Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Ұлттық салт-дәстүр түрлері


Тіл мерекесі  Ұлттық салт – дәстүрлер түрлері: « Бесікке салу»

 Мақсаты: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр түрлерімен,соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын, дене мүшелерін дұрыс атай білуге үйрету.

Міндеттері:

  1. 1.     Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс атай білуге, тілдерін тақпақтар арқылы жетілдіру
  2. 2.     Ойлау,есте сақтау, қабылдау қабілеттерін дамыту
  3. 3.     Адамгершілікке,тазалыққа,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқоршы болуға,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу

салт дәстүр, салт дәстүр туралы, ұлттық салт дәстүр, салт дәстүр туралы мәліметТәрбиеші балаларды жайлау көрінісіне «сақина салу» ойынын ойнауға шақырады.

Балалар шеңбер жасай отырып,ойнайды. Ойын ортасында Шабарман атпен шауып келеді.

Шабарман: « Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Көрші ауылда «бесік тойы» болады. Тойдан құр қалмаңыздар!»,-деп балаларды шақырады.

Балалар: Тойға барайық,тойға барайық, тойдан құр қалмайық.( Балалар залдан шығып, қайтадан шымылдық ашылған соң кіреді)

Зал төрінде үй ішінде отырған әжесі мен келіні.

Әже: Келін шырағым,мына немерем Асылжанды бесікке салатын күнде келді.Бесік тойына үлкен ауылдан Гүлмира тәтеңді,той сәнін келтіретін балаларды да шақырып қойғанмын.Қазір өздері де келіп қалар,сен бесіктің жабдықтарын даярлап қой.

Келіні: Иә,жарайды әже даярлап қояйын.

Осы кезде Тәрбиеші мен бірге балалар да кіреді.

-Аманнсыздар ма! Бесік тойы құтты болсын! Немерелеріңіздің бауы берік болсын!

Балалар: – Сәлеметсіздер ме әжелер!

Әже: – Сәлеметсіңдер ме балақандарым төрлетіңдер,хош келдіңдер.

Тәрбиеші: – Балаларым ,келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар. Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды. Мен сендерге Асылжан бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін көрсетейін.Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәрің де осы бесікте жатып,өскенсіңдер.

–         Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі,бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.

–         Енді кішкентай бөпемізді шомылдырайық,айтыңдаршы шомылдыру үшін алдымен не керек?

–         Су керек.

–         Ал баланы шомылдыратын су қандай болу керек?

–         Жылы болу керек.

–         Таза жуындыру үшін тағы не керек?

–         Сабын керек.

–         Ал бәрі дайын бөпеміз Асылжанды әкеліңіз. Балалар ,мен кішкентай Асылжанды шомылдырайын сендер маған көмектесіп,әр дене мүшелерін атап отырыңдар.

–         Мынау не?

–         Ол басы ,шашы, беті,көзі,мұрны,аузы,құлағы,аяғы,саусқтары.

–         Ал санап көріңдерші қолдарында неше саусақ бар екен?

–         Бір,екі,үш,төрт……….он . Он саусақ бар.

–         Жақсы баламызды шомылдырып болдық,енді денесін,қол-аяғын сылап,бәріміз бірге:

Өс-өс балам,өс балам,

Сұлу боп өс сымбатты.

Саусағыңды жазайын,

Аяғыңды созайын. Өс-өс,-деп бөпенің денесін ширатайық.

Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын.

(бесікті аластайды)

«Алас-алас,пәледен алас,

Иесі келеді,пәледен қаш!

Алас-алас,пәледен алас

Көзі жаманның көзінен алас

Тілі жаманның тілінен алас,

Отсыз омыртқасынан алас»

-Балалар ,қараңдаршы бесіктің де,төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады.  Ал мынау шүмегі,осы шүмек арқылы баланың  кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.

Тәрбиеші: – Балалар,айтыңдаршы мынау қандай заттар?

–         Мынау тарақ,айна.

–         Иә,бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен қызымыз «әдемі болсын» деп , ал мынау не?

–         Иә,бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының астына саламыз.

–         Келінжан Асылжанды әкел,бесігіне салайық ( Бесікке салуды көрсетеді)

–         Бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын деп « Бесік жырын» айтайық:

Әлди,әлди , ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама бөпем, жылама,

Жілік шағып берейін

Байқұтанның құйрығын,

Жіпке тағып берейін

Әлди,әлди бөпешім,

Қозы жүні көкешім

Жұрт сүймесе ,сүймесін

Өзім сүйген бөпешім.

–         Бөпеміз ұйықтасын, бесікті тербетейін,ал сендер Асылжанға арнап тілектеріңді білдіріңдерші .Ол өскенде қандай болсын?( Балалар тілектерін білдіреді)

–         Өте жақсы ,өркендерің өссін! Енді мынандай ойын ойнайық:

Ойын: « Кім жылдам?»

Мақсаты: Жаңа сөздерді бекіту,жылдамдыққа,әдемілікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Шарты: Балаларды екі топқа бөліп,бір топқа жастықшалар,екінші топқа көрпешелер береді.Белгі қойылған жерге апарып, сипаттай  отырып, әдемілеп жинату. ( Балалар ойнайды,жеңген топ марапатталады)

– Сырмақтың үстіне келіп жайғаса отырып,демалыңдар.

– Ал, балалар тойға келген соң құр келмеген боларсыңдар,өлең-тақпақтарың болса айта отырыңдар:

 

Азамат:

Қаз-қаз басқан сәбиім,

Қалай бүгін жай күйің?!

Неше қадам аттадың,

Қуантып тұр қарқының.

Қаз-қаз басқан бөбегім,

Келші бермен бөбегім

Қаз-қаз басқан қалпыңда

« Арғымаққа кел мін де».

Камилла:

Сүп-сүйкімді бөбегім,

Сондай жақсы көремін.

Сенсіз менің байлығым,

Сенсің менің өлеңім.

Сабыр:

Бабаға қарап,киелі

Баласы бас иеді.

« Бала бауыр еті» деп

Баласын ол сүйеді.

Аружан:

Әй-әй, Аружан,

Ұнар көпке Аружан.

Ата-әжең күн сайын,

Беттен сүйер Аружан.

Асылбек:

Бала, бала, балақан,

Қане қайсы алақан.

Тамерлан:

« Гүлім»  дейді анасы,

« Гүл қыз» дейді ағасы.

Әже: Өте жақсы, балаларым өркендерің өссін! Жақсы айттыңдар.

Қорытынды:

–         Балалар, біз бүгін қандай тойға келдік?

–         Бесіктің қандай жабдықтарын білесіңдер?

–         Қандай ден мүшелерін білесіңдер?

–         Той сендерге ұнады ма?

–         Балалар тойдың қызығы да аяқталды ,енді Әлішердің әжесінен  бата сұрайық.

Әже:

« Ас бергенге бас берсін,

Өмірі ұзақ жас берсін

Кетпес дәулет

Кең пейіл берсін

Ата-анасына мейірімді болсын

Қатарының алды болсын

Ырысты ,нәсіпті болсын

Еліне елеулі,халқына қалаулы болсын

Әумин!»

Тәрбиеші:

–   Әже батаңыз қабыл болсын! Ауырмай аман-есен жүре беріңіз.

Әже: –  Балалар той қызық өтсін, сендер көңілдеріңді көтеріп,тағы бір ойын ойнаңдар , ойын « Хан талапай» деп аталады. Ойынның шарты мынандай мына әдемі сандыққа әр түсті 5 асық саламын, бір бала шығып көзін  жұмып сандықтан бір асық алады да, қандай түсті асық екенін айтады және сол түсті жерде жатқан конвертті тауып ішінен заттың суретін алып, атауын айтасыңдар.

Ойын « Хан талапай».

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Қарапайым отбасындағы бір күн
  • 5 саны мен цифры(ашық сабақ)
  • Қысқы орманға саяхат
  • Орманға саяхат
  • Saying goodbye. Letter Bb (Ағылшын тілі)

Пікірлер 16 Пікір қосу

  • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 күні 22:25 уақытында

    Сәлеметсіздер ме! Қазағымыздың салт дәстүрлерін ұмытпайға бір ден бір негізгі сабақ. Қазіргі таңда көптеген салт дәстүрлеріміз тысқары қалып жатыр.

    Жауап беру
  • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 күні 16:31 уақытында

    Сақат керемет жазылған. Маған ұнады

    Жауап беру
  • Таймасова Рахила Жарасқызы 30.01.2021 күні 16:19 уақытында

    Күшті, нағыз керек дүниелер

    Жауап беру
  • Асел 27.04.2020 күні 15:51 уақытында

    Қазиргі заманда бесікке салу дәстүрі балалар үшін қызық дүние. Іс-шарада баланың сөздік қорын дамытуға бесіктің жабдықтарынмен таныстырып, қызықты ойындар ұйымдастырып балаларды жылдамдыққа және бесік жыры, тұсау кесу сияқты тақпақтар арқылы салт дәстүрді білуге жақсы ойластырылған. Рахмет

    Жауап беру
  • Гульбарам 30.03.2020 күні 17:07 уақытында

    Ұлттық салт – дәстүрлер түрлері: « Бесікке салу» сабағы қаңдай керемет құрастырылған. Балаларға ұлттық тәлім тәрбие беретін сабақ. Сабақтың құрылымы да, жақсы құрылған.

    Жауап беру
  • ascarova.muldir401 16.03.2020 күні 18:07 уақытында

    Салем админ,мен 25 пікір жазып алғыс хат алғым келеди

    Жауап беру
    • Erketai 16.03.2020 күні 22:55 уақытында

      Саламатсыз, кезегімен тексеріліп жіберіледі.

      Жауап беру
  • ascarova.muldir401 16.03.2020 күні 18:06 уақытында

    Қазирги заманда барлыгы салт дәстурди жіті устанвп дәриптелмейди ,осы мақсатта балаларга салт дәстурдин маңыздылыгын тусиндиру ушин сиз бен биз улкен кызметтер аткаруымыз керек .қазақтын салт дәстурлерин устану аркылы баланвн бойына казакилыкты адалдыкты сіңіреріміз қақ.

    Жауап беру
  • Жанар 04.03.2020 күні 14:13 уақытында

    Қазақи салт дәстүрді дәріптеп ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізіп жатқандарыңызға мың алғыс

    Жауап беру
  • Акнур 26.01.2020 күні 01:59 уақытында

    Алда келе жатұан наурыз мерекесіне дайын сценарийді алдын ала тауып қойғаным үшін сіздерге зор алгыс. ұлттық салт дәстүрді ұғынықты тілмен балаға түсіндіре аламын деген ойдамын бұған осы алынған мақаланың пайдасы зор.

    Жауап беру
  • Жаныл 23.01.2020 күні 17:36 уақытында

    Өте жақсы ,керемет құрастырылған. Салт-дәстүрлерді, тақырыпқа сай тақпақатрды пайдалануға ұсыныс білдіремін.

    Жауап беру
  • Ляззат 06.12.2019 күні 16:25 уақытында

    Жоспарыңыздың құрылымы өте жақсы, бірақ балаларға берілген тақпақтар да осы бесік той, шілдеханаға байланысты берілуі керек деп ойлаймын, қаз қаз десе тақырыптан ауытқып кеткен сияқты.

    Жауап беру
  • Актоты 25.10.2019 күні 01:02 уақытында

    Қазақтың салт-дәстүрінің бірі бесікке салу дәстүрі балалар үшін қызық дүние. Іс-шарада баланың сөздік қорын дамытуға бесіктің жабдықтарынмен таныстырып, қызықты ойындар ұйымдастырып балаларды жылдамдыққа және бесік жыры, тұсау кесу сияқты тақпақтар арқылы салт дәстүрді білуге жақсы ойластырылған.

    Жауап беру
  • Бальнур 21.02.2019 күні 14:02 уақытында

    Ұлттық салт – дәстүрлер түрлеріміздің ұмытылмай сақталуына осындай сабақтардың өтіп тұруы жақсы әсерін тигізеді деп ойлаймын. Рахмет сіздерге.

    Жауап беру
  • Лязат 11.02.2019 күні 19:57 уақытында

    Сабақ өте жақсы.Маған ұнады.

    Жауап беру
  • Айгуль 10.03.2015 күні 20:26 уақытында

    өте жақсы сабақ

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.