«Дарындылар додасы» сыныптан тыс жұмыс

KORТақырыбы: Дарындылар додасы

Мақсаты: Оқушылардың биология  ғылымы жайлы білімдерін сынау, ҰБТ – ге дайындықтарын күшейту. Оқушылардың биология пәні бойынша білімдерін тиянақтау, қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру және ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд, микроскоп және оған қажетті құралдар.

Сабақтың барысы:

  1. Сәлемдесу, сайыс тақырыбы, мақсат-міндеттері.
  2.     Ұйымдастыру.

1.1   Қатысатын оқушыларды таныстыру

1.2.  Әділ-қазылар алқасын сайлау

1.3   Сайыстың кезеңдерімен таныстыру

               III.   Марапаттау.

  1. Қорытынды.

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады:

1 кезең. Таныстыру.

2 кезең. Білім минуты

3 кезең. Зерттеушілік жоба

4 кезең. Тұлғаны таны

5 кезең. Кім жылдам?

 

    І кезең . Таныстыру. (2 топқа бөлінеді.1 топ – Бактериялар, 2 топ – Вирустар. Әр топқа 4 оқушыдан қатысады.) Жоғары ұпай 10 ұпай

Өнер қуып сайыскерлер өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекеге түскен сайыскерлер кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе деймін.

Сайыскерлер өздерін таныстырады.

Тапқыр, білгір, дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды — деп, келесі кезеңімізіді бастаймыз.

2 кезең. Білім минуты деп аталады. Бұл кезеңде әр топ ұяшық таңдайды. Әр ұяшықта 10 сұрақ оқылады. Сайыскерлер оқылған сұраққа толық жауап береді. Дұрыс жауап үшін 1 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.

 

Ғалымдар бөлімі бойынша сұрақтар:

  1. Хемосинтез процесін ашқан ғалым: Вернадский
  2. Медецинаның атасы: Гиппократ
  3. Телу әдісін алғаш қолданған селекционер: И.В. Мичурин
  4. ДНҚ- ның екі еселенуін зерттеген ғалымдар: М. Месельсон мен Ф. Сталь
  5. Алғаш рет жасуша теориясының негізін қалаушылар:Т. Шванн және М.

Шлейден

  1. 1736 жылы алғаш бидай ұнынан желімтіктелген нәруыз алды: Я. Беккори
  2. “Анализатор” терминін ұсынған ғалым: И.П. Павлов
  3. Қарапайымдылардың түрлерін алғаш ашқан ғалым
  4. Мәдени өсімдіктердің шығу орталығын анықтады: Вавилов
  5. Жасуша ядросын ашқан ғалым: Р. Броун

 

Ботаника бөлімі бойынша сұрақтар:
1. Гүлдің құрылысын ата: Гүл сағағы, гүл табаны, аналық, аталық, тостағанша және күлте жапырақша
2. Төменгі сатыдағы өсімдіктер: Балдырлар
3. Біржасушалы талшықты балдыр: Хламидомонада, хлорококка, хлорелла
4. Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым: К. А. Тимирязев
5. Жапырақ сағағына ұқсаған гүлдің жіңішкерген жері: Гүл сағағы
6. Жүгері өсімдігінің гүлшоғыры: Собық

  1. Қостанай далалы аймағында орналасқан қорық: Наурызым қорығы
    8. Микроскоптың барлық бөлшектері бекінетін орын: Табаны
    9. Алма жеміске не жатады: Алма, алмұрт, беже
    10. 1920 — 1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым: Ж. Кудерин

 

Зоология бөлімі бойынша сұрақтар:
1. Зоология ғылымының балықтарды зерттейтін саласы: Ихтиология
2. Балықтың зәр шығару мүшесі: Бүйрек
3. Денесінің түсі тез өзгерте алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: Құбылғы
4. «Гирудин» деп аталатын ерекше зат бөліп шығарады: Сүлік
5. 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: Көнеқұс
6. Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын: Көкет (диафрагма)
7. Салқанқанды жануарлар: Қосмекенділер, жорғалаушылар, балықтар, дөңгелекауыздылар

  1. Бауырсорғыштың кірпікшелі дернәсілінің аралық иесі: Тоспа ұлуы
    9. Қосарлы тыныс алатын жануарлар. Құстар.
    10. Құрттар — топырақтан, шыбындар — шіріген еттен пайда болады деп есептеген ғалым. т Аристотель.

Анатомия бөлімі бойынша сұрақтар:
1. Адам денесіндегі бұлшықеттердің саны: 600
2. Бүйрекүсті безінен бөлінетін гормон: Адреналин
3. Инсулин жетіспегенде болатын ауру: Қант ауруы
4. Есте сақтаудың төмендеуі немесе бұзылуы: Амнезия
5. Адамның көзінің түсі неге байланысты: Нұрлы қабық
6. Ең ұзын бұлшықет: Тігінші бұлшықет

  1. Оқу кезінде кітап көзден мынадай қашықтыққа алыс болуы керек: 30 — 35см
    8. Адам жүрегінің салмағы: 250 – 300 гр
    9. Қай қан тобын әмбебап донор деп атайды? I топ
    10. Жүрек тыныштық күйде минутына неше рет жиырылады? 60 – 70 рет

Цитология бөлімі бойынша сұрақтар:
1. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет береді: Қабықша
2. Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат: Цитоплазма
3. Жасушаның көбеюіне қатысады: Ядро
4. Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер: Пластид
5. Жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді: Митохондрия
6. «Ас қорыту мүшесі» деп аталатын органойд: Лизосома
7. Жасушада 1 г май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді: 38,9 кДж

  1. Цитоплазманың түпнегізі — гиалоплазма
    9. Жасушадағы органикалық қосылыстар: Нәруыздар, май, амин қышқылдары
    10. Нәруызды түзетін аминқышқылдардың саны: 20

 

Экология бөлімі бойынша сұрақтар:

  1. Экология сөзі грек тілінен аударғанда қандай мағына береді: «оikos» — үй – жай,

«logos» ғылым

  1. Экология терминін ең алғаш ғылымға енгізген ғалым: Эрнест Геккель
  2. Арал теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан қорық: Барсакелмес қорығы
  3. Астық дақылдарының биогеоценозы: Агроценоздар
  4. Судың түбінде тіршілік ететін ағзалар қалай аталады: Бентостар
  5. Жер бетінде ең алғаш тіршілік қандай ортада пайда болды: Сулы
  6. Популяция дегеніміз не: Бір түрдің ең аз өздігінен ұрпақ қалдыра алатын

дарақтар тобы

  1. Биогеоценоз дегеніміз не? Тірі ағзалардың қоршаған ортамен байланысы
  2. Автотрофты және гетеротофты ағзаларға анықтама: Өсімдіктер мен жануарлар,

адамдар

  1. Жануарларға арналған қызыл кітап неше басылымнан тұрады және нешінші жылдары шықты: 1978, 1991, 1996

 

Генетика бөлімі бойынша сұрақтар:

  1. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы: Фенотип
  2. Генетика ғылымы нені зерттейді? Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік
  3. Мендельдің 1,2,3 заңдарын ата: Біркелкілік, ажырау заңы, тәуелсіз ажырау заңы
  4. Мендель өз тәжірибеіне қандай өсімдікті пайдаланды: Бұршақ
  5. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясының негізін қалаған кім: Т. Морган
  6. Адамда қанша хромосома және ген бар: 46 хромосома, 50мыңдай ген
  7. Адамның қандай тұқым қуалайтын ауруларын білесің: Шерешевский – Тернер,

Даун, Клайнфельтер, гемофилия және т.б

  1. Адамның кейбір қабілеттерінің, мысалы, музыкаға, шешен сөйлеуге,

математикаға бейімділігі қандай әдіспен анықталады: Генеалогиялық әдіс

  1. Даун ауруының белгілері қандай: Ақыл – есі кем, бойы аласа, көздері

қысыңқы  әрі бір – біріне жақын орналасқан, аузын үнемі жартылай ашық  жүреді.

  1. Басылыңқы гендер: Рецессивті

 

Эволюция бөлімі бойынша сұрақтар:

  1. Ең ұзақ заман: Архей (900млн)
  2. Қос мекенділердің жерде кең тараған дәуірі: Полеозой
  3. Эволюция терминіне анықтама: Өрлеу, өркендеу дегенді білдіреді.
  4. Ең көрнекті трансформист: Жан Батист Ламарк
  5. «Динозаврлар дәуірі» болып есептелетін заман: Мезозой
  6. Ароморфоз дегеніміз не: Ағзалардың жаңа тіршілік ортасына көшуі
  7. «Табиғи жүйе» еңбегінің авторы: К.Линней
  8. Адаптация дегеніміз не: Тірі ағзалардың қоршаған ортаға бейімделуі
  9. Тіршілік жаратылымының ең жоғарғы деңгейі: Биосфера
  10. Өсімдіктердің арғы тегі: Балдырлар

 

3 кезең. Зерттеушілік жоба деп аталады. Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді, сол берілген тақырып бойынша слайд дайындап, қорғау. Әр топ кезекпен слайд қорғап жатқанда, келесі оқушы микроскопты пайдаланып үйден дайындап келген тағамдардан зең саңырауқұлақтарын көрсету. (Жоғарғы ұпай 15 ұпай)

1 топ: Микроағзалардың пайдасы

2 топ: Микроағзалардың зияны

 

4 кезең. Тұлғаны таны. Бұл кезеңде оқушылар берілген  мәтіннен жасырылған ғалымдарды табу керек.

 

  1. Мен француз микробиологімін. Ашу және шіру процестерін зерттедім. Микроорганизмдердің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдедім. Л. Пастер
  2. Мен тірі организмдердің біртіндеп даму теориясының негізін салған философ әрі

жаратылыс зерттеуші ғалыммын. Табиғаттың қарапайымнан күрделіге өзгеретінін дәлелдедім. Аристотель

  1. Мен алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы француз жаратылыстанушысымын. Организмдердің бейімделушілік қасиетін сыртқы орта

жағдайымен байланыстыра зерттедім. «Зоология философиясы» деген еңбегім бар.

Ж.Б. Ламарк

  1. Органикалық дүние эволюциясының негізін салған ағылшынның ұлы жаратылыстанушы ғалымымын.Эволюция ілімінің негізін қаладым. Ч. Дарвин
  2. Мен жасуша теориясын XIX ғасырдағы ашылған үш ұлы жаңалықтардың бірі деп жоғары бағаладым. Ол жаңалықтар: “энергияның сақталуы және бір түрден екінші түрге айналуы”, “жасуша теориясы”, Ч.Дарвиннің “эволюциялық ілімі”. Ф. Энгельс
  3. «Ұрықтық ұқсастық» жөніндегі ілімінде барлық омыртқалы жануарлардың ұрықтық дамуының бастапқы кезеңі өте ұқсас екендігін дәлелдеп, эмбриология ғылымының негізін қаладым К.Бэр
  4. «Жану дегеніміз – жанатын дененің ауадағы оттекпен қосылуы» деп атап, тыныс алу ілімінің негізін қаладық Ломоносов пен Лавуазье
  5. 8. Алғаш жай көзге көрінбейтін ұсақ ағзаларды, тағамдағы зең саңырауқұлақтарын көріп, олардың пішіндерін, қозғалыстарын сипаттап жаздым. Антони ван Левенгук

5 кезең. «Кім жылдам?» кезеңі. Бұл кезеңде әр топтан бір оқушы шығып

үйден дайындап әкелген зең саңырауқұлақтарын (көгертілген нан) микроскоптан тауып көрсетеді. (Жоғарғы ұпай 5 ұпай)

 

III. Марапаттау.

 

IV.Қорытынды.      Азығы бір күнге жететін айламен емес,

Білімі мың жылға жететін пайдамен өмір сүрейік!

   
Пікірлер2
  1. Гулмира

    Оқушыларды осындай жарыстар арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру өте тамаша әдіс.Жарыса отырып білім деңгейі жоғарылайды

  2. Гулжайна

    Өте жақсы жасалған дүние екен. Қазіргі кезде осындай жарыс-додалар арқылы оқушылардың оқуға ынтасын арттырып отыру қажет. Күнделікті сабақтардада осы шарада қолданылған білім минуты тапсырмасын оқушыларға үй тапсырмасы немесе жаңа сабақты бекітерде қолдану тиімді болмақ деп ойлаймын.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ