Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі жаңа нұсқа 2025
    • Баланың жынысын анықтау 2025
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

Көңілді достар. Әнші балапан


Пәні: Музыка
Сыныбы: 1 «а»
Сабақтың тақырыбы: Көңілді достар. Әнші балапан.
Мақсаты: оқушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыра отырып, «Әнші балапан» әнін, әнді айту ережелерін меңгерту.

Сабақтың міндеттері:
1.Білімділік: Әннің биіктігін көрсете алуға үйрету, «Әнші балапан» әнін, әнді айту ережелерін меңгерту.
2. Дамытушық: оқушылардың ұлттық музыкалық аспаптар жайлы білімдерін кеңейту. Ән айту дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушылар арасында достық қарым-қатынас қалыптастыра отырып, адамгершілікке, бір-бірін құрметтеуге, өзгенің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі: ойын
Көрнекілік: сурет, аудио, доп, дыбыстар
Сабақтың әдіс – тәсілдері: түсіндіру, сұрақ – жауап, таныстыру, көрнекілік: демонстрация, иллюстрация.
Пән аралық байланыс: дүниетану

Сабақ жоспары :

I.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық
II.Үй тапсырмасын тексеру.

III.Жаңа сабақ
а. Тыңдау
ә. Ән үйрету: «Әнші балапан»
б. Дауыс жаттығуы: «Жоғарға міндім, төменге түстім.

V. Бекіту

VI. Қорытынды.
— үйге тапсырма беру
— бағалау

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсіңдер ме балалар? Бүгінгі музыка сабағын мен жүргіземін. Менің аты–жөнім: Кусайнова Алуа Айдыновна

Психологиялық дайындық

— Балалар сабағымызды бастамас бұрын бір – бірімізге жақсы тілектер тілейік. Сендер өз аттарыңды білесіңдер ғой. Ал қандай дыбыстан басталып тұрғанын білесіңдер ме? Өз аттырыңды қандай екендіктерінді қосып айтындар.

Мысалы:Сыпайы Айдана, мейірімді Алинұр, инабатты Альбина, т.с.с.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
— Үйге қандай тапсырма берілді?

1 сынып музыкаIII.Жаңа сабақ

1) Ребус
— Ребустың шешуі қалай болады? (дос)
— Дос деген кім?
— Сеннің досың кім?
— Сыныпта достарың бар ма?
2) Әнмен танысу
— Ән айтқанда қалай отыру керек? (қол тізеде, арқамыз түзу )
— Әнді қалай айту керек? (аузымызды кең ашып, дыбыстарды анық шығару керек)
— Ал әнді тыңдағанда қалай отыру керек?
— Жақсы, ендеше сол ережелерді қаншалақты түсінгендеріңді тексерейік.
а. Тыңдау
— Әнді тыңдағанда қалай отыру керек?
— Ән тыңдау кезінде сөйлеуге бола ма?
«Достар әні» тыңдату

ә. Ән үйрету: «Әнші балапан»
«Кім жылдам» ойын

Тапсырмасы: жұмбақтардың шешуін тауып, шешуінде шыққан сөздің бірінші әрпін анықтау.
— Қандай сөз шықты? (Әнші)
— Балапан сөзін қоссақ қалай болады? (Әнші балапан)
— Сонымен біз «Әнші балапан» әнімен танысады екенбіз.
«Әнші балапан» әнін мұғалім бір екі рет орындап, әнмен таныстырып орындалу ерекшеліктерін талдап көрсетіп, әнді үйретеді.

Әнші балапан

Музыкасын жазған: М. Омаров
Сөзін жазған: Қ. Қазбеков

Білім, ғылым, өнерге
Қанат қағар кездерің.
Ата салтын ертеңге
Жеткізетін өздерің.

Қайырмасы:
Әнші, биші,
Әнші балапан.
Әнші,жыршы,
Күйші балапан.

— әнді қыздардың орындауы;
— әнді ұлдардың орындауы.
1. Әннің мазмұны не туралы? (білім, ғылымды ертеңгі күнге жеткізетін біз)
2. Әннің биіктігін қолмен көрсетіп орындау.

Сергіту сәті

Ән

Музыкасы мен сөзін жазған: Б. Аманжолов
Бала – мальчик,
Саусақ – пальчик.
Лә-лә, лә-лә,
Лә-лә, лә-лә.

Песня – ән,
Мода -сән.
Лә-лә, лә-лә,
Лә-лә, лә-лә.

3. «Кім тапқыр» ойыны

Қолыңмен жіптерді жүргізіп, үйренген әніне лайық суретті тап.

V. Бекіту

«Ыстық доп» ойыны

Шарты: допты қағып алған оқушы қойылған сұраққа жылдам жауап беріп, мұғалімге допты қайта лақтырады.
1) Әнді айтқанда қалай отыру керек?
2) Дос деген кім?
3) Бүгін қай әнмен таныстық?

VI. Қорытынды.
-Үйге тапсырма беру
— «Әнші балапан» әуенінің сөзін жаттау.
— Мадақтау
-Бағалау

Поделиться в WhatsApp

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Мүшел той
  • «Шалқан»ертегісіне саяхат
  • Табиғаттың байлығы- деннің саулығы
  • Білім беру саласы: «Коммуникация»
  • «Жаңа жылдық ғажайыптар» ертеңгілігі

комментария 25 Пікір қосу

  • Сраждинова Мухадас 24.01.2024 в 15:15

    жақсы оқарылған жұмыс

    Ответить
  • Сраждинова Мухадас 24.01.2024 в 15:11

    сабақ жақсы жоспарланған

    Ответить
  • Сраждинова Мухадас 24.01.2024 в 15:08

    өте жаксы,құрастырылған

    Ответить
  • Зине 01.03.2022 в 09:34

    Сабақтың құрылымы тамаша екен

    Ответить
  • Майра 06.02.2022 в 19:35

    Музыка сабағына арналған сабақ жоспарыңыз сәтті шыққан. Оқушыларды өнерге баулу құндылықтары, әнге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Әдіс- тәсілдер дұрыс қолданылған.

    Ответить
  • Алина 05.12.2021 в 20:19

    Сабақ жақсы құрылған.

    Ответить
  • Мадина 14.04.2021 в 08:27

    сабақ өте қызықты құрылған екен. балалардың қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын

    Ответить
  • Баян 12.04.2021 в 15:08

    Сабағыңыз өте жақсы құрылған. Ұтымды әдіс-тәсідермен мақсатын аша білген. Оқушылардың қызығушылығын оятары сөзсіз.

    Ответить
  • Ботагөз 25.12.2020 в 20:46

    Сабақ жақсы құрастырылған. Әр түрлі әндердің тексттері бар. Қызықты ойын түріде кіргізілген. Балалардың қызығушылын оятады.

    Ответить
  • Асемгул 18.11.2019 в 21:36

    Сабақтаса құрылған.

    Ответить
  • гаухар 31.10.2019 в 01:46

    Музыка сабағына арналған сабақ жоспарыңыз сәтті шыққан. Оқушыларды өнерге баулу құндылықтары, әнге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін дамыту. Әдіс- тәсілдер дұрыс қолданылған.

    Ответить
  • Айжамал 10.10.2019 в 09:36

    Сабақтың мақсаты өте жақсы құрылған.Балалардың жас ерекшелігі ескерілген. Сабақты ұйымдастыруда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған

    Ответить
  • сағыныш 17.06.2019 в 22:02

    керемет

    Ответить
  • Набира 16.01.2019 в 20:45

    сабақ мазмұнды, қызықты ұйымдастырылған

    Ответить
  • Карина 07.04.2017 в 21:32

    Оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліпті.Сабаққа қызығушылықты оятатын зеріктірмейтін олып жасалған екен.Ұнады!

    Ответить
  • Ақерке 06.04.2017 в 21:57

    Сабақтың мақсаты өте жақсы құрылған.Балалардың жас ерекшелігі ескерілген. Сабақты ұйымдастыруда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған

    Ответить
  • Мадина 03.04.2017 в 13:40

    Құрылымы өте қызықты сабақ. Жан — жақтылық байқалып тұр. Сабақ ойын ретінде өткізілген, осындай өткізілген сабақ балаларға өте қызықты.

    Ответить
  • Азимбаева Аяулым Қалиқанқызы 03.04.2017 в 00:10

    Сабақтың балалардың жас ерекшелігін ескере отырым, өте орынды құрылғаны көрініп тұр. Ән сабағы бола тұра, тек қана ән айтумен шектелмей, ребус та шешілген, жұмбақтар да қойылған, ойын да ойнатылған. Жалпы көп жұмыс түрі қамтылыпты. Сабағыңыз өз мақсатына жетті деп ойлаймын.

    Ответить
  • Акнур 02.04.2017 в 01:55

    Сабақ құрылымы кішкентай балдарға лайықталып, әр құрылымына үлкен мән берілген.Психологиялық дайындықтан бастап, оқушы қызығушылықпен қатысатындай тәсілдерді қолдана білген.Өте тартымды сабақ .

    Ответить
  • Саулет 29.03.2017 в 23:49

    Сабақ өте жақсы құрылған. Тақырыбына сай.

    Ответить
  • Гульнара 25.03.2017 в 22:45

    Сабақ мақсаты тақырыпқа сай құрылған. Сергіту сәті тиімді қолданылған.

    Ответить
  • Ляззат 24.03.2017 в 21:34

    Оқу қызметі бір біріне сабақтасып, жақсы құрылған.ҰОІӘ өте қызықты. Оқу барысында көптеген қызықты ойындар, тәсәлдермен ерекшеленеді.

    Ответить
  • Ляззат 24.03.2017 в 21:33

    ҰОІӘ өте қызықты. Оқу қызметі бір біріне сабақтасып, жақсы құрылған. Оқу барысында көптеген қызықты ойындар, тәсәлдермен ерекшеленеді.

    Ответить
  • Маржан 24.03.2017 в 17:01

    Сабақ жақсы жазылған. Сабақта ойын түрі, тыңдалым және ребус қолданылған.

    Ответить
  • ТАШАНОВ Адилжан Суйеугалиевич 23.03.2017 в 18:08

    Сабақ жақсы ұйымдастырлған. Балалардың жас ерекшелігі ескерілген. Сабақты ұйымдастыруда түрлі әдіс-тәсілдер қолданылған

    Ответить

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • қазақша жұмбақтарЖұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!

    1 Сен 2025 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    11 Авг 2025 / Толық оқу

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025

    3 Сен 2025 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Авг 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Сертификат алу ережелері (Erketai.kz) 2025
  • Ғажайып әлемнің кейбір қызықты фактілері
  • 1 Қыркүйек Білім Күні Құтты Болсын!
  • Кім жылдам турнирі
  • Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер жинағы

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.