Бастауыш пен балабақша және ата-аналар сайты.
  • Ұстаздарға
    • Ұстаздар еңбегі
    • Көрнекіліктер
    • Түйіндеме жасау
    • Сертификат
    • Слайд презентация
    • Балалар ойындары
    • Бастауыш сыныпқа
    • Тәрбиешілерге
    • Мақала жариялау
    • Минусовка
    • Мерекелер
    • Конкурстар
  • Жоспарлар
    • Ағылшын тілі
    • Әр түрлі
    • Бастауыш сынып
    • Балабақша
    • Биология
    • География
    • Информатика
    • Қазақ тілі
    • Логопед дефектолог
    • Математика
    • Өзін-өзі тану
    • Тарих
    • Технология
    • Физика
    • Химия
  • Балаларға
    • Мақал мәтелдер
    • Жұмбақтар жауабымен
    • Ертегілер
    • Мультфильмдер
    • Тақпақтар
    • Шығармашылық
    • Сіз білесіз бе?
  • Аналарға
    • Ана және бала
    • Бала денсаулығы
    • Сұлулық
    • Жүктілік күнтізбесі
    • Баланың жынысын анықтау
    • Сәби жынысын жоспарлау
    • Овуляция күнтізбесі
    • Қалай жүкті болуға болады

Негізгі бет > Ұстаз еңбегі

 

Оқу іс–әрекетін ұйымдастырудың технологиялық картасы


Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық»

Мақсаты: 

– Балаларды  «Шұбар  ала  тауық»  ертегісімен  таныстыру.

– Ертегіні  мұқият  тыңдауға,  онда  болып  жатқан  оқиғаларға  сезімталдықпен  үн  қосуға  үйрету.

– Зейінін, есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

– Ыждағаттылыққа   және  кітапқа  қатты  қызығушылығын  танытуға  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Осы  ергегі  бар  және  әдемі  суреттері  бар  балалар  кітабы,  жұмсақ  ойыншық  тауық, жұмыртқа.

көркем әдебиет, көркем әдебиет балабақшада, технологиялық карта көркем әдебиет , технологиялық карта балабақшада көркем әдебиет, балабақша көркем әдебиет

 

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші  жұмсақ  ойыншықты  немесе  оның  суретін  көрсете  отырып, балаларды  Шұбар  ала  тауықпен  таныстырады.Тауық  қыт-қыттап  жүр, балалар  оның  тапқан  жұмыртқасын  көреді.- Ой  қараңдар,  мынау  не?Сендер  қуырылған, пісірілген  және  салатқа  қосылған  жұмыртқаны  жегенді  жақсы  көресіңдер ме?Тәрбиеші  әңгіме  барысында  суреттерді  көрсете  отырып, ертегіні  айтуға  кіріседі. Балалар,  қуана, қызыға  ертегіні  тындайды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

– Ертегі  қалай  аталады?- Жұмыртқаны  тапқан  не?- Кімнің  есінде  бар, тауық  қайда  тұрды?- Алғашында  ол  қандай  жұмыртқа  тапты? Неліктен  оны  ата  да  әже  де  жара  алмады?- Оны  жарған  кім?- Есімізге  түсірейікші, тауық  ата мен  әжені  қалай  жұбатты?Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады. Балалар   бір – бірімен  жарыса  сұрақтарға  жауап  береді.
 Рефлексивті – түзетушілік  Тәрбиеші  балаларға  «Ата  жылама, әже  сен  де  жылама, мен  сендерге  жаңа  жұмыртқа  тауып  беремін»  деген  сөздерді  өзімен  бірге  айтып  шығуды  ұсынады.Жұмбақ:Ішіне  тамақ  салынған,Есігі  тастай  жабылған.(жұмыртқа) Сабақ  бойынша  алған  әсерлерін  балалар  айтып  береді

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұнымен  толық  танысты.

Өзіне үйренгені:  Тауықтың  пайдасын  біледі.

Үйрену: Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   Орыс  халық  ертегісі: «Шұбар  ала  тауық» (сахналау)

Мақсаты: 

– Ертегілердің  мазмұның және  онда  болып  жатқан  оқиғалардың  ретін есте  сақтап  қалуға  үйрету..

– Дауыс  ырғағын, артистык  қабылетін  дамыту.

Теппектер:  тауық, әже  және  ата, тышқан, екі  жұмыртқа – алтын  және  жай.

 

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Тәрбиеші  балаларға  жұмыртқаны  көрсетеді.- Қарандаршы, мен  сендерге  не  әкелдім. Бұл  жай  жұмыртқа  емес, алтын  жұмыртқа.Мұндай  әдемі  жұмыртқаны  тапқан  не?Тауықтың  аты  қалай?Келіңдер  бәріміз  бірге  тауықты  шақырайық: «Шұбар  ала  тауық», сен  бізге  кел.Тәрбиеші  теппектердің  көмегі  арқылы  ертегінің  мазмұның  естеріне  салады. Балалар ертегінің  мазмұның және  онда  болып жатқан  оқиғалардың  ретін естеріне  түсірді.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

Мен  балалардан  тауықтың  қалай  жүретінің, оның  дәнді  қалай  шоқып  жейтінің  көрсетуді  сұраймын.  Балалар  әже  мен  атаның  алтын  жұмыртқаны  көргенде  қалай  таңғалып,  қуанғаның  көрсетеді. Бұдан  соң  ата  мен  әженің  жұмыртқаны  алғашында  ақырындап, одан  кейін  қаттырақ  соғып, тіптен  күштеп  жарып  көргілері  келгенің  көрсетеді. Таң – тамаша  қалады – бұл  неге  жарылмайды?- Тышқан  жүгіріп  келеді. Оның  қалай  жүгіріп  келе  жатқаның  көрсетіндер, біреу  көріп  қалар  ма  екен  деп  артына  қарап  қояды.Рөлдерді  бөліп  беріп, оларды  ойнап  көрсетуге  көмектесем. Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды.
 Рефлексивті – түзетушілік  Қуыр, қуыр, қуырмаш,Тауықтарға  бидай  шаш.Әй – әй  балақай,Жамандықтан  қаш!Аппақ  доп  тауып,Шақырады  ақ ……  (тауық) Бүгінгі сабақта «Шұбар  ала  тауық» деген ертегіні  сахналадық. Әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже: 

Білу: Ертегінің  мазмұның  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені:  Дауыс  ырғағын, артистік  қабылеттерін  дамытты.

Үйрену:  Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   «Ақ  күшік»  Ө.Тұрманжанов   жатқа  айтамыз  (үзінді)

Мақсаты: 

– Төрт  шұмақты  тақпақтарды  түсіне  отырып, жатқа  айта  білуге  үйрету.

– Үй  жануарларына  деген  қамқорлықтарын  арттыру.

Көрнекіліктер:  Ойыншық  ақ  күшік.

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Балалар  үстелдің  астынан  тықырлаған  дыбысты  естиді. Бұл  не  екен? Қанеки, қарап  көреміз  бе? Бұл  күшік  екен  ғой. Оның  аты – Ақкүшік. Қараңдаршы, өзі  қандай  аппақ, сүйкімді. Күшіктер  де  кішкентай  бала  сияқты  болады. Оларды  да  тәрбиелеп, көп  нәрсеге  үйрету  керек.Әдейі  үйретілген  иттер  тек  қана  үйді, қорадағы  малды  ғана  емес, біздің  шекарамызды  да  күзетеді. Мінеки, балалар, иттер – адамның  нағыз  достары. Балалар  қонаққа  келген  Ақкүшікке  қуанды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

Қазір  мен  сендерге  кішкентай  күшік  туралы  тақпақ  оқып  беремін. Ол  кіп –  кішкентай  болғанымен,  түнімен  ұйықтап  жатпай, қорадағы  малды  қасқырлардан  қорғайды  екен. Ол  өте  сақ  күшік.Мен  күшікпін, ақ күшік,Қырағы  да  сақ  күшік.Түні  бойы  жатпаймын,Қоралы  малды  сақтаймын

Сергіту  сәті.

«Сөзді  аяқта»  дидактикалық  ойын.

Мақсаты: өлеңдегі  сөздерді  тез  есте  сақтай  білу.

Балалар  бірлесіп  орындады.Балалрға  бірнеше  рет  айтқызылды, оны  дауыстап  қайталады.
 Рефлексивті – түзетушілік   – Өлең  не  туралы?- Аты  қандай  екен?- Түсі  ше?- Нелерді  қорғайды  екен?- Сендердің  үйлерінде  күшік  бар  ма?- Ол  не  істей  алады?Сабақты  қорытындылаймыз. Өлеңді  балалар  айтып  шықты. Білмеген  балаларға  жекелеп  айтқызам.

 

Күтілетін   нәтиже:  Балалар  өлең  сөзін  анық  айтуы.

Білу: Балалар  өлең  не  туралы  айтылғаның  түсінді.

Өзіне үйренгені:  Жекелеп  айтып  берді, анықтап  айта  алады.

Үйрену:  Есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   «Көңілді  балалар  әні» Е. Өтетілеуұлы   (өлең  тыңдаймыз)

Мақсаты: 

– Тақпақты  зейін  қойып  тыңдап, мазмұның  түсіне  білуге  үйрету.

– Мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру.

Көрнекіліктер:  Үлкен  қуыршақ.

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Балаларға  қонаққа  Жалқаубек  келеді. Ол  өзінің  басы  ауырып, шаршап  тұрғаның  айтады.Тәрбиешіден  көмек  сұрайды. Тәрбиеші  көмектесеміз  бе? – деп  балалармен  ақылдасады. Балалар  аяп, жәрдем беруді  ұйғарады. Ол  үшін  тәрбиеші  балалармен  бірге   Е. Өтетілеуовтың  «Көңілді  балалар  әнің»  тыңдауға  шақырады. Балалар  қонаққа  келген  Жалқаубекке  қуанды. Оны  аяйды.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

Жалқаулықты  тастаймыз,Жаттығуды  бастаймыз.Қиынсынып  қашпаймыз,Шынығамыз  жастай  біз.Иілеміз  оңға  бір,Иілеміз  солға  бір.

Қимылдай  әр  сәтте,

Аяқ  та  бір, қол  да  бір.

Балалар  қимылмен орындайды  .Балалрға  бірнеше  рет  айтқызылды, оны  дауыстап  қайталады.
 Рефлексивті – түзетушілік  – Сендерге  тақпақ  ұнады  ма?- Нені  тастау  керек?- Неден  бастау  керек?- Неден  қашпау  керек?- Аяқ, қолдарымыз  қайтеді?Жалқаубек  енді  әрқашан  шынығып  жүруге  уәде  беріп, алғысын  айтып  кетеді. Өлеңді  балалар  айтып  шықты.  Білмеген  балаларға  жекелеп  айтқызам.

 

Күтілетін   нәтиже:  Балалар  өлең  сөзін  анық  айтуы.

Білу: Балалар  жалқау болмай, шынығу  керек  екенің  түсінді.

Өзіне үйренгені:  Жекелеп  айтып  берді, анықтап  айта  алады.

Үйрену:  Есте  сақтау  қабылетін  дамыту.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   «Қорғаныш» Е. Чарушин   (әңгімені  қайталап айтамыз)

Мақсаты: 

– Мазмұны  бойынша  қойылған  сұрақтарды  мұқият  тыңдап, жауап  беруге  үйрету.

– Танымдық  қызығушылығын  арттыру

– Табиғатқа  аялы  көзқарасқа  тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  Тақырыптық  суреттер: тиін, қоян, кірпі. Ойыншық  кірпі.

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Балалар, естіп  тұрсыңдар  ма, бұл  жерде  бірдене  ырс – ырс  етеді  ғой? Бұл  біздің  ескі  танысымыз  Пых  кірпі. Кірпі, сен  қандай  әдемісің, тікенегің  бар. Балалар  сендер  қалай  ойлайсыңдар, кірпіге  тікен  неге  керек? Онда  мына  әңгімені  тыңдандар, сонда  бәрін  білесіңдер.Әңгімені  оқимын. Балалар  қызығушылықпен  тындады.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

– Қоянға  қасқыр  мен  түлкіден  құтылып кетуге  не  көмектесті? (жүйрік  аяқтары) «Қоян  жылдам  қашып  кетті».- Тиін  жауларынан  қалай  құтылады? «Тиін  ағаштан  ағашқа  секіріп  кетті».- Кірпі  жауларынан  қалай  құтылып  кетеді? «Ол  домаланып  жата  қалады»- Сендер  енді  кірпіге  неліктен  тікенді  инелердің  қажет  екенін  түсіндіңдер. Балалар  сұрақтарға  толық  жауап  береді.
 Рефлексивті – түзетушілік  Ал  енді  мен  сендерге  жұмбақ  жасырайын.Тиіскенді  түйреген,Киімі  бар  инеден.                      (кірпі)Бауырында  төрт  таған,Арқасында  тостаған.                 (тасбақа) Белсенді  жауап  берген  балаларды  мадақтаймын.

 

Күтілетін   нәтиже:  Балалар   әңгімені  басынан  аяғына  дейін  түсініп  тыңдайды .

Білу: Сұрақтарға  толық  жауап  бере  алады.

Өзіне үйренгені: : Балалар  жануарларға  қамқор   болу  керектігің  түсінді.

Үйрену:  Есте  сақтау  қабылетін, тіл  байлықтарын   дамыту.

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

Сәбилер  тобы    «__» _________________________ 201__  ж

Тәрбиеші:   Даметова Г.Ш.

Білім  беру  саласы:  «Қатынас»

Бөлімдері:   Көркем  әдебиет

Тақырыбы:   «Кірпі» М. Жаманбалинов   (Өлең  тыңдаймыз)

Мақсаты:

– Зейін   қойып  тыңдауға, өлеңнің  мазмұның  түсіне  білуге   үйрету.

– Көрген – білгендерімен  бөлісе  білуге  дағдыландыру

– Көркем  сөйлеуге  баулу.

Көрнекіліктер:   Ойыншық  кірпі.

Іс-әрекет  кезендері Тәрбиеші  әрекеті Балалардың   іс – әрекеті
       

 

 

 

 

 

 

Балалар,сендер  кірпі  көрдіңдер  ме? Бізге  қонаққа  кірпі  келіп  тұр. Қараңдаршы  оның  үсті – басы  толған  ине, Кірпі, кірпі, қаласаң  біз  саған  арнап  тақпақ  айтып  берейік.- Жоқ, керек  емес! Сендер  мені  тікен – тікен  деп  ойнамайсыңдар.- Біз  саған  арнап  жақсы  тақпақ  айтып  береміз. Сенің  тікендерің  өзіне   жабайы   аңдардан  қорғануың  үшін  керек  екенін  білеміз. Тағы  сенің  еңбекқор  екеніңді  де  білеміз. Сен  өзіңнің  инелеріңмен  қысқа  азық  тасисың. Біз  сенімен  дос  боламыз. Балалар  қызығушылықпен  тындады.
Ұйымдастыру  іздестіру       

 

 

 

 

 

 

 

Сергіту  сәті:Біздер  тату  тұрамыз,Гүл – гүл  жайнап  жанамыз.Жаттығулар  жасасақ,Жақсы  серігіп  қаламыз.«Кірпі»Тонымды  үрпі – түрпі

Түмсығымен  түртіп,

Бір  байқаса,

Түлкі

Маңаламайды  үркіп,

Жеймін  десе  жұлқып,

Қалам  тонды  жұлқып,

Арландар  да  сонда,

Қалады  ауызын  жыртып.

Менімен  бірге  қайталауға  тырысты.
 Рефлексивті – түзетушілік  – Тақпақ  не  туралы?- Оның  тоы  қандай  екен?- Қауып  төнсе  тонын  қайтеді? Белсенді  жауап  берген  балаларды  мадақтаймын.

Күтілетін   нәтиже:  Балалар   әңгімені  басынан  аяғына  дейін  түсініп  тыңдайды .

Білу: Сұрақтарға  толық  жауап  бере  алады.

Өзіне үйренгені: : Балалар  жануарларға  қамқор   болу  керектігің  түсінді.

Үйрену:  Есте  сақтау  қабылетін, тіл  байлықтарын   дамыту.

Мына ұқсас жазбалар топтамасын ұсынамыз:

  • Армысың, алтын күз!
  • Ұйқыдан кейінгі шынықтыру шаралары
  • Хайуанаттар бағына саяхат
  • Ашық сабақ «Су асты әлемі»
  • Семей қаласы №17 орта мектеп оқушыларының өнері

Пікірлер 26 Пікір қосу

  • Гулмира 18.02.2020 күні 16:11 уақытында

    тәрбиешінің оқу қызметі жоспар бойынша жасақталған. Өте әсерлі «Шұбар тауық»ертегісі арқылы үй құсымен таныстыру, оның пайдасы туралы ертегі арқылы жеткізе білді. Балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге, ойын еркін жеткізуге, сұрақ-жауап арқылы үйретуге бағытталған.

    Жауап беру
  • Инкар 25.01.2020 күні 13:16 уақытында

    Рахмет Еркетай сайты.Өзіміз пайдаланып жатырмыз осыны. Жас мамандарға керекті сайт

    Жауап беру
  • Ажар 06.11.2019 күні 13:04 уақытында

    Жақсы өте керемет. Өзім пайдаланып жатырм. рахмет

    Жауап беру
  • жансая 03.04.2018 күні 13:10 уақытында

    коркем адебиет балабакшага улкенди сыйлауг тарбиелеу

    Жауап беру
  • Назым 21.09.2017 күні 06:38 уақытында

    рахмет

    Жауап беру
  • Махаббат 21.04.2017 күні 18:56 уақытында

    Саламатсыздарма? Сайтқа қалай тіркелуге болады

    Жауап беру
    • Erketai 22.04.2017 күні 14:51 уақытында

      Саламатсыз, сайттың бүкіл жаңалығынан хабардар болғыңыз келсе біздің әлеуметтік желідегі https://vk.com/erketailar тобымызға қосылсаңыз жеткілікті.

      Жауап беру
  • Акнур 03.04.2017 күні 10:04 уақытында

    сәлеметсіздерме сіздерден көмек 2+ ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті барма

    Жауап беру
  • Гульмайдан 10.11.2016 күні 00:58 уақытында

    тақырыбы «ермексаздық ертегі» вариативтік компанент 2 кіші тобына арналған керек еді

    Жауап беру
    • Erketai 10.11.2016 күні 01:00 уақытында

      Сайттан іздеп көріңіз.

      Жауап беру
  • Хуанган Айсулу 11.06.2015 күні 21:49 уақытында

    Рахмет

    Жауап беру
  • Балжан 27.04.2015 күні 23:15 уақытында

    Рахмет сіздерге!

    Жауап беру
  • Дарина 02.04.2015 күні 15:18 уақытында

    жақсы

    Жауап беру
  • Дарина 02.04.2015 күні 15:17 уақытында

    Өте жақсы

    Жауап беру
  • сымбат 23.02.2015 күні 22:24 уақытында

    Jaksy

    Жауап беру
  • жазира 11.02.2015 күні 21:23 уақытында

    Өте жаксы сабак унады маган

    Жауап беру
  • Жұмағайша 24.11.2014 күні 17:11 уақытында

    Өте жақсы.Табыс тілеймін!!!

    Жауап беру
  • Салима 12.11.2014 күні 10:04 уақытында

    Өте жақсы сабақтар менің тәрбиешілеріме қажет жерлері бар екен. Табыстар тілеймін!

    Жауап беру
  • досан 10.11.2014 күні 13:19 уақытында

    Сәлеметсіздер ме. сіздердің сайттарыңызға тіркеле алмай қойдым. Көмектесуді өтінемін.

    Жауап беру
    • Erketai 10.11.2014 күні 18:12 уақытында

      Сайттың оң жақ төменгі бөлігінде тіркелу формасы орналасқан.

      Жауап беру
  • асия 03.10.2014 күні 00:23 уақытында

    Рахмет сіздерге!

    Жауап беру
  • Бағдагүл 25.09.2014 күні 14:52 уақытында

    сіздердің сайттарына тіркелгенмен кіре алмай қойдым

    Жауап беру
    • Erketai 25.09.2014 күні 15:00 уақытында

      Қандай қате шығуда?

      Жауап беру
  • Indira777 01.06.2014 күні 16:59 уақытында

    Сіздерге көп рахмет! Табыс тілеймін

    Жауап беру
  • Аккумис Тажимуратова 23.05.2014 күні 18:48 уақытында

    Сиздерге коп коп рахмет!

    Жауап беру
  • Гульмира 19.05.2014 күні 12:09 уақытында

    Сіздің сайтыңыз ең пайдалы сайт! Рахмет сіздерге!

    Жауап беру

Пікір қалдыру

Тек мақалаға байланысты пікіріңізді жазыңыз сұрағыңыз болса мына сілтемені басыңыз!
Жауапты кері қайтару

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?

    25 Нау 2025 / Толық оқу

  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру

    19 Нау 2025 / Толық оқу

  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры

    27 Қар 2024 / Толық оқу

  • қазақша жұмбақтар Жұмбақтар жауабымен

    1 Қыр 2019 / Толық оқу

  • тегін сертификат Тегін немесе Ақылы Сертификат Алу

    16 Ақп 2014 / Толық оқу

  • Оқушы портфолиосының үлгісі

    30 Там 2013 / Толық оқу

Жаңа жазбалар

  • Күнделікті жұмыстар баланың дамуына қалай көмектеседі?
  • Оқуды бала үшін қызықты саяхатқа айналдыру
  • Как помочь ребенку понять Present Simple и Present Continuous: Практические примеры
  • Бастауыш сынып тәрбиешісінің рөлі мен міндеттері
  • Ұстаздар күніне құтты болсын!

Сайтта жарияланған мақалаларды сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз басқа сайттарға жариялауға тиым салынады.Мақаланы басқа сайтқа жариялауға байланысты сұрақтарыңызды hat@erketai.kz электронды почтасына жазыңыздар.Сайттың барлық құқықтары қорғалған © ERKETAI.KZ 2012 жылдан бастап жұмыс жасайды.