Балаңыз сіздің сөздеріңізді қалай қабылдайды?


Балалармен сөйлескенде біз олардың біздің айтқандарымызды қалай қабылдайтынына аса мән бере бермейміз. Елестету қиын бірақ біздердің(ата-аналардың) сөзіміздің үлкен күші бар. Бір ғана сөз баланы жұбатып немесе үмітін су сепкендей басуы мүмкін.

ata-ana-bala-tusinistigi

Біз баламызға…

-Абайла құлап қаласың!

-Итке жақындама қауып алады!

Баланың түсінуі…

Айналадағы барлық нәрсе қауіпті ең жақсысы ешнәрсе жасамау.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Өзіңіді өзің күт, өзіңді сақта. Ықтият бол.

Біз баламызға…

-Бол енді тездет! Асықсаңшы! Тыныш! Тоқта! Жауап бер!

Баланың түсінуі…

Сен маңызды емессің. Үлкендердің айтқаны ғана болуы тиіс.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Менің 10 минут уақытым ғана бар еді. Саған қанша уақыт керек?(Келісуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Бұртыйма! Айқайлама! Күлме! Жылама!

Баланың түсінуі…

Сен өз сезіміңді көрсетпе.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Мүмкін сен шаршаған шығарсың. Сен бір нәрседен қорықтың ба?(Баланың сезімдерін түсінуге тырысыңыз)

Біз баламызға…

-Қанша мәрте қайталауға болады(түсіндіруге)

Баланың түсінуі…

Сен ақымақсың, еш нәрсе түсінбейсің.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Сенің қолыңнан барлығы келеді, тағы бір қайталап көр. Егер қаласаң көмектесіп жіберемін.

Біз баламызға…

-Ұялмайсың ба!

Баланың түсінуі…

Сен жамансың , сенде бір нәрсе дұрыс емес.

Сіз басқаша айтыңыз…

-Барлығымыз қателесеміз. Қателік жасау арқылы біз үйренеміз.

Біз баламызға…

-Көрсей жұрттың баласын қандай ?

Баланың түсінуі…

Сен басқа балалардан қарағанда жамансың.

Сіз басқаша айтыңыз…

Біз сені қандайсың сол күйіңде жақсы көреміз.

Erketai / Фев.12.2015. / комментария 2

  • miras kayrat

    Сәлеметсіздер ме! Маған бала тәрбиесіне байланысты ақыл-кеңесті өз балаларыма айтып отырамын. Рахмет!

  • http://vk.com/id357321702 Динара Ерғалиева

    Бұл мақаланы ата-аналардың барлығы көре алатындай деңгейге жету үшін қандай шара жасасақ болады. Сайт әкімшілігіне айтар алғысым зор Мынадай ақыл кеңес бергендеріңіз үшін саплы мақалаларыңыз ү.шін! Жарайсыздар