Аяулы анашым.
Ән ырғағымен балалар ән-күй залына кіріп,жарты шеңбер болып тұра қалады.
Жүргізуші: Тойлаймыз біз бүгін, Мерекесін біздердің, Айтыңдаршы балалар Ойланбай-ақ балалар. Балалар: Ана!Ана!Ана!-деп бірге айтады.
Жүргізуші: Қош келдіңіздер аяулы аналар,ақ жаулықты әжелер,қыздар! Сіздерді 8 наурыз халықөаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтаймыз!Өсіріп отырған балаларыңыздың қызығын көріңіңздер!Сіздерге арналған «Аяулы анашым» атты балалардың шағын ән сазды тамашасын тамашалаңыздар.
Тақпақтар:
Сабина: Айналайын ана мерекеңмен Сыйлайыншы саған дала гүлін мен Мерекелі күнің қандай тамаша, Кеудеңдегі гүлің қалды жараса
Айғаным: Жарқын жүзді жан анам Сендей болсын бар адам, Сендей болса бар адам Шаттық кетпес баладан
Рахат: Көктем келді қуантып, Күн шуағы нұрланды Аналарға келеміз Құшақ-құшақ гүл алып.
Кристина: Алақаны ақ самал, Мәпелеген жан анам, Көкте күнім батсада Өзің күнсің балаға.
Жансая: Айбат анам ай анам Ботам деген даусыңнан Мәз-мәз болып оянам, Айналайын ақ мамам.
Аяла: Балал,бала бала деп, Түнде шошып оянған Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Илияс: Алақай-ау,алақай Үйге келді мамамыз, Сол сәт барлық балақай Мәз-мейрам боп қаламыз.
Әсел: Қадірлі аналар көңілді, Көктемдей жайнап гүл ашты Бақытқа толып өмірі Шаттыққа шаттық ұлассын.
Шырай: Ана біздің күніміз Ананың біз гүліміз Балаларды қуантып Ұзақ өмір сүріңіз.
Ән: «Айналайын мама»
Көктем келеді.
Көктем: сәлеметсіздер ме аналар,әжелер,балалар,қыздар
Мен көгілдір көктеммін Былтыр келіп кеткенмін Орманда бұл-бұл сайраған Көптен күткен көктеммін Әлемдегі ең әдемі аналарды құттықтауға келдім.Сіздерге зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін.Мен осында көбелектерімді көріп тұрмын ғой.Олардың билерін сағындым.Билеп бересіңдер ме.
«Көбелек»биі.
Көктем: Билерің өте тамаша екен .Рахмет сендерге.Менің Карлсон деген досым бар.Карлсонға сендердің көмектерің керек.Балалар ол өзінің әжесін іздеп жүр.Көмектесемізбе?Олай болса бәріміз Карлсонды шақырайық. Балалар: Карлсон! Карлсон!
Осы кезде Карлсон ұшып келеді
Карлсон: Сәлеметсіңдер ме балалар Менің атым Карлсон Мерекелеріңіз құтты болсын аналар,қыздар.Менде өзімнің әжемді құттықтайын десем жоғалтып алдым.Таппады сендер маған көмектесіңдерші.
Жүргізуші: Карлсон қазір бізде әжелеріміз биге шығады Мүмкін соның ішінде жүрген шығар сенің әжең.Тамашалашы.
«Әжелер биі»
Карлсон: Жоқ бұл әжелердің ішінде менің әжем жоқ екен.
Карлсон:Балалар сиқырлы кемеге мініп бәріміз менің әжемді іздейікТербелейікші.
Жүргізуші: Балалар Карлсон әжесін сағыныпты Олай болса әжелеріміз туралы тақпақтар айтайықшы.
Ақсезім: Мен әжемді сүйемін Киімді өзім киемін, Ақылыңа көнемін Өлең айтып беремін.
Шыңғыс: Менің әжем ақ әжем, Менің әжем жыр әжем, Ұл мен қыздың бағы әжем Шуағы мол нұр әжем
Саян: Ойнап келсем күнім деп Қарсы алады күлімдеп Мен сабақты оқимын Әжем кілем тоқиды.
Іңкәр: Әжем менің әлі де Ұқсамайды кәріге Шай қайнатып береді Біздің үйдің бәріне
Әжені іздеу. Кемемен тербелу.
Жүргізуші: балалар бәріміз шаршадық.Олай болса бәріміз шаршағанымызды басып,бір өлең айтып жіберейік
«Аяқпене Топ-топ»
Тақпақтарға кезек берейік:
Ерасыл: Алтын анам ол менің Мені жақсы көреді Үйретеді өлеңін Ертегі айтып береді.
Мөлдір: Теңдесі жоқ дананың Арқа тұтар панасың еңбегіңді ақтаймын Аман болшы анашым
Нұрғиса: Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін әр кү мен Құттықтаймын анашым Сегізінші мартыңмен.
Аслан: Анам менің асқар тауым бал бұлағы жайнаған Анам менің қуанышым, Жадыраған жайлы адам.
Әлішер: Жақсы көрем күлкіңді Айналайын ақ мамам Менің анам сүйкімді Бәріненде жақсы адам.
Нұржігіт: Сені өсірген балалар Батырлар мен даналар Құттықтаймыз мейраммен Құрметті аналар
Дулат: Жақсы көрем күлкіңді Айналайын ақ мамам Менің мамам сүйкімді Бәріненде жақсы адам
Т.Айбек: Үн қатасың бал тілмен Еркелеймін бал тілмен Құттықтаймын анашым Сегізінші мартыңмен
Би: «Сәбилер биі Кеме қозғалу.
Жүргізуші: Балалар біз аналарымызды тыңдаймыз ба?Жалқау болмаймыз ба? Олай болса қазір «Жалқаубек биін»тамашалайық.
Карлсон: Әжені іздейікші Мына кісі менің әжеме ұқсайды екен.ӘЖЕ! ӘЖЕ! (Карлсон әжесімен құшақтасып көріседі)
Балалар менің әжеме арнап өлең білесіңдер ме?
«Әже »әні.
Ойын: «Мен және менің анам»
Шарты:Анасы мен қызы немесе баласы өлең айтып ,би билеп немесе сән өнерін көрсету керек.
Карлсон әжесі: Балалар менің сендерге алып келген сыйым бар ол мына кәмпит.қараңдаршы.
Карлсон: әже ол балаларға жетпейді ғой.
Әжесі: «Ол жай кәмпит емес сиқырлы кәмпит»-деп кәмпиттің ішін ашып ішінен көп кәмпит шығарады.
Жалпы би.
Аналарымызға арналған ертеңгілік қай кезде де керемет өтуі тиіс.Аналарымызды ардақтай білейік
Сценариді осы жерден де табуға болады екен
Ұстаздар мен тәрбиешілерге өте қажет мақала. Керемет!
Рахмет сиздерге устаздар мен тарбиешилерге улкен комек корсетесиздер
кіші топқа қысқа нұсқа,шағын жоспар іздеген едім,рахмет.
жалгасы кайда
Өте жақсы екен.Маған ұнады.
Еңбегіңіз жемісті болсын!
Рахмет сиздерге устаздар мен тарбиешилерге улкен комек корсетесиздер
өте жақсы