«Emotіons» (Технологиялық карта)

Технологиялық карта
Білім беру саласы: Коммуникация
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ағылшын тілі
Тақырыбы: «Emotions»
Мақсаты: «Emotions» тақырыбындағы жаңа лексикалық бірліктермен танысу;
Мәтінді тыңдау арқылы дамыту, тапсырмаларды орындау дағдыларын дамыту;
Көрнекі-құралдар: CD диск, карточкалар,смайликтер.

Hello children! How are you?I’m glad to see you.Hello teacher, we are fine.Балалар енді шеңберге тұрып, бет қимылымен мұң, реніш, ашу, тамсану, қуаныш сияқты сезімдерді көрсетуін сұрайды.Балаларға жүздерінен қуаныш сәулесі кетпеулерін тілейді.

Балалар бүгін біз балабақша балалары Дина, Ира, Дима,Батырға қонаққа барамыз.Суретке қарап оларға не болғанын қараңдаршы?

Батыр байқаусызда машинасын сындырып алған.Ол ренжулі. Ол: I’m sad – дейді.Дима сыйлық алған.Ол:
I’m happy-дейді.Дана мен Ира бір-біріне ашулы.I’m cross-дейді.Мінекей балалар,өздерің көріп тұрғандай адам сезімдері туралы өтеміз.Қане бәріміз жаңа сөздерді қайталайық:
cross, sad, happy.

Тақырыбы: «Emotions»Балалар, енді осы адам сезімдеріне байланысты ойын ойнағыларың келеме?Балалар
«Сезіміңді жасыр» дидактикалық ойыны
Ойын шарты бойынша сендерге әртүрлі сезімді бейнелейтін смайликтер таратылады.Сендер сол смайликке қарап, мимикамен келтіресіңдер.Ал балалар, қандай сезім екенін тауып,ағылшын тілінде айту керек.
-Достарымыз бізге ән ала келіпті.Сол әнді тыңдап, жаттап алайық.

Track 19
It’s bad to be sad.
It’s good to be happy.
It’s bad to be cross
It’s good to be happy.
Жарадыңдар балалар, әнді жақсы айттыңдар.Енді денемізді сергітіп,шаршағанымызды басу үшін, сергіту жаттығуын жасайық.

Сергіту сәті
Осы әнге қимылдар тауып,оны қимылмен айтайық.
It’s bad to be sad.
It’s good to be happy.
It’s bad to be cross
It’s good to be happy.
Very nice! Good of you!Жарайсыңдар балалар!Енді тағы бір рет қайталаймыз.

«Эмоцияны тап» дидактикалық ойыны

Ойын шарты бойынша тақтаға суреттер ілемін.Ал сендер сол суреттерге қандай смайлик сәйкес келетінін тауып, қасына жапсыруларың керек.
Жарайсыңдар балалар, тапсырманы жақсы орындадыңдар. Қазір смайлик таратамын.
Күліп тұрған смайлик- оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар, бала-бақытты.
Көңілсіз смайлик- дұрыс жауап бермеген балалар,бала-көңілсіз.
Балалар бүгінгі оқу қызметімізге жақсы қатыстыңдар.
Lesson is over!Good bye!

Пікірлер3
  1. Ainur

    смайлик арқылы керемет әдіс-тәсіл қолдануға болады

  2. Гулназ

    Осындай ойындармен балалрдың көңіл күйлерін де көруге болады!

  3. Гулназ

    Балалардың көңіл күйлерін де көруге болады!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ