Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Мерекелер

 

Менің Отаным – Қазақстан


Отан сөзінің құдіреттілігі де сонда. «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол — тәуелсіз Қазақстан» деп Елбасымыздың өзі өте үлкен тебіреніспен айтқан.

Отан десе менің көз алдыма Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан ұлан-байтақ қазақ даласы елестейді. Сол далада қазақы жылқының құлағынан ұстап шауып келе жатқандай болам. Кеудем толқып, жүрегім үлкен тебіреніске түседі. Өзімді бақытты ұрпақ қатарына жатқызам. Себебі, менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан. Иә, осы құдіретті сөздің соңында қаншама қазақтың ұлы құрбан болды. Қаншама қазақ анасы көз жасын төкті. Кешегі өткен бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап бізге аманаттап кеткен кең байтақ далам бар. Ал бұл дала қойнауы қазақ баласының бақытына жазылған құтты мекен.Өз Отанымның кез-келген жетістігімен, кез-келген сұлулығымен мақтана алатыныма қуанамын.

Қазақстан дүниежүзі бойынша жер көлемі жөнінен тоғызыншы орында тұр. Осыншама сайын даланы қорғағанда, біз далада қалмасын, кейбір ұлт өкілдеріндей қазақтың жер бетінен жойылып кетпеу үшін қаншама ерен еңбек жасады бабаларымыз. Дүниежүзінде 250-ге жуық ел бар. Бірақ, олардың барлығы дерлік тәуелсіздікке қол жеткізген емес. Олардың арасында автономиялық мемлекеттер бар, тіпті автономия ала алмай жүргендері қаншама? Олардың жанында біз өте бақытты ұлтпыз.

отан жайлӨз үйіңде отырып ұлың мен қызыңа, болашақ ұрпағыңа «Мынау сенің Отаның, туған мекенің, сенің ата-бабаң өсіп-өнген, жанын салып қорғап, сенің бақытың үшін аянбай тер төгіп кеткен жер. Бұл мекеннің қадірін біл, қасиетін қастерле. Әр тасын ұлықта!» деп айта алатын болғандығымыздың өзі қандай құдіретті бақыт.

Осынау байтақ далада қазақтай ұлы халықпен бірге 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері ұйысып, бір көк тудың астында бейбіт өмір кешіп келеді. Ол ұлттар мен ұлыстар қазақ халқының кең пейілділігімен, кеңдігін, елдігін құрмет тұтады. Ұлт аралық татулық пен саяси тұрақтылығымызға көптеген елдер қызыға да, қызғана қарайтыны жасырын емес. Бір-біріміздің жағамыздан жыртпай, ізеттілік пен ибалылықтан аттамай бірліктің аясында сыйысып келеміз.

Кең байтақ даламда қаншама құнды дүниелер, тарихпен астасқан қаншама жәдігерлер бар. Менің Отаным бұрынғы өткен Қорқыт бабам жерұйығын тапқан жер, кешегі Керей мен Жәнібек керегесін қағып, уығын байлаған жер! Бүгінгі Елбасы Нұрсұлтан Тәуелсіздігін сайлаған ұлы мекен!

Қойнауында химиялық элементтердің жүз пайызы дерлік кездесетін ұлы дала бұл. Қара алтынымен әлемді аузына қаратқан жер. Елнамысын қорғаған Бекзаттардай талай саңлақ көк байрағын бүкіл әлемге желбіреткен мемлекет бұл.

Өзінің төл тарихын тасқа жазған саналы ұлттың ұрпағымыз біз. Көк байрағы бар, әнұранымен айбат шеге алатын, елдігін меңзеп тұрар елтаңбасы бар қазақпыз. Төл теңгесі бар, аспанмен жер тіреген Астанасы бар елміз.

Астана қаласыТәуелсіздігін алып, тұрақтылығына талайды тамсандыру жолында Біріккен ұлттар ұйымына, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сынды көптеген халықарарлық ұйымдарға мүше бола білдік.
Кең байтақ даламызда небір керемет те сұлу мекендер бар. Арқа төсіндегі Астана қаласының жаңа ғасыр қаласы атанғаны жасырын емес. Ару қала Алматының сұлулығын сөзбен айтып жеткізу қиын. Оның Алатау баурайында орласқандығының өзі қаншалықты кереметтілігін білдірсе керек. Тарихы тереңде жатқан кешегі Ақсақ Темірлер өткен Түркістанның рухани Астана атануының өзі бекер емес. Сонау Қызылорда төсіндегі Байқоңыр ғарыш айлағында қазақтың ұландары ғарышқа сапар шекті. Мұның өзі қандай тарихи керем сәт десеңізші. Мойынқұм шөлі мен, Зайсан, Балқаш, Алакөл, Қайыңды көлдері табиғаттың берген сыйы дерсің. Кербез сұлу Көкшенің сымбатты табиғатын талай ақын өлеңмен жеткізе алмай кеткені де жасырын емес.

Бүгінде бұл ұлы мекен бақыт мекеніне айналып отыр. Олай дейтінім әр адамның арман-тілегі, қалауы орындалып, білім алып, өсіп-өніп өркендеуіне жағдай жасалған арайлы мекен. Осы кезге жету жолында талай тарихи зобалаң шақты бастан кешірсе де мойымаған айбынды ел.

Мәдени өмірі өзінше қайнап жатыр. Қаншама мәдени ошақтар жұмыс жасап, рухани демалуға, жандүниеңе қуат алуға қызмет етуде. Экономикасы қарқынды дамып келеді. Осындай қуатты ел мақтануға тұрарлық Ұлы Отан.

Отан оттан ыстықМенің жүрегімнің түкпірінде сан қырымен сақталған Отанымның кереметтілігін, құдіреттілігін жаза берсең таусылмайтыны шындық. Ұлтым деп еміреніп тұрған перзенттері барда әлі де биіктерден көрінетінін нық сеніммен айта аламын. Себебі, бұл дала қазақтай ұлы халық мекен етіп, тағдырын таласқа салып ел болған жер. Бүгінде әлеммен бірге алға жылжып, дамып, өсіп өркендеп келе жатқан бұл менің Отаным – Қазақстаным.

Мақала авторы: Нұрсұлу Базарбай 

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Жаныма қуат береді
  • Тәуелсіздікке 26 жыл

Пікірлер 12 Пікір қосу

  • Анара 17.02.2022 күні 10:59 уақытында

    Отан от басынан басталады. Сондықтан, балаларды үйде отбасында тәрбиелеу керек. Кішкентайынан бастап мейірімді, қайырымды, адалдық, адамгершілік, сыйластық дегенге барынша үйрету керек.

    Жауап беру
  • Адема 17.12.2021 күні 22:47 уақытында

    Магыналы манзды макала сайтка рахмет

    Жауап беру
  • Сейсен 27.09.2021 күні 00:08 уақытында

    Менің Отаным – Қазақстан! – деген сөзді мақтанышпен айтар ұрпақ көп болсын.

    Жауап беру
  • Увалиева Жанна 26.08.2021 күні 18:08 уақытында

    Қазақстан-менiң Отаным! Осы елде туылып, өнiп-өркендеп келемiз. Аллаға шүкір!

    Жауап беру
  • Инкар 30.09.2020 күні 17:33 уақытында

    Осындай Тәуелсіз мемлетекетте тұрып жатқанымыздың өзі бір бақыт. Керемет мақала!

    Жауап беру
  • Салтанат 28.08.2020 күні 19:35 уақытында

    Мақалаларыңыз тамаша, пайдалы.

    Жауап беру
  • Балнұр 09.08.2020 күні 11:44 уақытында

    Мақала өте керемет екен. Туған жер әрқашан ыстық дейдіғо??

    Жауап беру
  • Гүлзат 21.05.2020 күні 12:56 уақытында

    мақалалар өте керемет. Бұл Қазақстанда туғаныма мақтан етемін. Еліміздің патриотты азаматтары көбейе берсін.

    Жауап беру
  • Нұржайна 15.04.2020 күні 16:25 уақытында

    Өте жақсы мақала, болашақ ұрпағымызға патриоттық тәрбиені сіңіріп өсіретін болсақ, жас ұрпақтың бойында отанына деген сүйіспеншілік, елін жерін сыртқы жаулардан қорғайтын нағыз қайсар айбынды ұрпақтарымыз болады деп сенемін!

    Жауап беру
  • Гулим 14.02.2020 күні 23:37 уақытында

    өте пайдалы мақалалар көп екен!!!

    Жауап беру
  • Бану 31.01.2020 күні 23:29 уақытында

    осындай мақалалар көбейе берсін. бізге тәрбиеші ұстаздарға көп көмегі тиіп жатыр

    Жауап беру
  • Байдаулетова Венера 12.11.2019 күні 20:19 уақытында

    Өте керемет құрылған. Өте мағыналы. Көп көмегі тиді сіздерге рахмет

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.