Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Гинекология

 

Эндометриоз емі


Эндометриоз миомасы сияқты гормонға бағынышты аурулар тобына жатады. Сондықтан бұл екі ауруды бір-бірінен ажырату мақсатында дифференциальды анықтау жұргізеді. Эндометриоз тек қана жатырда емес, басқа мүшелерде де дамуы мүмкін. Эндомериоз-эндометрийдің гетеротопиясы, жатыр қуысынан тыс жерлерде құрылысы мен қызметі жағынан жатырдың ішкі қабатына ұқсайтын ұйықтар пайда болады.

Эндометриоз орналасуына қарай генитальды /ішкі және сыртқы/ және экстрагенитальды /жыныс мүшесінен тыс түрі/ болып бөлінеді. Ішкі эндометриозде /аденомиоз/ ұйықтар жатырдың бұлшық ет қабатында орналасады, ал ұйықтар жатыр түтікшесінде, аналық безде, жамбас пердесіне, қынап пен көтеншек арасындағы пердеде, орналасса, оны сыртқы эндометриоз деп атайды.

Экстрагенитальды орналасуына эндометриоздың операциядан кейінгі тыртықтар да, ішектерде, қуықта, көз коньюнктивасында болуы жатады. Эндометриоздың ошақтары өте ұқсас, өз алдына жеке орналасқан, ұя тәрізді, эндометрийге ұқсас келетін тінмен қапталған, іші қоңыр түсті сұйыққа толы /түрі өзгерген қан/. Эндометриоздың айырма ерекшеліктеріне бұл ұйықтардың циклді өзгеруі, жатырдың шырышты қабатының синхронды циклді өзгеруі жатады.

Эндометриозды ұйығы бар жатыр қабырғасының қалыңдап өсуіне байланысты көлемі жағынан үлкейеді, бұл үлкею циклді түрде өтеді, етеккір келер алдында үлкейіп, еттеккір аяқталысымен сәл кішірейеді.Эндометриоздың аналық безде орналасуында жеке ұялар қосылып, іші қоңыр түсті сұйыққа толы кистозды қуыстар жасайды.

Жеке кисталардың да жарылуы мүмкін, ішіндегі сұйық іш қуысына төгіледі. Осының салдарынан аналық без, жатыр түтікшелері, жатыр, ішектер, іш майы араларында кең көлемді жабысқан жерлер пайда болады, солармен бірнеше мүшелерді біріктіріп қосатын кангломераттар дамиды. Жатыр мойнының эндометриозы айнамен қарағанда көгілдір түсті көз сияқтанып көрінеді, анда-санда онан /етеккір алдында және онан кейін/ қоңыр қан бөлінеді.

Клиникалық суреттемесі. Эндометриоз циклді түрде өтеді.Науқастың ең негізгі шағымы-ауру белгісі және қан кету. Ауру белгісі етеккір алдында пайда болады, етеккір бітісімен жоғалады. Қан кету етеккір алды және етеккірден кейінгі кезеңдерде гиперполименорея және мардымсыз жұғып келетін бөлінді ретінде болады.

Обьективтік белгілерден жатыр мойнындағы көз белгісінің дарлығы, циклді түрдегі үлкейген жатыр, жатыр қосалқысы тұсындағы не жатыр мойнының артындағы қаттылау, созылғыш келген кангломерат анықталынады. Эндометриоздың көтеншекке не қуыққа өсуінде кіші дәрет пен нәжісте қан көрінеді, ол етеккірдің келу мерзіміне сәйкес келеді.

Анықтау жолдары. Эндометриоз диагнозы анамнез кезінде анықталынатын аталған белгілер мен обьективтік тексеру негізінде қойылады.Көп жағдайда эндометриоз жатыр миомасымен, аналық без қызметінің бұзылуымен, эндометрий полипозымен қосылып дамиды.

Қосымша зерттеу тәсілдерінен кольпоскопия, жатыр мойнының биопсиясы, гистеросальпингография, гистероскопия қолданылады. Жатыр түсірімінде, оның іш қуысының артында көлеңке көрінеді, контрасты зат жатыр қуысымен жалғасатын ұяларды толтырады.

Жатыр қабырғасының жолдарында гистероскопия кезінде қоңыр қан көрінеді. Осы 2 зерттеу әдістерімен қатар жатырдың зондтау арқылы субмукозды миоманың бар не жоқ екендігін білу керек, өйткені оны эндометриоздың ішкі түрінен айыру керек. Аналық без және жатыр түтікшесінің эндометриозын аналық бездің ісігінен лапароскопия көмегімен дифференциальдық айырма жасау керек.

Ациклді қан кетуде эндометриоздың орналасуына қарамастан, онан эндометрий рагын айыру мақсатында жекеленген диагностикалық қыру жасалуы тиіс. Кіші дәрет пен нәжіс арқылы қанның бөлінуінде, ісікті теріске шығару үшін, ішекті және қуықты тексеру қажет /ректороманоскопия және цитоскопия/.

Емі.Консервативті және хирургиялық ем жасалады. Әдістерді таңдау аурудың клиникалық белгілеріне, науқастың жасы мен қосымша ауруларына сүйене отырып, іске асырылады. Көп жағдайда консервативті ем қолдау табады.Ол симптомды /жансыздандыру, қан тоқтату дәрілерін жасау/ және гормонды емнен тұрады.

Гормонды препараттардан синтетикалық прогестиндер /ноповлон, бисекурин/ таза гестагендер /норколут, оксипрогестерон капронат/ қолданылады. Хирургиялық ем: аналық без ісігін теріске шығара алмау, гормонды емнің тиімсіздігінде не ол жақпаған жағдайда, эндометриоз жатыр миомасымен бір дамыған жағдайда көрсетіледі.

Операциялық шаралар: аналық бездің резекциясы немесе жатыр қосалқысын алып тастау, жатыр экстирпациясын жасаудан тұрады. Жасалатын операцияның көлемі эндометриоздың таралуына, науқастың жасына, әйел жыныс жүйесінің басқа бөліктерінің жағдайына байланысты болады.Радикалды емес операциядан кейін /жас кезде/ сіңіру емімен/ лидаза, шыны тәрізді заттарды егу/ қатар гормонды және физикалық ем дәрілік электрофорез/ жасалады.

Аналық бездің ісіктері, клиникалық суреттемесі және оның алдын-алу.

Жатыр миомасы қандай ауру оны емдеу жолдары.

Қан кетудің көбеюі және етеккірдің ұзаққа созылуы.

Фолликулярлы киста анықтау жолдары және емі.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Әйел аурулары жыныс мүшесінің ісік алдындағы аурулары
  • Қынаптың қабыну аурулары
  • Соз ауруының алдын-алу
  • Нейроэндокринді синдромдар
  • Медициналық деонтология

Пікірлер 2 Пікір қосу

  • Айна 12.09.2021 күні 21:29 уақытында

    Менде де етеккір тоқтамай жатыр 14күн болды?не істесем болады ?узиге түсу керек деп отырмын

    Жауап беру
  • Турсынай 01.07.2019 күні 00:13 уақытында

    Менин киндиктен томенги жагым ауырсынуы,жыныстык катынаска тускенде ауысынуы жане жыныстык катынаста косылганда коптеген силекейли выделение болинуыне,ишимнин кандайда бир суык су ишкен немесе женил киынсем ишимнин томенги боликтеринин барлыгы ауырсынады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.