Әлішер олардың топтарына жаңадан келген. Алғашқы күндерді ол ертеңгісін, әсіресе анасымен келгенде, еркелеп, қыңырлық көрсететін.
Бірақ бүгін оның көңіл күйі жақсы, себебі ол балабақшаға үйренісіп қалды және жаңа достармен кездесуді асыға күтетін болды. Сонымен бірге Әлішерге балабақшадағы үлкен ағаш конструктор өте ұнады. Ол қазірден бастап қандай үй салатынын және үйінен ала шыққан машинасына қандай гараж жасайтынын көз алдына елестетіп келеді.
Міне, бұрылыстан балалармен балабақшаға кіріп бара жатқан ата-аналар да көрінді. Үлкендердің көбі балабақшаға балаларын тастап, ғимараттан тездете шығып қақпаға қарай жүгіре басып барады.
Иә, әрине, Айшаның анасына да үнемі жұмысқа асығуына тура келеді, бірақ ол өзі де ерте тұрып және қызын да ерте оятуды әдетке айналдырған. Сонда ғана оның балабақшаға асықпай баруына және жолда кішкентай қызымен жайлап әңгімелесуіне мүмкіндігі болады.
Сүйіспеншілікке толы жүрек
Айша мен Әлішер асығып, топтарындағы киім шешінетін бөлмеге үлкендерден бұрын кірді. Балалар өздерінің есімдері жазылып, суреттері ілініп тұрған шкафтарына жақындады. Кеше ғана осы шкафтарды орналастыруда ата-аналар балаларымен бірлесе отырып өздеріне ұнайтын суреттерін таңдап ілген және тәрбиешілермен ақылдаса отырып әр баланың өзінің шешінетін орнын бірден тауып алуына ыңғайлы боларлықтай талғаммен безендірген болатын.
Міне, сүйікті Сәуле апайлары. Жұма күні кеткен Айша бір ай көрмегендей бірден тәрбиешінің мойнына асылды.
Ал, әлі бала болса да өзін ержеткен жігіт санайтын Әлішер нағыз жігіттерге тән ұстамдылық қалыпта тұр. Бірақ Сәуле апай өзгелерге байқатпай Әлішерге де жылы сөздерін айтып, анасы сияқты мейірлене басынан сипады.
Үлкендер бір-біріне көз тастады. Олар өздерінің тәрбиешілерінің балаларға деген осыншама сүйіспеншілігі мен мейірімінің шексіздігіне таң қалды.
Алда қызықты күн!
Жарық әрі кең ойын бөлмесінде Айша мен Әлішерді кішкентай достары қуана қарсы алды. Олар көңілді, шулы балабақша өміріне бірден кірісіп кетті.
Біреулері суретті кітапшаларды көруде, кейбіреулері қуыршақпен, машинамен ойнауда. Ал бір топ ұл балалар құрылыс бұрышына барып, бүгін де өздерінің машиналарына гараж тұрғызуды ойластыруда. Өйткені тек Әлішер ғана емес, оның достары да жаңа машинасын көрсетуге әкелді.
Қыздар да үйлерінен өздерінің сүйікті ойыншықтарын әкеліп, дос-құрбыларымен ойнағанды ұнатады…
Алда қызықты күн!
БАЛАБАҚША
Мамаңа еріп келдің сен, Себебі ме, себебі,
Папаңа еріп келдің сен. Себебі ме, себебі.
Қаладағы ең жақсы үй, Барлық мама келеді,
Балабақша мен білсем. Барлық папа келеді.
Е.Ашықбаев
Балабақшада қызмет етсен ешкашан қартаймайсын. балалардың бақытты жүзін көріп баладай мәз боласын.
Балабакшанын оте кызыкты екенин , балабакша манин жаксы тусиндирген макала. Ата-аналарга , тарбиешилерге балабакша туралы жаксы жол корсететин макала екен
Балаларга кызыкты ьолары сөзсіз.ьалабақшаның мәнін және кызык екенін түсіндіреді.және әр бала өзін елестетіп отырады деген ойдамын
менің тарағым, менің орамалым деген сөздерді әдемілеп балаларға қызықтыратындай суреттер барма?
жақсы
сайтқа қосылғым келеді
Тіркелу формасы сайттың төменгі оң жақ бөлігінде
калай жазып алуга болады мыналарды
Ең алдымен сайтқа тіркеліңіз!