Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балалар ойындары

 

Ойыншық сәбиді неге үйретеді?


Ойыншық бала үшін ермек қана емес, сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал, қимыл-қозғалысты, сезім ағзаларын, тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы. Сәбиді үйге әкелісімен, оның керуеті үстіне ашық түсті, көзге түсетін, дыбыс шығаратын 3-4 ойыншықты іліп қойыңыз.
Олар сәби кеудесі тұсында одан 60-70 см жоғары ілулі тұрса болғаны.

Сәби бұл жасында ойыншықты дәл осындай қашықтықта көре алады.Сіз нәрестеңіздің ілулі шарға, сылдырауыққа көзі түскенін байқасаңыз,жанынан жүріп өткенде біреуін қозғап кетіңіз, сонда оның сазды дауысы, тербеулі және ойыншықтардың орын алмастыруы оны қызықтырып, бұларға ұзақ әрі қадала қарауға үйренеді.

Бұл оның өз-өзімен болуына үйрететін алғашқы нышан, өте қажет қасиет. Сөйтіп бұл білгенін одан әрі бекітуге тырысу қажет. Сәби керуетінің жанына барып біресе оң жағынан, біресе сол жағынан сылдырмақты шылдырлатыңыз, ол бұрылып шыққан дыбысты іздейді. Мұнда ол білгісі келген затына қараумен қанағаттанып қана қоймайды, сонымен бірге ол мойын етінде жаттықтырады.Бала дәрігері, әрине сізге баланы күніне бірнеше рет етбетінен жатқызу керек, деп кеңес береді.

Бұған жаттықпаған нәресте етбетінен жатқанда кеудесі астындағы екі қолына мұрнын соғып, басын көтере алмайды. Ал күн сайын жаттыққан сәбидің басы көтеріңкі болып, нәтижесі айтарлықтай болады. Оның осы қабілетін бұдан әрі дамыту үшін, алдына әртүрлі ашық түсті ойыншықтарды қойыңыз.

sabi-oindariСергектік комплексі. Сәби 3-3,5 айлығында үй адамдарын таниды, өте сезімтал болады. Ол жатқан керуетке еңкейіп сөйлесең болды, ол қолын қозғалтып, сермеп, аяқтарын көтереді, қуана күліп, дыбыс шығарады,сөйлесең ризалығын білдіргісі келеді. Мұны сергектік комплексі деп атайды, сондықтан оны жаңа қабілеттің қалыптасуы үшін пайдалану керек.

Ашық түсті ойыншықтар сәби бесігінде жоғары ілулі тұра берсін, сәби оларға әйтеуір қарайды. Оған қосымша шамамен 30-40 см жоғары, оның қолы жететін жерге тағы да 2-3 ойыншық іліп қойған дұрыс. Бұл ойыншықтар ұстауға ыңғайлы сылдырмақ болғаны жөн. Сәби қолын көтергенде абайсызда ойыншыққа тисе шылдыр етіп, қозғалмай қалып оның дыбысын тыңдайды.

Мұндай жағдай күніне бірнеше рет қайталанатындықтан, ол енді сол ойыншықтарды өзі қозғау арқылы дыбыс шығаруға болатынын түсінеді. Сөйтіп, ол ойыншықтарға қолын жеткізуге тырысады. Сәбидің қабілеті арта түседі. Ол өзімен-өзі алданады және үйренеді.Сөйтіп сәбидің іс-әрекеті күрделене түседі. Оның ойыншыққа қолы тигенде тұңғыш рет алақанын жазып, оны ұстауға тырысады.

Міне, осы жерде оған ересек адамның көмегі керек. Ол үшін алғашқыда сылдырмақты оның қолына ұстатуға болады. Сәби оны ұстап қарап сезінеді, тұруға тырысады. Мұны бірнеше күн қайталау қажет, сонан кейін-ақ ол қолы ойыншыққа тиісімен бірден ойыншықты ұстау үшін алақанын ашады. Әуелі бір қолымен ұстайды да, кейіннен оған екі қолымен бірдей жармасады.Өмірді тану тәсілі.

Заттарды қолмен ұстау арқылы баспен ойлауға да жұмыс табылады. Сәби заттарды қолмен ұстап әбден зерттейді. Ол алған затын ұстап қарайды, сілкиді, лақтырады, аузына салады, жалайды, тістеуге тырысады. Осында күрделі әрекет кезінде көз, құлақ, қозғалыс, иіс сезімі іске қосылады. Жеке басының тәжірбиесі қарқынды түрде жинақталады.

Сәбиге резеңкеден, пластмассадан, ағаштан әртүрлі пішінде, түрлі түсте жасалған, әртүрлі дыбыс шығаратын бірнеше ойыншықтарды беріп, оның зерделілігін, ойын байытыңыз. Олардың бірінің сырты тегіс болады да, екіншісі- кедір-бұдырлы, түкті, қырлы болуы мүмкін, оның бұл өнерге деген сезімталдығын жетілдіреді.

Бұдан былай сәби кеудесінің тұсында ілулі тұрған ойыншықтарды ұстауды үйренеді, сондықтан енді жанына қойылған ойыншықтарды алуға үйретіңіз, икемділігін күрделендіре түсіңіз. Бұл алғашқы кезде ойдағыдай бола бермейді. Ол әуелі қолын созады, сосын өзі ұмтылады. Ойын іске асыру үшін қимылдайды, еңбектейді, бұл оған пайдалы.

Алғашқы сөз. Сәби 8-9 айлығында негізгі ойыншықтардың атын біліп алады. Сәбиді диван үстіндегі аюға қаратып: «мынау аю!»-деп көрсетіп, кейін: «аю қайда?»-деп бетін оған бұрсаңыз, ол бірден аю екенін біледі. Осыдан соң сұраққа жауап беру үшін басын диванға бұрып, сұраған затыңызды іздейтін болады.

Бірақ бұдан ол ойыншық аттарын біледі, деген қорытынды шықпайды. Дивандағы аюды басқа жерге алып қойып, сол сұрақты қайтадан қойыңыз да, ол дағдысы бойынша диванға қарайды және ол аюдың жоқтығына қарамастан ол сіздің мақтағаныңызды күтеді.Шынында сәби алғаш сол жерді, онда тұрған затты есінде сақтайды екен.

Осыдан кейін сіз сәбимен бірге әлденеше рет әр жерден аюды іздестіріңіз, сонда ол нақты бір сөзді нақты затпен байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сонан кейін: «Аюды тамақтандыр», «Қуыршақты тербет» деген тәрізді сөздерді түсініп, айтқаныңызды орындайтын болады.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Балаларға арналған ұлттық ойындардың маңызы
  • Ұлттық ойындар
  • Мысық пен тышқан ойыны
  • Доп ұстау және Жүгіріп өту ойыны
  • Балалардың танымын арттыратын ойындар

Пікірлер 7 Пікір қосу

  • Лаура 25.12.2021 күні 19:56 уақытында

    ойыншық ойнаған балада ойлаудың армандаудың тереңдігі болады, болшақта шынайы армандайды және орындалуына сенімді болды. керемет мақалада жазылған әр пікірге рахмет

    Жауап беру
  • Нағима 03.11.2021 күні 15:47 уақытында

    Керемет ақпараттар. Ойыншықтар баланың миын дамытады

    Жауап беру
  • Майра 11.04.2021 күні 23:30 уақытында

    ия бұл кезеңнен өттік біз, қолға ұстап бастадық заттарды,дәмдерін көру үшін.8-9 айлық балаға арналған кеңесіңізді қолданамын бұйыртса

    Жауап беру
  • Ризагүл 03.02.2021 күні 15:27 уақытында

    Ойын сәби баланы өміргеге баулидитын бирден бир жаксы технология деп ойлаймын! Ойын аркылы бала жан жакты дамиды

    Жауап беру
  • Сауле 18.10.2020 күні 22:44 уақытында

    ӘР ТҮРЛІ ОЙЫНШЫҚТАР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ ОЙЫ ЖАҚСЫ ДАМИДЫ.

    Жауап беру
  • Сәуле 19.05.2020 күні 23:16 уақытында

    Шыныменде ойыншықтар бала дамуына әсер тигізетін бірден-бір құрал. Мақаладан қажетті ақпарат алуға болады.

    Жауап беру
  • Молдир 01.10.2019 күні 22:39 уақытында

    Ойыншыктар баланы ойнатуга жаксы.онын миына шабуыл жасаймыз дуниетанымы кенейеди.

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.