндеп, оны Сіз тексеріп үлгердіңіз бе?
    Қалай үлгердіңіз таң қалам…
    (Мәтінде CharSise деген сөздер бар, ол CharSize болу керек деп ойлаймын)

  8. перизат

    жаксы материал екен сизге рахмет

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ