Ерлік – елге мұра, ұрпаққа-үлгі
(әдеби-сазды бағдарлама)
1-4 сыныптар үшін
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру.
1.- Отан –Ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық деді де,
Қолдарына қару алды ерленіп.
— Міне, биылғы жыл Ұлы жеңіске 68 жыл толмақ. Сонда да болса біздің бостандығымыз бен бақытымыз үшін, ел үшін, жер үшін күрескен ардагерлеріміз мәңгі есте сақталмақ.
— Осы бір арнаулы әдеби-сазды бағдарламамызды ардақты ардагерлерімізбен Ұлы Отан соғысы кезінде тылда еңбек еткен ақ жаулықты әжелерімізге арнаймыз.
— Жеңіс күні-адамзат аңсап күткен күн, жеңістің туын тіккен күн-1418 тәулікке созылған азаматтың күрестің айбынды күні.
— Соғыс, соғыс!
Дір етті мұнар бағым,
Болат шеңгел дүр етті қырандарым.
Ұрандаған, ел үшін ерлерімнің
Үзіп кетті жалғыз оқ мың арманын.
От кешкенде, қан кешкен түлектерім,
Күзетті елін түрілген білектерің,
Сендер берген, өмірдің арқасы ғой,
Менің бүгін сендерді жыр еткенім!- дей келе бастауыш сынып оқушыларының күшімен әзірлеген «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-үлгі» атты әдеби-сазды бағдарламамызды ұсынамыз.
Ән:
2.- Шырқа дала шырқайтұғын күн бүгін,
Серпіп тастап тіршіліктің түндігін.
Ұлы жеңіс арқасында ұлдарың,
Мойындатты қазағымның ерлігін.
Жамандық пен жақсылық бір арбасып,
Артта қалды 65 жылдық қанды асу.
Өмір бірақ тоқтамайды мәңгілік
Ұрпақтардан-ұрпақтарға мәңгілік.
-Хайрулла Салауат « Жеңіс деген ұлы сөз» оқитын 3 сынып оқушысы Бегайым Қосыбайқызы
3.- Ардагерім, абызым, аңыздарым!
Жібіте алмай жүрміз бе жан ызғарын.
Ұрпақ үшін, ұран сап өтегендер.
Адамзаттың алдында қарыздарын.
Бейбіт күнде, сарғайған таң құсымыз,
Бабаға сай баянды бар күшіміз.
Бар бақыттың бастауы сендерсіңдер,
Біздің шексіз сондықтан алғысымыз!
Ән:
4- Ұлы Отан соғысында 20 миллион қаза тапқан халықтың ішінде сенің атаң, әкең, ағаң, апаң да бар еді. Ұлы Отан соғысының Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нүркен Әбдіров, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев және қазақтың қаһарман қыздары Мәншүк Мәметова және Әлия Молдағұлова сынды батырларымызды әр уақытта да мақтан етеміз.
Әлия, Мәншүк – қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы,
Қазақстан аспанында азат күн.
Желбірейді бейбітшілік жалауы,
Орындалып жас ұрпақтың қалауы.
Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,
Мәңгілік от- ескерткіші алауы.
Көрініс : «Әлия мен Мәншүк» Әлия рөлінде- 3 сынып оқушысы Айдана Манарбек қызы Мәншүк рөлінде- 3 сынып оқушысы Әсел Нұрланқызы
ән: «Әлия»
5. — Тартпасын ұрпағымыз жан азабын,
Салмасын соғыс елді санаға мұң.
Алаңсыз аналардың құшағында,
Жүріңдер аман-есен балаларым!
Жеңіс туын көтерген мамыр мәңгі.
Ел жадында ерлік боп тамырланды
Ей,адамзат, сол күні қайта туып,
Жаның қалды, жарқырап бағың жанды.
ән:
6. – 68 жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
68 жыл шуақты күн тартты әнін.
Есімде сонан бері 68 рет,
Ашылды жеңіс күннің парақтары.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
ән:
— 68 жыл –үзілмеді құстар әні,
— Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі.
68 жыл- жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағалы.
ән:
— Ұрпағыңа жоқ берешек, қарызыңыз,
Жеңісімді сайрап жатқан бар ізің.
Ерлігіңді ұрпағыма үлгі етіп
Әруағыңа тағзым ету парызым!
Отты жылдар басты да жер үстін мұң,
Сан боздағым көрмеді-ау Жеңіс күнін…
Құрысын соғыс! Ұрпақ оны көрмесін,
Амандығын тілеймін жер үстінің.
ән:
— Ұлы жеңіс, қуанышың қанша мың,
Сен ортақсың бақытына баршаның.
Ағалардың арманысың аңсаған,
Ауыр сәтте сындырмаған ар сағын.
Сенің үшін самғағанда көгімнен,
Сырнайменен әннің сазы төгілген.
Күткен еді көзі талып ата-анам,
Сағыныштан саған іңкәр едім мен.
Ана еңіреп жалғызынан айырылған,
Жар еңіреп қанатынан айырылған.
Қайыспайтын қара жер де қайысты,
Соғыс, солғыс,
Сенің салған қайғыңнан.
ән:
— Жер жастанды жауыздық күлге айналып,
Зеңбіректер мүлгиді тіл байланып.
Ажал оғын ағытқан танкі біткен,
Тракторға жол берді ыңғайланып.
Жеңіс құны белгілі сұрамай-ақ,
Оқылады мәңгілік құран-аят.
Жалғыздарын тілепті байғұс ана,
«Ең болмаса келе деп сыңар аяқ»
ән:
— Тозаң түсер сонда да шат көңілге,
Қарамайды-ау, уақыт тәтті өмірге.
Тыныштықты күзетіп майдангердің,
Орден, медаль сөйлейді қақ төрінде
Жеңіс күні-салтанат тойланады,
Анамыз ғой жұмыр жер толғанады.
Жеңіс туы мәңгілік желбіресін,
Ерлік дәстүр жаңғыртып кең даланы!
ән:
— Естідім –ау жеңіс үнін,
Дүрілдейді көк пен жер.
Қанышпен қағып күлім,
Ойнақтайды қуанған ел.
Шықты ойнақтап жас ұландар
Мәз-мейрам боп күліп сақ-сақ.
Қуанышты барлық жандар
Жеңіс атты жетті алтын шақ!
ән:
— Сүйінші халқым сүйінші!
Беліңді бекем буыншы,
Жеңдік жауды күйрете
Жасалған той мереке
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
ән:
— Балалар, осыдан 68 жыл бұрын 1945 жылы 8 мамыр күні бұрын болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Бұл жеңістің Ұлы жеңістің қымбаттылығы еді.
— Құметті аталар мен әжелер! Ұстаздар! Оқушылар!
Сіздерді келе жатқан 68 жылдық ұлы жеңіс мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің ерен еңбектеріңіздің арқасында бүгін, міне, осындай кең байтақ, тыныштық орнаған, бірлігі мен берекесі ұйыған, шаттығымен қуанышы толы бейбіт, азат еңсесі биік еркін ел Қазақстан күн санап өсіп келеді. Осындай гүл жайнаған елімізге қарап отырып, «Қайран біздің аталар мен әжелер арды ойлаған» деп қуанамыз.
Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!
Біз бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты қалайтын елміз. Елімізде және жер бетінде мәңгілік тыныштық сақталсын!
Мына бір әдемі әнмен әдеби-сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.
ән:
-Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!