Тарих және дінтану пәнінің мұғалімі: Есимова Бахыткүл Керімчеқызы
( үшінші деңгейлік курсты оқып келгеннен кейінгі, алғашқы іс- тәжірибемнен үзінді)
Жұлдыздай жарқыраған жеті модуль (эссе).
Күз айы. Қазақтың ұлы ақындары жырлағандай қоңыр мамыражай күз келді.
Күз айы білім күні, ұстаздар күні. Ұстаздың қарбалас еңбек күндері басталып та кетті. Білім күні, мектепте жылдағыдай алғашқы тәрбие сабағы .Мұғалімдердің алғаш мектеп табалдырығын аттаған шәкірттердей албұртып, шәкірттерін көз алдарына елестеттіп, қобалжуға түсетін кездері.Менің сыныбым биыл онбірінші сынып.Осы сыныпқа бесінші сыныптан бастап сынып жетекшісімін,тарих пәнінен сабақ беремін. Бірінші қыркүйек айындағы тәрбие сабағының тақырыбы:«Қазақстан — 2050» Стратегиясы: Бір-халық, бір- ел ,бір – тағдыр деп аталады екен. Ертеңгі сабақты қалай өткізсем болады? Тараз қаласынан оқып келген үшінші (негізгі )деңгей үш айлық оқу барысында оқыған мұғалімдерге білім нәрімен сусындатып, білімге бағыт- бағдар берген тренерлер Ж. Ж.Ізбасарқызы мен Қ.С.Бақтыбаеваның дәріс берген кезеңдері көз алдыма келді. Тақырыпқа сәйкес қиынды суреттерді, маркер,форматтарды дайындап, сабаққа жоспар құрдым.Бұл тақырып менің оқушыларыма тарих пәні арқылы таныс.Бір- ақ оқушыларыммен алғаш рет жаңа әдіс- тәсілдермен,жеті модульдің элементтерін кіріктіріп өткізу мен үшін алғаш рет.Оқып жүрген кезімде бір айлық тәжірибе кезеңінде басқа сыныппен жұмыс жүргізілген еді.
Бірінші қыркүйектің алғашқы сабағы басталып та кетті. Тақырыпқа байланысты түсінік берілгеннен соң,оқушылардың іс- әрекеттеріне қызыға қарап,бақылап тұрдым. Мендегі мазалаған ойлар: « оқушыларда тақырыпқа сәйкес қолдарында оқулық жоқ.(сынып сағаты)Тақырыпты меңгере ала ма? Меңгерген жағдайда жұмысын қорғай ала ма? Тақырыпқа сәйкес өз ойларын жеткізе ала ма? Тақырыпқа сәйкес материалдарды (қиынды суреттер) тиісті жолмен игере ала ма? тақырыпты игере алса ойларын қалай жеткізе алады?» Сабақ басталып та кетті. Барлығы алдарындағы суреттерге,тақтадағы сабақ тақырыбына ойлана қарап диалогтік қарым- қатнасқа түсіп, жарыса жұмыс жасауда.Сыныпта жиырма бес оқушы бес топқа бөлінген еді. Топтардың арасында бақылап жүріп, сабақтың қызықты игеріп, өтіп жатқанын байқап, іштей өзім қуандым. Әр топтан жасаған жұмыстарына өздері есеп бергендей сөйлеп отырды:«Тәтей! бұл тақырып бізге таныс,басқа ұлттардың Қазақстанға қоныс аударып келген себептері т.б., Ұлттар достастығы, т.б Қазақстанның дамуы т.б.» Кешеден бері қобалжығаным басылғандай болды. Сабақ сәтті өтті. Оқушыларымның өздері қуанып:« Тіпті қызық болды …» деп пікірлерін өзара бөлісіп жатты.
Күз айының екінші айы да бітіп қалды. Мен сабақ жүргізетін сыныптар ( 5-2,6-1, 8-1, 11-1) жеті модульді кіріктіріп өткізетін әдістер ғана емес, сабақ басталарда топқа бөлуге де олар үйреніп қалды. Кейде өзім оқушылардың қияалдарына таң қалып, сүйсінемін.Топқа бөлуді оқушылардың өздеріне ойластырып келуді тапсырдым.(сыни ойлауға бағыттау) Бірде мынандай жағдай болды.Алтыншы сыныпта тарих сабағы. Сыныпқа кіріп, амандасқан соң оқушыларыма «Топқа бөлуді ойластырып келдің дер ме?» деп топқа бөлінулерін сұрандым.Барлық оқушылар тақта алдына келді де, Жазира есімді қыз қолына жұмған қағаздарды«Шашу»деп шашып жіберді. Тойда тәттіге таласқан балалардай апыр- топыр болды да кетті. Өзім не істерімді білмей «Балалар, асықпаңдар бәріңе жетеді» деумен болдым. Бір- бір қиық қағазға жазылған сөздерді айтып « Палеолит қайда,мезолит қайда,неолит қайда, тарихшылар қайда »деп шулап,сеңдей соғылып, сыныпты бастарына көтерді.Бір -бірін тауып болған соң орындарына отырды.Мен Жазираның ойлап тақан әрекетіне таң қалдым,сол кездер де осы тақырыптарды өтіп жатқанбыз «Жазира сенің топқа бөлгендегі ойың өте тамаша.Бірақ неге парталарға топтың аттарын жазып қоймадың? Жаңа байқадың ба? оқушылар сеңдей соғылып,әрең орындарын тапты.Барлығыңа айтарым келісі жолы топ аттарын жазуды ұмытып кетпеңдер және топқа бөлуде бір- біріне ұқсамайтын болсын » деп күлдім. Бұл кезеңде оқушыларға әрі сергіту сәтіндегідей сергіп қалса, мен де күліп бір жасарып қалдым.
Қызыққа толы күндер тарқатылған жіптей өтіп жатыр.Әр сабақта қолданып жүрген Джигсо, алты қалпақ,автор орындығы рафт,АТК т.б жаңа әдіс -тәсілдер оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыруда.Бірде алтыншы сыныптағы оқушым Мейірбек(С) деңгейіндегі оқушым«Тәтей! топты асықпен бөлсек қайтеді? Менде асық көп,әрі түрлі -түсті бояумен боялған»деген ой айтты.(мұғалім оқушы пікірімен санасу керек) Мен ойланып қалдым да,«Неге бөлмеске! болады. Себебі бұл біздің ұлттық ойынымыз» дедім де өзім ойланып қалдым.
Мейірбек ертеңінде екі түрге боялған асықтардың оншақтысын алып келіпті.Сыныпта жиырма екі оқушы бар.«Мейірбек бізге бұл асық аздық етеді.Тағы жиналса топқа бөлуге пайдалансақ болады»дедім.Жан- жақтан ұл балалар асық әкелеміз «Әттең асығымды сатып жіберген едім, бұлай болғанын білгенде менде әкелер едім » деген балалық таза көңілдерін айтып жатты. Маған тарих пәнінде «Хан талапай» деген ұлттық ойындармен бөлсе де болады деген ой келді.Себебі ұлттық ойындар,салт- дәстүрлерді тарих пәнінде жоғарғы сыныптарда өтеміз және сабақ алдындағы сергіту сәттеріне қажетті ұлттық құндылықтарымыз.
Маған келген ой үш айлық деңгейлі оқудағы жаңа әдіс- тәсілдермен өзіміздің тарихи ұлттық ойындарымызды кіріктіріп,байланыстырып өткізсе баланың ойы да ұшқыр болар еді.
Қиындығы мен қызығы көп ұстаздық кезеңдерім, оқушылардың өздерінің ізденімпаздығымен күндерімнің қалай өтіп бара жатқаны байқалмай өтіп жатты.
Бірде тағы да мені балалардың сыни ойлауы таң қалдырды. Ол сегізінші сынып оқушысы Альфия сусындардың қақпағын жинап,қызыл,көк,сары,жасыл түстермен оқушыларды топқа бөлгені. Әр партаға түстерді жазып қойған. Он бірінші сыныпта Нұрбол қадімгі әскери адамдардай оқушыларға санатып, бөлді. Сол кездегі тақырып, екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Италия.Ол бірден тақырыпқа сәйкес әскери түде бөліп тұр.Оның іс- әрекетінен келесі сабақты алдын ала зерттегені көрініп тұрған еді.(сабақ барысында оқушы ойымен санасу және оқушының фантазиясын бағалау)
Менің осы кезге дейін байқағаным үшінші(негізгі) деңгей бағдарламасындағы оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау сабақ барысында көрініс береді екен. Он бірінші сыныпта ҰБТ-ға дайындық нәтижесі алғашқы дайындық сынағында жақсы көрсеткіш берді.Ол осы үш айлық деңгейлі оқудың нәтижесі деп білемін. Бала өз ойын ашық айтып, сыни ойлау көзқарастары қалыптасып,сөз қорлары артатынына өзімнің іс- тәжірбиемде байқадым. Бұл менің алғашқы тәжірбием. Алда менің шәкірттерім озық ойлы ,білімді Қазақстан азаматтары болатынына сенемін. Бір ғана бізді қынжылтатыны, біздің шабыттанып жұмыс жасауға кедергі келтіретін мәселелер бар.Ол тек менің ғана басымда бар деп ойламаймын.Барлық ауылды жерлердегі мектептердің сынып бөлмелері жаңа технологияға сәйкес еместігі. Қазаққа тән мінезбен «Барына базармыз» дегендей өзімізге- өзіміз жағдай жасап, маркермен жұмыс жасайтын тақта т.б. сатып алудамыз.
Заман талабына сәйкес шәкірттерімнің ойы ұшқыр болып тұрса, менің еңбегім өтелді деп қуанамын. Бірінші оқу жылының алғашқы тоқсаны да тақалып қалды.Алда ұзын шапанын сүйретіп ақ сақалды қыс келеді. Өлеңде айтқандай «Жыл мезгілінің жаманы жоқ…» дегендей шәкірттермен жүрген әр күнім жаз мезгіліндей өтіп барады. Кеш батып бара жатыр.Өз ойымды жазып жатып,ертеңгі жұмыс күнінде мені қандай қызық сабақтар күтіп тұр деген ой келеді.Арайлап батқан күнмен таласып жазған, осы ойымды Сіздермен бөліскім келді.
Сіздерге де, менің оқушыларымдай шәкірттер тілеймін! Еңбектеріңіз жеті модульдей және «жеті қарақшы жұлдызындай» жұлдыз болып жарқырасын!
2013-2014 оқу жылы
Үшінші деңгейлік курстан кейінгі, алғашқы іс- тәжірибесімен бөлісе отырып, қайтсе оқу мен оқытуды жетілдіруге болады? Өзгеріс ендіруде жеті модульдің ерекшеліктері мен тиімділігін дұрыс қолдана алған.