Қиял әлеміндегі таным(Сыныптан тыс сабақ)

 Ертегі терапиясы

Сабақтың тақырыбы: Қиял әлеміндегі таным(Сыныптан тыс сабақ)

Сабақтың мақсаты: 1.Танымдық аясын кеңейту, әртүрлі мінез-құлықтарды ажырата білуге

үйрету.

2.Ертегі арқылы оқушылардың ой-қиялын дамыту,  тілін, сөздік қорларын

молайту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.

3.Мақтаншақтықтан арылту, ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы

қасиеттерге баулу.

Көрнекілігі: Ертегі көріністерін бейнелейтін суреттер, ертегі кейіпкерлерінің киімдері, т.б.

Сабақ барысы:

  1. Психологиялық дайындық

Күннің көзі ашылып,

Көкке шуақ шашылсын.

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті.

Амандасу үлкенге

Тәрбиенің басы ғой.

Ал, қанекей, бәріміз

«Сәлем» дейік үлкенге

Xamzina                          

Бәрі: Сәлеметсіздер ме, апайлар

Мұғалім: Шеңберге тұрып, қолымызды бір-біріміздің иығымызға қоямыз. Жымия қарап, күлімсірейміз.             Біз бүгін бір-бірімізбен амандасу барысында  ертегі кейіпкерлерін есімізге түсіріп, біріктіреміз. Мысалы: Сәлем,_______, сен маған қызыл телпекті елестетесің. т.б.

  1. Ертегілер елінде

-Балалар, сендер ертегілерді ұнатасыңдар ма?

-Ендеше, ертегі әлеміне саяхат жасап келеміз. Барлығымыз «Сиқырлы кілемшеге» жайғасып отырып, көзімізді жұмамыз. Көзімізді жұмып, көз алдымызға кішкентай масаны елестетеміз. Ертегі басталған кезде көзімізді ашамыз. (Ертегі оқылады)

Ертегі «Кішкентай маса»

Сұрақ:

-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Ертегіде қандай кейіпкерлер болды? (маса, тышқан, қоян,түлкі, қасқыр, арыстан, бақа)

-Маса тышқанның құйрығын не үшін тістеп алды?(Әнін тыңдамағаны үшін)

-Бақа масаны не үшін жеп қойды?(Мақтаншақ болғаны үшін)

Қорытынды: Мақтану-жаман әдет, мақтаншақтық жақсылыққа апармайды.

Мақалды қайталау

«Жақсымын деп мақтанба,

Халық айтпай!

Батырмын деп мақтанба,

Жеңіп қайтпай»

III.Ойын «Суретте қай ертегі бейнеленген?(Суреттер бойынша ертегілерді табады)

Тапсырма: Ертегі кейіпкерлерін ата және жағымды, жағымсыз кейіпкерлерді тап.

«Шалқан» ертегісі (Шалқан, ата, әже, қыз, ит, мысық, тышқан)

Қорытынды: Үлкендерге кішкентайлардың көмегі өте қажет. Отбасының бірлігі болса, ол отбасы мықты болады. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған.

  1. «Бауырсақ» ертегісі» (Бауырсақ, қоян, қасқыр,аю, түлкі)

Қорытынды: Ертегідегі жағымсыз кейіпкер-түлкі. Өйткені, ол-айлакер, қу. Түлкі сияқты біреуді алдап күн көретін адамдар да болады. Біреуге жамандық ойлау- нашар қасиет. Ондайтын аулақ болу керек.

  1. «Қызыл телпек» ертегісі (Әже,қыз, қасқыр)

Қорытынды: Жағымсыз кейіпкер-қасқыр. Өйткені,ол-зұлым. Ондай зұлымдарға тап болмау үшін жалғыз жүрмеу керек. Жалғыз адам ештеңе де бітіре алмайды. Көп жүрген жерде қиындық болмайды.

  1. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі (Түйе, сиыр, жылқы, қой, доңыз, мешін, ұлу, жылан, тышқан, барыс, тауық, ит)

Қорытынды: Түйе-аңқау. Бойына сеніп жылдан құр қалды. Аңқаулық та адамға пайда әкелмейді.

  1. «Шұбар тауық» ертегісі (Әже, ата,шұбар тауық, тышқан, алтын және жай жұмыртқа)

Қорытынды:

  1. «Мақта қыз бен мысық» ертегісі (Мысық, сиыр, ағаш, қыздар, дүкенші, тауық, тышқан)

Қорытынды:

                  IV.Көрініс «Бауырсақ ертегісі»

V.Тыныштық сәті   (Баяу музыка ойналып тұрады)

Кәне, бәріміз көзімізді жұмып, ертегілер әлеміне ойша саяхат жасаймыз. Айналамызда жап-жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер. Әдемі көбелектер ұшып жүр. Мөп-мөлдір, тап- таза бұлақ ағып жатыр. Мұнда ғажайып ертегі кейіпкерлері бір-бірімен дос болып, тату-тәтті өмір сүруде. Енді, балалар көздеріңді жәйлап ашыңдар.

-Ертегі елі сендерге ұнады ма?

VI.Ойын «Бұл қай аң?»

(Мұғалім аңдар туралы жұмбақтар жасырады, балалар оны шешеді. Бірі жүріс-тұрысын, бірі дауысын салады)

1.Ұзын құлақ, сақ құлақ

Секіріп жүр шапқылап (Қоян)

2.Қорбаң, қорбаң етеді

Тәтті жақсы көреді (Аю)

3.Күні бойы тынбайды,

Қысқы азығын жинайды (Тиін)

  1. Тауықтар қашып жасқанған

Қулығы артық басқа аңнан. Ол не? (Түлкі)

  1. Тарпаң, тарпаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған. Ол не? (Бақа)

(Мұғалім оқушының құлағына бір аңның атын атайды , оқушы оның жүріс-тұрысын, қимылын, дауысын салады, қалғандары оны табады)

VII.Ән : «Қоян»

VIII. Ерден атай қонақта (Ертегіші Ерден атайдың сұрақтары)

-Атай мен әжей қалған астықтан не пісірді?

-Белгілі халық ертегісінің кейіпкерлері қандай көкөністі жерден тартып шығарды?

-Қызыл телпекке орман ішінен қандай жануар кездесті?

-«Мақта қыз бен мысық» ертегісінде қыз мысықтың құйрығын неге кесіп алды?

— Арыстанды аңшылардан құтқарған не?

-Ертегілердегі қандай кейіпкерлер өмірде кездеспейді? (Жалмауыз кемпір, Алдар көсе)

IX.Ертегі құрастыр (Сурет бойынша мұғалім көмегімен ертегі құрастыру)

  1. Ертегі туралы білімдерін тексеру

(Ертегілерден үзінді, өлең оқылады, балалар оның қандай ертегі екенін табады)

 

1.Қасқыр өте аш болатын. Ол алдымен қыздың әжесін жеп, сосын қызды әжесінің үйінде күтіп алып, оны да жеп қояйын деп ойлады. Сондықтан ол қыздың әжесінің үйіне ең қысқа жолмен жорта жөнелді. Қасқырдың жегісі келген қызы кім еді? Бұл ертегі қалай аталады?

(«Қызыл телпек» ертегісі)

2.Мысық тышқанды шақырады. Тышқан мысықтың құйрығынан ұстайды, мысық күшіктің құйрығынан ұстайды, күшік немере қыздың бұрымынан ұстайды, немере қыз әжейдің белінен ұстайды, әжей атайдың белбеуінен ұстайды. Бұл қандай ертегіден үзінді?

( «Шалқан» ертегісі)

3.Шұнақтарым,

Шырақтарым, есікті аш,

Енең келді көріңдер,

Бауырына еніңдер!  Қандай ертегідегі, қай кейіпкердің сөзі?

(«Қасқыр және 7 лақ» ертегісіндегі қасқырдың сөзі)

4.От үйіліп жанып жатыр,

Шойын қазан қайнап жатыр.

Болат пышақ қайрап жатыр,

Мені соймақ ойлары.

(«Шұбар тауық» ертегісі)

 

  1. Көрініс «Керісінше бауырсақ» ертегісі

  XII. Жүректен-жүрекке(Өздеріне үнаған кейіпкелерін атау)

ӘН: «Ертегілер әлемі»

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер2
  1. Мадина

    Керемет маған ұнады

  2. Айгүл

    Өте қызықты сыныптан тыс сабақ!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ