Нақыл сөздер жинағы


Erketai / Дек.28.2014. / комментария 2

nakil-sozder-zhinaktari

Муханбетова Раушан Төлепбергенқызы
Орал қаласы №1 Орта жалпы білім беретін мектеп мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Халық тағылымынан.
Ізет танытып, әдепті сақта :
Жатқан кісінің үстінен аттама.

Құр бекерден ермекке
Бос бесікті тербетпе.

Әрқашан әдептен жаңылма:
Киімді желбегей жамылма.

Беталды сөйлеп сүйреңдеп:
Біреуді алдап үйренбе.

Үйде де, қайда да
Пышақпен ойнама.

Дастарханға емінбе,
Көп алдында керілме.

Көргенді жас,пәк бала,
Дастарханнан аттама!

Ұнамасын, ұнасын,
Бұзба құстың ұясын.

Қарағым, түзде деме, үйде деме:
Үлкендер сөйлегенде, кимелеме.

Тірі жанды иықтама,
Бейуақытта ұйықтама.

Дүниесін берсе біреу сақтауға,
Аударыстырып , ақтарма.

Сүйсінген жұрт ісіңе,
Сақта ата ғұрпыңды.
Ешқашан үлкен кісіге
Отырма беріп сыртыңды.

Тентектіктен тиыл,ұлан,
Иттің тартпа құйрығынан!

Ісің қалып жатса да,
Таңғы асты тастама.

Ұдайы ұста есте:
Үлкеннің алдын кеспе.

Жасыңнан әдеп сақтағай:
Есікті қатты жапппағай.

Ешқашан ойбайлама,
Оңбайды ондай бала.

Жаман әдетті таста:
Бас киімді баспа.

Ұқсап надан балаға,
Пышақты нанға қадама.

Жадыңда сақта:
Аққуды атпа.

Әдепсіздікті таста,
Есікті теуіп ашпа.

Мәнді сөзді тыңда:
Малды бастан ұрма.

Атаң сөзі есіңде ме:
Кісіге қарап, есінеме.
Арыңды кірлетпе,
Есеп бер ісіңе.
Үлкенді құрметте,
Қамқор бол кішіге.
Біреулермен сөйлессең де
Азғана-ақ,
Керексізді сұрай
Берме қазбалап.
Үлкендерден есіткен
Сөзді ұмытпай жүргейсің,
Кіргеніңде есіктен
Оң аяқпен кіргейсің.

Ырза болсын « Әдепті ! » — деп саған да ел:
Танымасаң да, үлкендерге сәлем бер.

smile

комментария 2 Пікір қосу

  • нақыл сөздер

  • нақыл сөздерді көбірек көрсетіңіз

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!