Семгалиева Дина Жаденқызының өлеңдер жинағы

Аты-жөні: Семгалиева Дина Жаденқызы

Туған жылы: 26.08.2002 жыл

Ұлты: Қазақ

Сыныбы: 6 «б» сынып

Мектебі: В.И.Шубин атындағы

Правда жалпы орта білім беретін мектебі

Батыс Қазақстан

Мақсаты: Сабақты жақсы оқу

Қағидасы: Өз бетімен өлең өру

Сүйікті пәні: Әдебиет,музыка

Сүйікті ақыны: Фариза Оңғарсынова

Жетекшісі: әдебиет пәні мұғалімі Қажығалиева А.Е.

 olender jinagi

Қадыр жыры.

Туған жерге өң беретін кішкене

Кішкентай бір гүлің болып туған ем.

Саған деген сезімімді көрсетіп

Қасиетіңді қоса алдым ба жырға мен…

Қадыр аға жырлап берді көгімде

Аққу-жырлар жүзіп жүрді көлімде

Ақжайық деп жырлаған сол ақынмен

Қандай бақыт, жерлес болған өмірде.

Екінші өмір жасамайды қайта адам.

Өмір-теңіз, адам-қайық шайқалған.

Туған жердін ақыны бар Қадырдай

Жырламаймын деп қалайша айта алам…

Жалпы өмірдің мәні, сәні- өлең –жыр

Қадыр жыры, ләззат алам сенен кіл

Қадыр аға , аруағыңмен жебей жүр.

 

Қадыр аға әндері.

Жымпиты Қадыр аға туған жері

Меймандос қонақжайлы келсең елі

Халыққа талант ортақ қай кезде де

Санайтын «ұлымыз» деп кез келгенді.

«Ақжайық», «Тамды елі» асқақ әні

«Тамашаға» елжірейді жастар жаны

«Өмірің өз қолыңда» деген ән бар

«Қазақ осы» жаюлы дастарханы.

«Алғашқы махаббаттай» жастық күндер

«Апам үшін» білмейді оны кімдер

«Домбыра» деп жырлаған қандай ыстық

«Асыл әжем» деп салған айлы түндер.

«Өлең» атты асылы сен алтынның

Шаттанамыз биігіне жыр даңқыңның

Ән салғызып, жыр толтырған сар даламды

Поэзия Пайғамбары бар халқымның.

 

Абай ақын

Абай ақын, ақын дара

Әлемде дана өзі ғана

Өлеңдері мәңгі өшпейтін

Үлгі болар ұлы тұлға

Даналыққа жолды ашар

Өлеңдері жолды басар

Жырлары бар мәңгі өшпейтін

Абай біздің мәңгі жасар.

 

Бабаға арнау

Батыр аты есімі

Өшпейді мәңгі жүректен

Туған жер – алтын бесігі

Хандарға қарсы күрескен

Есімі оның өшпейді

Тарихта қалды жырлары

Ереуіл атқа ер салған

Тарихтың ашып сырларын

Махамбет батыр, ақынның

Есімін мақтан етемін

Бабаға мен де жақынмын

Жырларын жаттап өтемін.

 

                       Наурыз

Келді міне наурыз мейрам ортамызға,

Наурыз құтты болсын баршаңызға.

Наурыз құтты болсын аналарға.

Наурыз құтты болсын аталарға.

Құтты болсын Наурыз Қазақстанға.

 

Тәуелсіз Қазақстан

Қазақстан азат елміз азатпыз

Достығы мен теңдігімен азатпыз.

Жиырма екі жыл мейрам күні тәуелсіз,

Әрқашанда алда болып қалмақпыз

Артта болып қалмаймыз біз ешқашан

Азатпыз біз, алдамыз біз әрқашан.

 

  Анама

Дүниеде ең ардақты қамқор анам,

Түн ұйқысын төрт бөлген асыл адам.

Анам барда бақыттымын, қор болмаймын,

Тілерім тек сен аман болшы, жан анам.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер1
  1. Махаббат

    Өркенің өрге жүзсін, талантың таудай болсын! өте қатты ұнады, 6 сынып оқушысы үшін жоғары дәрежеде жазылған.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ