Ата-анамен жұмыс

Ақмола облысы, Целиноград ауданы, МКҚК «Алтын дән» балабақшасы, Инсебаева Роза Кемелбаевна, аға тәрбиеші.
Ата – аналармен ұйымдастырылған жұмыс
Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл сөзден басталады»

1-ші жүргізуші:
Қайырлы кеш, ата-аналар, балабақша бағбандары, қонақтар!
Бүгінгі «Адамгершілік — асыл сөзден басталады»
атты балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ата-аналар арасында өтетін тәрбиелік кешімізге қош келдіңіздер.

2-ші жүргізуші:
Армысыздар, мейірімді ақ жандар,
Тәрбиесіне баланың жанын салған.
Құшақ жайып қарсы аламыз сіздерді,
Ойын ойнап, өлең-жыр да оқылар.

Бүгінгі кешімізге қатысушы «Күншуақ» және «Ақбота» топтарының ата-аналарын ортамызға шақырамыз…..
1-ші жүргізуші:
Халқымыздың сөз құдіреті қашанда танысудан басталған ғой, ендеше екі топтың өздерін таныстыруларына кезек берсек…

Ата-анамен ортақ жұмыс.2-ші жүргізуші:
Қазақ халқымыздың тіл мен сөз құдіретінің мән-мағынасын білдіретін асыл қазынамыз бұл мақал- мәтелдер. Енді кезекті Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдерге береміз.

1-ші жүргізуші:
Бала күлкісі, былдырлаған тәтті қылығы кімнің де болса жан жүрегін елжіретері хақ. Әр топтан «Бала тілі — бал» әңгімелерінен үзінділер..

2-ші жүргізуші:
Бойымызды жазып, сергіп алу үшін «Арқан тартыс» ұлттық ойынымызды ойнауды ұсынамыз..

1-ші жүргізуші:
Ұрпағымыздың иманды, адамгершілік, әдептілік сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып үлкен азамат болып өсуіне ата-ананың, отбасы мен өскен ортаның, туған елдің берер тәрбиесі мол.

Ендеше туған елге, еліміздің жүрегі Астанаға деген патриоттық сезімдерін өлең шумақтарымен білдірмек…
Өлең оқу «Астана туралы».

2-ші жүргізуші:
Сіздерге «Отандастар» және «Қазақстандықтар» екі сөз беріледі, осы сөзден мағынасы бар бірнеше сөз құрауларыңыз керек..

1-ші жүргізуші:
Отаным туған бесігім,
Өзіңмен батар әр кешім.
Еркелеп сенің төріңде,
Бақытты өмір мен кешем..

Енді кезек «Ойлайық та, ойнайық» айдарымен берілмек..
Отан, туған жер дегенде ойымызға оралатын ыстық сезімдерімізді ақ қағаз бетіне түсіреміз..Сөз мағынасын түсіндіріп өтеміз.
Жеңімпаздарды анықтау.
Ата-аналар атынан қорытынды сөз.

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер77
  1. Сраждинова Мухадас

    Өте жақсы

  2. Баян

    Сценарий керемет жазылған екен

  3. Баян

    Маған өте жақсы ұнады. Өзиме қажетті бираз мәліметтер алдым. Рахмет!

  4. Зульфия

    Адамгершілік құрсақтан басталады. Ананың ішіп жеуі, не тыңдап, не айтқаны, барлығы балаға әсер етеді. Адамгершілік дүниеге адам болып келген соң ата-ананың бала алдындағы міндеті, ортасы, барлығы адамның адамгершілігі болып болмауына тікелей әсері бар

  5. Назира

    Ата-ананыңда баланың да көңілін таба білу керек.

  6. Анар Жауышева

    Әр түрлі ата -ана бар.Бәрінін тілін тауып,көңілінен шығу біздің міндетіміз десекте болады.Адамгершілік тақырыбында тренинг,семинарлар т,б шараларды ата анаға жиі өткізіп тұру керек деп ойлаимын.

  7. Маржан

    Маған өте жақсы ұнады. Өзиме қажетті бираз мәліметтер алдым. Рахмет!

  8. Асем

    Тәрбие тал бесіктен дейді. Сондықтан Бала тәрбиесінде ата — анасының да алатын орны ерекше. Бала тәрбиесіне тек тәрбиеші ғана емес ата-анасы да ат салысуы керек.

  9. Жауқазын

    Мен тарбиеши болып жасаймын балабакшага келеген булдиршиндерим ата аналарына азир кайткым келмиди деп арен кетеди уйлерине ертенине жарысып киреди балалар

  10. Нұрсипәт Аяулым Олжақызы

    Сценарий керемет жазылған екен

  11. ЖАДЫРА

    Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік — адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз — өзін сыйламайды

  12. пернекул

    қазіргі кезде ата-аналармен жұмыс жасау маңызды.

  13. Молдир

    Мен жақында тәрбиеші мамандығын бітіріп едім. Еркетай сайтына алғысым шексіз,пайдалы мағлұматтар көп екен!

  14. Бекмолда Айгерім

    Ата-анамен жұмыс кезінде тәрбиеші өзін барынша жан жақты қырынан көрсету керек деп есептеймін

  15. Әубәкір Диана Жеңісқызы

    Ата-анаға бастысы баласының амандығы, қарнының тоқтығы, жақсы білім алуы керек. Іште болып жатқан барлық іс әрекетті ата —аналарға көрсетуіміз керек сол себепті ата ана тәрбиешіге толық сенім арта бастайды

  16. Тоқтасынқызы Альбина

    Ата -аналармен жұмысты көп өткізу керек. Себебі ата —анамен тәрбиеші баланың бірігуі арқылы барлық проблема шешіледі. Ата-анаға бастысы баласының амандығы, қарнының тоқтығы, жақсы білім алуы керек. Іште болып жатқан барлық іс әрекетті ата —аналарға көрсетуіміз керек сол себепті ата ана тәрбиешіге толық сенім арта бастайды. Ата —ана сөзбен емес көру арқылы жақсы қабылдайды. Бәрі тәрбиешінің шеберліне байланысты.

  17. Алина

    Ата-аналар арасында осындай шаралар жиі өткізіліп тұруы қажет. Керемет құрылған. Рахмет

  18. Омарбекова Асем Сансызбаевна

    Кез- келген ортада ата- ананың рөлі айрықша болуы керек.Мейлі балабақша болсын немесе мектеп қабырғасы.Себебі баласы үшін ең алдымен ата- ана жауапты.

  19. Ақтоты

    Жақсы мақала шығарыпты. Қазіргі таңда ата анамен балабақша арасында тығыз байланыс орнату қажет. Ашық есік күндері түрлі эстафеталар ұйымдастырып отыру керек деп ойлаймын

  20. Шаттық

    Ата-анамен мен балабақша тығыз байланыс жасайды, жақсы мақала жарияланған екен, рахмет сіздерге

  21. Айдана

    Ата-анамен жұмыстар көбірек салынса екен.

  22. Толкыг

    Қазіргі таңда ата анамен жұмыс істеу қиынның қиыны

  23. Нағима

    Өте жақсы. Ата аналар жиналысы осылай өту керек.

  24. Эльвира

    Тақырып өте жақсы алынған,бірақ тақырып толығымен ашылған жоқ.Ата-анамен жұмыс болғандықтан,қызықты тапсырмалар,жұмыстар қосу керек еді.

  25. Бибигуль

    Сәлеметсіз бе. Өте жақсы құрастырылған жұмыс. Адам бойындағы ең құнды қасиет Адамгершілік. Бұл қасиетті адам бойына дарыту мақсатында мақал-мәтел ұлттық ойындар басшылыққа алынған. расында да мақал-мәтелді күнделікті қолданысты көп қолдана бермейміз. Ал ол біздің үлкен қателігіміз деп білемін. себебі біздің балаларымын осы мақал мәтелдер арқылы ой саналары өсіп сөзік қоры байыр еді. әріптесіме жұмысын өте бір бай құнды дүние болды деп айта отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілеймін

  26. Увалиева Жанна

    Балабақша балаларына арналған тәрбие сағаты жақсы құрастырылған екен. Сабақтың тақырыбы ашылды.

  27. Райгул

    Ата-аналармен жұмыс жайлы сценарий өте жақсы құрылған.

  28. Назира

    Тәрбиеші кішкентай психолог аналардың тілін табамын

  29. Алма

    Балаларды Отан сүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу мақсатында құрылған тәрбиелік шара маған ұнады. Ата-анамен балабақша жұмысы әрқашан тығыз байланыста болса, ұйымшыл топ болады деп ойлаймын.

  30. Акерке

    Жарияланған мақала өте жақсы екен. Ата-анамен жұмыс жасау оңай емес. Әрбір ата-анамен жеке-жеке сөйлесе білу керек.

  31. Гаухар

    Еркетай сайтына алғысым шексіз. Осындай сайт барлық тәрбиешілерге керек болып жүр еді. Рахмет.
    Ия, ата — анамен тіл табысып, бала — тәрбиеші — ата — ана болып үш жақты жұмыс жасау, ол үлкен жауапкершілік…

  32. Мақпал

    Еркетай сайтына көп рахмет.Өзімізге керекті көп дүниелер алып жатырмыз

  33. Жанерке

    Ата — анамен жұмыс түрі бойынша көп мәліметтерді алдым, рақмет!

  34. Алтынай

    Ата ананың балабақшада жұмысы тығыз байланысты. Жақсы ойластырылған сценарий.Қызығушылықтарын арттыру үшін жарыс түрінде құрылыстырылған.Осындай іс шаралар жиі ұйымдастырылып , өткізіліп тұрса қарым қатынас өте жақсы болады .Рақмет.

  35. Рахымғалиева Толқын

    Балаларымызды имандылыққа тәрбиелеу мақсатында ата-аналар арасында көбірек мағынасы бар шаралар ұйымдастыру керек,

  36. Ардак

    ооо менин әріптесім жиберген мақала. тамаша мақала.

  37. Майра

    жиналыс өткізу барысы жақсы ойластырылған.
    Қолданып көру керек

  38. Еркегул Даулетбай

    ата-анамен жүргізілген жұмыстар әр түрлі тақырыпта болса жақсы болар еді,

  39. Жаннұр

    Ата ананың балабақшада жұмысы тығыз байланысты. Жақсы ойластырылған сценарий.Қызығушылықтарын арттыру үшін жарыс түрінде құрылыстырылған.Осындай іс шаралар жиі ұйымдастырылып , өткізіліп тұрса қарым қатынас өте жақсы болады .Рақмет.

  40. Айгерім Айдынбекова

    «Адамгершілік асыл сөзден басталады.» Ата анамен балабақша арасындағы байланыс ұйымдастыру, балаларды имандылыққа тәрбиелеу ұлттық салт дәстүрді және ұлттық ойындарды таныстыра отырып адамгершіліке тәрбиелеу.

  41. Оразамбаева Айжан

    Жалпы мақала ұнады.Тәрбиешілердің ата-аналармен ынтымақтастығы балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Тәрбиеші үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді.

  42. Баян

    Ата-анамен жұмыс , әрине үлкен рөл атқарады, қандац жұмвс арқарылып жатспда ата-ана басты рөлде.

  43. Ақмарал

    Тәрбиешілерге көп көмегі бар, балалармен жұмыс жасауға ыңғайлы. Сіздерге рақмет.

  44. Балкерим

    Керемет!

  45. Гүлжанат

    Өте құнды ақпарат. Ата анамен жұмыс маңызды ғой.

  46. Гүлжанат

    Ата анамен жұмысты көпірек жиі ұйымдастыру керек

  47. Айман

    Мақала жинақы өте мазмұнды жазылған .Керек дүниелерді алдым.Маған ұнады .Керемет

  48. Айгерим

    Өте құнды ақпарат. Ата анамен жұмыс жасау өте маңызды ғой

  49. Рабигуль

    Балабақша тәрбиешілері үшін таптырмас мақала.Керемет..

  50. Айгуль

    Еркетай ужымы, сиздерге рахмет. Ата аналар мен тәрбиеші арасын жаксарту жайында жаңа мағлұмат алдым

  51. Алия

    «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып,жерге қаратпасын десең,балаға түзу тәрбие бер»деп ата-бабамыз мұра қалдырғандай,бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп,еліміздің инабатты,адамгершілігі мол,білімді,саналы ұрпақтарын тәрбиелейік.

  52. Ақбота

    құнды ақпараттарыңыз үшін рахмет, өзіме керекті дүниенің барлығын таптым сіздерден

  53. АЛТЫНГУЛ МАҚСАТҚЫЗЫ

    Ия, өте керемет сайт. Мен ризамын.!

  54. Жанна

    Еркетай сайты -үлкен алғыс сіздерге,осындай мақалалар көп болсын,мен сияқты жаңадан балабақшада жұмыс бастағандарға

  55. Айгүл

    ата-анамен жұмыс ең басты атқарылатын жүктеме. Құнды ақпарат үшін рахмет

  56. Шынар

    Мен сияқты тәжірибежинап жүргендерге жақсы ақпарат

  57. Алия

    Өте жақсы ойластырылған екен.Ата — аналар арасында осындай шаралар жиі жүргізіліп тұрса

  58. Диана

    Сайт өте пайдалы рақмет

  59. Айгерім

    аллам еңбектеріңіздің жемісін көрсетсін,өте пайдалы еңбектер,рахмет сіздерге,өсіп-өрлей беріңіздер

  60. Уміт

    өте керемет мақала

  61. Умит

    Маган өте катты ұнады . Сиздерге шыгармашылык табыс тилеймин , окырмандарыныз кооп бола берсин.

  62. Кулаш Ергазиева

    кәзіргі сәттте баламен оның атта анасы арасында жақсы байланыс жоқ отбасылар көбейіп барады

  63. Тогжан

    Барлық тәрбиешілерге қатысты құжаттар қажетті ақпараттар ушін мын алғыс

  64. Гүлзат

    Балабақшаның жүрегі тәрбиеші. Өзім осы салада жүрген соң оны жақсы түсінемін. Ата ана Бала Тарбиеші осы 3 атаудың арқасында жұмыс жүзеге асады.Ата анамен тығыз қарым қатынас жасалған өте дұрыс

  65. Айсулу

    Ата-анамен осындай іс-шаралар ұйымдастырып тұрған дұрыс ата-анамен балабақшаның мектеппен тығыз қарым-қатынаста болады

  66. Акнур

    Жоспар оте накты, жарыс туринде курастырылган екен, оз тобымнын Ата аналарымен поданы уакытта осындай жарыс турин уйымдастырмасам. Коп рахмеет

  67. лаура

    Саламатсыздарма. Ата анамен жұмыс түрлерінің жаңаша әдіс тәсілдері барма.

  68. Айгүл

    Адамгершілік-асыл қасиет.Бұл ата-анамен жұмыс үшін жақсы жұмыс екен. маған ұнады. Өзіме қажетті жерлерін аламын.

  69. Бахыт

    Жақсы құрылған сценарий, осындай мақалаларды көбірек салып отырсаңыздар жақсы болады. Осындай іс-шаралар ата-анамен балабақша арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізеді

  70. Сандугаш

    Ата-аналармен жұмыс ретінде сценарий жақсы құрылған. Адамгершілікті дәріптеу мақсатында ұтымды дүниелер жақсы пайдаланылған. Керек дүниесін түртіп аларлық мақала.

  71. гаухар

    Сәлеметсізбе. «Адамгершілік» деген сөздің өзінде қаншама мән-мағына жатыр. Осындай тақырыпта ата- аналар арасында өткізген тәрбиелік кештерініңз көп болсын. Осындай өткізілген кештердің арқасында ұстаз бен ата -ана арасында қарым- қатынас күшейе түседі. Жер бетінде адамгершілік қасиетке бай адамдар көбейе түссе, болашақта тәрбиелі,иманды жастардың көп болатынына сенімдіміз. Барлығы да тәрбиеден басталады ғой…

  72. Ботакоз

    өте жақсы жазылған. Адамгершілігімізді әрқашан сакқтап қалуымыз керек.

  73. Айгуль

    Сәлеметсіз бе! Қазақ халқының мақал -мәтелін баланың бойына сіңіріп өсірсе қандай жақсы болар еді.Өйткені мақал жаттап өскен баланың сөздің қоры өте бай болады.Астарлап сөйлегенді тез ұғатын,бір ауыз сөзбен бар мәселені шешетін бала болып өседі.Әр тақырыпта күніне бір мақал жаттап өссе,болашақта сол бала болашақта керемет маман иесі болады.Әр бір балаға қазақ халқының салт дәстүрін, мақал -мәтелін үйретсе ата-аналар болашағымыз мықты болатынына сенімдімін.Бұрын әжелеріміз немерелеріне ертегі,мақал-мәтел,тарихты айтып өсіретін.

  74. Айгерим

    Саламатсызба! Ата — аналармен жүргізілген жұмыстын құрылымын өте жақсы.Ата — аналар арасында осындай шаралар жиі жүргізіліп тұрса балабақшамен ата — ана арасында тығыз байланыс болады.

  75. Галия

    Адамгершілік қасиетін оқушы бойына жеткізудегі мына сабақтың астарлы, ойлы, мәнді пікірлері өте жоғары деңгейде орын алған.

  76. Гулжайна

    Өте жақсы ойластырылған екен. ата-аналар арасында өтетін тәрбиелік кештерді ұйымдастыру тәрбиеші мен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға, түсіністіктің артуына себепкер болады.

  77. Нұрбану

    Адамгершілік тақырыбында құрастыылған ата-аналармен жұмыс өте дұрыс құрастырылған.жАРЫС ТҮРІНДЕ ҚҰРЫСТЫРЫЛҒАНДЫҚТАН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ АРТТЫРАДЫ.

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ