Үй жиһаздары(Ашық сабақ)

Ашық сабақ. Екінші сәбилер тобы.

 Білім беру саласы: Қатынас

Тақырыбы: «Үйдегі жиһаздар»

Мақсаты:

Білімдік:

—         Үй ішіне қажетті жиһаздардың жеке бөліктерін  сөзбен дұрыс айтуға (дөңгелек үстел, түсі көк , төрт аяғы бар) үйрету;

—         Бөлменің ішіндегі жиһаздар туралы айта білуді үйрету;

Дамытушылық:

—         Баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту;

Тәрбиелік:

—         Жиһаздары күтуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Балалардың сөз қорларын жиһаз атауларымен кеңейту; «Жиһаз» сөзін балалардың сөйлемдерінде қолдануды үйрету.

Әдіс –тәсілдері: Сюрприздік кезең, әңгіме, жұмбақтарды шешу, дидактикалық ойындар.

Алдын-ала істелінген жұмыс: Жиһаздар суреттерін қарастыру, «Үй. Отбасы» сюжеттік-рольдік ойын; «Үй. Пәтер» сюжеттік суреттерді қарастыру; Д/о «Қандай?», «Біреу-көп», «Үлкен-кіші», «Үш аю» орыс ертегісін қайталау.

Көрнекі құралдар: Қуыршақ жиһаздары, «Жиһаздар» тақырыбы бойынша суреттер, ойыншық –аю, «Үш аю» ертегіінің суреттері.

үй жиһаздары ,баланың зейінін, логикалық ойлауын, тілін дамыту, дидактикалық ойындар

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әс-әрекеті

Мотивациялық –қозғаушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ізденуші – ұйымдастырушы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту сәті:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Рефлексивті -каррекцияланушы

Балалар топқа кіріп  жарты шеңбңр құрайды. Тәрбиеші балалар назарын қонақтарға аударады.-         Балалар, іс -әрекетімізді бастамас бұрын біріміздің –біріміз жылуымызды сезінейік.                             Армысың  алтын күн,                             Армысың асыл  жер.

                             Армысың  көк  аспан,

                             Армысың жан  досым.

                             Жылуыма жылу  қос,

                             Міне , менің  қолым

—         Мен бүгін балабақшаға келе жатып, сандық тауып алдым. Бұл сандықта біреу бар секілді. Қараңдаршы балалар мұнда хат бар екен. Хаттың ішінде жұмбақ жасырыпты.

Қорбан, қорбан етеді?

Орман оның мекені.

Тәтті балға тойып-ап

         Қыста ұйқыға кетеді. (Аю)

Аю: — Сәлеметсіңдер ме?  Мен кішкентай қонжықпын. Мен орманда тұрамын. Ал сендер қайда тұрасыңдар?

—         Ал үйлерінде, бөлмелерінде не бар?

Тәрбиеші бөлме бейнесінің суретін көрсетеді.

—         Иә, қонжық осындай жиһаздар әр үйде тұр.

Қонжық: — Ал менің інімде ешқандай жиһаздар жоқ. Менде осындай ыңғайлы жиһазды қалаймын. Бірақ білмеймін қандайын таңдап алайын. Сендер маған көмектесесіңдер ме?

1. Тәрбиеші: — Балалар, қонжыққа жиһазды таңдап алуға көмектесеміз бе? Жиһаздар дүкеніне барайық.

Тәрбиеші балаларға ойлануға ұсыныс жасайды: Қонжықтың бөлмесіне қандай жиһазды қоюға болады?

—         Қонжық саған бөлмең ұнады ма?

2. – Балалар, қонжық бұл жиһаз заттарын есіне сақтау үшін ойын ойнайық. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер жауабын табыңдар.

Төрт аяғы болса да,
Етік киіп көрмеген.
Жалқаулығы соншама,
Аттап шықпас бөлмеден.  (үстел)

 

Мен жәйлімін, жұмсақпын,

Мені табу қиын емес-

Ұнатады әжелер мен сәбилер

Отыруға, жатуға.(Диван)

 

Кеш батты, шаршадың сен, ұйқың келді

Ұйқы бөлмеде күтіп тұр сені … (Кереует)

—         Аю, сен есіңе барлығын сақтап алдың ба?Жарайсың! Балалар да өте ақылды. Жарайсыңдар! Қонжыққа көмектестіңдер.

 

Қонжықтар орманда тұрды,

Бастарымен бұлай бұрды

Қорбан, қорбан жүрді

Көлден су ішті

Қонжықтар бал іздеп

Ағашты шайқады

Былай-былай  шайқады

Кейін қолдарын көтеріп

Би биледі шаттана.

 

3. – Балалар, орманда қонжықтың  достары тұрады. («Үш аю» ертегісінің аюлар суретін көрсетеді). Сендер оларды таныдыңдар ма? Бұл қай ертегінің аюлары? Олардың үйлерінде бір жағымсыз жағдай болды. Біреу олардың үйлеріне кіріп, бүкіл жиһазды сындырып тастады. Бұл кім екен?

Ойын «Не жетпейді?»

Тәрбиеші балаларға жиһаздың бір бөлшегі жетпейтін  суреттерді көрсетеді.

—         Балалар неліктен бұл жиһаздар сынып қалды?

—         Жиһазды қалай күту керек?

4. Ойын «Суретті жинап ал!»

 

—         Ал біздің тобымызда қандай жиһаз бар?

Схема бойынша жұмыс жасау.

—         Біз бүгін сабақта не жасадық?

—         Қонжық пен үш аюлар сендерге «рахмет» айтып жатыр. Сендер оларға өте көмектестіңдер. Олар енді біледі үйде қандай жиһаздар болу керек және  жиһаздарын қалай күту керек екенін.

Қонжық балалармен қоштасады. Сыйлықтарын таратады.

Балалар қонақтармен амандасады.

Балалар бір-біріне  қолдарын беріп жылуларын сезінеді.

 

 

 

 

 

Қызығушылық танытады.

 

 

Жұмбақты шешеді.

 

 

 

Аю шығады

-Үйде

—         Жиһаз

 

 

 

 

-Иә

 

Балалар кезекпен жиһазды атап және ол не үшін керек екенін түсіндіреді. Кейін балалар «Дүкеннен» жиһазды алып қонжықтың бөлмесіне апарып қояды.

 

 

 

 

Балалар жұмбақтарды шешеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастарын алдына –артына, оңға-солға еңкейеді.

Аюлар секілді жүреді

Аяқ ұшына қолдарын жеткізіп еңкейеді.

Қол жоғары, денені оңға –солға еңкейу

 

Қолдарын жоғары көтеріп, иыққа түсіру.

 

 

 

«Үш аю» ертегісі

 

 

 

Маша

 

Балалар не жетпейтінін айтады.

Өйткені Маша секірді, тербетілді….

Екіге бөлінген суреттерді қосу.

 

 

Қонжыққа және оның достарына көмектестік

 

 

 

Саубол!

Күтілетін нәтиже: Жиһаз атуларын дұрыс айтуға дағдыландыру. Жиһазды күтуге үйрену.

   
Пікірлер14
  1. Риза

    Осы сайтты өзіме қажет материалдар іздеп отырып тауып алдым.Маған көптеген көмегі тиді.ЖиҺаздар тақырыбына арналған сабақ өз пайдама жарады.Рахмет!

  2. Таймасова Рахила Жарасқызы

    Сабақтың құрылымы өте қатты ұнады. Сабақты қалай алсақ болады?

  3. Мулдир

    Уй жихаздарынын аттарын жане оларды таза устауды уйрену ар балага керек болатын дуние

  4. дана

    Алар тәжірбием өте көп. Жұмыстарыңызға сәттілік.

  5. Гүлдана

    Үй жиһаздарын орынды жайғастыруымыз керек

  6. Бота

    Идеясы жақсы болғанымен, тым сапасыз жазылған. Тақпақтар мен жұмбақтарда ұйқас атымен жоқ, грамматикалық қателер де тым көп.

  7. асем

    өте керемет

  8. Наргиза

    Маған ұнады рахмет сіздерге

  9. gulim

    Сабақтарыңыз өте қызықты маған қатты ұнады.

  10. Алия Кантабарова

    маған сондай ұнады сабағыңыз, қалай көшіруге болады?

  11. Меруерт

    Өте керемет

  12. сункар

    бұл сабақ маған ұнады бұл сабақ көшірмесін қайдан алуға болады

  13. Жанна

    Мына сабақ маған ұнады. Бұл сабақтың көшірмесін қалай алуға болады?

  14. Камшат

    қандай тапқырлық,,,,,,ұнады!!!

Добавить комментарий


ErKeTai.KZ