Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Бастауыш сынып

 

1-сынып оқушыларына арналған мазмұндамалар жинағы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

             Ақмола облысы   Қорғалжын ауданы   Кеңбидайық орта мектебі

nov01

Кизатова Б.Д.

Кеңбидайық орта мектебінің Әдістемелік кеңесі ұсынған

Хаттама№5

Рецензенттер:З.Бектұрова «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ Инновациялық дамыту және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.

Құрастырушы:

Кизатова Б.Д. 1-сынып оқушыларына арналған мазмұндамалар жинағы. Әдістемелік әзірлеме 2014. –18 б.

Ұсынылып отырған әдістемелік әзірлемеде бірінші сыныптағы шығармашылық жұмыстарға арналған материалдар: мазмұндама мәтіндері, әңгіме құрауға арналған суреттер және мазмұндама мәтіні мен суреттерді экраннан көруге мүмкіндік беретін диск берілген. Бұл әдістемелік әзірлеменің мазмұны оқушылардың өз отбасына, туған жеріне, қоршаған ортасына сүйіспеншілік сезімін туғызады.

Ұстаздар қауымына әдістемелік әзірлемекөмек ретінде ұсынылады. Әсіресе жаңадан еңбек жолын бастап келе жатқан жас мамандар үшін.

avt

Кизатова Бағдат Даниярқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Білімі: жоғары
Еңбек өтілі: 35 жыл
Санаты:жоғары

АЛҒЫСӨЗ

Ұстаздардың алдында тұрған басты міндеттердің бірі – Отанынсүйетін, еңбексүйгіш, кез-келген жағдайда шешім тауып шыға алатын жеке тұлға тәрбиелеу. Мұның бәрі тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан баланың тілін байытып, ой-өрісін кеңейте түсу үшін, өз ойын жазбаша жеткізе білудің маңызы өте зор.Оқу мен жазуды жаңа меңгерген 1-сынып оқушыларына мазмұндама, шығарма жазып кету бірден оңайға түспейтінін кез-келген бастауыш сынып мұғалімі жақсы біледі. Бұл жинаққа 1-сынып оқушыларына шағын әңгіме, мазмұндама жазуға арналған материалдар енгізілген. Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін түрлі–түсті суреттермен толықтырылған.

Жинаққа қосымша жасалған диск мазмұндама материалдарын экраннан көрсетуге мүмкіндік береді.

МАЗМҰНДАМА

Мазмұндама дегеніміз – белгілі бір шығарманың (мәтіннің) мазмұныны ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру. Бұл оқушылардың алған білімін тиянақтап, тілін дамыту мақсатын көздейді.

Мазмұндама 1-сыныпта оқу жылының екінші жартысында басталып, 2-4 сыныптарда бірте-бірте күрделендіре жүргізіледі. Оқушылар ауызша мазмұндауға толық төселіп болғанға дейін жазуға кірісер алдында оқушылармен ауызша әңгіме өткізіліп, жазу жұмысына дайындау міндетті түрде қажет болады.

Мәтіннің көлемі 1-сынып үшін – 40-50 сөз, 2-сынып үшін – 50-60 сөз, 3- сынып үшін – 60-80 сөз, 4-сынып үшін – 80-90 сөз болғаны дұрыс.

Мазмұндамаға екі баға қойылады:

1)сауаттылығына

2)мазмұндылығына.

Бастауыш сыныптарда мазмұндаманы мына сияқты материалдар бойынша жаздыруға болады:

  1. дайын мәтін бойынша
  2. сурет бойынша
  3. шығармашылық жолмен
  4. кино, бейнефильм бойынша

nov1

Сурет және өлең жолдары бойынша әңгіме құрап жаз

  1. Саған қыс мезгілі ұнай ма?
  2. Өлең неге «Көңілді қыс» деп аталған деп ойлайсың?
  3. Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алдың?

«Менің мысығым» тақырыбында  әңгіме құрастырып жаз:

Жоспар:

  1. Менің мысығымның аты.
  2. Мысығымның ұнататын тағамы.
  3. Мысығыммен ойнайтын ойындарым.
  4. Мысықтың тазалығын қадағалау.
  5. Мысықтың адамға пайдасы.

nov2

БАЛАПАН

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.

Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.Балапан шиқылдай береді.

Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды. Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

  • Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан қайда қыдырып барды?
  • Олар ата-әжесіне қалай көмектесті?
  • Олар нені көрді?
  • Торғайдың балапаны қайдан құлап түскен?
  • Балалар қандай жақсы іс-әрекет жасады?
  • Өздерің құстарға қандай қамқорлық жасайсыңдар?

nov3

Суреттерге қарап, «Менің ұстаздарым» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

nov4

Тірек сөздер:

  1. 1. білімменсусындатады;
  2. тәлім-тәрбиебереді;
  3. өмір қиындықтарын жеңуге баулиды;
  4. табиғатты танып-білуді меңгертеді;
  5. адамдарды түсінуге үйретеді.

ТОРҒАЙ

Бақша арасындағы жолмен аяңдап келемін. Итім

алдымда жүгіріп бара жатқан. Ол кенет жүрісін тежеп, құстың иісін сезгендей-ақ төрт тағандап бұға бастады.

Мен ілгері жол бойына қарадым. Торғайдың сары жағал, ақ үрпек балапанын көрдім. Ол ұясынан құлап түсіпті…

Әңгімені өз ойыңша жалғастырып жаз.

Суретке қарап, қандай жағдайларда обал болатынын айтыңдар.

nov5

Халқымыз «обал болады» деп ескерту арқылы адамның, жан-жануардың, табиғаттың қадірін білуге шақырады.

Басқаларға жақсылық жасап үйренген адам сауапқа кенеледі.

Суреттерге қараңдар.

Табиғатқа обал жасау дегенді қалай түсінесіңдер?

nov6

ТАБИҒАТ АЯСЫНДА

  • Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  • Қандай ағаш гүлдеп тұр?
  • Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің?
  • Қыз балаға ат қой.
  • Ол табиғат аясында не істеп отыр?
  • Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

nov7

 ҰЛЫ КҮН

Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991 жылғы желтоқсанның 16-сы оның тарихындағы ұлы күн! Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті.Еліміз егемен мемлекет болды.

Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. ҰлыОтанымыз –Қазақстанды шексіз сүйеміз!

  1. Біздің сүйікті атамекеніміз қалай аталады?
  2. Қазақстан тарихындағы ұлы күнді ата.
  3. Еліміз қандай мемлекет болды?
  4. Қазақстанды әлем тани ма?

nov8

Сурет бойынша әңгіме құрап жаз

  1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  2. Дастархан басында кімдер отыр?
  3. Олардың көңіл күйлері қандай?
  4. Дастарханға қандай тағамдар қойылған?
  5. Олар қандай отбасы деп ойлайсыңдар?

nov9

ҚОРҒАЛЖЫННЫҢ МАҚТАНЫШЫ – ҚОҚИҚАЗ

Қоқиқаздар – дене бітімі ерекше, тұмсығы имек, сирек кездесетін құстар. Олар Қорғалжын қорығындағыТеңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол басын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады. Ұшып бара жатқан қоқиқаздың қанаттары лапылдап жанған оттың жалынына ұқсас болғандықтан оларды кей халықтар «от» немесе жалын «құс» деп те атайды. Қоқиқаз топтанып тіршілік етеді

  1. Қоқиқаздардың дене бітімі қандай?
  2. Олар қайда үялап, жұмыртқалайды?

3.Қоқиқаздар қалай қоректенеді?

  1. Қоқиқаздар ұя жасауға нені пайдаланады?
  2. Қоқиқаздарды неліктен «жалын құс» деп атайды,

қалай тіршілік етеді?

nov10.

Сурет пен өлең жолдарын пайдалана отырыпәңгіме құрастырып жаз.

  1. Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  2. Қысқы табиғатты суреттеп жаз.
  3. Балалар сырғанақты қалай жасады?
  4. Олар қалай ойнады?
  5. Саған сырғанақ тепкен ұнай ма?

nov11

ЖАСТЫҚ

Бір жылдың ішінде бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер, гүл, жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы секілді адамның басына жастық екі келмейді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаздан кейін күз келеді, сол секілді жастықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына тиянақты кісілер жаздыгүні қыстық азық-түлігін даярлап қояды. Адам да жасында өнер-білім, жақсы мінездерін бойына жинауы тиіс. Мұнсыз ол қартайған шағында рақат тіршілік ете алмайды.  (М.Дулатов.)

  1. Бір жылда қанша рет жаз болады?
  2. Ағаш, гүл, жапырақтар неше рет жасарады?
  3. Жастық шақты жылдың қай мезгіліне теңейді?
  4. Кәрілікті неліктен күзге теңейміз?
  5. Адам өнер-білімді, жақсы мінездерді қай уақытта бойына жинауы тиіс?

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. «Өзін-өзі тану» оқулығы(1-сынып). А.Сейтақов, Р.Ізғұттынова,Ұ.Әбдіғапбарова, Ж.Қажығалиева, Ж.Әкімбаева. -«Бөбек»,2011
  2. «Қазақ тілі» оқулығы(4-сынып). Г.И.Уәйісова, Ұ.Ә.Асылов, Ә.Е.Жұмабаева.-«Атамұра» баспасы,2004
  3. «Балапан әлемі» журналы 2011, №7
  4. Ғаламтор материалдары.wikipedia.org/wiki/Қорғалжын_қорығы

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Сандар сыры
  • Ұ дыбысы мен әріпі
  • Бала сұлтан
  • Әдебиеттік оқу сабағы 3-сынып
  • Бейнелеу өнері – шығармашылықпен оқытудың бір түрі

Пікірлер 42 Пікір қосу

  • Мақташ 15.10.2021 күні 16:21 уақытында

    Ұстаздар қауымына әдістемелік көмекке жақсы ұсынылған. Әсіресе жаңадан еңбек жолын бастап келе жатқан жас мамандар үшін өте қажет деп ойлаймын.

    Жауап беру
  • Жансия 21.01.2020 күні 09:31 уақытында

    Өте ауқымды екн! Нағыз 1 сыныпқа қажетті, өте көз тартатын жұмыс!Жарайсыз әріптес

    Жауап беру
  • Санбаева Нурзия Жалғасқызы 30.11.2019 күні 21:00 уақытында

    Өте керемет өзіме керекті материал таба алдым

    Жауап беру
  • Асемгул 19.11.2019 күні 09:19 уақытында

    Мазмұндама жинағы тұсінікті суреттерімен өте жақсы.Осындай 2-3 сыныптарға жасауға болады екен.

    Жауап беру
  • Асемгул 18.11.2019 күні 21:31 уақытында

    Әсіресе жаңадан еңбек жолын бастап келе жатқан жас мамандар үшін өте қажет

    Жауап беру
  • Сауле 13.11.2019 күні 22:22 уақытында

    Мазмұндамалар жинағы өте жақсы жинақталған. 1 сыныпқаа сай екен.

    Жауап беру
  • Дәмелі 07.11.2019 күні 00:55 уақытында

    Жұмысымызға қандай көмек! Үлгі ретінде пайдалануға болады.

    Жауап беру
  • Дәмелі 07.11.2019 күні 00:33 уақытында

    Жақсы әдістемелік құрал деп ойлаймын. Басқа да сыныптарға осындай керек!

    Жауап беру
  • Дәмелі 06.11.2019 күні 23:47 уақытында

    Қандай қызықты және пайдалы жинақ. Суреттері, мазмұны , сұрақтары қызықты. Мазмұндама жинағын оқушылардың деңгейіне байланысты пайдалануға болады.

    Жауап беру
  • Сандугаш 06.11.2019 күні 00:26 уақытында

    Авторға алғысымды білдіремін. Себебі 1 сынып оқушыларына араналған мазмұндамалар жинағы өте аздап келеді. Ал мына жинақтың стандартқа сай және суреттерімен ыңғайлы қылып бергені өте жақсы екен. Рахмет.

    Жауап беру
  • Аружан 25.06.2019 күні 02:52 уақытында

    Өте жақсы екен! Маған қатты ұнады! 1-сынып оқушылары үшін өте тиімді дүние екен

    Жауап беру
  • Каюпов Сламбек 08.06.2019 күні 16:39 уақытында

    Мазмұндама түрлері баланың ойын әрі дамытуға сай жасалған.Шығармашылық тапсырмалардың сипаты көрініс тапқан

    Жауап беру
  • Гүлнұр 26.03.2019 күні 19:56 уақытында

    Керемет.Əсіресе жас мұғалімдерге керек нəрсе екен.Мазмұндама туралы да жақсы ой қорытқан.Мазмұндамаларға жоспарда жақсы жасалған

    Жауап беру
  • Жанна 10.03.2019 күні 15:59 уақытында

    өте керемет материал….. тағыда осындай материалдар коп жарияланса екен….

    Жауап беру
  • Ханзада Ошақбайқызы 04.03.2019 күні 21:13 уақытында

    Маған қатты ұнады керемет екен! 1-сынып үшін өте тиімді екен!Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!Біз қалай алсақ болады?

    Жауап беру
  • Жаныспаева Кымбат 27.02.2019 күні 11:26 уақытында

    Жағартылған бағдарлама бойынша жазылған екен. Үлгі ретінде алуға болады.

    Жауап беру
  • Ұлбосын 09.02.2019 күні 22:58 уақытында

    1-сынып оқушысына қиындау сияқты.Бірақ осыны үлгі ретінде алуға болады.Рахмет сізге барыңызбен бөлісіп жатқанынызға.

    Жауап беру
  • Әйгерім 08.02.2019 күні 22:27 уақытында

    Бұл жинақ бастауыш сынып оқушылары үшін әсіресе 1 сынып оқушыларының сөздік қорын дамытуда және оқу дағдысын арттыруда қолдануға болатын құрал ретінде бағалаймын.Рахмет!

    Жауап беру
  • Жубанышева Улжан Аскаровна 25.03.2017 күні 11:38 уақытында

    Бағдат Данияр қызына көп-көп алғысымды білдіремін.Мазмұндама жинағын оқушылардың деңгейіне байланысты пайдалануға болады.Маған ұнады. Сабақтарымда пайдаланамын
    Ваш комментарий ожидает проверки.

    Жауап беру
  • Жубанышева Улжан Аскаровна 25.03.2017 күні 11:37 уақытында

    Бағдат Данияр қызына көп-көп алғысымды білдіремін.Мазмұндама жинағын оқушылардың деңгейіне байланысты пайдалануға болады.Маған ұнады. Сабақтарымда пайдаланамын

    Жауап беру
  • жадыра 12.03.2017 күні 23:09 уақытында

    1 сыныпка киын болсада, осыган карап улги ретинде пайдалануга болады. Рахмет! сизге кобирек барынызбен ой болисип хабарда болып отырсаныз жаксы болар еди. РАХМЕТ!!!!

    Жауап беру
  • Акан 18.02.2016 күні 21:10 уақытында

    Иа.Кейбiр мәтiндер 1 сынып окушылары үшін күрделі. Барлық бала бiрдей емес қой. Оқушылардың деңгейiне қарап қолдануға болады екен. Рахмет!

    Жауап беру
  • Ақзира 25.01.2016 күні 19:44 уақытында

    1-сыныптар үшін ауыр.2-сынып деңгейіне келеді. Рахмет!

    Жауап беру
  • салтанат 25.05.2015 күні 22:42 уақытында

    2-4 сыныпқа жазуға ойыңыз жоқ па?

    Жауап беру
  • салтанат 25.05.2015 күні 22:40 уақытында

    Маған ұнады.Қайдан сатып алуға болады немесе скачать етуге бола ма .Көп рахмет

    Жауап беру
  • Бибигул 25.04.2015 күні 12:52 уақытында

    тамаша құрал .Сізге рахмет.Табыс тілеймін.

    Жауап беру
  • Галия 13.04.2015 күні 20:38 уақытында

    Маған Ұнады өте жақсы.Сізге үлкен рахмет!

    Жауап беру
  • Айнагуль 13.04.2015 күні 18:25 уақытында

    Маған ұнады. Жас мамандарға таптырмас құрал.

    Жауап беру
  • Гүлнар Айбатырқызы 10.04.2015 күні 23:30 уақытында

    Жақсы еңбек. Көп көмегін тигізді. Құрметті Бағдат апай осындай жұмыстарыңызды көбейтсеңіз екен деген тілек бар. Рахмет.

    Жауап беру
  • Айша 10.04.2015 күні 23:27 уақытында

    Маған өте ұнады бірінші сыныпқа ауыр емес қазір балалар мектепке дайындықпен келеді сондықтан өте жақсы жасалған материал деп ойлаймын. Рахмет!

    Жауап беру
  • лаура 28.03.2015 күні 21:15 уақытында

    1сыныпка ауырлау екен

    Жауап беру
  • лаура 28.03.2015 күні 21:14 уақытында

    1 сынып балаларына ауыр емес пе?

    Жауап беру
  • Акмарал 09.03.2015 күні 12:31 уақытында

    өте жақсы, толық жинақ. Еңбегіңіз жана берсін.

    Жауап беру
  • шынар 03.03.2015 күні 18:10 уақытында

    1-сыныпқа ауырлау екен

    Жауап беру
  • сагила 18.02.2015 күні 10:55 уақытында

    өте жақсы материалдар екен, рахмет!

    Жауап беру
  • толкын 13.02.2015 күні 01:22 уақытында

    мазмұндама өте әдемі жазылған

    Жауап беру
  • Сәттігүл 19.01.2015 күні 17:43 уақытында

    Маған мазмұндамалар жинағы ұнады Қалай скачать етуге болады

    Жауап беру
  • шынар 03.01.2015 күні 19:56 уақытында

    сіздің жинағынызды оз іс тәжірбиемде қолдандым

    Жауап беру
  • Kozhagulova Asem 21.12.2014 күні 22:00 уақытында

    Жас ұстаздарға үлкен көмегі тиетін әдістемелік құрал екен. Мен өз сабақтарымда қолданып, оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамытамын. Бағдат Даниярқызы, Сізге шығармашылық табыс тілеймін!!!

    Жауап беру
  • Құсайынова Жұлдыз Жетпісбайқызы 11.12.2014 күні 18:54 уақытында

    1-сынып оқушыларына мазмұндама жазуға үйретуге өте қолайлы әдістеме екен. Ата-ана ретінде Бағдат Даниярқызына аналық алғысымды айтамын!

    Жауап беру
  • Гаухар 07.12.2014 күні 23:16 уақытында

    Маган оте катты унады

    Жауап беру
  • Сая 19.11.2014 күні 19:05 уақытында

    маган катты унады

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.