Тақпақтар жинағы

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл!
Өз тіліңді құрметте!

Қ.Мырзалиев

КӨЖЕК

Мен кішкентай көжекпін,
Қорқақ емес өжетпін.
Маған зорға тигені-ай
Үлкендерден кезектің.

Менмін нағыз сұр көжек,
Тыңдаңыздар бір мезет.
Тұрмын сыйлық алғалы,
Ортаңызда тіл безеп.

АЛА ДОП

Ұнайтын шығар қалайда,
Құмар ғой барлық бала деп.
Бір жастан асқан Арайға,
Әкелдім үлкен ала доп.

Қуана жайды құшақты,
Қалыпты оны қарбыз деп.
Дайындап табақ, пышақты,
Шығарды шатақ жарғыз деп.

Төндірді допқа қауіп көп,
Қой десек көнбей оқталып.
Табанда қарбыз тауып кеп,
Қатерден қалдық допты алып.

takpaktar-okushiga

ӘЛЕМДЕ ЖОҚ БАЛА

Ажар келіп ауладан,
Мәз боп бізге қарады.
-Тура Арайдан аумаған,
Көрдім,-деп,-бір баланы,

«Мұның қалай?» дегендей,
Арай кенет бұртиды.
Қалды да ана елеңдей,
Деді;-Саған кім тиді?
Қайталады анасы;
-Айт,жазасын берем,-деп.
Таңдандырды баласы;
-Барлығы да сенен,-деп.
-Мен жазып ем саған не?-
Деп анасы ойланды…
-«Сендей бала әлемде
Жоқ»,-дейтінің қайда әлгі?!

ТҮСПЕЙ ҚОЙДЫ ЕСІМЕ

Бір ініміз үйленіп,
Келініміз үйге еніп,
Тойда тұтас болуға,
Ләйлаға да тиді ерік.

Шаттығының шегі жоқ,
Дамыл тапқан кезі жоқ.
Ән салып, би биледі,
Сұрағы да тегі көп.

-Әке, үйленген уақтыңда,
Кеудеңе гүл тақтын ба?
Үлбіретіп мама сен,
Басыңа ақ жаптың ба?

Көздеріңді сәл ашып,
Бір-біріне қарасып
Анау аға, тәтедей,
Тұрдыңдар ма жарасып?

Ойладым кеп ойладым,
Ойлап таба қоймадым.
Ұқсамайды бұған түк,
Менің қалған ойдағым…

АЛАТАУ

Балконнан Біржан самарқау,
Кірді үйге күн бұлт шақта.
-Көрінбейді Алатау,
Кетіпті,-деп,-бір жаққа.

Күн ашылды бақша-бау,
Алтын нұрға көміліп.
Көз тартты Алатау,
Балконнан анық көрініп.

Балконда Біржан балақай,
Қуанды жер тепкілеп.
-Алақай-ау, алақай,
Алатау қайтып кепті,-деп.

БОЛАМ

Балаң болам,
Ұлың дейтін байтақ ел.
Адал болам,
Тапсырмаңды айта бер.

Қадам болам,
Тек ілгері басатын.
Санаң болам,
Сәулелі нұр шашатын.

Алаң болам,
Жер шарының қамы үшін.
Адам болам,
Жібермейтін намысын!

ҰЛЫМ ЖАТЫР ҰЙЫҚТАП

Батырындай баяғы ертегінің,
Жатуынды-ай ұйықтап,тентек ұлым.
Сарбаздарай сақтықты серік еткен,
Қысып ұстап сабынан семсерінің.

Сынып мылтық,
Майысып қылыш жатыр,
Тұрмастай боп құлапты қрысты піл.
Арыстан да айырылып айбатынан.

Үркіп барып,
Бұғып бір бұрышта тұр.
Машиналар жұрдай боп дөңгелектен,
Сыры көшіп, өзінен өң де кеткен.
Шашылған зат,айнала аңғартады,
Кішігірім шайқасты бөлмеде өткен.
Төңкеріліп бір шетте жатыр танкі,
Аюдыңда көкке ұшқан атақ-даңқы.
Шақырам деп тәртіпке титықтаған
шешеңнің де басы әне әңкі-тәңкі.

Жайлы төсек іздемей, жасырынбай,
Алаңында ойынның жатуыңды-ай.
Демін алған жеңістің майданында
Ертегінің байырғы батырындай!

Оразақын Асқар

ҚҰЛЫНШАҚ

Құлдыр, құлдыр құлыншақ,
Тентек емес, ұрыншақ.
Құлыншақпен ойнаймыз,
Ойнаймыз қуыршақ.

МЫСЫҚ

Мынау тұрған мысық,
Екі көзін қысып,
Ұйықтап отыр маужырап,
Сүт көжесін ішіп.

ЛАҚ

Мынау тұрған лақ
Салпаңдаған құлақ.
Су ішетін жері
Сылдыраған бұлақ.

БҰЗАУ

Мынау тұрған бұзау,
Алдында тұр-ожау.
Ұнататын тамағы,
Шекер емес,тұз-ау!

Өтежан Нұрғалиев

КӨКЕК

Ұя салып жылылап,
Балапанын бақпайды.
Сөйте тұра бұл көкек,
Өзін-өзі маұтайды.

КЕКІЛІК

Кекілік-ау,кекілік,
Тастан-тасқа секіріп,
Жүре берсең, тұяғың
Кетеді ғой кетіліп?

ТҮЙЕ

Желсе желдей еседі,
Күшінің жоқ есебі.
Соңдықтан да адамдар,
«Жер қайығы» деседі.

БІРЛІК

Жалғыздықты қойыңыз,
Жалғызда күш болмайды
Біз-дегенің бірлік қой,
Достық гүлі солмайды.

Істегенде бір істі,
Жұмылайық бәріміз.
Әрі жұмыс тез бітер,
Бірігеміз әрі біз.

ҚАРҒА
Қарға неге баласың,
«Аппағым» деп мақтайды?
Кірпі неге баласың,
«Жұмсағым» деп ақтайды?

Бала деген бауыр ет,
Отқа салма, күйеді,
Құс екеш те осылай,
Өз баласын сүйеді.

БАЛ АРАСЫ

Гүлден сорып бал жинап
Терлеп жанын қинайды.
Және өзіне жиғанын,
Адамдарға сыйлайды.

ТЫШҚАН

Тышқан, тышқан, тышқандар,
Ойбай, «оны ұстаңдар».
Қоймай бәрін өлтіріп.
Далаға алыс тастаңдар.

Қап, қалтаны теседі,
Ұн, күрішті шашады.
Жойылмаса уағында,
Тиеді оның кеселі.

ҚҰМЫРСҚА

О, құмырсқа, құмырсқа,
Шебер-ақсың жұмысқа
Азық жинап қуысқа,
Қол жаймайсың «туысқа».

Сағидолла Мұсақынұлы

БІЛМЕЙ ТҰРСАҢ, НЕ ШАРА?!

Әдет, дағды, ишара,
Білмей тұрсаң, не шара?!
Түсінгендер-бағытты,
Түсінбегендер-бейшара.

АРҚАДАН ҚАҒУ

Аға сені байқаған,
Қағып қойса арқадан,
Ырзалықтың белгісі,
Жақсылыққа бұл қадам.

БӨРІК АТУ

Аспанға атып бөркімді,
Білдіріп ем еркімді.
Шексіз шаттық белгісі,
Орындасаң сертіңді.

ТІС ҚАЙРАУ

Таусылса да күш мүлде,
Ешқашан да тістенбе.
Сабыр қыл да, айла тап,
Бір жақсылық істеуге.

ЖАҚ ТАЯНУ

Қиын істен аянба,
Жақтарыңды таянба.
Торыққанша құр текке,
Не болғанын баянда.

МҰРЫН ШҮЙІРУ

Алға тастап бұрымды,
Шүйірмеші мұрынды.
Менсінбеген түрің бе?
Қалған әдет бұрынғы.

БАС БАРМАҚТЫ КӨТЕРУ

Өнерпазға ардақты
Көтерсең бас бармақты,
«Бұл-тамаша!»деген сөз,
Берген бағаң салмақты.

ҚОЛ СОҒУ

Ырза болсаң, балақай,
Дегің келсе: «Алақай!»
Ауырғанға қарамай,
Соқ қолыңды аямай.

ҚОЛ ҚЫСУ

Төңірегің нұрланып,
Блса бәрі бір қалып.
Қолын ұстап қысқанның-
Жолдасыңы ырзалық.

ҚОС ҚОЛДЫ ЖАЮ

Ата жолын жалғаған
Бата бермес бар ма адам?!
Жайғаның қос қолыңды-
Тілек тілеу Алладан.

ҚОЛ БҰЛҒАУ

Бірін-бірі сағына
Көп күткендей сарыла,
Қолды бұлғау-қоштасу
Жолыққанша тағы да.

ҚОЛ СОЗУ

Созсаң досқа қолыңды,
Жалғағаның жолыңды.
Қолдың ұшы-қолғабыс
Көп болғаны орынды.

ҚОЛ ҚУСЫРУ

Жеткің келсе мәреге,
Еңбек ету-өнеге.
Қол қусырып отырсаң,
Тамақ өзі келе ме?!

ҚОЛ УҚАЛАУ

Бар шаруаны бітір де,
Жан-жағыңды бүтінде.
Қолдарыңды ысып қой,
Алақанға түкір де.

Ақылбек Шаяхмет

АУЫЛ ӘУЕНДЕРІ

ТҰМАН

Тұмшалаған көк тұман,
Көрсетпейді маңайды.
Ығырыңды шығарған,
Тұман қашан тарайды.

Күннің көзі көрініп,
Жарық нұрын шашса екен.
Қуған желден желігіп,
Қырдан асып қашса екен.

Сергіп сыртқа шығатын,
Үйде қалмай қамалып.\
Кле жатыр алақай,
Көк күмбезі ағарып.

ҚЫЗЫЛЖАР

Гүл өспеген кәделі,
Бауы да жоқ мәуелі,
Басқа жерден сонда да,
Көрінеді әдемі.

Алдым сапар-жол басын,
Кіндік қаным тамғасын.
Осы жерде таныспен
Туған-туыс, қандасым.

Шағын ауыл шап шағын,
Көл көмкерген қапталын.
Ұиытпаппын қырат қыр,
Бел белестің аттарын.

Жырлар жазсам көшелі,
Туған жердің әсері.
Жақсы жерге түскен дән,
Жайқатылып өседі.

БІЗДІҢ ҮЙДІҢ БАҒБАНДАРЫ

Атам екті бір түпті,
Әжем екті бір түпті.
Көкем еккен тұқымнан,
Қызыл, сары гүл шықты.

Мен де қарап тұрмадым,
Шарбақтарды сырладым.
Өсіреміз осылай,
Бау-бақща мен гүл бағын.

ШЕЖІРЕШІ

-Жеті атаңды білесің бе, балақан?
-Өз әкемнен бастап түгел, таратам.
-Шатастырмай айтасың ба, аттарын,
-Қайта-қайта қайталаумен жаттадым.
-Үйренгенің дұрыс болған, қарағым,
Жеті жұрттың қамын жеуге жарадың.

БАТҚАН КҮН

Есеп емес сақтығың,
Құлақтанып батты күн.
Деміне нан піскендей,
Баса алмай тұр аптығын.

Ұясына енгені,
Түннің таяп келгені.
Күн көзіне тәуелді,
Бар тіршілік жердегі.

БҰЛАҚ

Болған бұрын бұлақ,
Аққан басын құрап.

Жерге тиіп себі,
Қаулап белден көгі.

Құмның шөлі қанып,
Сылдырап ән салып

Аңдар болды үйір,
Дәндер өсті түйір.

Шапқыламай шаппай,
Қалды неге ақпай.

Көзін аштым аршып,
Атты көкке шапшып.

ТЕҢІЗ

Дақпыртына, даңқына,
Ел таңдайын қаққандай.
Асығады жағаға.
Бұйра толқын ақ маңдай.

Пәті сұмдық күшті екен,
Дауылдың бұл желіккен.
Қай бағытта ұшты екен,
Қасқалдақтар үріккен.

Жеткерген Әбдірайұлы

ОРАМАЛ ТАСТАМАҚ

Ойыншылар айнала
Алқа-қотан отырар,
Аралары әр бала
Бір-екі адым бос тұрар.

Қолыңда бар орамал
Жетекші ойын бастайды.
Жасап жүріп жорамал,
Бір жерге оны тастайды.

Жұртты айналып сыртынан
Сездірместен жүреді.
Орамалды ал артынан
Тауып бірі, біледі.

Тұра сала орнынан,
Бастаушыны ол қуады.
Қашуға одан
Бұрыннан
Анау дайын тұрады.

Қуғыншы да уысына
Орамалды жасырып,
Тастап біреу тұсына,
Кетпек қулық асырып.

Осылайша, орамал
Әрқайсысына тасталар.
Аңқау,
Жалқау
Балалар
Тым жиірек ұсталар.

Ермек Өтетілеуов

Қош келдің жаңа жыл!

Біздің бүгін шыршаға,

Ыстық күн бұл біз үшін,

Аяз болып тұрса да.

Көптен күттік бұл күнді,

Санап өткен, әр күнді,

Жаңа жылдан күтеміз.

Мол қуаныш сәттерді.

Ән айтайық айнала,

Сұлу әсем шыршаны,

Жаңа жылда, шаттанып,

Қуанбайды қай бала.

Аяз ата, ақша қар

Төрлетіңіз келіңіз,

Дайын біздің сіздерге

Ән-жырымыз биіміз.

Жаңа жылдан күтеміз

Қуанышты сәттерді,

Ғажайыпқа сенгендер,

Ғажайыпты көреді.

Бәрімізде озатпыз,

Біз үлгілі баламыз,

Еліміздің ертеңгі,

Қорғаушысы боламыз.

Пікірлер27
  1. Акерке

    Қазақша қысқа жеңіл тақпақтар іздеп жүрген едім. Тапқаныма қуаныштымын. Рахмет сіздің ұжымыңызға!

  2. Эльвира

    Жыр шумақтарының топтамалары нағыз балабақшаға қажетті дүние.Бірақ жыр шумақтарын алуға болады екен.Топтастырған адамға рахмет

  3. Гулжан

    Осындай жинақтар көп болса жаксы болар еди

  4. Орынгүл

    Өте керемет таптырмайтын тақпақтар. АЛға баса беріңіздер!

  5. Ляйла

    Өте тамаша тақпақтар, алға өрлей беріңіздер.

  6. Зейнегуль Касымбекова

    Жаттауға жеңіл тақпақтар үшін рахмет

  7. Уміт

    Баланың тіліне жеңіл тақпақтар екен.

  8. Насихат

    Рахмет такпактарыныз унады
    Сайттарыныздан озиме керекгин таптым

  9. Мулдир

    Балаларга соткамен ойнап уакыт откізгенен горі осы сайттагы такпактарды жаттату керек деп ойлаймын

  10. Жаныл

    Еркемай сайтына рахмет. Барлық тақырыпта іздеген материалдарымды таптым.

    1. Erketai (автор)

      Рақмет, бірақ сайтымыздың аты Еркетай.

  11. Сабира

    Тақпақтар өте жақсы жазылған. Бірінші сынып оқушыларына да қолдануға жақсы.

  12. Ляззат

    Өте тамаша, кез-келген тақырыпқа қажетті тақпақты табуға болады. Әрі қысқа, нұсқа, тілге жеңіл

  13. Ляззат

    Өте тамаша, кез-келген тақырыпқа қажетті тақпақты табуға болады

  14. Айжамал

    оқушыларға да ұнады бізге де ұнап жатыр

  15. Балжан

    сәлеметсиздерме,маган ф әріпі туралы тақпақ керек еді

  16. Аслима

    Салеметсиз бе? Маган спорт туралы такпак керек еди биринши сыныпка жаттау депти

  17. еркетай сайтына балалардын шагармалары кабылдана ма?

    1. Erketai (автор)

      Ия қабылданады. Бірақ ақылы түрде емес.

  18. акико

    жақсы сайт екен

  19. акико

    мағанда осы сайт унады

  20. назерке

    маған керектің бәрі бар алақай

  21. назерке

    жақсы екен көбін алдым оқушыларға да ұнады

  22. тахмина

    маган міндетте ана тілі туралы өлең кажет пожалуста тауып беріндерші())((((())))))))))))))))))))))(()(((((((((((((((((

  23. тахмина

    magan mindette ana tili tural olen kawet

  24. Erketai (автор)

    Оқасы жоқ! Сізге де рахмет. Сайтқа кіріп тұрыңыз.

  25. маған бұл сайт өте ұнады. орысша әндерді тез тауып алатынбыз сондықтан балабақшада орысша әндерді қолданатынмын. енді міне осы сайттан тегін көшіруге болады көп-көп рахмет!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ