1. Қолды бүгіп-жазу
Бастапқы қалып- нәрестені шалқасынан жатқызады.Нәрестенің қолынан ұстайды да, оны кезек-кезек бүгіп жазады. Мұны 6-8 рет қайталау керек.
2. Аяқтарын көтеру
Бастапқы қалпы -жоғарығыдай. Нәрестені сирағынан ұстап, алдымен бір аяғын тігінен жоғары көтереді, содан кейін бастапқы қалпына келтіреді де, екінші аяғын көтереді. Осылай алма кезек жасалатын жаттығулардың әрқайсысын 4-5 реттен қайталаған жөн.
3. Нәрестені отырғызу
Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің қолын бір қолыңызбен ұстап, ал екінші қолыңызды санының астыңғы жағына тосасыз. Осы қалыппен нәрестені отырған кейіпке келтіресіз, қайтадан абайлап жатқызасыз. Басын қадағалаңыз. Бұл жаттығуды 2-3 рет жасаса болады.
4. Шалқасынан жатқан сәбиді етпетінен жатқызу.
Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің сирақтарынан ұстап, екеуін бірдей жамбасымен қоса оң жаққа қарай аунатады. Мұндай жаттығу шалқасынан жатқан нәрестенің етпетінен жатуға рефлекторлы түрде қимыл жасауына ұмтылдырады. Мұны 2-3 рет жасайды.
5. Аяқты алма-кезек қимылдату
Бастапқы қалпы- жоғарығыдай.
Нәрестенің сирақтарын екі қолмен ұстап, велосипед тепкендей етіп, алма-кезек қимылдату керек.
Мұны 6-8 рет қайталайды.
6. Қолды иыққа қарай алма-кезек қимылдату
Бастапқы қалпы –бұрынғысынша болады.
Нәрестенің екі білегінен бірдей ұстап, кезек-кезек иыққа қарай бүгіп-жазады. Мұны 8-10 рет қайталайды.
7. Аттап бастыру
Бастапқы қалып- нәрестенің аяғын бүгіп, табанын столға тіреп, шалқасынан жатқызады. Екі қолмен нәрестенің екі сирағынан ұстап, алма-кезек аттап басқандай қимыл жасатады.
Мұны 10-12 рет қайталайды.
8. Бастапқы қалып- нәрестені етпетінен жатқызады.
Нәрестенің алдына түрлі ойыншықтарды қойып, оны алуға ұмтылған кезде нәрестенің аяқтарын алақаныңызбен тіреп, алға қарай жылжуына мүмкіндік жасаңыз. Мұны 4-6 рет қайталаңыз.Жаттығуларды жасар алдында сәбиді алғашқы күндері аз-аз жасап үйретіп алған дұрыс.