Қара өлеңім қазынам

Мен қара өлеңсіз өмірімді елестете алмаймын. Өлең бұл менің өмірім, тағдарым, өткенім мен болашағым. Бос уақытымда Мұқағали өлеңдерін оқып шабыттанамын. Ойларымда қағазға түсіремін.

Ақиық ақын Мұқағалидың қай өлеңін алып оқысақта оның өмірі, асқақ арманы, биік-биік белесі көз алдымызға елестейді. Ақын тек өз өмірі жайлы ғана емес ел өмірі, жер өмірі, ер өмірі тіптен өлең өмірі жайлы жырлаған. Солардың бірі ”Қара өлең” атты туындысы. Ақын бұл жырда қарапайым қазақтың қара өлеңінің мән мағынасы, тарихы тіптен оның аңыз екендігін жырлаған. Біз бұл өлеңнің қай шумағын алып қарасақ та түбі терең сырменен тұнып жатыр. Мен бұл өлеңнің:

Түзу-түзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын.

Қазақтың қара өлеңі қаза болса

Қара көзден неге қан ағызбайын,- деген шумақтарын оқығанда менің жүрегім қара өлеңнің мағынасын ұғынғандай болды. Мен қарапайым қазақтың қара өлеңінің мағынасын ұғынып қана қоймай оны өзгелергеде ұғындырсам деп едім. –«Бұны қалай еліме жеткіземін»- деген ой мені мазалады. Дәл сол сәтте менің есіме Кенен Әзірбаевтың:

-Балыққа таяз судан терең оңай,

Ақынға қара сөзден өлең оңай,-деген отты сөзі келді, және де мен осы қара өлеңнің құдіретін, қасиетін өзгелерге ұғындыру үшін, өзім ұғыну үшін жүректен шыққан жыр шумақтарым арқылы жүрекке жеткізгім келді. Сонымен қатар жеткізем деп алдыма мақсат қойып, ойымды қағаз бетіне түсірдім.

kara-olenimҚара өлеңім қасиетіңді сезінем,

Жеткізе алдым бар сырымды өзіңмен.

Сен жоғалма, сен жоғалсаң егер де,

Бөкендеймін өз қағынан безінген.

Қара өлеңім жаудан қорғар бірлігім,

Өзіңменен байқалады тірлігім.

Сен жоғалма,сен жоғалсаң егер де,

Не болады менің мына бұл күнім.

Қара өлеңім жүректердің шуағы,

Қара өлеңім көңілімнің пырағы.

Сен жоғалма, сен жоғалсаң егер де,

Жоғалады қазағымның жыр-әні.

Қара өлеңім қасиетті бай мұрам,

Қайта-қайта оқымасам қайғырам.

Сен жоғалма, сен жоғалсаң егер де,

Аққудайым сыңарынан айрылған.

Мұқағали ақынның ғашықтық жаныдағы өлеңін, ел жайлы өлеңін, ұлы мейлі қызы жайлы өлеңін алсақта бәрі –бәрі бір –бірімен ұштасып жатыр. Оның өлеңдері тек жақсылық, адалдық, ақтық, пәктік. Біз бұл қасиеттерді ақынның мына бір өлең жолдарнан байқай аламыз:

Күрсініп көкірегім, жылайды ішім,

Өшем бе, өсемін бе құдай білсін.

Қанды дағын жүректің қалдырайын,

Қаласа біреу-міреу сұрай жүрсін.

О,Муза!

Тағдырыма иемісің,

Күрсініп көкірегім күйеді ішім.

Мен сені жаңартам деп келгенім жоқ

Сен мені жаралғансың сүйеу үшін –деген жолдарынан қазіргі заман дерті жемқорлық келді. Осы тақырыпта сыр шертіп, жемқорларды жою жөнінде өлең жаздым.

Күрсінемін! кейде қатты қуанымын,

Жарқыраймын! кейде ағаштай қуарамын.

Кінәласа ғаділетсіз біреу мені,

Режімеймін оғанда күле аламын.

Сыр шерттім күнге, айға тіпті атуға,

Мұң шақтым гүлдер тұнған бақша-бауға.

Ғазиздіктен арылар күн барма екен,

Жемқорлардың тамырын қопсалауға.

Сыр шерттім аспан, жұлдыз айлы баққа,

Алай-дүлей болды ішім сол-бір шақта.

Жоғалама жемқорлық мына өмірден,

Жай сөзбенде жеткіздім, айғайлапта.

О, Дүние!

Жемқорлық жоғалама?!

Кінәлілер тәркіленіп тонала ма?!

Жайдарлана жүруші едік сол бір кезде,

Қуанышты сол сәттер оралама!

Әрине, бұл мәселе менің қозғайтын мәселем емес. Бірақ, өзіме тоқтау сала алмадым. Мен бұл өлеңім арқылы жемқорлықты болдырмау керек екенін жеткіздім. Алайда кейде мен ойлаймын, егер өмірде ақ пенен қара қатар жүрмесе өмірдің мәні болмаспа еді. Егер өмір тек әділдіктен болса онда біз жақсымен жаманның ара жігін ажырата алмас едік.

Ақынның туған жері жайлы өлеңдері де халық жүрегінен орын тапқан. Ақынның шығармашылығы мен бай мұрасын қазақтың еш ақынынан бөліп қарай алмаймын. Оның жүректен жарып шыққан әр-бір сөзінің мағынасы, мәні ерекше. Отан туралы өлеңі бәрінен биік екен.

Не сыйлайды,не береді,келер күн.

Неде болса,тірі тұрсақ көрермін

Желідегі қулынымын мен елдің,

Көгендегі қозысымын мен елдің.

Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елімде аман, менде аман,

Таулар- менің таусылмайтын бақытым

Ал ырысым-ұлан ғайыр кең далам.

Не істемекпін алтын, гауһар, жақұтты,

Оларды іздеп өткізбеспін уақытты,

Мен бақытсыз бола қойман сірә да

Туаған елім болса екен бақытты, — деген өлең шумақтарынан өзіме күш қуат аламын. Өлеңді жүрегіммен сезініп, жүрегіммен жырлаймын. Мысалға алар болсақ ақынның «Елім барда» атты туындысында елінің бірлігі мен ынтымағын алтынға, биік тауларын байлыққа, ал татулық ырысын кең далаға теңеген. Ақын елінің еркелеткен қозысымын, құлынымын деп өзінің тек елімен ғана бақытты екенін жырлаған. Бұл өлеңінде елдің бірлігін, татулығын тілеген. Туған елін алтынға, тіпті жақұтпен гауһарғада айыр бастамайтынын астарлаған. Туған ел тұғырында тұрса өзінің аман, бақыты екенін айтады. Менде осы өлеңді оқып, ішінен жан жылытар сөзді өзіме арқау етіп алдым:

Төбемізде жарқыраған күнім бар,

Қырларымда үлбіреген гүлім бар.

Кең даланың манаураған үні бар,

Жұлдыздары жарқыраған түні бар.

Жер астында таусылмайтын кені бар,

Түбі терең тарихыммен тегім бар.

Қамбасында қазыналы өнім бар,

Мақтанарлық жасыл желек жерім бар.

Биік шыңға желейтін білім бар,

Барша халық құрметтейтін дінім бар.

Ақ бұлыттан ақ орамал жамылған,

Қанаттылар қалықтайтын көгім бар.

Мәпелеген ақ сүт берген анам бар,

Әкем, әжем мейірімді атам бар.

Бірлігім мен тірнлігімнің айғағы,

Құшағы ыстық қасиетті Отан бар!

Қыраны мен күн келбеті салынған,

Аспан түстес желбіреген туым бар.

Төрткүл дүние таңдай қаққан тамсана,

Қазақ деген ұлан байтақ елім бар!

Ақын жырларының қайсысын алсаң да әр-бір оқыған оқырманға жан дүниесін тебірентетіндей ұйқастарын қиыннан қиыстырып отырған. Поэзияның ұлттық қасиетін жоғалтпай, көздеген мақсатына сай дамытып отырған.

Мұқағали өлеңі тіл бітіріп, көңілге ерекше күй береді. Ақын өлеңдерінен өнегені, байсалдылықты ұғындым. Буырқанып тасығанда арнасын бұзып, аққан дариядай асау да қуатты, бұлақтай таза мөлдір қасиетті қазақтың қара өлеңін көремін.

Тау ұлымын,

Тау- менің дәу бесігім,

Мен оның әуресімін,

Сәулесімін.

Асқар шыңдар желпиді бесігімді,

Бір орамын ағытып сәлдесінің, -деген өлең жолдарынан біз оның тауда туып өскенін, тау ұлы екенін байқай аламыз. Ақын бұл жерде өзінің тау ұлы екенін мақтанышпен және де зор тебіреніспен жырлаған.

Бұл өлең жолдарында әдемі сурет бар,ақынның лүпілдеп соққан жүрек дірілі тұнып тұр. Ақынның бір ерекшелігі –оның өзіндік бояуымен, өзіндік жарығы бар. Біз бұны «Қасым солай болмаса» атты өлеңінен байқайаламыз.

Дейсіңдер-ау Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым,

«Ақынмын»деп қопаңдап жүргендердің

Әммесінен Қасымның десі басым.

Мен осы өлеңді оқып отырғанда, менің көз алдыма елі сүйген, елін сүйген Ержан ағам елестеді. Мен ағама деген сағынышымды өз жүрегімнен шыққан өлең жолдармен жеткіздім.

Тыңдаушы едік арнадан саз үніңді,

Үйренді жаттап жастар ән жырыңды.

Естейсіңбелебізін жүректердің?

Бұлқынып дүрсіл қағып дір еткенін.

Отбасыңның сен едің жүгінері,

Орныңыздың байқаймыз тілінерін.

Еске алып арнадан коріп ылғи,

Шабыт берер әндріңе үңілемін.

Туған еліңмұңайды асыл аға!

Сені іздеді сағынып жасыл дала

Шәмшінің ізіменен келе жатып,

Жарқ етіп ғайып болдың ғасырларға.

Кеттіңғой туған елді сағындырып,

Өнерге барша жұртты табындырып.

Орнынды бар оңалар деген қазақ,

Нұрлы бейнең өшпейді сағым болып.

Оқимын өлеңімді биік тұрып,

Өнерді жан тәніммен сүйіп тұрып.

Мен үшін өнердегі мәңгі ошпес,

Арысымның Ержаны биік рух! -дегім келеді. Ақынның қазіргі таңда кейбір өлңдерінің түпнұсқасы табылып, көптеген кітап беттерінде жарық көрді. Поэзия сүйер қауым үшін ақынның қолтаңбасымен қауышудың өзі мен үшін теңдесі жоқ бақыт секілді. «Өшеді өлең немесе көшеді өлең»деп ақынның өзі айтқандай ақиық ақын жырлары туған халқымен бірге жаңара бермек, жасара бермек.

Назым Шағырбай

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қалалық

Ж.Байұттиева атындағы өнер мектебінің шәкірті

   
Добавить комментарий


ErKeTai.KZ