Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Балабақша

 

«Біз мейірімді отбасы» отбасылық сайыс


Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

Бұқарбай батыр ауылы

КМҚК №13 «Балдырған» ясли-бақшасы

Тәрбиеші Күзембаева Айнұр

«Біз мейірімді отбасы»

отбасылық сайыс

Мақсаты: Балабақша мен ата –аналар арасында ынтымақтастық орната отырып,ата-ана мен бала арасындағы мейірімділікті,адалдықты,ізеттілікті қалыптастыру.

Көрнекілігі:  Графапроектор, музыкалық дыбыс күшейткіш,  көрініске сай

безендірулер.

  Жүргізуші:

Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой.

«Біз мейірімді отбасы» сайысында,

Көрейік тамашаны сергісін бой.

Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық. Мейірімділік, татулық, достық, болмаса күллі әлем мағынасыз болып, зұлымдық билеп алар еді. Өйткені ғаламдағы барлық нәрсе мейірімнен жаратылған. Мейірімділік белгілі бір тәртіппен үйлесім табады. «Мейірімді отбасы» дегенде,көз алдыңа уыздай ұйыған тату-тәтті,бақытты отбасы елестейтіні анық. Осы мейірімділіктің татулықтың, бірліктің туын ұстаған отбасыларды ортаға шақырамыз.

1. Жеткерген отбасы

2. Туатай отбасы

3. Әмірбай отбасы

4. Тұңғатаровтар отбасы

Отбасылар музыка ырғағымен қарсы алынып, тиісті орындарға отырғызылады.

 

-Құрметті ата –аналар! Аспанымыз ашық, күніміз жарық болсын деп шеңбер  бойына  тұрып, бір – бірімізге мейірімімізді төге отырып «Әрқашан күн сөнбесін!» әнін орындайық.

Ән : «Әрқашан күн сөнбесін!»

Жүргізуші:

Анаң – күнің, жүрегің,

Әкең – өмір  тірегің,

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын.

Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың

Бәрі саған қуансын –

-деп «Біз мейірімді отбасы» сайысына қатысушы  отбасылардың бақытты сәтерінен түсірілген бейнеролигін тамашалайық.

Музыка әуенімен ортаға Зұлым  ханша шығады.

Зұлым ханша сиқырлы айнасына қарап:

-Менің сиқырлы айнам, қане, жер бетіне зұлымдық пен жауыздықты неге орната алмай жатырмыз, оған не нәрсе кедергі болып жатыр?

Айна (дауыс естеледі):

-О, менің әміршім, мен жер бетіне  зұлымдықты  орнатқым келсе де қолымнан келетін емес.   Жел соққанда, тыныс алғанда ғана сезінетін жұтқан ауа, көзге көрінбейтін мейірім мен мың бұрала аққан су сылдырының өзі,  ақша бұлттар айшықталған көк аспан төбемізден мейірімін бірде күн шуағы боп төксе, бірде жаңбыр боп жер бетінің мейірін қандырып тұр.   Бұл дүниеде барлық зұлымдық атаулының барлығын жер бетіне жіберсемде адамдардың бір  біріне деген достығын, татулығын, қайырымдылығын, соның ішінде отбасылық татулық пен бірлікті жеңе алмадым.

Зұлым ханша:

-Жоқ, біз оны қайтсек те жоюымыз, құртуымыз керек. Мені сол отбасына жеткіз. Мен оларға кедергі боламын. (кетіп бара жатып қолындағы айнасын лақтырып, жолдағы тасбақаны аударып, гүлдерді құлатып шығып кетеді)

Осы кезде музыка ойналып  мейірімді ханша шығады. Жолындағы кері аударылып қалған тасбақыны аударып, гүлдерді орнына келтіріп:

-Ой, кішкентай тасбақа сенде мейірімге зар болып отырсың ба? Ғаламдағы барлық нәрсе айналасына шашу шашатын мейірімділікті тілейді. Әрбірі мейірімділікті аңсайды. Кез келген жаратылысқа мейірімділік танытсаң, өзінің де мейірімге бөленсең.

Тасбақа:

-Дұрыс айтасың мейірімді ханшайым. Екі көзің не үшін керек, жақсыларды көру үшін. Екі қолың не үшін  керек, елге көмек беру үшін керек. Сенің мейірімділігінің, қайырымдылығының арқасында жолыңдағы көмекке зәру жандарға көмегіңді  беріп келесің, соған ризамын. Саған көп рахмет. Менің кішкентай балама көмектескеніңе рахмет.

Тасбақа мен мейіріді ханшайым айналасына қарап:

– Мейірімді ханшайым мына жерге мейірімділіктің шашуын шашқан, жырын жырлаған, әнін шырқаған отбасылар жиналып қалыпты. Қарашы барлығы да жарасымды.

Мейірімді ханшайым адам мейірімілікті әуелі жүрегінің жылуы арқылы білдіреді емес пе? Мынау тұрған жүрекшелерді не сиқыры бар екен.  Міне қызық мұнда түрлі сұрақтар жасырылған екен. Ендеше әрбір отбасы осы сұрақтарға жауап берсін.

Ата – аналар жүрекшелер ішінен бір – бір  сұрақ алып жауап береді.

Зұлым ханша кіреді:

-Бұл жауаптар жалған мен келіспеймін.

Мейірімді ханшайым:

-Жоқ, сіз олай демеңіз. Мүмкін сіз бізбен бірге мына сайысты көрсеңіз мейірімділіктің, жылулықтың, қайырымдылықтың не екенін түсінетін шығарсыз.

Зұлым ханша:

-Мен ондайды түсінгім келмейді. Мейірімділік дегенді атай көрме.

Тасбақа:

-О, ханымым сіз осы сайстың  аяғына дейін қатысып көріңізші. Сонда сіздің пейіліңіз көзқарасыңыз өзгереді.

Зұлым ханша:

-Жарайды. Көрсем көрейін.

Тасбақа:

-Ендеше келесі сайысымыз бастайық. «Мен кішкентай көмекшімін» сайысы. Аналарымыз кір жуса, балалары кірді қағып жіпке жайып, қыстырғышпен қыстырады.

Мейірімді ханша:

Сайсымызға арналады бүгін билер,

Көтерілсін қанекей көңіл күйлер.

Алдарыңызға шығады биші қыздар

Қошаметпен қарсы алайық көрермендер

«Андижан» биі ортаңғы «Ботақан» топ тәрбиеленушілері.

Тасбақа:

-Ендігі сайсымыз «Тәтті құмарлар»- деп алсақ қайтеді. Өйткені отбасында түрлі мерекелер болады. Бұл мерекелер тәттілерсіз өтпесі анық.  Қазір сіздерге түрлі тәттілер беріледі. Музыка тоқтағанша тәттілерді тауысуларыңыз керек.

 Мейірімді ханша:

-«Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім  алады»- демекші әрбір ата –ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Келесі сайыс түрі «Шеберлер отбасы». Сіздерге түрлі- түсті қағаздар, қайшы, желім, мата қалдықтары, табиғи материалдар беріледі. Осы берілген заттардан балаларыңызбен бірігіп не жасар едіңіз.

Тасбақа:

-Біздің отбасыларымыз жұмыстарын  жасап болғанша бір керемет ән тыңдайық. Ендеше ересек тобының тәрбиеленушісі Сапарбек Арайлымды ортаға шақырайық.

Зұлым ханша:

-Меірімді ханша, тасбақа мына отбасыларды көріп тас боп қатқан жүрегім жылып келеді.  Келесі шартты мен айтсам  бола ма? Мен ертегілер елінен келдім емес пе, сондықтан  «Менің сүйікті ертегілерім» деп аталатын сайысқа шақырғым келеді.

 Сайыс түрі:  Отбасыларға мульттоптамалар мен ертегілер суреттері таратылып беріледі, сол мульттоптама  мен ертегілерде  орындалатын әнді орындап беруі тиіс.

(«Алдаркөсе», «Кракадил Гена және Чебурашка», «Құйыршық», «Бауырсақ»)

«Болашақты бірге болжайық» Ата -аналарға баланың  суреті салынған плакат беріледі. Плакаттағы бала суретін ата –анасы, баласы үшеуі түрлі бояулармен болашақта балаларының қандай болатынын бейнелейді.

Зұлым ханша: Мейірімді ханшайым, мен сендерге көп қиянат жасаған екенмін.  Мына менің  тас боп қатқан жүрегім жібіп,мынадай бірлігі жарасқан отбасыларды көріп, сен секілді жүрегі жұмсақ мейірімді жандарды көріп, зұлымдық пен қатігездік, арамдық пен жауыздық адамға еш пайда әкелмейтінін білдім. Енді  жер бетінде тек татулық,бірлік, ынтымақ,достық орнасын! Адамдардың жүрегіі мейірімділікке,имандылыққа, қайырымдылыққа толы болсын!

Сайысқа қатысқан отбасылар түрлі номинациялармен  марапатталады.

Жүргізуші:

– Ғаламдағы барлық нәрсе айналасына шашу шашқан мейірімділіктің жырын жырлап әнін шырқайды. Ендеше, осының барлығын көріп, біліп, ерік жігермен, түйсігімен, сана – сезімімен түпкі мәніне бойлап, байыбына барған адам баласы да мейірімділіктің осынау ғамжап симфониясына өз үнін қосуға міндетті.  Ия, балалардың болашағы жарқын болу үшін, еліміздің түпкір – түпкір жерлерінде көмек қажет ететін балаларға мейіріммен қарап, қайырымдылық қорын ашқан Сара Алпысқызына алғысымыз шексіз.

Ол адам – ақылдының ақылдысы

Ол адам – нағыз бізге жақын кісі

Ұрпақ үшін төккен тері нөсердей

Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы

-Құрметті ата –аналар! Өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатігездікке, адалдық  – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Тігінен тұрған нысанаға лақтыру
  • Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті: Қарапайым математика.
  • Ойыншықтар дүкені
  • Ата-анамен жұмыс
  • Сергіту сәтінің жинақтары

Пікірлер 22 Пікір қосу

  • Надира 19.02.2022 күні 21:39 уақытында

    Отбасына арналған сайыс жоспар сабақ өте дұрыс құрылған,шығармашылық табыс тілеймін,алар нарсе көп екен.

    Жауап беру
  • Эльвира 27.10.2021 күні 17:20 уақытында

    Отбаслық сайыстың құрылымы жақсы құрылған.Негізі отбасымен жасалған қандай жұмыс болсада өте мағыналы,тәрбиелік мәні бар болуы керек,себебі бұл жерге ата аналар келеді.Сол себепті бұл сайыстың бөлімдеріндегі тапсырмалары да жақсы қамтылған екен.

    Жауап беру
  • Бота 20.08.2021 күні 14:27 уақытында

    Жосары жаксы. Жалпы пайдалы дүниелерді табатын сайт екен

    Жауап беру
  • Гульнур 18.08.2021 күні 15:51 уақытында

    Сайыс жоспары өте сауатты құрылған. Мазмұны да өте қызықты. Рақмет!

    Жауап беру
  • Меруерт 11.08.2021 күні 23:12 уақытында

    Өзіме құнды дүние алдым,қызықты екен,рақмет

    Жауап беру
  • Гаухар 05.08.2021 күні 08:40 уақытында

    Үш жақты жұмыс көрініп тұр.Керемет

    Жауап беру
  • Гульзира 26.03.2021 күні 20:28 уақытында

    Отбасылық сайыс кеңінен құрылған екен.Отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастық орнатуға арналған

    Жауап беру
  • Рабигуль 31.01.2021 күні 16:18 уақытында

    Қызықты ақпараттар көп алдық.Керемет.

    Жауап беру
  • Айгерим 14.01.2021 күні 17:00 уақытында

    Сайыс кейіпкерлерімен бірге қызықты болды,тамаша!

    Жауап беру
  • Меруерт 14.10.2020 күні 13:06 уақытында

    Сайыс жоспары негізгі мақсаты жақсы тандалып,жоспарланған

    Жауап беру
  • Бағдагүл 05.09.2020 күні 23:13 уақытында

    Жоспар жақсы жасалған.

    Жауап беру
  • Уміт 04.08.2020 күні 18:17 уақытында

    Өзіме құнды дүние алдым,қызықты екен,рақмет

    Жауап беру
  • Кулаш Ергазиева 29.07.2020 күні 22:46 уақытында

    өте керемет

    Жауап беру
  • Айгүл 09.02.2020 күні 20:02 уақытында

    Сайыстың тәрбиелік маңызы зор. Жоспар жақсы жасалған. Ата-аналарды бала тәрбиесіне ерекше көзқарастарын қалыптастыруға ықпалы зор.

    Жауап беру
  • Бағила 24.02.2019 күні 18:04 уақытында

    Сайыс жоспары өте жақсы екен. Баланың дамуына ата – анамен балабақша тәрбиешілерінің қарым қатынасы өте маңызды. Әр тәрбиеші мен ата-ана арасында ынтымақтастық пен сыйластық мол болғай.

    Жауап беру
  • Айнур 04.12.2018 күні 10:05 уақытында

    Жақсы пікірлеріңізге көп рақмет

    Жауап беру
  • Роза 20.04.2017 күні 00:27 уақытында

    САйыс мазмұны мен тәрбиесі жағынан жақсы деңгейде құрылған. Ата -анамен тәрбиеші арасындағы, балабақша мен ата-ана арасындағы ынтымақтастыққа дәнекер болады осы сайыстар.Өте жақсы.рахмет

    Жауап беру
  • Роза 15.04.2017 күні 00:47 уақытында

    Ия, расында да . Оқырмандардың сөзіне қосыламын. Жақсы жазылған, әрі мазмұнды

    Жауап беру
  • Сандуғаш 04.04.2017 күні 00:03 уақытында

    Бұл сайыстың жоспары маған ұнады. Қазіргі таңда ата-аналардың,тәрбиешілермен және де басқа ата-аналармен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында жоспарлан екен.

    Жауап беру
  • Макпал 19.07.2016 күні 17:28 уақытында

    Ата-аналар жиналысы откизилген протоколдар триноктар тауып бере аласыздар ма отиниш!!!

    Жауап беру
  • Гулжазира 18.06.2015 күні 21:12 уақытында

    Өте жақсы.

    Жауап беру
  • эльмира 11.02.2015 күні 15:31 уақытында

    Маған бұл сайыстың жоспары ұнады.Рахмет көп-көп.Ш

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.