Балабақша сабақ жоспары «Нан қайдан келеді?»

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі:  Тіл дамыту   Тақырыбы: Нан қайдан келеді?

Мақсаты:  1.Балаларға көрнекі құралдарды  пайдалана отырып,ертегінің мазмұның түсіндіру.

2. Нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру.

3.Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе,адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:   түсіндіру,  ертегінің мазмұның ашу,сөздік жұмыс жүргізу.  Көрнекіліктері: нанның түрлері,бидай,комбайн,диірменнің суреттері. Сөздік жұмыс:наубайхана,диірменші,қауыз,диқан.

nan-turali-sabak

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық кезеңІзденіс-ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шаттық шеңбер.Амандасу түрлерін көрсетеді.(қолымен,басынан сипалап,бетінен ұстап,құшақтап

Психожаттығу: «Күлімдейік».

-Балалар адам жанының, жүрегінің кілті біздің езуімізде.Егер біз үнемі достарымызға,  ата-анамызға, апайларға  күлімдеп, жадырап көңілді жүрсек біз мейірімді,ақылды болып өсеміз. Жан- жағымызға күлкі сыйлайық.

Олай болса кел,балалар күлейік!

Кел балалар күлейік,

Күлкіменен түлейік

Қабақ шытқан не керек

Күліп өмір сүрейік!

-Балалар бүгінгі сабағымыз өте ерекше.

Ғажайып ағаштың пайда болуы.

Балалар біздің топта ғажайып ағаш пайда болды.

Ғажайып ағаш туралы  өтірік  әңгіме оқып береді.Баяғы өткен заманда бір патшалықтағы балабақшаның тобының балалары жерге бидайдың дәнін отырғызыпты.Ол дәнді олар  терезенің алдынан тауып алыпты.

Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес. Алмұртта емес, апелсинге де ұқсаматын.

Нан, тоқаш,бауырсақ,печенье өсіпті.балалар болса, түскі асқа да,кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.

Проблемалық сұрақ

Ал нан қалай дастарханға келеді?

Оны білу үшін балалар бүгін біз әр оталықта жұмыс істейміз.

Қолымыздағы фишкалар бойынша орнымызды табамыз. Ережелерді түсіндіріп өту. Олай болса іске сәт, балалар.

Әдебиет орталығы.

Суретпен жұмыс

Нанның дастарханға қалай пайда болуы туралы әңгімелейді.

-Астық жинау.

Дәнді егістіктен жинау.

Элеватор және қоймалар.

   Сөздік жұмысы :                                                 Наубайхана-нан пісіретін,нан жабатын орын. Наубайшы-наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен-дәнді дақылдарды тартып,ұн шығаратын кәсіпорын.Комбайн-әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған

 Дидактикалық ойын « Нан пісірейік»

Нан пісірудің ретін еске түсірейік.Қамыр илеу үшін не керек екенін өздері табады.Әр түрлі азық түліктің суреттері тұрады, балалар өздері тауып қосады.

Ғылым орталығы

Бірнеше дақылдарды  үстелге қойады.

Проблемалық сұрақ

Ұнды неден және қалай алады?

                 Суретпен жұмыс

-диірменді қарау.Диірменнің түрлері. Сумен, желмен, тоқпен.

-нан пісіру процесін қарау.

       Балалардың тәжірибесіне сүйену.

Нанды қалай  пісіреді?

Шығармашылық орталық.

 Өз бетінше жұмыс.

Балалар дайын қамырдан әртүрлі нан жасайды.

Жұмбақ шешу.

Қыр басында әрқилы,

Сары теңіз толқиды

Сергіту сәті:                                                                                                 Жайқалады ақ бидай, басын иіп аққудай Трактор мен комбайн жүргізуге дайын..

Балалар,мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер.

Нанды неден пісіреді?Ұнды қалай жасайды?                                                          машина. Нан туралы мақал-мәтелдер үйретіледі.  Ас атасы-нан,                                                                               Нан- тіршілік көзі,                                                                              Нан бар жерде,ән де бар.

Балалар шеңберге тұрып,жылы лебіздерін білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ағашты қарайды. Не өсіп тұр?

 

 

 

 

 

Нанның қандай түрлері бар?

Жоқ тек нан жей беруге болмайды.

Нан ағашта өспейді.

Балалардың жауаптары.

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диірменде тарту арқылы жасайды.

Бидайды үгіту арқылы аламыз.

 

 

Балалардың жауаптары

Рефлексия “Нан –байлық,нан-береке”деп халқымыз бекер айтпаған.Қаншама адам еңбек етеді.Дастарқанға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу:1/Ертегінің мазмұның ,нанның адам еңбегімен келетінін,оған көп күш жұмсалатынын білу;

2/. Нанды қастерлеу керектігін түсіну.

3/Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,тақырыпты меңгеру;

Пікірлер4
  1. Гулипа

    Керемет

  2. Салтанат

    Сәлеметсіз бе! Жұмысыңыз мағыналы, балаларға меңгеруге жеңіл әрі қызықты құрылған. Маған өте ұнады. Алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Сізге алғысымды білдіремін.

  3. рахмет

  4. Айгерим

    Маған ұнады

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ