Ойын арқылы баланың тілін дамыту


Erketai / Мар.12.2016. / Пікірлер жоқ

oyn-arkili-balanin-tilin-damitu

Балалардың ақыл ойы мен мінез-құлығының дамуында-тіл маңызды рөл атқарады. Кішірек кезде тілді дамытудың негізгі түрі-ол ойын арқылы дамыту.Дәл осы кішкентай кезде бала ойынды қалай ойнаса,өскесін жұмысқа деген көзқарасы да солай болады.Ал ойынның түрлері әр түрлі болуы керек. Мысалы:сол балаларға әртүрлі суреттер,кітаптар,карточкалар немесе түрлі ойыншықтар көрсетіп, мынаны атап айт дегеннің өзінде баланың тілі дамиды деп ойлаймын.Бала ойын ойнаған кезде де сөйлеп ойнайды,сөйтіп оның тілі шыға бастайды.Ойын ойнау арқылы ол айналадығылармен танысып,көңіл күйі көтеріліп,біраз ойландырып,қарым-қатынас жасауға ұмтылады.Сол қарым-қатынас арқылы адамдардың қимылын,сөйлеген сөздерін миында сақтап қалып,өзі солай істеп,солай сөйлеуге тырысады.Яғни үйдегі ата аналар және сол балалармен қарым-қатынас жасайтын адамдардың мақсаты-ата-бабадан қалған салт-дәстүрге,адамгершілікке баули отырып,оларға ана тілімізді меңгертуіміз керек.

Авторы: Аркенова Майгүл Жеңісқызы

smile

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!