Ана ақылшы

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі,қадірлі сөз- ана.Бала дүниеге келген күннен бастап өзінін жұмсақ алақанын, жылы жүзін, ыстық құшағын, мейірімге толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілігін, мейірімділігін бере білген ол- ана.

Қыз бала мен ананың арасында көп түсініспеушіліктер болады. Аналар да қыз баланың артық жүрісі болмау керек деген ой қалыптасқан. Әрине, анамыздың айтқандары дұрыс. Бірақ, қыз баланың да өзге балалар сияқты жүргілері келеді. Аналары әрдайым оларға тыйым салғандары ұнамайды, сондықтан да ана мен қыздың арасында келіспеушілік туындайды. Баласы анасының да өзімен де ақылдасқанын қалайды. Бірақ анамыз рұқсат етті екен деп  тым шеттен шығып кетугеде болмайды.
Қыз бала, тәрбиесі, аяулы ана, шығарма ана, ана туралы шығармаҚыз бала өте биязы, қарапайым болуы тиіс.Кейбір қыз балалары өте жеңілтек  болып келеді. Қыз баланың жеңілтек болуы анасының тым есіртіп жібергенінің кесірінен де болуы мүмкін. Қыз бала тек өзінің айтқанымен ғана  жүрмей анасының айтқанына да құлақ аса білуі, айтқанын екі етпеуі шарт. Сонда олардың арасындағы түсініспеушілік болмайды.
Мұнымен айтқым келгені ана мен бала бір-бірінің  көңіл- күйіне кірбің түсірмеуге, ренжітпеуге тырысқандары дұрыс.
Әр қыз анасынан сыр жасырмауы  тиіс.  Анасымен құрбысындай сырласа білуі, ешқандай сырын жасырмай   ашық сөйлескені абзал.

9-сынып оқушысы Кекибаева Мөлдір
Ақтайлақ би атындағы орта мектеп

 

Балабақшаның аттестациядан өткен құжаттары бар:

3 жылдық Әдіскер құжаттары

3 жылдық Меңгеруші құжаттары

3жылдық Тәрбиеші(барлық топтар)құжаттары

3 жылдық Психолог құжаттары

Сұрақтар бойынша осы сілтемені басыңыз!

 
Пікірлер6
  1. Анара

    Қандай түсінікті, әрі ұқыпты жазылған мақала. Толықтай келісемін.

  2. Айгерим

    Өте дұрыс айтылған, мұнда жазылғаның бәрімен толықтай келісер едім. Ананың балаға деген махаббаты шексіз

  3. Gulnaz

    Келісемін.Ана әр отбасының ұйытқысы. Ананың жүрегінде мейірім,жылылық,көріпкелдік,тәрбиелік болмаса,ол жанұяда берекет болмайды. Сондықтан әр қазақ қызы өз анасына қарай отырып өзін-өзі тәрбиелеуі керек.

  4. Айгерим

    Анаңды 3 рет Меккеге арқалап апарсаң да қарызыңнан құтылмайсың демекші, ана деген ардақты жанның қадіріне жете білейік!

  5. Гульсая

    Бәрі керемет алғысым шексіз сіздерге
    көп көп рахмет
    жақсы жасалған қолданып жұмыс істегенге кушті

  6. Асем

    Ия өте дұрыс айтылған, Ана әрдайым, баласына жақын болуы қажет! сол кезде отбасы бірлігі болады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ