Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Әр түрлі

 

«Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» апталығы


2013 жылдың 16 – 21 қыркүйегі аралығында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, Қазақстан халықтарының тілдері мәртебесін көтеру мақсатында Қармақшы ауданы, Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінде 5 – 11 сыныптар аралығында «Тіл – халық қазынасы, ұлт шежіресі» тақырыбында тілдер апталығы болып өтті.

Тілдер апталығында бірнеше іс – шаралар ұйымдастырылды. 16 қыркүйек күні тілдер апталығының ашылу салтанаты болды. Апталықты қазақ тілі пән бірлестігінің жетекшісі Сәуле Көзбергенова құттықтау сөзімен ашып, апталықтың іс – шара жоспарымен таныстырды. 8 «А» сыныбы «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбында әдеби – әуезді монтаж қойса, барлық сыныптарда ашық тәрбие сағаттары жүргізілді.

Тілдер апталығының өтілуі барысында 5 – 11 сыныптар арасында қабырға газетінің конкурсы, шығарма жазу конкурсы, мүшәйра, мәнерлеп оқу, сахналық қойылым жарыстары өткізілді. Қабырға газетінің конкурсында 8 «Ә» сыныбы, мәнерлеп оқу жарысында 9 «А» сыныбы, сахналық қойылымда 9 «Ә» сыныбы оқушылары алға шықса, мүшәйрада 8 «А» сынып оқушысы Бұқарбай Бегімнің «Тілім – тірегім» өлеңі Бас жүлдені иеленді.

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қаракөз Садықова дайындаған 8 «Ә» сыныбы қазақ тіліндегі мақал – мәтелдерді ағылшын тіліндегі аудармаларымен айтып оқушылардың қызығушылығын арттырса, орыс тілі пәні мұғалімі Айгүл Жаналиева дайындаған «Игра, игра» ойыны оқушылардың информатика бойынша білімін орыс тілінде тексеруге мүмкіндік жасады.

5 – 7 сынып оқушылар арасында өткізілген «Әдебиет көшбасшысы» танымдық ойынында 7 «б» сынып оқушысы Маратова Гүлнұр жеңімпаз атанса, 8 – 11 сынып оқушылары арасында өткізілген «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды білім сайысында 10 «Ә» сынып оқушысы Жайшылық Назерке топ жарса, 8 «А» сынып оқушылары Нұрибекова Жадыра мен Бердіқұлов Бақбергендер ерекше ойынымен көзге түсті.

Тілдер апталығының жабылуы және жеңімпаздарды марапаттау кезеңі 21 қыркүйек күні өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша 8 «Ә» сыныбы Бас жүлде, 8 «А» сыныбы І орын, 9 «Ә» сыныбы ІІ орын, 7 «Б» сыныбы ІІІ орын иеленіп, жеңімпаз сыныптар мен оқушылар мақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды.

«Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде.

Әрбір тіл өз халқы үшін – ұлы», – деп Шыңғыс Айтматов айтқандай, тіл – халқымыздың қазынасы, сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын десек, туған тілімізді көздің қарашығындай сақтайық, ағайын!

Жақсы істер жалғасын таба береді.

Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебінің мұғалімі

Светлана Мыңжасарова

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • ЖҰЛДЫЗЫҢ БИІКТЕН ЖАНҒАЙ
  • Жылдық есеп
  • ТҰЛҒАҢДЫ АРМАНЫМА ҰҚСАТҚАНМЫН
  • Жарқын болашаққа қадамды бірге бастайық
  • Жұлдыздай жарқыраған жеті модуль (эссе).

Пікірлер 3 Пікір қосу

  • Айгерим 06.09.2021 күні 22:47 уақытында

    Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте дейді. Тіліміздің тұғыры биік болдын! Тіл жойыла халық жойылады.

    Жауап беру
  • Кундызай 08.08.2021 күні 15:11 уақытында

    Тілімізді әрқашан құрметтеп, сыйлап өтейік

    Жауап беру
  • Беспаева Айнаш 21.02.2021 күні 14:31 уақытында

    Тіл туралы мағлұмат жақсы берілген. Бәрі түсінікті жазылған. Өз тілімізді әрқашан да қадірлеуіміз керек.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.